Қортынды
Философия пәні, оның мақсаты— қазіргі логиканың идеяларын, әдістері мен апаратарын
ғылыми тануға қолдану . Ғылыми таным логикасы— ғылыми теориалардың олардың
компонентерін: анықтамалардың, топтастырулардың, ұғымдардың, заңдардың логикалық
құрлымын зерттейді, осы компоненттер арасындағы логикалық байланытарды анықтайды,
теориалардың қайшылықсыздығы мен толықтығы туралы ғылыми болжамдардың
қалыптасуы, оларды тексерудің әдістері туралы мәселені қарастырады. Ғылым танымның
қорыту, түсіндіру, абстракция , идеалдандыру сияқты әдістерінің логикалық
аспектілеріне талдау жасайды.
Бұрыннан белгілі проблемаларда басқа жаңадан пайда болған ғылыми білімдерге кӛңіл
бӛледі, оның қалыптасу процестерңн қарастырады. Ғылымның теориялық сатысының
белгілі мӛлшерде тәжірибеден тәуеліз, жеке, дербес екендігін мойындап, жаңа ғылыми
білім алуда, тәжірибе арқылы дәлелдеуге мүмкіндігі болмайтын дүниеге кӛзқарастың,
методологиялық принциптердің бар екендігін мойындайды. Бірақ ғылымның даму
заңдылығын оның функцияларын дұрыс түсіндіре білетін тек ғана диалектикалық
кӛзқарас.
Қазіргі кезеңде ғылыми техникалық революцияның дамуы, ғылымның элементтік
функциясының кеңеюі, ғылымдағы терең, түпкілікті ӛзгерістер және олардың адамның,
қоғамның, басқа істермен, мәдениеттің әртүрлі формалырымен байланысы ғылым
философиясы алдына кӛптеген мәселеерді қойып отыр. Сондықтан да ғылым
философиясы логикалық –гнесиологиялық мәселелерді зерттеумен қатар , ғылымның
әлеуметтік философиялық және этикалық мәселелеріне қарауы қажет. Сонымен қатар
ғылым туралы ғылым, ғылымның социологиясы, ғылым психологиясы, ғылым логикасы,
жартылай мотодология сияқты білім туралы философияның шеңберінен шығып, ӛздеріне
тән әдістер арқылы зерттелді. Бірақ бұл білім тарауларының философиямен байланысы
үзілмейді, қайта тереңдей түсті.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Қ.Ш. Мұхамеджан. Философия. Семинар сабақтарға және ӛзіндік жұмысқа
әдістемелік нұсқау. Алматы АЭЖБИ 2007
2.
Философия науки: учебное пособие А.И Липкна — Москва: Эксмо 2007—608c
3.
Философия : Жоғарғы оқу орынарындары студенттеріне арналған оқулық//
құрастырған Т. Ғабитов аударған Б. Сатершинов –Алматы: Қаржы-Қаражат ,
20002—352 бет .
4.
Философиялық сӛздік. —/ Редокл:Р.Н. Нұрғалиев, Ғ.Ғ. Ақмамбетов ж.б. –Алматы,
1996-480б.
5.
Поппер К. Логика и рост научного знания. Москва—1981—468стр
6.
Байсенов Қ.Ш. Философия тарихы: Оқулық.-Шымкнет, 2005—452б
Тақырып №3 Философияның зерттеу объектісі мен әдісі
Философияның Дүниеге деген ерекше кӛзқарастық мэнін ашқаннан кейін, мәселені нақтылай түсіп, келесі
сатыда оның пәнін анықтауымыз керек.
