ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР 1. Қазақстан Республикасының саяси жүйесін реформалау
кезеңдерін бөліп көрсетіңіз (тарихи-бағдарлы тәсілдеме
негізінде).
2. 1990-шы жылдардың басындағы модернизациялық
қайта құрулардың тарихи алғышарттары мен саяси
жағдайларын атаңыз?
3. Қазақстан Президенті лауазымының бекітілу мерзімін
атаңыз?
4. «Қазақ КСР-ның егемендігі туралы» Декларация қашан
жарияланды?
5. Қазақстан Президентінің алғашқы бүкілхалықтық
сайлауы қашан өткізілді?
6. 1991 жылғы 16 желтоқсанда қандай оқиға орын алды?
7. Қоғамдық өмірдің түрлі салаларын реформалауда 1993
жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының рөлі
қандай?
8. Қоғамның саяси жүйесінің модернизациялық
өзгерістерін жеделдетуде 1995 жылғы Қазақстан
Республикасы Конституциясының рөлі қандай?
9. Қазақстан Республикасында президенттік басқару
жүйесінің рөлі қандай?
10. ҚР Заң шығарушы билігі жүйесін реформалау қалай
жүзеге асты?
11. ҚР алғашқы екі палаталы Парламентінің сайлауы
қашан болды?
12. 1990-шы жж. партиялық жүйенің қалыптасу
ерекшеліктерін бөліп көрсетіңіз?
13. Парламенттің төменгі палатасына дауыс берудің
аралас жүйесі бойынша сайлау алғаш рет қашан өтті?
14. 2002 жылғы «Саяси партиялар туралы» Заң партиялық-
саяси қатынастар саласына қандай жаңалықтар әкелді?
15. «Нұр Отан» ХДП-сы қашан және қалай құрылды?
16. 2007 жылғы конституциялық реформаның
ерекшеліктерін атаңыз?
17. ҚР Парламенті Мәжілісіне дауыс берудің
пропорционалдық жүйесі бойынша сайлау алғаш рет
САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
140
қашан өтті?
18. Қашан үшпартиялы ҚР Парламенті Мәжілісі
қалыптасты?
19. Қазақстанның саяси жүйесін реформалаудың «100
нақты қадам» Ұлт Жоспарында көрсетілген жолдарын
айтып беріңіз?