Ватдпуды,, I! ҚАлижан бекхожин вибяйЗ?й



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата08.01.2017
өлшемі6,23 Mb.
#1394
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Р А З Ы М Ы Н

Осы  мен  кейіп  едім  кеше  неге? 

Жүрегім,  өкінішті  еселеме!

Әркімнің  қнлы-қня  соқпағы  бар, 

Разымын  әжімі  көп  пешенеме.

Албырт  кез,  алаңы  ж о қ   тәтті  думан 

Алаңсыз',  өкінішсіз  өтті  жылдам.

Не  пайда,  кешең  қалып  жүгіргенмен, 

Ж а я у д ай   жапан  дүзде  жоқты-қуған.

Сенім,  дос  ердім  саған,  сендім  саған, 

Қүлшындым  үміттерге  сен  жүмсаған. 

Сендім  мен  жырыма  да,  досыма  да. 

Ж а н   сенім,  дүннедей  кеңсің  маған!

Тағдырым,  десең  мейлі,  мін  өзімде, 

Мүлті  көп,  өкінем  бе  мінезіме?

43


Аязда,  аңызақта,  нөсер  ш ақта 

Сол  сенім  жетектеген  күн  кезіне.

РазыМын  әжімі  көп  пешенеме, 

Жүрегім,  екінішті  еселеме! 

Налнмын  езіме  тек  кінә  тағып, 

Өмірім  үмыт  соны,  кеш,  елеме!



К Е Л І Ң Д Е Р ,   К Е Ң   Д А Л А М А

•Келіңдер,  кең  д алам а,  достар  тағы, 

Ән-жырдың  халқымыздың  қостар  жаны. 

Ж а й ы л а р   алдарыңа  кең  қүшақпен, 

Даланы ң  дәнге  толы  дастарқаны.

Ағасың!


Алып  жүртсың  тау  мүсінді,

Үнің  бар,  екпіндеген дауыл-сынды. 

Ежелден  атам  қ а з а қ   естіп  есті,

Д а л а д а   сенің  д а р қан   дауысыңды.

Халқымның  сол  даусыңа  жаны  қүштар, 

Үнінде  —  еркіндік  бар,  қуаныш  бар. 

Пушкиннің лебізі  бар,

Дауысында  — 

Лениннің  қуаты  бар,  жалын  күш  бар.

Алғысын  айтып  қойшы  лебізіңе,

Егінші  жыр  тізеді  дән  ізіне.

Қосады  үндеріңді  қалың  қа за қ, 

Достықтың  толқындаған  теңізіне.

Осындай  достар  келген  игі  күнде, 

Өткеннің  шертілгендей  күйі  бірге.

44


Р азы   боп,  қол  соғып  тұр  Абай  аға, 

Сендерге,

Алатаудың  биігінде.

Ұқсайды  пейіліміз  таң  нұрына, 

Достығың  шұғыла  шашты  тағдырыма. 

Орыстың  жүрегінің  ырғақтары,

Соғады  менің  күре  тамырымда.

Ұлысың  —  талайыңа  сөз  егілген, 

Д арқансың,  мерейіңнің  өзені  кең. 

Ағады  аңқамы зға  сусын  жырың, 

Россия,  сенің  терең  өзегіңнен.

Ж ау ғанд ай  далам ы зға  жаңбыр  құтты, 

Дауысыңмен  жұрт  жүрегі  жаңғырықты. 

Кел  достар,

Таң  —  там аш а  ән  шырқалық, 

Кең  сарай,  пейіл  үшін  мәңгілікті.



АЙ  Т У РА Л Ы   ТОЛҒ АУ

Таң  болған  күллі  дүние  әлеміне,

Еркесі  жұлдыздың  да,  әуенің  де,

Тәңірі  арулықтың,  Ай  сұлуым,

Тагы  да  көрік  бердің  өлеңіме.

Ақындар  тебіренген  жер  бетінде, 

Табынған  бәрі  сенің  келбетіңе.

Менің  де  сонау  сәби  қиялымды, 

ИІақырдың  асианыңда  тербетуге,

Алтын  бас,  ая  көзім,  әйгөлегім, 

Дөңгелеп  тас  төбемде  жайнап  едің. 

Қ аңбақтай  қағып  сені  ұстаймын  деп, 

Сәулеңе  саусағыңды  ж айған  едім.

45


Қалықтап  ауылымның  төбесіне,

Әдейі  арбағалы   келесің  де,

Аспанның  теңізіне  сүңгіп  әрі,

Қетуші  ең  еліктіріп  елесіңе.

Солай  бір  үстатпайтыы  б ақ  туындай, 

Болар  ма  к«к  сэулесі  әккі  мұндай!

Қыр  көңілім  құлазнтын  сен  кеткенде, 

Қөлімнің  үркіп  ұшқан  аққуындай.

Уа,  Айым,  тұңғиықта  өрмеледің, 

Жеткізген  әлем  бар  ма  жер  сәлемін? 

Арманы  адамзатты ң  асқынса  да, 

Жүзіңнен  жылы  шырай  бермеп  едің.  •—

Ал  аспан,  серпіл  енді,  кул  масайра! 

Ж ұлды здар  жерге  табын,  биле,

жайна!

Дүпне  теңселе  бір  қалды  қарагі, 



Ж асары п  қайта  жаңа  туған  айға.

Қеремет  бір  сәуле  тұр  ай  бетінде,

Сол  сәуле  аспан  сырын  әйгі  етуге,  — 

Белгісі  айға  таққ ан   Отанымның, 

Қөрсетіп  қүдіретіи  де,  сәулетін  де.

Қиялдың,  армандардың  тұңғышындай, 

Жетті  айға  хабарымыз  жыл  құсындай 

Ай,  ж ұ м б ақ  аян  болды  енді  сырың, 

Ашылған  Арктикадан  мұзды  шыңдай!

Сен  әлем,  Отанымның  айғағына,

Ай  —  айна,  —  келбетіне,  айбарына. 

Қадама,  Қүн;  жалынды  кірпігіңді, 

Елімнің  еркесі  жүр  ай  маңында.

46


Уа,  Күнім,  Ай  мен  Ж ерді  егізі  —  де, 

Жетті  айға  адамзаттың  лебізі  —  де, 

Қмялдың  қайығымен  жүзейін  мен, 

Айымның  М осквалық  теңізінде.



Ж А С Ы Л   Б Е Л Д Е

Жасыл  бслде  желпіндіріп  келем  мен, 

Ж аңа  туған  ж ан  самалы  өлеңмен. 

(')лең  взі  жүрегіме  қүйылды,

Ж ұрт  даусынан  ж аңғы ртқан   сол

қиырды,


Өрнек  сызып,  сар  адырдың  жазығы 

Ж а ң а   ж ы рлар  тың  бетіне  жазылды. 

Ж о рғаласа  арқаның  жел-самалы 

Желкілдейді  жасыл  егін  сабағы. 

Қиялымда  ғажайып  жыр  көктеді,

Ііұл  жондарға  болушы  едім  өкпелі. 

Ж а п а н   дүздің  түндеріндей  кеңілсіз, 

Вұл  белдерден  көшкен  бұрын  ел  үнсіз. 

Адырларға  әжім  салған  кәрі  із 

к ө і і


Атам  менің  жортқан  екен  дән  іздеп, 

Көрдім  міне,  сол  іздердің  беттері, 

Аталардың  арманындай  көктеді.

Ту тебенің  ылдиыида, тесіпде, 

Толықсиды  тыңнан  туған  несібе.

Ж асы л  белді  желпіндіріп  келем  мен, 

Ж аң а  туған  ж ан  самалы  өлеңмен...



47

АЛ АТАУҒЛ

Тусам  да  теріскейде,  қыр  бетінде,

Тау  —  бесік  қиялымды  тербетуге.

