Жоо мен орта мектептерде



Pdf көрінісі
бет18/28
Дата03.01.2017
өлшемі10,75 Mb.
#1050
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28

Сабақтың мақсаты: Темір металы жөнінде білімдерін кеңейту. Оқушылардың білімдерін жүйелендіру, пәнге деген 
біртұтас көзқарас қалыптастыру.
 Сабақтың міндеті: 
Білімділік:Темір элементін жан – жақты зерттеу арқылы темір, оның қосылыстары,қолданылуы, маңызы жөнінде 
білімдерін кеңейту. 
Дамытушылық:Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту.
 Тәрбиелік:Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру, қосымша материалдар арқылы 
эстетикалық тәрбие беру. 
Көрнекілік: Слайдтар (интернеттен алынған материалдар), периодтық кесте, темір шеге, пробиркалар,  реактивтер, видео 
проектор.
 Тақырыпты меңгерту жоспары: 

Темірдің периодтық жүйедегі орыны, қосылыстарының қолданылуы (химик) 

Физикалық қасиеттері  (физик)

Темірдің таралуы (астроном)

Табиғатта кездесуі  (геолог) 

Темірді алу әдістері  (металлург)
 
 

Темірдің ашылу тарихы; (тарихшы)

Темірдің биологиялық маңызы  (биолог) 

Адам ағзасында кездесуі (медецина)

Темір туралы мақал – мәтелдер (әдебиетші) 

Темірдің химиялық қасиеті  (химик)
Мұғалім: Темір. Темір десек біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді «Жер бетінде темір жойылып кетсе ,не болады 
деп елестетсек, көшелерде сұмдық көрініс темір жол да,поездар да, машиналар да жоқ, көпірлер үйіндіге айналған 
,өсімдіктер семіп ,өле бастаған.Адам денесіндегі 3г темір жойылса , тіршілігін тоқтатып , өліп қалар еді.» ,бұл кіріністі 
суреттеген , темірдің маңыздылығын айтқан атақты минералог , академик А.Е.Ферсман. 
Темір және олардың қосылыстары жөнінде толығырақ мәліметті мамандардан білейік
Химик: Темір периодтық жүйеде: 4-период, 4 - қатар, 8 - топ, қосымша топша, реттік нөмірі 26. Салыстырмалы атомдық 
массасы 56, электрондық қабат, 2)8)14)2), электрондық конфигурациясы 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2 Тотығу дәрежесі 
0,+2,+4, кейде +6; тотықсыздандырғыш болып табылады. Темірдің мынадай қосылыстары бар. Олар: Магнетит, гемотит, 
лимонит – шойын және болат өндіру үшін. Пирит – күкірт қышқылын өндіру үшін Темір купоросы - өсімдік зиянкестеріне 
қарсы күресте, минералды бояулар жасауда, ағаш өңдеу үшін қолданылады. Темір қосылыстары қан аздылық, әлсіздік 
кезінде дәрі ретінде беріледі. Болат пен шойын техникада, тұрмыста қолданылады. Темір хлориді (ІІІ) – суды тазарту үшін, 
мата бояу үшін қолданылады. Темір сульфаты (ІІІ) суды тазарту үшін еріткіш ретінде қолданылады.
 «Темірдің табиғи қосылыстарының жиынтығы» (Слайд)
                   Сәйкестікті тап
    формулалар                 аттары
     1. FeO                        ә) темір сульфаты
    2. FeSO
4
                     б) темір (ІІІ) гидроксиді
    3. Fe(OH)
3
                  в) темір (ІІ) оксиді
Физик: Темірдің физикалық қасиетіне тоқтала кетейін. Темір ақ сұр түсті, металдық жылтыры бар, тоқ пен жылуды жақсы 
өткізетін, магнитке тартылатын, жұмсақ, созылғыш металл. Тығыздығы 7,864 г/см3 және  1539 Градус температурада 
балқиды. Осыдан 2000 жыл бұрын Қытай ғалымы Сума Тзян магниттік компасты тапқан. Ол темірдің магниттік қасиетіне 
сүйенген.Магниттік қасиеті күшті металдар: темір, никель, кобальт. Ферромагнетиктерден магнит құралы, компас 
жасалады. Радиотехникада, электротехникада қолданылады. (слайд)
12. Толықтыру тест тапсырмалары
1.Темір ------ түстес ------- металл.
2.Темір иілімді,------- қасиеті бар, тығыздығы-------.
3.Темірдің салыстырмалы атомдық массасы Ar -------тең. 
 4.Темір құймалары -------және-----түрінде қолданылады.   
 Астроном: Темірді ертеде «Аспан тасы» деп атаған. Жер бетіне жылына мыңдаған метеорит бөлшектері түседі, олардың 
құрамында 90% темір бар. Ең үлкен метеорит 1920 ж Америкадан табылған,салмағы 60т .1895 жылыГренландия 
мұздағынан салмағы 34т темір метеорит табылған ,қазір Нью-Иоркте сақталуда.Темір күн жүесінде ең көп тараған 
элемент.Жер ядросының 90%темір құрайды.Жер мантиясында 12%,жер қыртысында 5%темір бар.Жер қыртысында таралуы
бойынша -6 орында тұр. 
«Кім жылдам?» есептерді орындау. Қазір мынадай тәжірибе жасаймын 
. Темір шегелерді: а) күкірт қышқылы H
2
SO
4
, ә) мыс (ІІ) сульфаты CuSO
4
, б) кальций хлориді   CaCI
2
, , в) натрий хлориді 
NaCI ерітінділері бар сынауықтарға салды. Реакция теңдеулерін жазу.
Геолог: Темірдің табиғи минералдары: Fe2O3 магнитті темір немесе магнетит (72% Fe) Fe2O3 қызыл теміртас немесе 
гематит (70% Fe) Fe2O3 • 3H2O лимонит (50% Fe) FeS2 пирит немесе күкірт колчеданы (52% Fe) FeSO4• 7H2O темір 
купорасы Темір кендерінің ең үлкен қоры Уралда .Онда таулар толық темірден құралған.Курск,Кольск жартылай аралында 
Шығыс және Батыс Сібірде темір кенінің Үлкен қорлары бар.Қазақстанда темір кендері Оралдың шығыс беткейінде, 
Қостанай өңірінде көптеп кездеседі(Соколов-Cарыбай). (слайд)
127

Металлург:
 «Темірдің (ІІ) және (ІІІ) гидроксидтерін алу»
 «Темірдің (ІІ) және (ІІІ) гидроксидтерін алу»
Темірді 3 түрлі әдіспен алуға болады:
  Пирометаллургиялық әдіспен:
оксидінен тотықсыздандыру арқылы:
Fe
2
O
3
 + 3H
2
 = 2Fe + 3H
2
O
соның ішінде алюминтермиялық әдіспен:
Fe
2
O
3
 + 2Al = Al
2
O
3
 + 2Fe
 көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздандыру арқылы:  
Fe
3
O
4
 + 4CO = 3Fe + 4CO
2
Тарихшы: Темірдің ашылу тарихы: Месопотамия өркениетті метеориттік темірді білген. олар б.з.д. ІІІ мыңжылдықта 
темірді қолданып оны «аспаннан түскен от» деп атаған. Оның құймасынан қару-жарақ, әсемдік бұйымда жасаған. Жер 
бетінде темір алтыннанда бағалы болған уақыттар болды. "Темір ғасыры” деген терминді ғылымға ХІХ ғасырдың басында 
дат ғалымы Томсен енгізді. Бұл темір металлургиясы дами бастаған кез. Индияның астанасы Делиде  б.э.д. ІҮ-Ү ғасырда 
415 жылы тұрғызылған темір бағана биіктігі 7 метр, салмағы 6,5 тонна 99,72% таза темірден тұрады, осынша уақыт 
таттанбауының себебін ғалымдар анықтай алмай отыр.(слайд) Эйфель мұнарасы 1889 жылы Парижде француз инженері 
Гюстов Эйфель алып мұнара құрылысын аяқтады. Париж эмблемасына айналған мұнара биіктігі 300 метр, таза темір 
металынан тұрады. (Слайд)
 Биолог:Темірдің биологиялық маңызы. Адам денесінде темір құрамы 3-7 гр дейін (ткань, қан, ішкі органдарда) болады. 
Темір біздің организмге тамақ арқылы келеді. Ересек адамның тәулік қажеттілігі 11-30 мг құрайды. Бұлшықет белогы – 
миоглобин, құрамында Fe+3 катионы етке қызғылт түс береді. Қан белогы – гемоглобин, құрамында Fe+2 катионы, қанға 
қызыл түс береді, сүйек кемігінде түзіледі. (слайд)
Медицина маманы:Адам ағзасында темір мөлшері жетіспеуінен –қан аздық(анемия ауруы пайда болады. Ол дұрыс 
тамақтанбаудан,экологиялық себептерден,әлсіреу ,көп қан кету т.б. пайда болады. Абай ауданы Қарауыл селосында темір 
жетіспеушілігінен болатын анемия ауруымен ауыратын адамдар жөнінде мәлімет (2009 жыл) Тұрғындар саны – 6510 
Анемия ауруымен ауыратындар: 16 жасқа дейінгі саны – 87 . Жас өспірімдер саны – 21 . Үлкендер саны – 99 Темірдің ең 
көп мөлшері мына өсімдіктер, тағамдар құрамында: Итмұрын тұнбасы Орамжапырақ алма Қара шие Сиыр еті Малдың 
бауырында (слайд)
Әдебиетші: Бұл жерде біз данышпан Абайдан бір үзік жұмбақ келтірелік: Қара жер адамзатқа болған мекен, Қазына іші 
толған әр түрлі кен. Ішінде жүз мың түрлі асылы бар, Солардың ең артығы немене екен? Шешуі: темір. 
Ал, сендер темір жөнінде қандай мақал-мәтел білесіңдер?
 Темір жөнінде мақал-мәтелдер: «Көптің аузы-темір талқы» «Темірші – көміршіге үйір» «Темірді қызған кезде соқ» «Болат 
қайнауда шынығады Батыр майданда шынығады» «Алмас пышақ қап түбінде жатпас» «Темірдің бір басы-ыстық, бір басы-
суық» «Темір кессең қысқа кес, Ұзартуың оңай. Ағаш кессең ұзын кес, Қысқартуың оңай». «Болат бүгілмес-морт сынар». 
«Оқ жетпес жерге қылыш сілтеме». «Болған іске болаттай берік бол»
Химик От көмір жейді,
Тот темір жейді-   деген темірдің химиялық  қасиетіне байланысты айтылған.
Құрғақ ауада – оксидтің қорғағыш қабығымен қапталады. Ылғал ауада- тоттанады. 
Қоршаған орта факторларының әсерінен болатын металдардың желіну құбылысы коррозия деп аталады  яғни, жемірілу 
деген мағынаны білдіреді. Металдар мен ауыл шаруашылық техникасы көбіне жемірілуге ұшырайды. Жемірілу әсеріне 
металл бұйымдары жарамсыз болып қалады. 
Жемірілумен күресудің бірнеше бағыттар бар:
1. Металдарды қорғаныштық беттік қаптамалармен қаптау.
2. Жемірілуге қарсы қасиеттері бар құймалар.
3. Электр қорғау
4. Орта құрамын өзгерту
Қорытындылау  деңгейлік тапсырмалары 
І. Бөлім  «Қанағат» 1. Реакцияны аяқта, теңестір.
 Fe+O
2
 → 
Ca+Cl
2
 → 
Mg+S → 
2. Массасы 80 г кальцийдің зат мөлшерін тап.
 ІІ. Бөлім «Талап» 
1. Мынай  Ca →CaO→ CaSO
4
  өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкін болатын химиялық реакцияларды жаз. 
2. 80г кальций жанғанда (қ.ж) жұмсалатын оттегінің көлемін тап. 
ІІІ. Бөлім "Терең ой” 
Мынадай өзгерістерді жүзеге асыр
Fe →FeO→FeSO
4
→Fe(OH)
2
2. 2KСlO
3
 →2KCl+3O
2
 теңдеуіндегі барлық коэффициенттер жиынтығын тап. 
Үй тапсырмасы шығармашылық тапсырма: Темірдің  Қазақстандағы кеңдері туралы және  темірдің қолданылатын жерлері 
атты реферат жазып келу.
* * * * * * * *
128

Алматы қаласы Медеу ауданы  Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған
Гимназиясының информатика пәні мұғалімі
Сагыбекова Ардак Оразгалиевна
Сабақтың тақырыбы:
Циклдік алгоритмдерді программалау
Мақсаты:
Оқушыларды циклдің түрімен таныстырып, оларды ұйымдастыруға қолданылатын 
операторлардың жазылу ережесін түсіндіріп, циклдік алгоритмдерді программалауды 
үйрету; 
Оқыту нәтижесі
Оқушылар берілген есептің шартына қарай цикл ұйымдастырудың қандай операторын 
қолданған тиімді екенін анықтап, оны программалай алуы керек; мәліметтерді сыни 
тұрғыдан ойлауға дағдыланады.
Түйінді идеясы
Программалай білу – қажеттілік.
Әдіс-тәсілдер
 Диалогтік оқыту, топтағы  жұмыс, «Шыңға шығу» ойыны, Рефлексия. «Өрмекшінің торы»,
INSERT карта, «Жүгіртпе диктант» 
Уақыты
Ресурстар
                              Сабақтың мазмұны
               Мұғалімнің іс-әрекеті
              Оқушының іс-әрекеті
3 минут
ойын
Түсті жолақтар арқылы топтарға бөліну.
(Топтағы роль туралы түсінік)
Оқушылар 3 топқа топтастырылады.
5 минут
«Шыңға 
шығу» ойыны
5 минут 
Әр топ  үйге берілген есептер мен сұрақтарға 
жауап беру арқылы ойынға қатысады.   
Жауап берген топтар сатылы  шыңға 
шығады.
Өз дайындықтарын көрсетеді.
Жеңімпаз топ марапатталады.
смайликтер
3 минут
АКТ
Миға шабуыл. «Циклдік алгоритмдерді 
программалау» слайд-таныстырылымына 
шолу
Танысады, ақпараттары молаяды
1 минут
АКТ 
википедия
Сөздікпен жұмыс
INSERT карта.
Дәптермен жұмыс жүргізеді
10 минут
Диалогтік 
оқыту
Топтық жұмыс. «Жүгіртпе диктант». Сынып 
қабырғаларында ілінген мәнмәтінді оқып 
келуге нұсқау береді.
Оқып келіп  топта талдау арқылы мағынасын 
түсініп, әр оқушы үлестірілген  органайзерде 
өзі үшін 3 жаңалық, 2 сұрақ, 1қадам жазады. 
Мәтінді топпен барып іштей оқиды. 
Орнына қайтып келіп 
жұппен, топпен талқылайды.
Бір-біріне түсіндіреді.
7 минут
Топтарға тапсырма: есеп беріледі.
1 топқа-арифметикалық цикл FOR-ды 
пайдаланып;
2 топқа–WHILE-ды пайдалынып;
3 топқа–REPEAT-ті пайдаланып берілген 
есепті үш түрлі әдіспен шығарады.
Әр топ өз білімдерін көрсетеді, топта 
жұмыс істеу дағдыларын жетілдіреді.
1 минут
Сергіту сәті
Дене мүшелерімен 1-5 дейінгі сандарды 
жазу.
Сергиді, демалады.
10 минут
Жеке тапсырма. Циклдік операторларды 
пайдаланып компьютерде программа құру.
Жеке жұмыс жасап, өз білімін көрсетеді.
2 минут
Оқушылардың жеке жұмыстарын  
нұсқаулықтағы критерийлер арқылы  топ 
жетекшілері тексереді.
Топ жетекшісінің бағалауы
1 минут
Рефлексия. «Өрмекшінің торы» 
Бағалау
Мұғалімнің , топ жетекшілерінің бағалауы.
Үйге тапсырма
₰ 3.7  7- есеп. 
«Бір жылдық шығыс» әмияныңды есептеу программасын құр.
 Алматы қаласы Медеу ауданы Ш. Уәлиханов атындағы 
№12 мамандандырылған Гимназиясының информатика пәні мұғалімі
Акимешева Кайниса Байгадилевна
Сынып: 8
Пәні:Информатика
Күні:
Сабақтың тақырыбы Компьютерлік модель. Компьютерде модельдерді зерттеу.
Жалпы мақсаты
Компьютерлік модель, компьютерде модельдерді зерттеу ұғымдарымен таныстыру. Қолдану 
салаларын, маңызын ұғындыру.
Сабақтың типі
Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі
СТО. Блум таксономиясы. АКТ. Топтық, жұптық жүмыс формасы.
Оқыту нәтижесі
Комьютерлік модель ұғымын түсінеді. Модель құру және зерттеу барысында компьютердің рөлін
ұғынады. Қолдану салаларын айта алады.
129

Білу
Модель, модельдеу, компьютерлік модель, компьютерлік модельдеу ұғымдарын біледі. Модель 
түрлерін атай алады.
Түсіну
Компьютер көмегімен модельдерді зерттеу қалай жүзеге асырылатынын түсінеді.
Қолдану
Компьютер көмегімен қарапайым компьютерлік модельдер жасай алады.
Талдау
Модельдерді белгілі бір ерекшеліктері бойынша топтасра алады.
Жинақтау:
Компьютерлік модель терминіне кластер құра алады.
Бағалау:
Компьютерде модельдерді зерттеудің адам өміріндегі маңызына бағабереді.
Ресурстар
Үлестірме парақ. Таныстырылым. Проектор. Экран. Компьютер. Интернет жүйесі. А4. Түрлі-
түсті қаламдар. Қосымша дидактикалық материалдар. Стикерлер т. б.
Сабақ 
кезеңдері.Уақыты
Жұмыстың мазмұны
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі.1 
мин.
Жағымды ахуал орнату.Топқа 
бөлу.
Оқушылармен амандасу. 
Көңіл-күйлерін сұрау.Топқа 
бөлу.(түрлі түсті фигуралар
көмегімен 3 топқа бөлінеді)
Мұғаліммен амандасады. 
Көңіл-күйлерін «Басбармақ» 
әдісі бойынша 
көрсетеді.Түрлі-түсті 
фигуралар таңдау арқылы 
топқа бөлінеді.
Білімді өзектендіру.2 
мин
Тақырыпқа қызығушылық туғызу.
Оқушыларды ойлауға 
ынталандыру.Оқушы зейінін 
сабаққа аудару. Сабақтың мақсат, 
міндеттерін саналы түрде 
қабылдауын қамтамасыз ету.
Слайд1.Әртүрлі 
модельдердің суретін 
шығару. Бұл не? Оларды бір 
сөзбен қалай атауға болады?
Тақырыпты 
көрсету.Слайд2«Компьютер
лік модель. Компьютерде 
модельдерді зерттеу».
Оқушылармен бірлесе 
сабақтың мақсат, міндеттерін
айқындау. Блоб ағашының 
«Дейін» бөлігіне осы 
тақырып бойынша өздерін 
бағалату. Бағалау парағын 
тарату. (Қосымша 3)
Слайдтағы әртүрлі 
модельдерге қарай отырып 
оларға ортақ ат береді. 
(модель, макет т б)Дәптерге 
тақырыпты жазып 
алады.Мұғалім сұрақтарына 
жауап бере отырып бүгінгі 
сабаққа өздерінің алдына 
мақсат, міндеттер қояды. Блоб
ағашының «Дейін» бөлігіне 
өздерін белгілейді.
Білу:жаңа тақырыпты 
меңгерту.2 мин
3 мин +
3 мин +
2 мин
Негізгі ұғымдарды меңгерту.
Модель: түрлері.
Компьютерлік модель
Модельдеу
Компьютерлік модельдеу
Компьютерде модельдерді 
зерттеу
Слайдтар арқылы шолу 
жасау.Слайд 4-8
Топтық тапсырма орындату.Өкіл 
стратегиясы.(Қосымша 1). 
Постер жасату, қорғату, бағалату, 
қортындысын шығару.
1. Негізгі ұғымдарды 
дәптерге жазады.
2. Берілген теориялық 
материалды оқи 
отырып постер 
жасап, қорғайды. 
Стикер арқылы 
бағалайды. Кері 
байланыспен жұмыс 
жасайды.
Түсіну: Жұптық 
тапсырма.7 мин
Компьютерде модельдерді зерттеу
қалай жүзеге асырылатындығы 
жайында қосымша материалмен 
жұмыс жасайды. Пәнаралық 
байланыс жасалады.
Оқушыларды фигуралар 
бойынша жұпқа бөлу.Слайд 
9.(слайдта әр жұптағы 
фигуралар және түстері 
көрсетіледі).Үлестірме 
тапсырма тарату. (Қосымша 
2) Интернетпен жұмысты 
ұйымдастыру.
Оқушылар жұпқа бөлініп 
тапсырма орындау барысында
интернеттен қосымша ақпарат
іздеу, сұрыптау, талдау 
жұмыстарын жүргізеді. 
Дәптерге өз түсінгендерін 
жазады. Оқиды.
Сергіту сәті.3 мин
Оқушылардың көңіл күйін көтеру,
бой жаздыру.
«Тұрғын. Үй. Дауыл» 
ойынын ойнату
Ойын ойнап, сергиді. Бір-
бірімен эмоциялық және 
физикалық қарым-қатынасқа 
түседі.
Қолдану.Жұптық 
жұмыс5 мин +
1 мин
Кесте құру, жазбаша сипаттау не 
графиктік редактор көмегімен 
модель құрып көреді. Стикерлер 
Комьютерде модель 
құрдыру.Слайд 10Стикер 
көмегімен бағалауды 
Әр жұп ақылдаса отырып 
өздері таңдаған объектінің 
компьютерде моделін құрады.
130

арқылы өздеріне ұнаған модельге 
дауыс береді.
ұйымдастыру.
Бір-бірін стикер арқылы 
бағалайды.
Талдау2 мин
Модельдерді қандай да бір 
белгілері бойынша топтастырады
«Топтастыру».Слайд 
11.Экранда модель суреттері 
беріледі. А-4 таратылады.
Экрандағы суреттерді топпен 
ақылдаса отырып 
топтастырады. А4-ке жазады. 
Ауызша айтып береді.
Жинақтау. Топтық 
жұмыс

мин

мин
Берілген тақырыпқа кластер 
құрадыБасбармақ әдісі бойынша 
бағалайды.
«Компьютерлік 
модель»терминіне кластер 
құру, қорғау, бағалауды 
ұйымдасту.
Кластер құрып 
қорғайды.Топтар бір-бірін 
басбармақ әдісімен 
бағалайды.
Бағалау.3 мин
Жеке жұмыс.Тақырыптың 
өзектілігіне баға беру. Ой 
жинақтау.
Эссе жаздыру: «Болашақ – 
компьютерлік модельдеу 
еншісінде»
«Компьютерлік 
модельдеудің» 
маңыздылығына баға береді. 
Өз ойын айтуға дағдыланады.
Үй тапсырмасын беру1 
мин
1. Тақырып бойынша тест 
құру немесе
2. Сыныптың ақпараттық 
моделін құрып келу. 
немесе
3. «Модель» терминіне 
синквейн құрып келу
Оқушыларға үй тапсырмасын
беру.Түсіндіру.
Үй тапсырмасын 
күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау2 мин
Оқушылардың іс-әрекетін 
бағалау. Сабаққа кері байланыс 
алу.
Блоб ағашының «Кейін» 
бөлігіне өзін 
бағалату.Бағалау парағына 
жиынтық бағасын шығару.
Өзін Блоб ағашына 
бағалайды. Кері байланыс 
қалтырады. Топмүшелерінің 
бағаларын шығарады
Алматы облысы  Қарасай ауданы 
«Ә.БАЙСАЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН
 ОРТАЛЫҚПЕН» КММ  бастауыш сынып мұғалімі
Тургымбаева Кульшай Садыковна
Пәннің аты
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
Ауызша тіл жазбаша тіл 
Ауызша және жазбаша тіл туралы білімдерін тиянақтау.
Сөздерді сөз құрамына,мағынасына қарай талдай білуге үйрену.
Сауатты,көркем жазуға, салыстырулар жасауға дағдылану.
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
-Салем достым!(амандасады)
-Сен қалайсың?(иықтарынан қағады)
-Қайда болдың?(құлақтарынан тартады)
-Мен сені сағындым!(қолдарын жүректеріне қояды)
-Сен келдің!(қолдарын жаяды)
-Жақсы болды!(құшақтайды)
Оқушылар шеңберде 
жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі 
сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Сергіту сәті
«Қаражорға» биі
Жаңа сабақ
Адамдарға сөйлеу не үшін қажет?
Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?
Оқулықтағы тапсырмаларды  орындау
1-жаттығу
Мақалдарды түсініп оқы және мағынасын түсіндір.
2-жаттығу
Мәтінді мәнерлеп оқы
3-жаттығу
Жұмбақты оқып,шешуін тап
4-жаттығу жеке жұмыс
Рефлексия
Екі жақты күнделік стратегиясы
Кітаптағы жазбалар
Менің жаңалығым
131

Үйге тапсырма
5-жаттығу Мәтінді түсініп оқы
Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға 
жабыстырады
Алматы облысы  Қарасай ауданы
«Ә.БАЙСАЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ 
ДЕЙІНГІ ШАҒЫН  ОРТАЛЫҚПЕН» КММ 
бастауыш сынып мұғалімі Шойынжанова Жұпар Ауесбековна
Әдебиет
Сабақтың атауы
Қартқожа Ж.Аймауытов
Сілтеме
Әдебиет  оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы
Оқулық, жұмыс дәптері, Компьютер, слайдтар, карточкалар, кестелер.
Жалпы мақсаттар
Жүсіпбек Аймауытұлының «Қартқожа» романы
Мақсаты «Қартқожа»     романының мазмұнына талдау жасай отырып,   тақырыбы мен  
идеясын ашу.  Романдағы   әлеуметтік  теңсіздік  мәселесі    кейіп -кердің өзінің   
дәуіріне сай  тип ретінде      қалыптасу жолын  көрсету,   романның  көркемдік  
ерекшелігіне талдау.
Оқыту нәтижесі -көркем шығарманы талдай білуге  төселеді,  сын тұрғысынан 
ойлап,өз пікірін қорғауға  дағдыланады.
– топпен жұмыс жасауға үйренеді.
– сабақта белсенділігі артады.
– шығармашылық  қабілеті танылады.
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс 
айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ
болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Сәлеметсің бе,Көк Аспан
Сәлеметсің бе,Нұрлы Күн
Сәлеметсің бе,Жер Ана
Сәлеметсіз бе,қонақтар
Сәлеметсіз бе,мұғалім
Сәлеметсіз бе,жан досым
Міне,менің қолым бос
Жылуыңа жылу қос
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты 
айтады
Үй тапсырмасын сұрау
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
vКестенің «Білемін», «Білгім келеді», «Үйрендім» бөлігін толтыру.
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
Сабақ тақырыбы тақтаға жазылып, автормен қысқаша таныстыру. Жүсіпбек 
Аймауытовтың өскен ортасы,ата – анасы, алғашқы білім алған орындары.
Жүсіпбек Аймауытовтың поэзиялық туындылары.
Прозалық жанрдағы шығармалары.
Қазақ драматургиясының дамытудағы сүбелі үлесі.
Ғылыми еңбектері, аудармалары.
«Қартқожа» романы туралы қысқаша түсінік беру.
1.Оқиға қай кезеңді суреттейді?
2.Романдағы бала Қартқожаның портретін тауып оқы.
3.Қартқожаның жәбір көріп, әділетіздіктен жапа шеккен кездері болды ма? («Ұядағы 
зорлық » бөліміне талдау жаса.)
4.Қартқожаның білім алу жолындағы әрекеттерін әңгімеле.
5.Әкесі Жұман шаңырағының құт-берекесі болған, көк биесі өлген соң –ақ бірінен соң 
бірі қырсық шала береді. «Әкесі төмен қарап: «Қол-аяғымызды кестің бе?» деп еңкілдеп
қоя беріп еді… «таңдайды бір жола ағартайын дегені ғой» деп, тағы да егіліп, зарланып 
жылап жіберді. Кімге айтылған? Аллаға ма? Өліп бара жатқан жануарға ма, болысқа 
ма? Өсіп келе жатқан Қартқожа көз жасын көрсеткісі келмейді, үйді айнала барып 
жылайды…
132

(Қартқожаға мінездеме беру)
6.Қартқожаның ой-өрісінің толысуына Андрейдің қандай әсері болды?
7.«Туған жер» тарауы. (Монолог)
8.Уақыт пен заман Қартқожаның өмірі мен тағдырына қандай өзгеріс жасады?

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет