Байланысты: Каз. Чащина Обслуживание аппаратного обеспечения Практикум
1.2. ТƏЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ ƏДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
«Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманы баптаушы»
кəсібі бойынша І курс оқушысына тəжірибелік көмек көрсетуге
арналған ұсыныстар. Тəжірибелік жұмыстарды (ТЖ) безендіру
бойынша екі үлгі беріледі. Қалған тəжірибелік жұмыстарда
студентпен бірлесіп оқу мақсаттары мен міндеттердің қойылуын
орындау қажет. Федералды мемлекеттік білім беру стандартының
(ФМБС) жалпы ережелері оқушыларда өз кəсіби қызметінде
мақсаттар мен міндеттерді қою біліктерін қалыптастыру, жағдайға
сəйкес қалыпсыз жағдайларда əрекет етуге, өз кəсіби қызметіндегі
өзгерістерге психологиялық даяр болу біліктерін қалыптастыру
технологияларын енгізу қажеттіліктерін көздейді. Тəжірибелік
жұмысты орындауға кіріскенде, сабақтың мақсатын, міндетін
мұқият оқу қажет, осы кəсіп бойынша ФМБС сəйкес дайындық
деңгейіне қойылатын талаптарымен, тəжірибелік жұмыс тақырыбы
бойынша
қысқаша
теориялық
жəне
оқу-əдістемелік
материалдарымен танысу, теориялық материалды бекіту үшін
сұрақтарға жауап беру қажет. Тəжірибелік жұмыстың барлық
тапсырмалары нұсқаулыққа сəйкес орындалуы тиіс. Сабақ
барысында алынған нəтижелер оқытушы келтірген əдістеме
бойынша талдануы тиіс. Модульді меңгеру нəтижесінде болашақ
маман өзінің кəсіби қабілеттерін іске асыру үшін құнды жəне
қажетті материалды жинауға тиіс.