Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»



Pdf көрінісі
бет187/198
Дата07.01.2022
өлшемі5,83 Mb.
#18708
түріПрактикум
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   198
Байланысты:
Каз. Чащина Обслуживание аппаратного обеспечения Практикум

192 
Тақырып: БАСПА ТЕХНИКАҒА 
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ 
 
 
Жабдық жəне бағдарламалық жасақтама. Фотоаппарат, компьютер, 
драйвер, стенд принтері жəне КФҚ, шаңсорғыш, респиратор, крест тəрізді 
жəне жалпақ бұрағыш. 
 
Тазалағыш  құралдар.  Platenclene 100 ml/баллон  тазалағыш, 
XEROXFORMULA A, спирт,  қылқалам,  сұлық  жəне  мақта  таяқшалары, 
сығылдған  ауасы  бар  баллон. Molykote фирмасының  майлағыш 
материалдары. 
 
 
Тапсырмалар  
 
 
Баспа  құрығыларын  респиратор  киіп  тазалау  қажет.  Принтер/КФҚ 
негізгі  тораптарға  бөлшектеңдер.  Құрылғыны  бөлшектеудің  əрбір 
қадамын  суретке  түсіріп  алыңдар.  Қағазды  жіберетін  тракты  тазалаңдар: 
жіберетін аунақшалардың бөлшектеңдер; Platenclene тазалағыш құралмен 
жіберу  аунақшаларын  жуыңдар/тазалаңдар; XEROX FORMULA A 
тазалағыш 
құралмен 
тежеуіш 
алаңдарын 
тазалаңдар; 
мақта 
таяқшаларымен  фотодатчиктерді  тазалаңдар;  қалған  бөлшектерін 
сұлықтармен  тазалаңдар.  Мақта  таяқшаларымен  редукторды  тазалаңдар. 
Термоблокты  тазалаңдар:  тефлон  білігін,  қысқыш  білігін,  қағаз  бөлімін, 
термодатчикті.  
 
Лазер  блогының  оптикалық  жүйесін  тазаландар.  Бұл  үшін  жартылай 
бөлшектеуді,  линзалар  мен  айналарды  шаңнан  тазалауды,  бағыттауыш 
оптикалық жүйені майлауды, сүзгі мен экспозиция шыныларын тазалауды 
жүзеге асыру қажет.   
 
Майды  ауыстырған  кезде Molykote фирмасының  майлағыш 
материалдарын  қолдану  ұсынылады:  тонер-картридждің  тісті  берілісінде  
– Molykote EM-50L; қағазды  беру  жəне  түсірудің  тісті  берілісінде – 
Molykote EM-30L, Molykote EM-50L; термороликтер мен мойынтіректерде 
– Molykote HP-870; қағазды  беру  жəне  жүктеу  үшін  бағыттауыш 
механизмдерде – Molykote PD-910; қағазды жылжытуға арналған жетекте 
– Molykote EM-30L; бір  жақты  қысқышта,  бұраушы  кезең  шектеушісінде  
– Molykote DX Paste. 
 
Бұдан əрі корпус бөлшектерін жуу қажет. Содан кейін принтер/КФҚ 
құрастырады.  Принтерді  жүйелі  блокқа  қосып,  драйверді  орнатады. 
Принтерді тексеріндер (баспаның сынама беті). 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет