Техникалық оқыту құралдары. Бағдарламалық жасақтамасы
бар компьютер, интернет-ресурстарына қолжетімділік, Тəжірибелік
жұмыс.
Бағдарламалық жасақтама. Мəтіндік редактор.
Тəжірибелік жұмыстың міндеттері
1. Тəжірибелік жұмыстың тақырыбы бойынша теориялық
материалды қайталау.
2. Теориялық материалды бекіту үшін сұрақтарға жауап беру.
3. Осы тақырып бойынша электрондық түрде қажетті
материалды жинау жəне зерттеу.
4. Қызмет көрсету жəне жөндеу бойынша нормативтік құжат
құрастыру.
5. Есепті рəсімдеу.
18
Қысқаша теориялық жəне оқу-
əдістемелік материалдар
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң белгілі
кепілдіктер береді – бұл Закон о защите прав потребителей дает
определенные гаран-тии – бұл тауар немесе қызмет, немесе оларды
құраушы бөліктер белгілі мерзім ішінде өздерінің қасиеттерін
сақтайтыны туралы өндірушінің, сатушының немесе қызметтерді
көрсетушінің ерікті растауы, сондай-ақ кепілдікпен бірге өндіруші,
сатушы немесе қызметтерді көрсетуші нормативтік актіде
көзделмеген тұтынушыға қатысты қосымша міндеттерді алады.
Кепілдік жазбаша түрде беріледі, ол тауарды сатып алғанға
дейін немесе қызметтерді алғанға дейін қолжетімді болуы тиіс,
кепілдікте кепілдікті қатысумен байланысты өтінішті берудің
шарттары, сондай-ақ кепілдіктің мерзімі, кепілдік жəне оның
талаптары күшінде болатын кезең анық көрсетіледі; кепілдік
беретін фирманың атауы жəне мекенжайы (немесе азаматтық
тұлғаның аты жəне тегі) көрсетіледі. Кепілдікте сондай-ақ
нормативтік актілерге сəйкес тұтынушыда белгілі құқықтары барын
көрсетеді жəне кепілдік осы құқықтарды шектемейді. Кепілдік жəне
оның шарттары, өндірушінің деректері, сатушы немесе қызметтерді
көрсетуші туралы сатып алудың алдында қызығушылық білдіру
қажет.
Кепілдік мерзімі деп тауарда кемшілікті айқындаған кезде
дайындаушы (орындаушы), сатушы, уəкілетті ұйым немесе тауарды
импорттаушы тауардың сапасына байланысты тұтынушының
талаптарын қанағаттандыруға тиіс екені көрсетіледі. Егер
дайындаушы осындай мерзімді белгілеп қойса, соңғы сатушы оның
ұзақтығын жоюға немесе өзгертуге құқысыз. Егер де кепілдік
мерзімін дайындаушы көздемеген болса, онда сатушы оны өзі
белгілей алады немесе кепілдік мерзімін ұзарта алады.
Ортақ ереже бойынша кепілдік мерзімі тауарды тұтынушыға
беру сəтінен бастап есептейді. Заң кепілдік мерзімінің басталуын
дайындаушының (сатушының) басқа оқиғасын есептеуге құқығын
көздейді (тауардың шыққан күнін, зауыттан бастапқы жөнелтілімін,
кедендік рəсімделуін жəне т.б.). кепілдік мерзімін есептеу тəртібін,
егер белгіленген заңмен келіспесе, сатып алу сəтінде жазбаша
түрінде тұтынушы мəліметіне жеткізу қажет. «Тұтынушылардың
19
құқықтарын қорғау туралы» заңындағы соңғы өзгерістердің бірі
кепілдікті беріп жөндеудің максималды мерзімін белгілеу болып
табылады.
Тауардағы кемшіліктерді жоюдың шекті мерзімнің ұзақтығы – 45
күн. Егер тараптардың келісімі (тапсырыс-наряд, кіріс жүкқұжаты
жəне т.б.) жөндеудің нақты мерзімін көздемесе, онда кемшіліктер
тез жойылу қажет.
Тауардың кемшіліктері жойылған жағдайда оған кепілдік
мерзімі тауар пайдаланылмаған уақытқа ұзартылады (көрсетілген
уақыт тұтынушының тауардың кемшіліктерін жою туралы талаппен
жүгінген күнінен бастап тұтынушының талабы орындалған кезге
дейін) – осылай заң белгіледі. Сол уақытта осы ережені тура
түсінуге болмайды. Егер тауар жөндеуден кейін бірнеше ай
сервисте шаң басып жатқан болса, ал клиент оны алып кетпеген
болса, онда кепілдікті тауардың барлық сақталу уақытын ұзартудың
қажеті жоқ, себебі осы мерзімнің жартысы тұтынушының мерзімін
өткізіп алуымен негізделеді.
Тұтынушыға жөндеуден тауарды берген кезде қандай
кемшіліктер жойылды жəне қандай бөлшектер қолданылғаны
туралы тұтынушыға жазбаша анықтама ұсыну қажет.
Егер жөндеу барысында жеке кепілдік мерзімдері белгіленген
құраушы өнімдер ауыстырылса, онда жаңа құраушыларға
ауыстырылған құраушыларға белгіленген, кепілдік мерзімінің
ұзақтығы белгіленеді. Тараптар, келісімге келулері мүмкін (сөзсіз,
жазбаша нысанда), мысалы, жаппай тауардың кепілдік мерзіміне
бөлшектердің кепілдік мерзімін ауыстыру туралы.
«Кепілдік қызметіне құқықты жоғалту» немесе «кепілдіктен
шешу» сияқты түсініктер отандық заңнамада жоқ. Сатушы немесе
сервис орталығы тауарды толығымен «кепілдіктен шешуге»
құқысыз, ол жеке алған ақаулықты қызмет көрсетуге алудан бас
тартуға құқылы, егер ол бөлшек кепілдік берген болып табылмаса.
Сатушы егер тауардағы кемшіліктер оларды тұтынушыға
бергеннен кейін тұтынушының тауарды пайдалану немесе оны
сақтау ережелерін бұзуы не үшінші бір тұлғалардың іс-əрекеті
немесе еңсерілмейтін күштің салдарынан туындағанын дəлелдей
алмаса, кепілдік мерзімі ішінде сатушы тауардың кемшіліктеріне
жауапты.
Осылайша, ақауды кепілсіз деп тану үшін, мəлімделген кемшілік
20
өзінің сипаты бойынша жүре біткен (тауарды берген кезде ол
болмады) болып табылатынын жəне оның себебі мына
жағдайлардың бірі болып табылатынын; тұтынушының тауарды
пайдалану немесе оны сақтау ережелерін бұзуы; үшінші бір
тұлғалардың
іс-əрекеті;
еңсерілмейтін
күштің
салдарына
туындағанын дəлелдеу қажет.
Кейбір өндірушілер немесе сатушылар тауарға техникалық
қызмет көрсету (қосымша жабдықты орнатуды қоса) уəкілетті емес
ұйыммен өткізілгенін негіздей отыра, кепілдік жөндеуден бас
тартады. Сот тəжірибесі бұл жерде тұтынушының жағында, себебі
заң тауарлардың кемшіліктерімен байланысы жоқ, талаптармен
кепілдік міндеттерін негіздеуге тыйым салады.
Достарыңызбен бөлісу: |