Күн  сайын  ас-қарыңа,  Алатауым, 

Қараймын  ойларымды  өрлетуге.

Ж алғанны ң  жартысындай  алып  тұлғ^ң, 

Құз  басың  қарағанды  қызықтырған.

Күн  сүйген,  күміс  төбең  ақ  күмбездей, 

Аспанды  мұнарасы  сүзіп  тұрған.

Шығысқа  шұбата  сап  зор  жотаны, 

Қам алдай  қарлы   құзың  өр  ж атады. 

Құж -құж   тас,  құламалы  ш атқалдары ң 

Тасқындай  күркіретіп  су  атады.

Бауырына  бура  түсті  бүлттар  шөгіп, 

Кенет  бір  а қ   көбігін  кетер  төгіп.

Ақша  гүл,  алма  ағашы  —  тау   алқасын 

Қуанам  ж а с   баладай,  тұрсам  көріп.

Қуантқан  емес  мені  тастар  ғана, 

Атағың  шықты  сенің  аспанды  ала.

Өр  биік  ресиубликам  кеудесіндей, 

Алатау,  ая  болдың  астанама.

Ағылып  күнбатыстан,  күншығыетаи 

Ж а с   қ а з а қ   түлегіңдей  саған  үшқан. 

Аңғарың  арнасындай  ой  мен  сөздің, 

Төсіңде  жыр  тоғысқан,  ән  табысқан!

Келіп  ем  қан ат  қағып  асқарыңа,

Қүй  салдың  меиің-дағы  ж ас  жаныма. 

Қымсынған  менің  бала  дауысымды 

Көтердің  дауылыңмен  аспаныңа.

48


Күркіреп  өзендерің  құздан  атқан 

Өр  даусын  құлағыма  құйып  аққан. 

Қөкпенен  гуілдескен  бэйтерегің 

Ойыма  өршілдікті  ұялатқан.

Оранып  гүлдеріне  Алматының, 

Атпенен  ақын  дегеи  қайта  тудым. 

Көріп  мен  адамыңның  күн  келбетін, 

Бақыттың  жыры  болды  айтатыным.

Алсам  да  д ала  нұрын,  әзен  демін, 

Тау  тербеп  көтерілді  кеудем  менің. 

Шыңынан  шалқып  өйым,

осы  таудың 

Өршіген  өзегінен  өлеңдерім.

Санаймын  Алатауды  сырласыма,

Уа,  тауым,  көтер  мені  шың  басыңа. 

Құзыңды  басып  тұрып  қарайын  бір 

Д аламны ң  айдыны  зөр  тұлғасына.

Қарайын  жазығына,  ең  шетіне, 

Ж а рқы н   ж үз  ж андарының  келбетіне. 

Айбын  бер  дауысыма,  Алатауым, 

Соларға  елеңімді  ерлетуге!

Ж Е Р

Қалың  қ ар а  толқындай, 

Қалқиды  бұлт  қасымда. 

Үн  қосады  жел  тынбай, 

Көктегі  ұлан-асырға.

Мен  де  келем  әндетіп, 

Б ір ақ  дүлей  көкті  емес.

49


Қиялымды  өрлетіп,

Қнядан  жер  қақты  елес.

Пропеллер  зіркілдеп, 

Ж а р д ы   көктің  бұлттарын. 

Қөк  даусынан  күштірек 

Ж ердің  үні  —  ұққаным.

Ж ұлды здан  да  ж ап-жақын 

Алтын  жерім  көрінді. 

Сүйем  отты  сезіммен 

Жердегі  үлы  өмірді!

Қөкке  шығып  айқайлап, 

Қөтерем  жер  атағын!

Ж ер   үстінде  тұр  жайнап 

Советтік  зор  Отаным!

Мейлің  аспан  түбіне 

Темір  топшы  тарт,

самға.

Туған  жерді  танимын, 



Юпитерде  түрсам  да!

С А Й Л А У   КҮНГІ  Ж Ы Р

Бәрімізге  қызықты  бүл  күніміз,

ІІІашу  болып  төгілсін  гүл  жырымыз. 

Ж ерімізді  жаңғы ртқан  даусымызға, 

Бұталардан  үн  қосты  бұлбұлымыз.

Бүгін  тағы  бастадық  жыр  көктемін, 

Ж ы рымыздай  шалқытып  жүрек  лебін. 

Еліміздің  тәріне  отырғыздық, 

Халқымыздың  қалаулы   түлектерін.

50


Ырыс  бірге,  үн  бірге,  тыныс  бірге, 

Достық  туы  елімнің  түр  үстінде. 

1’еспублика  түтқасын  түтқыздық  біз, 

Мауыишыға,  кеншіге,  министрге.

Пгіншіні,  дән  берген  мол  егіннен, 

Ақынға  да  дем  берген  өлеңімен. 

Сүйінішін  теңіздей  толқытты  жүрт, 

Ііасқарсын  деп  кеңесті  келелі  кең.

Үн  береміз  сендерге  қүдіретті,

Жыр  береміз  сендерге  жылы  лепті.

Дқ  сенімді  бәріміз  қалаулы лар, 

Мың-мың жаннан жалынды  бір  тілектІ.

Аманаты  хадықтың  алыитай  зор,

Алыи  іске  қүлшынған  халықтай  бол! 

Ж алын  атып  өмірдің  әрлеріне, 

Жұлдызы  бол,  ж айнаған  жарықтай  бо

Жүйріктей  бол,  биікке  шауып  шығар, 

Нысанада  халықтың  тау  ісі  бар. 

Екпініңнен  жаңғырсын  дүркін  дүние, 

Әрқайсыңда  мыңдардың  дауысы  бар!

Қырандай  бол,  қиядан  шүйілетін, 

Дауылдай  бол,  толқынды  иіретін. 

Қанаты  бол,  кезі  бол  партияның, 

Қуаты  бол,  халықтың  сүйінетін.



Б І З Д І Ц   ГУ

Болса


Теңіз  үстінде  көк  толқындар,

Болса


Көктің  найзағай  жарқылдары, 

Толқыннан  да 

Телегей  өктем  тулар 

Ж а рқы р ад ы   мұхнттан  шалқып  әрі. 

Қызыл  нұрлы  түсінде  —

Күн  асылы,

Ол  туған

Көк  дауылды  құз  бұлтынан 

Күшті  қол,

Ж айнатуға  бұл  ғасырды,

Туғызған  таңның  нұрын 

Қызыл  тудан!

Ішінде

Тұмандалған  зеңгір  көктің,



Үстінде

Ж ұмыр  жердің  дірілдеген,

Үстінде 

От  пен  оқтың,

ЗеңбіректІң 

Осы  ту  —

Күндей  қалқып  күлімдеген. 

Ысырып


Ескі  заман  түн  зілдерін,

Жайнатып  жұмысшының 

Бар  қиялын,

Бұл  туға

Таң  нұрын  құйды  Ленин,

Көтерді  оны

Сом  қолы  Партияның!

Бұл  туда  бар



52

Ж алыны  Октябрьдің,

Ж арқы лы  бар 

Жеңісті  ұлы  Отанның.

Ж алауы   —  бұл 

Жердегі  кек-дабылдың.

Ііұл  —  арайы 

^)лемге  атар  таңның.

Желніді  ту

Қырмызы  қанаттарын,

ІІІұғыласы

ІІІалқыды  әрбір  тұсқа,

Көрді  әлем

Қызыл  тудай  таң  атқанын 

Пвропада,  Кубада,

Кұншығыста.

Кұн  туы


Бейбіт,  бақыт  өмір  беріп,

Олемге  еркіндіктің  көркін  жайды. 

Халық  —  теңіз,

Таң  нұрлы  ту  көтеріп,

Күн  сәулесі  дүниеге  толқындайды!

Ж А З   ӘУЕНІ

'Гоқта,  бұлбұл!

Шырқаймын  әуелі  мен, 

Бақтың  жырын,

Құлпырған  мәуелі,  кең.

Б а қ   емес  пе,

Байтағы  Отанымның, 

Дүниені  тербеткен  әуенімен. 

Ж а зд ы ң   даусы  жаңғырған, 

Құлақ  жарған,



Д

әіі

  түлеген,

Д алад ан,  қыраттардан.



53

Құз  басының  кеусерін 

Қүйдей  тартып,

Көкмайсаға  бұлаңдап 

Б ұ л а қ   барған.

Ж а з   гуледі 

Еркіндеп  егіншімен,

Самал  желмен,

Бағбанны ң  лебі  сіңген. 

Космонавтың 

Айбынды  ағынымен,

Солар  ұшқан 

Әлемнің  кеңісінен.

Ж а з   әуені  еседі 

Ш атқал  құздан,

Ш атты қ  әні  шалқыған 

Шопан  қыздан.

Заводтардың 

Алтын  көз  пештерінен,

Ж а зд ы ң   жырын,

Маздатып  шоқтар  қызған. 

Өзендер  де  тасиды,

Ж а з   үнімен,

Ормандар  да  жайнайды,

Н аз  гүлімен.

Отан  даусы,

Ж а з   даусы,

Бейбіт  даусы,

Дүниеге  дүбірлеп  жазылды  кең. 

Тоқта  бүлбұл,

Ж а з   жырын  мен  жырлаймын. 

Ж а з   аясы  —

Ж айнаған  кең  бір  айдын.

Болса  шіркін  күллі  әлем  — 

Моңгілік  жаз,

Ж а р қ ы р ас а   сұр  бұлтты

ж ам ы лм ай  күн



Ж А Ң Ғ Ы Р Д Ы   Ж Ы Р Ы М  

Ж А Һ А Н Д А  

(1955  —  1960)

АЗ А Т П Ы Н   СОЛ  Ш АҚ ҚА

Кнремісің  күн  сүйген  шың  басынан, 

Іііңғажайып  әлемді  тың  ашылған? 

Кнремісің  теңіздің  қүдіретін, 

Толқындаған  айбынды  түлғасйнан? 

Қузыңнан  да  биікке  астым  міне,

Қплың  толқын  қауыммен  бастым  бірге, 

Қеріп  түрмын  әлемді  таң-тамаша,

I  ртегідей  көрінген  ж а с   күнімде. 

Гплқыныңнан  айдында  тез  есемін,— 

ІІІақырып  тұр  алдымда  келешегім. 

Комііартия  нұсқады  —  келер  күннің 

Коң  жұртымен  қазір  де  кеңесемін.

І уымыздың  ернегі  —  еңбек,  ерік...

Г оудемізді  келемі'з  кең  көтеріп. 

Адамзаттың  арманы  шешек  атты 

Алтын  орман  секілді  сәулет  беріп. 

Атом-кеме  секілді  тіліп  өтіп 

ІІІа  келеміз  мұз  тауды  дүбірлетіп. 

Қоммунизм  көтерді  мұнарасын, 

Кііпііталдың  іргесін  дірілдетіп.


Ж ары ғы мы з  пара-гіар  күн  көзімен, 

Күн  сәуледен  нүр  алсын  күллі  езілген, 

Дүниеге  ж а қ т ы қ   біз  бақ  жұлдызын, 

Ж ар қы р аты п  Леннннің  күмбезінен. 

Асуымыз  —  дауылды,  алып  құздар 

Артымызда  —  жеңістен  алтын  із  бар. 

Коммунизм  туында  бәріміздің, 

Коммунпст  деп  ж азы лған   атымыз  бар.



КӨКТЕ М  ТОЛҒ АНЫ С Ы

I

Сәріде  бүгін  ояндым,



Есітіп  бұлбүл  дауысып. 

Тамылжып  шыққан  баяу  үн, 

Тербеткендей  тау  ішін.