Бүл мәселе бір қарағанда оңай сияқты болғанымен, бірақ жаратылыстану мен жеке гуманитарлық білім
салаларының тез дамуы, жыл сайын жаңа ғылым түрлерінің пайда болуы философия пәнінің ӛрісін тарылтып,
тіпті оны керек қылмай қалуы мүмкін,- деген пікірді туғызуы ғажап емес. Ағылшын драматургы
У.Шекспирдің «Король Лир» кейіпкері ӛзінің барлық байлығын үш қызына бӛліп беріп, ӛмірінің соңында
қ
айыршы болып қалғанындай, философия шеңберінен бӛлініп кеткен жеке ғылымдар оны ӛз пәнінсіз
қ
алдырмас па екен деген сұрақты неміс философы В.Виндельбанд қойған болатын. Ал француз философы
О.Конт философия ӛз дамуында үш сатыдан ӛтетінін айтады. Олар — Теологиялық (Іһеоз — грек сӛзі, Қүдай),
метафизикалық (теіа рһізіка
- грек сӛзі, табиғаттан кейін, болмыстың алғашқы құдіретті бастамалары жӛніндегі ілім) және позитивтік.
Соңғы сатысында философия тек қана жалпы ғьлым жэне таным методтары (теіһоб — грек сӛзі, әдіс)
жӛніндегі пәнге айналмақ, қалған мәселелердің бәрі жеке ғылымдардың үлесіне кете бермек.
Философия пәніне деген мұндай кӛзқарасты сынға алу үшін, біз бұл ғылымның шығу тарихына кӛз жіберуіміз
керек. Онда біз тарихи ӛндіргіш күштердің дамуы, ой еңбегінің дене еңбегінен бӛлінудің негізінде алғашқы
ғ
ылыми түсініктердің пайда болып (жер ӛңдеу, оған су әкелу, геометриялық, математикалық түсінік терді, мал
бағу, кӛшіп-қону, жұлдыздар мен планеталарға, айға қарап, олардың қозғалуы, жерге тигізетін әсерлері
жӛніндегі білімдердің негізінің пайда болуына әкелді), мифологиялық және діни кӛзқарастың бірте-бірте
алшақтап, Дүниеге деген ақыл-ойға негізделген білімді тудырғанын атап ӛтуіміз керек. Негізінен алғанда, бұл
алгашқы ӛмірге келген білімнің синкретикалық табиғатын атап кӛрсеткен жӛн: ол элі философия, ия болмаса
физика, психология т.с.с. емес, оның ішінде барлық болашақ Дүниеге келген ғылымдардың ұрығы болса
‘керек.
Кӛне грек топырағында бұл алғашқы білімге философия деген атақ беріліп, ол, шынында, сол кездегі барлық
дүние зерттеудегі пайда болған ғылымның алғашқы деректері мен тұжырым- дамаларын ӛз бойына сіңірді.
Сонымен қатар философияның ӛз табиғатына тән сұрақтары да пайда бола бастайды. Олар: Дүниенің
негізінде не жатыр? Адам — ол кім? Ақиқат, Ізгілік, Әсемдік дегеніміз не? х.с.с. сұрақтар. Бұл Дүние жӛніндегі
шегіне жеткен ең жалпы сұрақтар пайда болып, ӛзінің мазмұнын ғасырлар ӛткен сайын тереңдете түсті. Кӛне
заманның ұлы ойшысы Аристотель бүкіл философияны үлкен үш бӛлікке бӛлді: ол теоретикалық философия
(ой ӛрісінен шығады), практикалық (адамның ӛмірдегі жүріс-тұрысы мен іс-әрекетін зерттейді) және
кӛркемӛнерлік (шығармашьшықгы зерттейді).
Аристотель ӛз заманының гұлама ғалымы ретінде ғылымның жеке мәселелерімен де айналысты, мысалы
жануарлардың дене құрылысы, я болмаса, риторика т.с.с. (гһеіогіке — грек сӛзі, әсем сӛйлеу ӛнері). Бірақ бұл
ғ
ылым салаларын ол кісі философиядан бӛлек ажыратып қараган жоқ.
Орта ғасырларда дінге, діни сезімге басым орын берілгенімен, философия пәні жӛніндегі Кӛне Замандағы
қ
алыптасқан кӛзқарас сол күйінде қала берді.
Ал
айда бұл жағдай дүниеге Жаңа дәуір келе ӛзгере бастайды.
Біріншіден, философиялық ой-ӛрістің діннен бас дербестік алуы; екіншіден, капиталистік қарым-
қ
атынастардың дамуының арқасында ӛндіргіш күштердің жаратылыстану ғылымдарын жандантып, олардың
дербес сала ретінде қалыптасуына әкелуі. Әсіресе, бүл үрдістер ХУ-ХУІІ ғасырларда белсенді жүріп жатты.
Механика, астрономия, математика ғылым салалары ӛздерінің пәндік дэрежесіне кӛтерілді. XVIII ғасырда
химия ӛзінше дербес ғылымға айналды. XIX ғ. биологиямен бірге антропология дербес ғьшым ретінде
қ
алыптаса бастады (сонымен қатар қоғамдық- экономикалық пәндер). XX ғасырда философияға ӛте жақын
ғ
ылым салалары — психология, этика, эстетика, саясаттану, әлеуметтану пәндері дербес ғылым саласына
айналды. Ал XX ғасырдың екінші жартысында ҒТР күрт дамуы жеке ғылымдардың ӛзінің кӛпсалалы пәндерге
айналуына, сонымен қатар, екі саланың қиылысқан жерінен пайда болған биофизика, астрофизика, биохимия
сияқты жаңа ғылым салалары дүниеге келді.
Сонымен ғылымның қалыптасып, сала-салаға бӛлінуі (дифференциация) бірте-бірте ғылыми сапалардың
түйіскен жерлерінен жаңа пәндердің пайда болуына әкелді (интеграция).
Ғ
ылым саласындағы Жаңа дәуірдегі және ең жаңа XXI ғ. мұндай шытырман күрделі ӛзгерістер философия
пәніне ӛзінің қандай ықпалын тигізді? Расында да, философия жеке ғылымдардың ӛзінше дербес пәнге
айналуымен «жалаңаш корольге» ұқсас болып қалған жоқ па деген сауалдар оқырманның ойына келуі
мүмкін.
Мүндай сауалдарға біз үзілді-кесілді: «Жоқ», дер едік. Ӛйткені жеке ғылымдар саласы қалыптаса
бастасыменақ, философия да бірте-бірте ӛз шынайы мәселелеріне тереңірек қарап, оның ӛз- ӛзін табуын
жеңілдетті.
Тарихи философияның ғасырлар бойы «натурфилософиялық мәселелермен» айналысу себебі жеке
ғ
ьлымдардың дербес пән ретінде ӛмір сүре алмауы; сондықтан философия жаратьшыстану мен элеуметтік
ғ
ылыми деректерді бойына жинап, соларды сараптап, ӛз ішінде бірте-бірте дамытуға мэжбүр болды.
Философия ӛзіне тән, шегіне жеткен ең жалпы мәселелерді ешқашанда сыртқа қалдырған жоқ. Сонымен жеке
ғ
ылымдардың қалыптасу жолында, философия да ӛзін ауырлататын натурфилософиялық мәселелерден
қү
тьшып, ӛз-ӛзіне бірте-бірте келе бастады (паіига — табиғат, философиялық ой-ӛрістегі табиғат жӛніндегі
тұжырымдар).
Қ
орыта келе, мына пікірді айтуға болады. Философия ӛзінің тарихи бастауынан бастап, осы заманға дейін —
2,5 мың жылдық шеңберінде ӛзінің пәнін, айналысатын мәселелерін ӛзгерткен жоқ. Жеке ғылымдардың
қ
алыптасуы философияның ӛрісін тарылтқан жоқ және тарылта алмайды да, ӛйткені ешбір жеке ғылым
дүниенің ең жалпы байланыстары мен қатынастарын зерттемейді. Керісінше, философия ӛз пэнін ғылыми
деректер ӛскен сайын дамытып, ӛз ӛрісін кеңейтіп жэне тереңдеу үстінде.
Философия пәнінің қайнар кӛзі жеке адам, я болмаса әлеуметтік топ, қоғамның Дүние мен адам және олардың
ара- қатынасы жӛніндегі жалпы мағлүматты қажет етуінде. Басқаша айтқанда, һото заріепз (саналы адам)
Дүниені біртүгас ретінде жэне сол дүниедегі ӛзінің кім екені, ондағы алатын орны жӛніндегі ойлар мен сезім
тебіреністерін тудырады.
Философияның пәні Дүние мен адам арасындағы жүйедегі шегіне жеткен жалпы байланыстар мен
қ
атынастар жиынтығын қүрайды. Бүл ең жалпы жақындағанда ғана. Бұл қатынастар мен байланыстарды әрі
қ
арай сараптап тереңдетсек, онда оның кӛп- қырлылығын кӛреміз.
Ең бірінші философия пәнінің метафизикалық онтологиялық қырсырын атап ӛтуіміз керек (опіоз — грек
сөзі, барлық, болу; 1о§оз — ілім, болмыс жөніндегі ілім). Оған мынандай сұрақтарды жатқызуға болар
еді. Дүниенің негізінде не жатыр? Ол шектелген бе, я болмаса шексіз бе? Мэңгілік, я уақытша ма? Дүниенің
ӛ
мір сүруінің ішкі мақсат-мүраты бар ма, ол не үшін жаратылған? Адамзат не үшін жаратылды? Адам
болмысының мәні неде? Қоғам болмысын анықтайтын заңдар бар ма? т.с.с.
Философия пәнінің екінші үлкен мәселелері — ол оның гносеологиялық жақтары (§позіз — грек сӛзі, тану,
білу). Оған мынандай сүрақтарды жатқызуға болар еді. Біз кімбіз және Дүниедегі алатын орнымыз қандай?
Адамның ақыл-ойы мен зердесінің табиғаты неде және ол Дүниенің ішкі сырын аша ала ма? Ақиқат, шындық
дегеніміз не? Сезімдік пен ақыл-ойдың ара- қатынасы қандай? т.с.с.
Философия пэнінің ажырамас мәселелерінің бірі ол оның аксиологиялық, яғни қүндылық жақгары, құндылық
ә
лемін сараптау. Адам ӛмірі мән мағынасының даму бағытын анықтауда философияның алатын орны мен
қ
ызметі ерекше. Осы тұрғыдан алғанда, философияда мына сүрақгар бар: шындық, әсемдік, ізгілік дегеніміз
не? Адам ӛміріндегі еріктік, әділетгілік, теңдік, жақсьшық, ӛлшем, парасаттылық, құндьшықтар қандай орын
алады? т.с.с.
Философия пәнінің келесі жағы ол оның праксеологиялық, Ааігматикалык мэселелері (ргакіісоз — грек
сөзі, белсенді, іс- аірікетшіл; рга§таІоз — грек сөзі, іс-қимыл). Ӛйткені адам Дүниенін барысында тек
қ
ана оны ой-ӛрісімен қамтып қана қоймай, ӛз фврекеттерімен түйістіріп, Дүниеде бұрын-соңды болмаган
жаңа нарселерді, құбылыстарды тудырады. Кең түрде алғанда, философияның праксеологиялық мәселелеріне
бүкіл адамзат тарихындағы материалдық және рухани ӛндірістегі жетістіктері мен тәжірибесі, оларға
жеткізген санаулы адамдардың табиғатпен және ӛз- ӛздерімен байланыстары мен іс әрекеттерін жатқызуға
болады. Адам, әлеуметтік топ, я болмаса қоғамның дүниетанымы, дүниені түйсінуі мен оның іс-әрекет
белсенділігінің байланысы қандай? Адамның іс-әрекетіне түрткі болатын оның қажеттіліктерінің •р|биғаты
неде? Мақсатқа лайықты іс- әрекет деп нені айтамыз? Адамның іс-әрекетінде мақсат-мүрат пен соған
жеткізетін кұралдардың арақатынасы қандай? Адам ӛзінің іс-эрекетгерінен шіығатын Дүниеге тигізетін
барлық салдарды ескере ала ма? Дүниені адамзат қаншалықты ӛзгертуі керек және де сол ӛзгертуде қоғам мен
басқа тіршіліктің арақатынасы қандай болмақ? т.с.с. сүрақгар философияның праксеологиялық мэселелеріне
жатады.
Ең соңында біз философия пэнінің ең нәзік, күрделі, терең ой, телегей-теңіз сезімдер, рухани толғау
тудыратын жағын атап ӛтуіміз қажет. Ол Дүниені ӛзін-ӛзі танып білу дэрежесіне кӛтерген ең әсем күш адам.
Адам мәселесі эсіресе XX ғасырдағы ойшылдардың философиясында аса үлкен орын алды. Адам кім? Ол рух
па, я болмаса дене ме? Ол не үшін Дүниеге келді? Адамның басқа тіршіліктен айырмашылығы қандай? Адам
ӛ
мірінің мэн-мағынасы неде? Ол ешкімнен аттап ӛтіп, ӛлместікке жете ала ма? Адам ғарышта жалғыз ба, я
болмаса басқа рухани пенделердің біреуі ғана ма? т.с.с. сүрақтар философия пәнінің антропологиялық жағын
кӛрсетеді.
Орта ғасырдың ғұлама ойшысы А.Августин айтқандай, «адамның ӛзі Дүниедегі орасан түңғиық, оның сезім
толқыны мен жүрек тебіренісін есептеу адамның басындағы шашты есептеуден де қиын». Адамды микрокосм
(кіші ғарыш) ретінде макрокосмға (үлкен ғарыш) теңеген ертедегі грек ойшылдарының ойында үлкен сыр
жатса керек.
Ә
рине, философия пэнінің жоғарыда кӛрсетілген жақгары бір-бірімен ӛте тығыз байланысты болып, белгілі
біртүтас жүйені Қүрайды. Сонда ғана біз күрделі адам мен дүние арасындағы ең жалпы қарым-қатынастарды
толыққанды суреттей аламыз.
Алайда әрбір адамның философияны оқып-білудегі, әсіресе оны зерттеудегі ерекше бір салаға деген
қ
ызығушьшығы болуы мүмкін. Әлбетге, солай болады да. Мысалы, жаратылыстану ғылым- дарының ӛкілдері
кӛбінесе болмыс философиясына (онтология), тэрбие мәселелерімен айналысатындар адам және құндылық
философиясына (философиялық антропология мен аксиология), логика жэне математика салаларының
ӛ
кілдері таным филосо- фиясына (гносеология), ӛндіріске жақын әртүрлі техникалық мамандар иесі іс-қимыл
философиясына (праксиологиялық фило- софия) ерекше кӛңіл бӛлуі мүмкін. Ӛйткені атап ӛткен философия
салалары олардың мамандығына, білім ерекшелігіне сай келеді. Бірақ, мұның ӛзі философияның басқа
салаларын да ешқашанда естен шығармай, эрқашанда олардың ӛзара бір-бірімен байланысын мен
біртұтастығын ескеріп отыруды талап етеді. Сонда ғана біз философиялық ой-ӛрістің шеңберінде боламыз.
Егерде біз филосо- фияның белгілі бір саласын толығынан бӛліп алып қарасақ, онда ол бірте-бірте жеке
ғ
ылымдар саласына қарай жылжып, ӛзінің филосо- фиялық қасиетгерінен айырылып, жеке ғылымдар
саласымен сіңісіп кетуі мүмкін. Философия ӛз-ӛзін сақгап қалуы үшін, «Адам мен Дүниенің» шегіне жеткен ец
жалпы қарым-қатынастарыныц шецберінде әрқашанда болуы керек. Бұл философияның ерек- шелігі оның
негізгі мәселесін шешу арқьшы анықгалады.
Тақырып №4 Адамның шығу тегі мен өмірінің мәні
Адамның шығу тегі
Адамның жануарлар, әсіресе сүтқоректілермен құрылысының ортақ жобасы және
ұ
йымдасуының кӛптеген белгілерінің ұқсастығы кӛп уақыттан бері адамдардың
назарын аударып келеді. Адамның табиғаттағы орнын түсінуге, оның басқа
организедермен ұқсастығын, ӛзгешелігін, адам типіндегі алуан түрлі белгілерінің
болу себептерін түсіндіруге кӛп елдердің адамдары кӛне заманнан-ақ, мүмкін
жалпы ғылыми білім пайда болға кезден бастап әрекет жасаған болар.
