Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1.
Ортағасырлардағы қазақтардың шаруашылық түрлері?
2.
Мал шаруашылығының тарихи маңызы?
3.
Егіншілік шаруашылығының қалыптасуы?
Қолөнер мен сауда дамуының ерекшеліктері.
1. Мал шаруашылығы үстумдік еткен қоғамдағы егіншілік
2. Отырықшы халықтармен экономикалық байланыс негіздері
Түрік тектес түргеш тайпалары УІ-ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарын
мекендеген, ал УІІ-ғасырда Жетісудың орталық аймақтарын қоныс еткен.
Олар өзінен бұрынғы өмір сурген Батыс түрік қағанаты қүрамындағы халқы
көп тайпа-лардыц бірі болған. Түргеш тайпалары жөніндегі алғашқы
мәліметтер Күлтегін ескерткішінде және Қытай жазба деректерінде
кездеседі. Ал түргештердің жеке қағандық болып қүрылуы туралы дерек
«Тоныкөк» жазуында айтылған.
Түргеш қағанаты халқының этникалық қүрамы негізінен сары және қара
түргеш тайпаларынан тұрған. Жаз-ба деректердің көрсетуі бойынша олар
Шу, Талас, Іле бойларын жайлаған. Шу бойындағы түргештер сары, ал Та-
лас аймағындағы түргештер қара түргештер деп аталған. Түргеш қағанаты
704-756 жылдар аралығында өмір сүрді. Бүл кезде Жетісу аймағында араб
басқыншыларына қарсы күрес жүріп жатқан болатын. Жетісуда Түргеш
қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік
жүргізген кезі - 699-706 жылдар. Ол Жетісудан Батыс түрік билеушісі
Бөрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бесбалыққа дейін өзінің
өкіметін орнатты. Оның басты саяси орталығы - Шу өзені бойындағы Суяб
қаласы. Екінші орталығы - Іле өзені бойындағы Күнгүт қаласы. Үшелік елді
20 үлысқа /бөлікке/ бөліп, олардың әр қайсысында 7 мыңнан әскер ұстады.
Түргеш қағандығы бар-жоғы жарты ғасырдай өмір сүрді. Оньщ көп
жылдары сыртқы жаулармен соғыста өтсе, ішкі жағдайында да тыныштық
болмады. Тайпалар екі жаққа бөлініп, бір-бірімен талас-тартысқа түсті.
Әрине, мүндай үзақ уақытқа созылған саяси күрес қағанаттың экономика-
лық және мәдени жағынан өсіп өркендеуіне кері әсерін тигізді. Осыған
қарамастан Түргеш қағанаты бүрынғы Ба-тыс түрік мемлекеті қалдырған ел
басқару
жүйесін,
әлеуметтік-экономикалық
бағытындағы
дамуын
жалғастырды. Түргеш қағандығы қүлағаннан кейін бүрынғы көшпелі түрік
тайпалары қүрған Батыс түрік қағанатының орнына төрт күшті мемлекет
қүрылды. Олар: Төменгі Поволжье мен Солтүстік Кавказ жеріндегі Хазар
қағанаты, Сырдың орта және төменгі ағысы мен Арал даласында орналасқан
Оғыз мемлекеті, Солтүстік Шығыс және Орталық Қазақстанда Кимек
қағанаты, ал Батыс түрік қағанатының негізгі орта-лығы болған Жетісу
жерінде қарлүқтардың мемлекеті орнады.
Қарлүқтар туралы алғашқы мәлімет V ғасырдан бастап белгілі болады.
Бүл кезде қарлүқтар Монғол Алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс
жағалауы арасын қоныс етіп, көшіп жүрген. УІ-УІІ ғасырларда қарлүқтар
Түрік, Батыс түрік және Шығыс түрік қағанаттарының қүрамына кіреді.
Олар ірі-ірі үш тайпалық-бүлак, шігіл (себек) және ташли одағына бірікті.
Қарлүқ тайпалар одағының билеушісі елтебер деп аталды. УІІ-ғасырдың
басында Шығыс түрік қағанатының қүрамына енген қарлүқтар оның
билеушілеріне қарсы көтерілістер жасап тұрған.
Қарлүк тайпалары УІІІ-Х ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан
бастап, Сырдарияның орта бойына дейінгі кең байтақ жерлердің бәрінде
қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстықкөлдің арасын, Ыстықкөлдің айналасын,
Іле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шаньнің бауырайларын мекендеді.
Қарлүқтардың бір тобы 766-775 жылдары Қашғарды басып алды, ал VIII
ғасырдың аяғында олардың екінші бір бөлігі Ферғанаға өзінің үстемдігін
жүргізді. IX ғасырдың бас кезінде қарлүқ тайпалары Оңтүстік Қазақстандағы
Отырар (Фараб) қаласы маңына барып қоныстанды.
Бүл кезде Қарлұқ конфедерациясына түркі тілдес көшпелі және жартылай
көшпелі әр түрлі тайпалар: жікілдер, бүлақтар, халаждар, түргештер,
азкишлер, тухсилер, ша-рухтар, аргулар, барсхандар кірген. Бүлардан басқа
оның қүрамында оғыздардың негізгі көпшілігі Сырдарияның орта және
төменгі ағысына көшкеннен кейін Жетісу жерінде қалған кейбір топтары,
сондай-ақ түрік болып кеткен Жетісу соғдылары болды.
Қарлұқ феодалдық қоғамында әлеуметтік және жіктік теңсіздік күшейді.
Қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді, одан басқа қауымның ешбір қүқы жоқ
тобы - күлдар-тын. Халықтың негізгі бөлігі - қоғамның қарапайым қатардағы
мүшелері, олар малы мыңғыраған байларға экономикалық жағынан кіріптар
болды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында
жайылымдар мен қүнарлы жер ғана емес, қалалар да болатын.Ұйғыр
қағанатының күшеюіне байланысты, Қашғар жеріндегі түрік тілдес тайпалар
Оңтүстік Қазақстан аймағына жылжыды. 940-жылы олар Баласағұнды басып
алды да, Қарлұқ мемлекеті құлады.
Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу еңірін
қүтты коныс етті. Оның қүрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың
орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағүн, кейінірек Ордакент
(Тараз) қаласы. Қарахан мемлекетінің Үзген, Мерке, Қүлан сияқты қалала-
рында ірі алыпсатар алпауыттары мен қолөнершілері мекендеген.
Қарахан әулетінің негізін салушы Сатүқ Боғрахан (915-955 жж.) болып
есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін
асырушылардың бірі - Білге қүл Қадырханның немересі. Сатүқ Тараз және
Қашқар қала-ларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағүндағы билеушіні
қүлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Қарахан мемлекетінің өз
тарихы осы уақыттан басталды. Мемле-кеттің күшеюіне қарлық, шігіл, ягма
тайпалары үлкен үлес қосты. Сатүқ өлгеннен кейін билік оның баласы
Мүсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне
қаратты. Оның астана қаласы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы
Сүлеймен Баласағүнды иеленді. Кейін бүл еңірді оның ұлы Хасан Боғра-хан
мұра етіп алды.
Жетісу мен Шығыс Түркістанды XI ғ. басында Хасан әулетінен шыққан
Туған хан билеп түрды. Бірақ онымен Боғра-хан Харунның баласы
Қадырхан Жүсіп бәсекелес болды. 1005 жылы Қадырхан Жүсіп Туған-ханды
Қашғар-дан тықсырып шығарды.
1017-1018 жж. Жетісу Шығыстан көшпелі тайпалар шабуылына үшырады.
Олармен шайқастан кейін көп ұзамай Туған хан дүние салды. Осы кезде
Қадыр-хан едәуір күшейіп, Шығыс Қарахан мемлекетіндегі бүкіл билік оның
қолына көшеді. 1032 жылы Қадыр-ханның иелігіне Жетісу, Исфиджаб пен
Тараз өңірлері және Шығыс Түркістан жері қарады. Бірақ осыған қарамастан
Шығыс Қарахан қағандығында билік үшін күрес шиеленісе түсті.
ХІ-ғасырдың аяғына қарай Қарахан мемлекеті қырқысқан соғыстармен
және феодалдық иеліктердің одан әрі бөлшектенуімен байланысты құлдырай
түсті. ХІІ-ғасырдың 30-жылдары Шығыс Қарахан иелігін, Жетісуды және
Қазақстанның Оңтүстігін шығыстан келген қидандар жаулап алды.
IX ғасырдың аяғы мен X ғасырдың бас кезінде оғыз тайпалары
Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан кең
жерлерді мекендейді. Оғыздардың қоныс өрістері Ырғыз, Орал, Ембі, Ойыл
өзендерінің бойларында, Сырдарияның Қаратау баурайлары мен Исфиджаб
шегіне дейін жеткен. Олар Сырдарияның орта және төменгі ағысы бойында,
Арал өңірі мен шығыс Каспий аймағында шоғырланып қоныс тепті. Оғыздар
жер иелігі отырықшы Хорезммен, Моуеренахрмен және Хорасанмен
шектесіп жатқан.X
ғасырда сонау Хазарияға дейін созылып жататын
ұлан дала, сол сияқты Солтүстік Каспийдің құла түзі, оңтүстік-
шығыс Қарақүм шолі мен Арал аймағының Қызылқүмы Оғыз сахарасы деп
аталған. Оғыздардың түрік тайпалары қарлүқтармен, тоғыз оғыздармен,
қимақтармен жүргізген соғыстары жөніндегі мәлімет тарихи деректерде
сақталмаған.
X ғасырда Оғыз мемлекетіиің астанасы - Янгикент немесе Жаңа Гузия
деп аталатын қала болды. Ол Қимак даласы арқылы Сарысу, Есіл және Нүра
бойларына баратын сауда жолының үстінде орналасқан, сондықтан Сығнақ
пен Оңтүстік Оралға баратыи керуен жолдары осы қаланың үстінен өткен.
Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік түрмысы жағынан көне
феодалдық мемлекет болды. "Жабғы" атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз
мемлекетінің бас-шысы болып саналды.
ІХ-Х
ғасырларда
Оғыз
мемлекетінде
ескі
рулық-тайпа-лық
институттардың тез ыдырауы жағдайында патриархаттық-феодалдық
қатынастар дамыды. X ғасырдың аяғы мен XI ғасырдың бас кезінде Оғыз
елінде алым-салықты тиянақты түрде жинап отыру жүйесі орын алды, бұл -
мемлекетте түрақты басқару аппаратының құрылғанын көрсетеді. Жабғынын
салық жинаушылары мың адамға дейін жететін арнаулы отрядтардан
құрылды.
Оғыздардың көпшілігінің басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды.
Көшпелілер маусымдық жайылымдар-дың бірінен соң біріне ауысып, ұзақ
уақыт кешіп жүрді. Олар өзендердің белгілі еткелдерінен, қолайлы тау асула-
рынан өтіп, суы мол, шөбі қалың жайлауларға ауысып отырды. Оғыз
тайпаларының бір бөлігі Сырдарияның төменгі бойын қыстап, жайлауға
Каспий маңындағы далаға көшкен. Оғыздар негізінен жылқы,қой,ешкі, сиыр,
өгіз, түйе өсірген. Әсіресе, қой өсіру шаруашылығы маңызды рөл атқарған.
Сондай-ақ оғыз бай феодалдары жер қайыстырған қалың жылқы үйірлерін
үстаған. Көшпелі оғыздар түйе де оның ішінде айыр өркешті ірі түйелер
өсірген. Оғыздар аңшылықпен де айналысты, терісі қымбат түлкі, сусар,
қүндыз сияқты авдарды аулаған. Оғыз кедейлері Арал теңізінен,
Сырдариядан, тағы басқа да өзендерден балық аулап кәсіп қылған.
Тарихи деректемелер оғыздардың арасында отырықшы егіншілер мен қала
халыктарының едәуір көп болғандығын көрсетеді. Қалалардағы үйлер көбіне
тастан, ағаштан, қамыстан түрғызылды. Оғыздардың Сырдарияның
төменгі ағысында Жанкент, Жент, Жуара, ал Сырдарияның орта ағысында
Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығнақ және Сауран т. б. қалалары болған. Оғыз
көшпенділері Мәуеренахр, Хорезм және Жетісу сияқты егіншілігі да-
мыған елдермен тығыз байланыс жасап түрған. Оларда қолөнер кәсібі,
соның ішінде мал өнімдері мен шикізаттарды өңдеу дамыды. Малдың
терісінен әр түрлі аяқ киім, ыдыс, садақтың қаптамасы, қорамсақ, ер-түрман
әбзелдері, торсық-мес секілді заттар жасалды. Киіз үйге керекті заттар
дайындалды. Киім, сондай ақ жабайы жануарлар мен аңдардың терісінен
де тігілді. Оғыздарда қүмырашылық өндірісі де өркендеді. Олар
мекендейтін аумақтарда темір, күміс, алтын, мыс және асыл тастар
өндірілді. Шеберлер олардан сән-салтанат және әсемдік бұйымдар
дайындады.
Оғыздар табиғи күштерге табынып, бақсы-балгерлерге сенген. Сонымен
бірге олардың арасында бірте-бірте ислам діні де ене бастайды. Оғыздар
Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды.XI
ғасырдың басында Оғыз мемлекеті қүлдырай бастатады.
XI ғасырдың екінші жартысынан бастап 1219 жылға дейін қыпшақ
тайпалық одағы дамуының үшінші кезеңі жүрді. Осы кезде қыпшақ
хандарының мәртебесі, күш-қуаты есті. Олардың этникалық құрамы өзгеріп,
қимақ, қүман, ертедегі башқұрт, оғыз т. б. тайпалар кірді. Сондай-ақ
қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, үрандар,
Шығыс Түркістаннан келген баяттар, түргештер, қарлүқтар, шігілдер әсерін
тигізді.
Бұл кезде қыпшақ хандары өз жерлерін оңтүстікте Тараз қаласына дейін
жеткізіп, қарахандықтармен шектесті. Олардың арасындағы шекара - Балқаш
көлі және Алакөл ойпаты болды. XII ғ. қыпшақ тайпалары Алтайда, Ертістің
жоғарғы жағында наймандармен, қаңлылармен, керейттермен шектесті,
солтүстікте қырғыздар және хакастармен көрші болды. Қыпшақ
тайпаларының басында қаған, одан төмен қарай хан, тархан, басқақ, бек,
байлар түрды. Қып-шақ қоғамы әлеуметтік және сословиелік жағынан тең
болған жоқ. Негізгі теңсіздік малға деген жеке меншік еді. Жылқы басты
байлық болып саналды. Қыпшақтар елінде көптеген бай адамдары бірнеше
мың жылқы үстаған. Олар-дың кейбіреулері он мың және одан да кеп үйірлі
жылқыны иеленген. Төменгі тапқа малы аз шаруалар, кедейлер жатса, ал
қолға түскен тұтқындар қүл ретінде пайдаланыл-ды.
Қыпшақ тайпаларының көшіп-қону аймағы кейде мыңнан астам шақырым
жерді қамтыған. Негізгі жайылым-дардың орны мен көшу жолдары және осы
бағыттағы жи-нақталған сан ғасырлык тәжірбие ұрпақтан-үрпаққа көшіп
отырды. Көшу жолдары мен жайылымдарды бөлу қоғамның қалыпты
тіршілігін қамтамасыз еткен жайылымдық-көшпелі жүйенің негізгі шарты
болды. Мал ұрлау қатаң жазаланды. Жеке меншіктегі малға рулық-тайпалық
белгі-лер салынды. Малынан айырылған, немесе көшу мүмкіндігін
жоғалтқан қыпшақ кедей шаруалары отырықшы түрғындар-жатақтар
қатарына көшті. Бірақ олар жеткілікті мөлшерде мал жинап алысымен,
қайтадан көшпелі шаруашылыққа ауысып отырды.
Наймандар, Керейлер, Жалайырлар.
Қазақстан жеріндегі ертеден келе жатқан - Найман, Керейт, Жалайыр
ру-тайпалары. Найман тайпалар одағы/түрікше "сегіз тайпа одағығы VIII
ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында пайда
болып, Ханғ-айдан Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып жатты.
Наймандар мен керейлер XII ғасырда іс жүргізуде үйғыр жазуын
пайдаланған. Ханның "алтын мөрі" болып, онымен кажетті қүжаттарды
куәлан-дырып отырған. Шыңғысханның жаулап алу жорықтарына дейін
наймандар Орталық Азия жеріндегі өте күшті үлыс-тардың бірі болған.
Шыңғысханның әкесі Ясукай батырдың тұсында найман елін Иналых Білгі
Бүқа хан билеген. "Иналых" - сенімді, "білгі" - білімді, кеменгер, "бұқа" -
үлық, мықты деген сөз. Бұқа ханды тек ез үлысы емес, өзге үлыстар да қадыр
түтып қүрметтеген. Білгі Бүқа хан өлгеннен кейін, оның екі баласы: Таян
(Байбұқа) хан мен Бұйрық хан арасында тақ таласы басталып, найман
үлысын екіге бөлген.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1.
Орта ғасырлардағы қазақ қоғамында қолөнер мен сауда дамуының
ерекшеліктері қандай?
2.
Мал шаруашылығы үстумдік еткен қоғамдағы егіншілік түрлері қалай
дамығын?
3.
Отырықшы халықтардың экономикалық дамуға қосқан үлесі қандай?
Қазақ хандығы тарихының мәселелері
1. Қазақ хандығы сыртқы саясатының негізгі бағыттары
2. Оның жүзеге асу жолдары
1.
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде XIV-XV
ғасырларда орын алған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси
процестерден туған заңды қоғамдық құбы-лыс. Өндіргіш күштердің дамуы,
көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық
топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен
Моғолстан арасындағы тартыстың ершуі, әлеуметтік қай-шылықтардың үдеуі
XV ғасырдың екінші жартысында бүл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына
апарып соқтырды.
Дешті Қыпшақ жеріндегі көшпелі еңбекшілер бүқарасы феодалдық
қанаудың күшеюіне, соғыстар мен тартыстардың өршуіне, хандар мен
феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударумен жауап берді.
Сөйтіп, XV ғасырдың 50-70 жылдары арасында Әбілхайыр хандығынан
Жетісу-дың Шу мен Талас өзендерінің жазығына 200 мыңдай адам көшіп
келді. Бүл кезде Жетісуды билеп отырған Моғол-стан ханы Есенбүғы
(1434-1462) казақтардың мүнда қоныс аударуына қарсы болмады. Өйткені
оның да өз есебі бар еді. Есенбүғы қазақ ру-тайпаларын өзінің ішкі және
сыр-тқы саясатында, атап айтқанда, Әбілхайыр хандығына және Шығыстан
күшейіп келе жатқан ойраттар шапқыншылығына қарсы күресте, сондай-ақ
хандықтың өз ішіндегі феодалдық алауыздықпен талас-тартысты тоқтату
үшін пайдалануды көздеді. Ал қазақтардың Жетісу жеріне қоныс ауда-
руының басты бір себебі, Әбілхайырдың қол астында қанаушылықтың
күшеюі болса, екінші бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей
мен Жәнібек сүлтандардың жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының
дербес мемлекетін қүру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын
қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өзінің ықпалын тигізді.
Олардың халық қолдаған дербес мемлекет қүру саясатының нәтижесінде
Жетісудағы рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталығына
айналды. Бүл арада түңғыш казақ хандығын құруға Керей мен Жәнібек
сүлтандардың сіңірген еңбегін көрсете отырып, олардың саясатты кәсіп деп
түсінген,
жасынан
қоғамдық-әлеуметтік
өмірдің
бағыт-бағдарын
ойластырып, халық, ел тағдырына байланысты шешім қабылдап үйренген
хандар-Дың отбасында өскен адамдар екенін айта кеткен жөн. Жәнібек
қазақ хандығының түңғыш шанырағын көтерген Барақ ханның үлы, ал
Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың
дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің
жалғ-астыруы, әрине, табиғи құбылыс.
Бұл кезде жаңадан кұрылған Қазақ хандығының алдын-да тарихи үш
үлкен міндеттурщл. Біріншіден, жаңа қоныс-танған аймақта бұрыннан
Дешті-Қыпшақ даласында қалып-тасқан дағдылы мал жайылымдарын
қалпына келтіру. Екіншіден, "¥лы Жібек жолы" бойында орналасқан ірі
қолө-нер-сауда орталықтары - Сығнақ, Созақ, Сауран, Отырар, Ясы
(Түркістан) және т.б. қалаларды қазақ хандығына қара-ту. Үшіншіден,
бытырап жүрген қазақ ру-тайпаларын бір орталыққа біріктіріп, қазақтың
этникалық территориясын қалыптастыру.
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды /1458-1473 жж./. Одан
кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайлан-ды /1473-1480 жж./. Бүлардың
түсында Жетісудың қазақ рулары мен тайпалары 1462 жылы Моғолстан
ханы Есен-бүғы өлгеннен кейін, ондағы феодалдық тартыстардың күшеюіне
байланысты, езара ынтымақтықты нығайта түсуге күш қосты. Әбілхайыр
хандығы мен Моғолстан жерінен бірқатар рулардың ауа көшіп, Жәнібек
пен Керейдің кол астына келуі Қазақ хандығын бүрынғыдан да күшейтті.
Бүлар жаңадан қүрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның
беделі мен әскери саяси күш-қуатын арт-тыра түсті. Едәуір әскери күш
жинаған және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы
әулетінен шық-қан сүлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолын-у
дағы күресіне қосылды. Бүл күрес 1468 жылы ӘбілхайырІ өлгеннен кейін
қайтадан өршіді. Оның елінде қиян-кескі қырқыс басталып, халық ыдырай
бастады. Мүны қазақ хані дары Керей мен Жәнібек тиімді пайдаланды.
Олар бүдан 12 жыл бүрын өздері көшіп кеткен ата қонысы Дешті Қып-
шаққа қайта оралды. Сөйтіп, Әбілхайыр ханның мүрагер-леріне қарсы күрес
жүргізді. Бүл күрестің барысында Әбіл-қайыр ханның орнына отырған
мүрагер баласы Шайх Хай-дар өлтірілді. Әбілхайыр ханның немерелері
Мүхаммед Шайбани мен Махмүд сүлтан Астраханға барып паналады.
Күресте жеңіске жеткен Қазақ хандары 40 жыл Әбілхайыр билеген Дешті
Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тай-паларды езіне қосып алды. Қазақ
хандығының жері едәуір кеңейді.
Керей мен Жәнібек, олардан кейін Бүрындық Шығыс пен Батыс
арасындағы сауда жолының үстіне орнаған Сыр-дария жағасындағы Сығнақ,
Созақ, Отырар, Ясы (Түркістан) т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату үшін
бітіспес күрес жүргізді. Сырдария бойындағы қалалар үшін соғыс
Әбілхайырдың немересі Мүхаммед Шайбани ханмен отыз жылдан астам
уақытқа созылды. Өйткені Мүхаммед Шай-бани Астрахань қоршауынан
кашып шығып, Түркістан ай-мағына келді. Мүнда ол өзінің билігін жүргізіп
отырған Әмір Темір түқымынан шыққан Мүхаммед Мәзит тархан-ды
паналады. Ол Қазақ хандығына қарсы Мүхаммед Шай-баниды айдап салу
мақсатын көздеді. Бірақ бүдан ештеме шықпады. 1470 жылы қыста қазақ
ханы Керей әскерлерімен Түркістанға шабуыл жасады. Ал Жәнібектің үлкен
баласы Махмүд сүлтан Созақ қаласын бағындырды, екінші баласы Еренжі
Сауранды иемденді. Сауран түбінде соққы жеген Мүхаммед Шайбани
Бүхараға қашты.
1472 жылы Мүхаммед Шайбани Түркістанға қайта ора-лып, Ноғай
Ордасының әмірі Мүса мырзаның көмегімен Аркок бекінісі мен Сығнақ
қаласын басып алды. Бүл уақыт-ша жеңіс еді. Бүрындық сүлтан мен Махмүд
сүлтан бастаған қазақтың біріккен жасақтары Қаратаудағы Соғүнлық
асуында Мүхаммед Шайбанидің әскерлерін талқандады. Бүрындық сүлтан
Сығнақ қаласын қайтарып алды. Бүл соғыста күйрей жеңілген Мүхаммед
Шайбани Маңғыстауға қашты. Сырдария жағасындағы калалар қайтадан
Қазақ хан-дығына өтті.
Бұл кезде Қазак хандығына Мүхаммед Шайбанимен қатар Моғолстан ханы
Жүніс және Орта Азия жерінде билік етіп түрған Әмір Темір әулетімен де
күрес жүргізуге тура келді. Өйткені бүларда Сырдария жағасындағы
маңызды сауда орталықтарын ездеріне қаратып алуды көздеді. 1482-1485 жж.
Моғолстан ханы Жүніс әскерлерімен Ташкент пен Сайрам қалаларын басып
алды. Ал XVI ғ. басында Моғолстан билеушісі Жүністің баласы Сүлтан
Махмүд хан Отырар қаласын басып алып, оны Мүхаммед Шайбаниға берді.
Моғолстан ханының қолдауына сүйеніп және Оты-Рарға ие болған
Мүхаммед Шайбани тағы да Сауран мен Ясы (Түркістан) қалаларына
шабуыл жасап, басып алды.
Достарыңызбен бөлісу: |