Сүйемін  көктем  бүлбұлын, 

Сүйемін  көктем  жаңбырын. 

Ж аңб ы рд ай  елге  бұл  жырым, 

Жөнелсін  алып  таң  жырын.

Бұлбұл  да  мүмкін  бағында 

Сайраған  шығар  сұңқылдап.— 

Күлімдеп  келген  тауыма, 

Көктеммен  ғаж ап  сыр  тыңдап.

Аспаны  жермен  сырласқан, 

Келді  жыршыл  көктемім. 

Қарашы,  қандай  гүл  басқан, 

Алатаудың  бөктерін.

Ж ы рласа,  мейлі,  гүлдерін, 

Былдырлап  бұлбұл  бұтада.

56


Көктемнің  жұпар  күн  лебін, 

Өзімдей  бірақ  жұта  ма?!

Ж ұтып  таңғы  самалын,

Ж елпіп  келем  гүл-бақты. 

Жаңғыртып  таудың  алабын, 

Ж ам ы р ап  ж а н -ж а қ   тіл  қатты...

Үн  берді  сонау  еңістен,

Егінші  көктем  сырласы:

—  Ш ырқаймыз  ж а ң а   жеңіспен, 

Ж ердің  жырын  тыңдашы!

Үн  қатты  малшы  қырқадан, 

Шымырлап  таудың  шың  басы:

—  Кәктем  де  шалқып  шырқаған, 

Елдің  жырын  тыңдашы!

Сілкінтіп  таңғы  орманды, 

Ағылды  ән  қаладан;

Кектем  күймен  толғанды,

Күн  менен  жер  қалаған.

Мені  де  сол  күй  тербеткен, 

Сездің  бе  соны  бұлбұлым. 

Кереметсің  сеи,  көктем, 

Өшпейтін  жыр  —  бұл  күнің!

Көктемім,  әнге,  гүлге  де 

Мәңгілікті  анасың.

Туғыздың  күндей,  дүниеге 

Адамзаттың  данасын!

Күн  ж айнап  ол  туғанда,

Осылай  кектем  гүл  атқан.



57

Еділде,  үнсіз  орманда, 

Бүлбүл  да  солай  үн  қатқан.



II

Кектемсіз  болып  бұл  әлем, 

Көктемесе  қайтер  ек? 

Ж айқал ы п жыл  да  гулеген, 

Ж апы рағы   мол  бәйтерек.

Бойы  сұңғақ,  ол  асқақ, 

М ұнара  болып  өткенге. 

Қартайғанға  ой  тастап, 

Ж а с а р а р   ылғп  көктемде.

Өтті  заман  бірқатар,

Туса  да  сонау  ғасырдан,

Сол  бәйтерек  гүл  атар,

Ж а с   торғын  кніп  жасылдан.

Білмеймін  бұлбұл  қашанғы 

Бұтасында  тұр  сайрап?

Көз  алдымда  жасарды, 

Көктем  сайын  масайрап...

Болса  да  қайғы  маған  жат, 

Теректі  сол  бір  күндедім. 

Ж а с а р са   солай  адамзат, 

Көктемде  жұтып  күн  лебін?!

Осылай  оймен  адымдап,

Әлі  де  алға  басармын.

Өмір  шіркін  —  алтын-бақ, 

Келеді  ж ы лда  жасарғым.

Кеңілге  қонар  қуаныш, 

Кектесе  дәйім  жапырақ. 

Өмірге  кетер  ту  алыс,— 

Келеді  жайнап  ж а с   ұрпақ.

58


Қөктемдей  гулеп  ән  шырқап, 

Келеді  гүлді  алаңға,

Сәлемін  беріп  ж а с   ұрпақ, 

Жасайтын  мәңгі  адамға.

Бәйтеректен  биік  ол,

Тұлғасы  тік  асқардай. 

Бәйшешектер  жиі  мол, 

Айналасын  басқандай.

Әлемге  жайып  тамырын,

Ж ер  түлеген  нәрімен.

Ол  көктемгі  таң  нүрын, 

Ж айн атқан  ж аңа  дәуірмен.

Ж айнайды  Ленин  гүлдері, 

Кәктейді  ж ы лда  ж а с   ұлан. 

Өшпейді  оның  күн  лебі, — 

Ж а р а л ғ а н   дана  асылдан.

ІТұрлары  оның  тұр  жайнап, 

Ж ұлдыздан  көп  кектегі. 

Отаным  орман  —  кең  байтақ, 

Адамзаттың  көктемі.

Бәйтерек  мәңгі  көктер  ме?  — 

Қария-тарих,  айт  маған. 

Қуанам  ж ы лда  кектемде, 

Туғандай  Ильич  қайтадан!

Құлпырар  дәйім  бұл  көктем, 

ІІІуағы  шалқып  елімде. 

Көктемгі  күндей  нұр  теккен, 

Ж асайды   мәңгі  Ленин  де!



Л Е Н И Н   А Л А Ң Ы Н Д А

Менің  алма  қалам   қандай  тамаша! 

Асқары  тұр  аспанымен  таласа.

Таудай  үйлер  аймалаған  алаңда, 

Асқақтайды  құздай  тұлға  жараса!

Сермеп  қолын  кең  жазықты  тұр  нұсқап, 

Айналасы  ғаж ап  орман,  тыныш  бақ. 

Маңайында  көгершіндер  гуілдеп, 

Бауырында  жүр  бөбектер  гүл  ұстап.

Тойлы  күндер  тулар  толқып  сол  маңда, 

Қанаттарын  кәтергендей  орман  да. 

Ш алқиды  жұрт  толқынындай  теңіздің, 

Тағзым  етіп  сол  тұлғасы  зор  ж анға.

Заводтардан,  сарайлардан,  аулақтан 

Сап-сап  халы қ  ағылады  жан-жақтан. 

Қөріп  осы  дана  көсем  келбетін,

ІІІалқыр  қ а з а қ   сонау  құзда  мал  баққан.

Тауды  жарып  жаңғырығып  қалың  үн, 

Жеңістердің  қағып  өтер  дабылын.

Қөсем  өзі  тыңдағандай  ырғағын, 

Б айқағандай  алыптардың  адымын.

Өзі  қосып  ұрпағын  сол  маршқа,

Ж өн  сілтеп  тұр  жарқы н  сонау  алысқа. 

Сол  алысты  жақындатып  келеміз 

Түскендей  бір  ұлы  бәйгі-жарысқа...



60


Ө Л К Е М Е   Б А Р Д Ы М  

С ОНЫР ҚА П

Өлкеме  бардым  сонырқап, 

Өрінен  жыр  тыңдадым. 

Теңіздей  д а ла   толқындап, 

Өріске  жайған  тың  дәнін.

'Гауыма  бардым  таңырқап, 

Үқтым  сырын  тасынан. 

Қуатын  қырға  тау  шырқап, 

ІИамшырақ  атқан  асылдан.

Асып  талай  қырқадан,

Асыға  кездім  ой-шыңын. 

Ш аттық  елең  шырқаған 

Естідім  даусын  қойшының.

Сол  бір  қырды  тұл  ж атқ ан  

Қергенмін  ж ы лда  сонау  бір. 

Қонып  Қала,  гүл  атқан, 

Құлпырыпты  сол  адыр.

Менің  туған  елкемнен 

Жаңғырығып  үн  шыққан. 

Қонысқа  тың,  үлкен,  кең 

Қонуға  тез  ынтыққан.

Дауылдатып  адырдан, 

Дүбірлеткен  тау  ішін. 

Естідім  алға  шақырған 

Партияның  дауысын.

Ғажайып  үні  ғасырдың 

Қектей  етті  тың  үстін.

61


Сол  дауысқа  қосылдым 

Дабылымен  туыстың.

Шаттан,  далам ,  ән  шырқап 

Ж а р қ ы р аға н   жол  үшін. 