Адамның шығу тегі туралы алғашқы эволюциялық кӛзқарастар кӛне заман
ойшылдарының еңбектерінде кездеседі. XVIII-ғасырда К.Линней адамды лемур
және маймылмен бірге приматтар отрядына жатқызады. Ламарк адам ағаштарға
ӛ
рмелеуден жер бетімен жүруге кӛшкен маймыл тәрізді ата-тектерден шықты деп
жорамалдайды.
Адам тарихын түсінудегі ірі оқиға Ч.Дарвиннің "Адамның шығу тегі мен
жыныстық сұрыпталу" атта еңбегі болды. Ұлы ағылшын ғалымының бұл еңбегі
"Түрлердің шығу тегі" атты туындысы сияқты адамның Құдай жаратылысының
ӛ
німі ретінде қарастыратын кӛзқарасқа қатты соққы болды. Ал Адамның
ә
леуметтік тұлға ретінде қалыптасуының заңдылықтарын одан кейінгі уақытта
тарихи материализмнің негізін қалаушылар ашты.
Адамның шығу тегі мен эволюциясын, оның жануар ата-тектерінің тіршілігі
қ
андай биологиялық заңдылықтарға тәуелді болғанын, биологиялық
заңдылықтардан әлеуметтік заңдылықтарға кӛшу процесін зерттеумен
жаратылыстанудың саласы – антропология (грек тілінен anthropos – адам) –
айналысады. Ең алдымен адамның жануарлар дүниесінде алатын орнын
қ
арастырайық.
2.Адамның жануарлар әлемі жүйесіндегі орны.
Адамның эмбриональдық дамуы кезінде Хордалылар типінің барлық ӛкілдеріне
тән белгілерді кӛруге болады. Олар: хорда, ұрықтың арқа жағындағы жүйке түтігі,
тамағындағы желбезек саңылаулары. Омыртқа жотасының дамуы, аяқ-
қ
олдарының екі жұбы болуы, жүректің дененің құрсақ бӛлігінде орналасуы адамды
омыртқалылар тип тармағына жатқызуға мүмкіндік берді. Тӛрт камералы жүрек,
күшті дамыған ми қыртысы, жылықандылық, сүт бездері, дененің беткі жағындағы
түктер, тістердің үш түрі (азу тіс, ит тіс, күрек тіс) адамның сүтқоректілер класына
жататындығын кӛрсетеді.
Ұ
рықтың ана денесінде дамуы және оның қағанақ арқылы қоректенуі, қағанақты
жануарлар класс тармағына тән. Ұстағыш типті қол-аяқтары (бірінші бармақ
қ
алғандарына бұрыш жасап орналасқан), аяқтарындағы тырнақтар, сүт бездер
емшектерінің бір жұбы, жақсы дамыған бұғана сүйектері, онтогенез процесінде сүт
тістердің тұрақты тістермен алмасуы, әдетте бір ғана тӛлдің (баланың) туылуы
адамның Приматтар отрядтарындағы орнын анықтайды.
Аталған белгілерге қарағанда адамның ерекше жеке белгілері – омыртқа
жотасындағы құйрық бӛлімінің редукциясы, аппендикстің болуы, ми
сыңарларында иірімдердің кӛп болуы, қанның негізгі тӛрт тобы (А,В,О, АВ),
мимикалық бұлшық еттердің дамуы және т.б. бірқатар белгілер – адамды адам
тәрізді маймылдар отряд тармағына жатқызуға мүмкіндік береді. Адамның
жануарлардан шығуы бірқатар қасиеттердің болуымен дәлелденеді, олар адам
омыртқалалардың ұзақ эволюциялық нәтижесі екендігін кӛрсетеді. Адам
ұ
рығында эмбриональдық даму кезеңіндегі екі камералы жүрек, желбезек
доғаларының алты жұбы, құйрық артериясы – балық тәрізді ата-тектерінің
белгілері дамиды. Қосмекенділерден адам саусақтар арасындағы жүзу
жарғақтарын алды, бұл жарғақтар оның ұрығында ғана болады.
Жаңа туылған нәрестелер мен бес жасқа дейінгі балалардың жылу реттелуінің
ә
лсіз болуы адамның дене температурасы тұрақсыз жануарлардан шыққандығын
кӛрсетеді. Ұрықтың бас миы мезозой эрасының тӛменгі сатыдағы
сүтқоректілердікі сияқты тегіс, оның иірімдері болмайды.
Алты апталық ұрықта сүт бездерінің бірнеше жұптары болады. Сонымен қатар
омыртқа жотасының құйрық бӛлімі дамиды, бұл бӛлім одан кейінгі уақытта
редукцияланып құйымшаққа айналады. Сонымен құрылысының және
эмбриональдық дамуының негізгі белгілері Саналы адам түрінің Сүтқоректілер
класында, Приматтар отрядтарында, адам тәрізді маймылдар отряд
тармағындағы алатын орнын нақты анықтайды. Сонымен бірге адам тек ӛзіне ғана
тән ерекшшеліктерге ие: тік жүру, тӛменгі аяқ-қолдар (аяқтар)бұлшық еттерінің
күшті жетілуі, бірінші бармағы мықты дамыған күмбез пішінді табан, қозғалмалы
қ
олдың басы, тӛрт жерден иілген омыртқа жотасы, жамбастың горизонтал
жазықтыққа 60оС бұрыш жасап орналасуы, ӛте үлкен кӛлемді ми, ми сауытының
ірі болуы және бет сүйектерінің кішілеу болуы, бинокулярлы кӛз, ӛсімталдық
(ұрпақ бергіштік) қасиеттерінің шектеулі болуы, 180оС-қа дейін қозғалысты
жасауға мүмкіндік беретін иық буынын және т.б. Адам құрылысы мен
физиологиясының бұл ерекшеліктері – оның жануар ата-тектерінің эволюциялық
нәтижесі.
3.Приматтар эволюциясы. Қағанақты сүтқоректілер мезозой эрасының ең соңында
пайда болды. Қарапайым насеком қоректі сүтқоректілерден кайназой эрасында
приматтар отряды бӛлініп шықты. Палеоген дәуірінің ормандарында лемурлар
мен ұзын ӛкшелілер – құйрықтары бар кішкене жануарлар мекендеген. Жуық
шамамен 30 млн жыл бұрын ағаштың үстінде тіршілік етіп, ӛсімдіктер мен
насекомдармен қоректенген кішкене жануарлар пайда болған. Олардың жақ
сүйектері мен тістері адам тәрізді маймылдардікіндей болды. Олардан гиббондар,
орангутандар және одан кейінгі уақытта жойылып кеткен ағаш маймылдары –
дриопитектер тарады. Дриопитектер үш тармақ береді, олар шимпанзенің,
горилланың және адамның пайда болуына алып келді.
Адамның ағаш үстінде тіршілік ететін маймылдардан шығуы, оның құрылысының
ерекшеліктерін алдын ала анықтады, ал бұл ӛз ретінде оның еңбекке қабілеттігі
мен одан кейінгі әлеуметтік эволюциясының анатомиялық негізі болды. Ағаш
бұтақтарында мекендейтін, ұстайтын қолдары арқылы ӛрмелейтін және секіретін
жануарлар үшін мүшелердің тиісті құрылысы қажет: қол басының бірінші бармағы
қ
алғандарына қарсы етіп орналастырылған, 180оС-қа дейін қозғалыс жасауға
мүмкіндік беретін иық буынын дамиды. Кӛкірек қуысы кеңейеді және арқа қуысы
мен құрсақ бағытында жазықтанып дамыды. Атап ӛтетін жағдай құрлық
жануарларының кӛкірек қуысы бүйір жақтарынан жазықтанған, олардың аяқ-
қ
олдары тек алдыңғы және артқы бағытта қозғалады, ал жанына қарай ӛте аз
қ
озғалады. Бұғана сүйегі тек приматтар мен қолқанаттыларда (жарқанаттарда)
сақталған, бірақ тез жүгіретін құрлық жануарларында дамымайды.
Ағаштардың үстінде алуан түрлі бағыттарда ӛзгермелі жылдамдықпен, үнемі
қ
айталанып ара қашықтыққа қозғалу, секірердің алдында ӛзін-ӛзі жаңадан
бағдарлауы және жаңа нысанаға қарай қозғалуы бас миының қимыл бӛлімдерінің
ӛ
те жоғары дамуына алып келді. Сонымен қатар ағаш үстіндегі тіршілік
ӛ
сімталдықтың шектелуіне себепші болды. Ұрпақ санының азаюы, оларға деген
қ
амқорлықпен компенсацияланды, ал топтасып тіршілік ету жауларынан
қ
орғануды қамтамасыз етті.
Палеогеннің еікінші жартысында басталған тау түзілу процестеріне байланысты
климат салқындай бастады.
Тропикалық пен субтропикалық ормандар оңтүстікке қарай шегінді, кең-байтақ
ашық кеңістіктер пайда болды. Палеогеннің соңында Скандинавия тауларының
мұз айдындары сырғып, оңтүстікке қарай ішкерілеп ене бастады. Экваторға қарай
тропикалық ормандармен бірге шегінбей қалып қойған, жер бетінде тіршілік етуге
кӛшкен маймылдар ортаның қатаң жағдайларына бейімделуге, тіршілік үшін ауыр
күресті жүргізуге мәжбүр болды.
Жыртқыштар алдында қорғансыз, тез жүгіре алмайтын, сондықтан жемтігіне де
жете алмайтын және жануарларынан қашып құтыла алмайтын, дене жылуын
сақтауға кӛмектесетін жүні болмаған маймылдар тек үйір-үйір болып тіршілік етіп
және қозғалыстан босаған қолдарды тиімді пайдалану арқылы ғана тіршілігін
сақтай алды. Маймылдан адамға ӛтудегі шешуші қадам тік жүру болды. 10-12 млн
жыл бұрын мекендеген маймылдардың бір тобы адамға келіп тірелетін бір тармақ
берді.
Оңтүстік Африкадан табылған қазба қалдықтары дәлел болатын бұл жануарлар
австралопитектер деп аталды, олар топтасып тіршілік етеді, денелерінің салмағы
20-50кг, ал бойлары 120-150 см құрады. Олар денені тік ұстап, екі аяқпен жүрді.
Маймылдардікіне қарағанда олардың тістер жүйесі адамдыкіне кӛбірек ұқсады.
Ми салмағы 550 грамды құрады, қолдары жүруге қатыспай бос күйде болды.
Қ
орғану және қорегін табу үшін австралопитектер тастарды, жануарлар сүйектерін
пайдаланды, яғни жақсы қимыл координациясына ие болды.
Жуық шамамен 2-3 млн жыл бұрын австралопитектермен салыстырғанда
адамға жақынырақ тіршілік иелері ӛмір сүрді. Олардың ми салмағы 650грамға
дейін жетеді, құралдарды жасау мақсатында ұсақ жұмыр тасты ӛңдей алды. Бұл
адам тәрізді маймылдар Епті адам деген атауға ие болды. Австралопитектердің
эволюциясы тік жүрудің, еңбекке деген қабілеттіліктің прогрессивті дамуы мен бас
миының күшті жетілуі бағытында жүрді. Шамасы осы уақыттан бастап адамдар
отты пайдалана бастаған. Табиғи сұрыпталу тайпалық тіршіліктің дамуына
қ
олайлы белгілерді сақтады, бұл ӛз ретінде екі қолдың жетілуі мен орталық жүйке
жүйесінің дамуына әсер етті. Міне осындай ерекшеліктердің барлығы "маймыл-
адамдардың" тіршілік үшін күресте жеңіске жетуін қамтамасыз етті және 1,5-2 млн
жыл бұрын Африкада, Жерорта теңізінің аумағында, Оңтүстік Орталық және
Оңтүстік-шығыс Азияда кең таралуына алып келді. Еңбек етуге, аң аулауға және
қ
орғану мақсатында құралдарды пайдалану, топтасып тіршілік ету мидың одан әрі
дамуына және сӛздің пайда болуына септігін тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: |