28
Салқындату қондырғысы көміртекті болаттан пісірілген, ішінен
футерленген. Мұнара үш қатарлы орналасқан 20 толық факелды
форсункамен суландырылады. Қондырғыны екі қатар саптамадан тұрады.
3.3.3 Электр сүзгі
Электр сүзгі әрекеті электр тогы келтірілетін екі электрод арасындағы
кеңістікте түзілетін электр алаңы әсерінен газ монизациясына негізделген.
Шығар газдар көлемі
= 6960 + 1240,574 = 8200,74 м
3
/сағ.
мұндағы 6960 - 1000кг фосфор жаққаннан шығатын ауа мөлшері;
1240,574 - электросүзгіден алып кетілген су буының мөлшері, 1000кг
фосфорға.
Немесе сағаттық өндіргіштікке есептесе:
8200,74 · 7,615 = 62448,64 м
3
/сағ = 17,35 м
3
/сек.
Орташа газ температурасы кезінде 0,35 м/сек болатын газ
жылдамдығы 60
0
С электролит кезінде қима ауданы анықталады:
17,35 : 0,35 = 49,57 м
3
.
Бұл сұлбаға қима ауданы 22м
2
болатын ГПФ 22-9 үш электросүзгі
қосамыз. Газ бойынша өндіргіштігі 23500 м
3
/сағ. Тазалау дәрежесі 99%,
секциядағы алаң саны 9, секция саны 2.
ГПФ 22-9 типті пластинкалы сүзгі корпусы горизантальды типте
полиизобутелен қышқылына қарсы кірпішпен футерленген, көміртекті
болатпен орындалады. Аппарат қимасы бойынша газдың тең мөлшерде
таралуы үшін қышқылға төзімді кірпіштен вертикал тор орнатылған. Тамшы
электродтармен қышқылға төзімді кірпіштер қызмет етеді. Электродтық
өткізгіштердің 1Х18Н9Т болаттан жасалады. Электр сүзгі электродының
қорек жүйесі бойынша агрегаттық жоғарылауымен орындалады. Ол жоғары
трансформатордың, басқару қалқанынан тұрады. Электр сүзгінің негізгі
өлшемдері мынандай: диаметрі D = 13400мм; биіктігі Н = 9685мм; ені L=
9080мм.