Қүтігі  түр  алда  болашақ, 

Коммунизм  —  қонысың.



ХОШ  К Е Л Д ІҢ ІЗ ,

К Ө Р ІҢ ІЗ !

Хош  келдіңіз,  керіңіз,

Аралап  түгел  қараныз  — 

Таң-тамаша  жеріміз,

Қырында  талай  бар  аңыз.

Аталар  етсе  тарығып,

Түнекті  д а ла   терінен. 

За м ан а д а н   зар  үғып,

Күңірене  кешсе  керуен.

Дауы лдан  күткен  үмітті, 

Тебірене  туған  үл-қызы. 

Ж айнатты  қ ар а  түндікті, 

Октябрьдің  жүлдызы.

Керіңіз  тудай  түрленді,

Тауым  да,  маңғыт  тыңым  да. 

Ленин  езі  нүр  берді, 

Республикам  туына!

Керіңіз  сол  ту  желпілдер, 

Ж ай л ауда  қырын  гүл  басқан. 

Малшы  қ а з а қ   серпілер, 

Сырларын  шертіп  мың  дастан!

62


Төсейді  сізге  кең  жайып, 

Бәйшешектен  кілемін. 

Көрерсіз  көркі  ғажайып, 

Құлпырған  д а ла   түлегін.

Соғылған  мәңгі  мәрмәрдан, 

Сарайлар  аш ар  қақпасын. 

Ш ашу  қып  терең  заңғардан, 

Ш аш ар  гауһар  —  ақ  тасын.

Ғалымы  шығып  мінберге, 

Тұнығын  толғар  өлкенің. 

Толқындай  толы  өнерге, 

Республикам  —  өркенім!

Жүйріктей  түскен  ж ары сқа 

Ақыны  шығар  аңқылдап. 

Атағы  кеткен  алысқа, 

Республикам  —  алтын  бақ!

комсомол 

к ө к т е м і

Келді  міне,

қырларыма  ағылған 

Поездарға  ж а ң а   толқын  күй  еріп,

Біздің  д а л а   сілкінді  сол  дабы лдан 

Қырға  ж а ң а   өмір  келді  тиеліп.

Соны  қырдың  қы рқалары   жұталаң, 

Қеткен  де  ж оқ  өңірінен  қар  әлі.

Ж а с   өрендер

ж ан  баспаған  жотадан 

Көктемді  алып,  күлімдетіп  барады.

Кең  ж айлауды  ж атқандай  бір  жасырып. 

Осы  дүзге  құлшыныпты  сол  ұрпақ,—

63


КІМ 

ойлаған  —

Бақытты  ж а с   асығып, 

Алыс  қырға  ағылар  деп  —

сонырқап?!

Ж а с   кеудеге  таң  нұрындай  құйылды, 

Партияның  кереметті  зор  үні. 

Ж а ң а р ту ға   ж а л а ң   ж а тқ ан   қиырды, 

Басталды  бұл  ж а с   жігердің  жорығы.

Өңшең  өндір.

Қалды  алыста  туғаны, 

Нұрлы  қала,

өскен  қы зық  мекені.

Б ір а қ   жастың  дос  өмірі,  думаны 

Бұл  даланы  әсем  қы зық  етеді.

Көздері  бір  қуаныштың  жұлдызы 

Жүрегінен  достық  лебі  еседі.

Ұлы  орыстың,  украинның  үл-қызы. 

Іздерінен  ізгі  жеміс  өседі.

Құрыш  ж астар  —

машиналы,  темірлі,

Соны  қырдың өрлеріне  ектеді,

Ж а с ты қ  лептен  —

қыр  қары  да  еріді,— 

Комсомолдың  туды  ш уақ  көктемі!

АЙРЫЛ ЫСПАЙТЫНДАР

Соңғы  емтихан  берілді.

Бұлар  шат

Студентше  сүйген  ж а қс ы   өмірді,—

Алда  қы зық  —  ж а с   махаббат,  болашақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет