Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет41/96
Дата08.01.2017
өлшемі14,44 Mb.
#1410
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   96

 

Отбасы  -  барлығының  басы,  жан  -  жақты  даумуының  негізі  болатын  тәрбие 

институты.  Отбасындағы  ата  -  ана  мен  баланың  қарым  -  қатынас  нәтижесінде, 

адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал ата  – 

ана болса, баланың алғашқы тәрбиешілері. 

Ата - аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс. 

Бала бақыты - білімде. «Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, 

не жасаса да келістіріп жасайды», - дейді А. Байтұрсынов. 

Отбасы  тәрбиесіндегі  кездесетін  сәтсіздіктер  ата  -  аналардың  пеадгогикалық 

сауатсыздығынан  және  оларда  тәрбие  жұмысын  жүргізуге  қажетті  тәржірибенің 

жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата  - аналарға 

көмектесу тәрбиешілердің міндеті . 

Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады? 

Ол үшін біз ата - аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, 

отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата - аналардың ұсыныс - 

пікірлерін,  ойын  бөлісу  мақсатында  сауалнамалар,  анкеталық  сұрақтар  алуымызға 

болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата - аналармен бірлесе 

отырып  жасаған  тиімді.  Себебі,  ата  -  аналар  заман  талабына  сай  өзекті  мәселелерді, 

отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата - 

аналардың ұсыныс - пікірлермен санаса отырып ата - аналарға арналған әңгімелер мен 

лекциялар, консультациялар, сұрақ - жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі 

конференциялар,  ата  -  аналарды  педагогикалық  әдебиеттермен  таныстыру  әдіс  - 



 

440 


 

тәсілдері қарастырылады. М. Әуезов « Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең 

алдымен әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек » . өмірлік тәжірибе 

ұлы жазушымыздың сөзінің құдіреттілігін байқатады. (2) 

Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кезкелген мекеме үшін отбасымен 

жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі, отбасы баланың 

түпкі  тамыры,  болмысын  қалайтын  мекен.  Отбасымен  жұмыс  мүмкін  педагогтардың 

жүргізетін жұмыстарының ең қызықты бір бағыты шығар. Бір жағынан, бұл жұмыс аса 

бір шеберлікті, құпиялықты, мәдениетті, білімді, тәжірибені қажет ететін жұмыстардың 

бірі. Өйткені, отбасымен жұмыс жүргізген кезде түрлі адамдармен, түрлі түсініктермен, 

түрлі мінез-құлықтармен, түрлі қиыншылықтармен қарама-қарсы кездесесің. Осының 

барлығынан педагогтық абыройыңа кір келтірмей шығу үлкен өнерді қажет етеді. Сол 

себептен  білім  беру  мекемесінде  отбасымен  жүргізілетін  жұмыстарды  әдістемелік 

жағынан орынды ұйымдастырудың маңызы өте зор. Отбасымен жүргізілетін жұмысты 

әдістемелік  дұрыс  ұйымдастыру  дегеніміз  не?  Бұл  -  мекеме  ішінде  отбасымен 

жүргізілетін  жұмыстарды  педагогикалық  қағидаларға  сәйкес,  баланы  жан-жақты 

дамытуға  негізделген,  бала  құқығын  сақтауға  және  қорғауға  бағдарланған  түрде 

ұйымдастыру.  Отбасымен  жүргізілетін  жұмыстарды  әдістемелік  жағынан  белгілі  бір 

ретпен,  жүйелі  түрде  ұйымдастыру  жүргізілген  жұмыстың  нәтижесіне    әсер  етеді. 

Бүгінгі таңда сол жұмыстар заманның талабына сай, бала мен отбасының қажеттігіне 

сай өзгертіліп отыр. Отбасы мен балабақша жұмысының түрлері:  

1.     Мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жоспарын құру 

2.     Педагогтарды отбасымен жұмыс жүргізу шеберлігіне дайындау 

3.     Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жаңа бағыттарын үздіксіз игеру. (1) 

Мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыс жоспарының мақсаты – отбасымен 

қарым-қатынастың  тиімді,  оңтайлы  түрлері  арқылы  отбасын  мекеме  жұмысына 

белсендіре  араластыру,  бала  тәрбиесіне  деген  қызығушылықтарын  арттыру  болып 

табылады.  Осыған  байланысты  жылдық  жоспарда  мынадай  жұмыс  түрлері 

жоспарланады: 

·

 



Ата-аналарды балабақшамен таныстыру (презентация); 

·

 



Ата-аналарға арналған ашық сабақтар; 

·

 



Ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестер (оқу жылында 1 кеңесті арнауға 

болады); 

·

 

Педагогикалық әңгімелер 



·

 

Тақырыптық кеңестер (әр топта оқу жылында 3-4 рет және осынша жалпы түрде); 



·

 

Жиналыстар (оқу жылында  3-4 рет); 



·

 

«Дөңгелек үстелдер» (дәстүрден тыс түрде ата-аналармен өзекті тақырыптар 



төңірегінде әңгімелесу); 

·

 



Ата-аналарға арналған конференция (ата-аналар, шектеулі мамандар, тәрбиешілер 

өмірлік жағдаяттарды моделдейді, тақырыптар аналарға арналған «Анам жайлы 

әңмелесейікші», әкелерге арналған «Мен үшін ең қымбат жан» т.с.с.); 

·

 



Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету; 

·

 



Көрнекі насихаттық жұмыстар. 

Балабақшамен  таныстыру  жұмысы  –  жылына  1  рет  оқу  жылының  басында 

жүргізіледі.  Бұл  жұмыстың  негізгі  мақсаты  ата-аналарды  балалардың  білім  алу  және 



 

441 


 

тәрбиелену ортасымен таныстыру болып табылады. Яғни, отбасын балалар өмір сүріп 

отырған  ортаның  материалдық-техникалық  базасымен  және  осы  ортаның  оқу-

әдістемелік  қамтамасыздану  дәрежесімен,  педагогикалық  ұжыммен,  мамандармен 

таныстыру және осы арқылы олардың оң көзқарастарын қалыптастыру, достық қарым-

қатынас құру. 



Ата-аналарға арналған ашық сабақтар – отбасына баланың белсенділігін, даму 

деңгейін  ғана  көрсетіп  қоймайды,  сонымен  қатар  топ  ішінде  сабақтардың 

ұйымдастырылу  ерекшеліктерімен  де  таныстырады.  Сондай-ақ  балабақшада  балалар 

тек ойын әрекетімен айналысады деген жансақ ойлардан сақтайды. 



Ата-аналарға  арналған  педагогикалық  кеңестер  –  оқу  жылында  1  рет  болуы 

мүмкін. Бұл кеңесті әсіресе оқу жылының басында өткізген ыңғайлы. Көбіне бұл бала 

тәрбиесінде кездесетін өзекті мәселелерге арналады. 

Педагогикалық  әңгімелер  –  отбасына  баланы  таңертең  әкелгенде  және  кешке 

әкеткенде тәрбиешінің ата-анамен әңгімелесуінен бастау алады, тәрбиеші оларға бала 

тәрбиесіне  қатысты  бағдар  көрсетеді,  өз  ойын  айтып,  ата-ана  ойын  тыңдайды.  Бұл 

әңгімені жалпылай да өткізуге болады. 



Тақырыптық  кеңестер  –  белгілі  бір  тақырыпқа  байланысты  болуы  мүмкін.  Бұл 

кеңестерді  тәрбиеші,  дәрігер,  шектеулі  мамандар  бере  алады.  Тақырыптар  жиі 

кездесетін сұрақтар төңірегінде таңдалады. 

Жиналыстар – оқу жылында бірнеше рет ұйымдастырылады. Баланың жетістіктері 

жайында ата-аналарға ақпараттар беріліп, топтың түрлі мәселелері шешіледі. 



Дөңгелек  үстелдер  –  еркін  түрде  ұйымдастырылып,  еркін  ашық  әңгімелесуге 

бағытталған.  Бұл  ата-аналардың  ашылып  әңгімелесулеріне  мүмкіндік  береді. 

Тақырыптар  тәрбиешінің  қалауымен  немесе  ата-аналардың  сұранысымен  таңдалуы 

мүмкін. 


Конференция – түрлі жағдаяттарды моделдеу арқылы ата-аналарға балабақшаның 

тыныс-тіршілігін таныстыруға мүмкіндік туады. 



Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз 

ету  –  бұл  ата-аналарға  бала  дамуындағы  ерекшеліктер  туралы  кәсіби  кеңестер  беру. 

Арнайы педагогикалық немесе медециналық мамандықтары жоқ ата-аналар кей кездері 

қиыншылықтармен,  түсініспеушіліктермен  кездесіп  қалуы  әбден  мүмкін.  Осыған 

байланысты мұндай кеңестердің маңызы өте зор. 



Көрнекі-насихаттық  жұмыстар  -  бәрімізге  таныс  хабарландыру,  дәрігер 

бұрышы,  мәзір  т.с.с.  ұқсас,  күнделікті  бағыттармен  ғана  шектелмеуі  керек.  Көрнекі 

ақпараттар ата-аналарға өте жақсы әсер етеді. Сол себептен бұл жұмыс түріне аса бір 

шығармашылықпен қарған жөн. (3) 

Ата – аналармен мынадай қызықты жұмыстарды жүргізуге болды: 

«Біз кішкентай болғанда» - ата-аналардың өз балаларының кішірек кезі жайындағы 

қысқаша әңгімелері. 

«Мен  үйренген  нәрсе»  -  әр  баланың  жетістігі  туралы  тәрбиеші  тарапынан 

жасалатын ақпарат. 

«Бала тілімен» - балалардың тосын айтқан қызықты әңгімелері. 

«Мен не туралы ойлаймын» - баланың қандайда бір адамға байланысты, құбылысқа 

байланысты айтқан қызықты ойларының жазбасы. 



 

442 


 

«Өзім жайлы» - әр бала туралы қысқаша таныстыру ақпараты. Бұл парақтар топқа 

әкелетін  дәліз  бойымен  қабырғаға  ілінуі  немесе  топтық  қабылдау  бөлмесінің 

қабырғасына ілінуі мүмкін. 

«Эстафеталық  кітапша»  -  ата-аналар  бала  тәрбиесінде  кездесіп  жүрген 

қиыншылықтарымен  бөлісетін  арнайы  кітапша.  Бұл  сұрақтарға  ата-аналар  да, 

тәрбиешілер де өз ойларын жазып білдірулері мүмкін. Жұмыстың бұл түрі отбасымен 

тығыз қарым-қатынас жасауға, достық қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. 

         Педагогтарды отбасымен жұмыс жүргізу шеберлігіне дайындаудың мақсаты – 

оларды  ата-аналармен  және  отбасы  мүшелерімен  мәдени  қарым-қатынас  жасауға 

үйрету. Аталған бағыт бойынша мекемеде төмендегідей жұмыс түрлері жүргізіледі: 

·        Топ ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жоспарын құру бойынша 

әдістемелік көмек көрсету және осы жұмыстарды қадағалау

·                Отбасымен  жүргізілетін  жұмыстардың  барлығын  салауатты  рәсімдеуді 

қамтамасыз ету; 

·           Отбасы мүшелірімен қарым-қатынас жасау мәдениеті бойынша психолог 

тарапынан кеңестер беру және осы жұмыстың орындалуын қадағалау; 

·        Педагогтардың ата-аналар мен мекеме арасында жасалатын келісім-шарттың 

мазмұнын нақты білулерін қамтамасыз ету; 

·        Ата-аналармен болуы мүмкін келеңсіздіктердің алдын алу жұмыстары; 

·        Бала құқығын қорғау конвенциясының мазмұнын меңгерулерін қамтамасыз 

ету; 


·        Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың мониторингін жүргізу. 

         Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жаңа бағыттарын игерудің мақсаты – 

отбасымен  қарым-қатынасты  жақсартуға  мүмкіндік  беретін  тиімді  әдіс-тәсілдерді 

ендіру, тәжірибеде қолдану. 

·                Білім  кеңістігінде  пайда  болған  отбасымен  қарым-қатынастың  жаңа 

формаларын игеру, озық тәжірибелерді ендіру; 

·        Ата-аналардың белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік беретін дәстүрден тыс 

қарым-қатынас  түрлерін  тәжірибеде  қолдану  (сайыстар,  рингтер,  дөңгелек  үстелдер, 

диспуттар, пікірталастар т.с.с.); 

Ата-аналар қауымын мекеме жұмысымен таныстырудың бірден бір жолы оларды 

мекеме жұмысына, яғни бала тәрбиесіне белсендіре араластыру болып табылады. Ал ол 

үшін ата-аналарды мекемеде жасалып жатқан жұмыстарға қызықтыра білу керек. (4) 

 

Қолданылған әдебиеттер:  



1)

 

Галымова Б.Т «Бала мен балабақша» журналы, (2012 №7) 



2)

 

«Өзін – өзі тану», Алматы баспа, 2004 



3)

 

А. Кошкимбаева «Балабақша: тәрбиелеу және оқыту» журналы, (2013 №1)  



4)

 

«Отбасы және балабақша» журналы, 2011 



 

 

 



 

 

 

443 


 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫН ТІЛІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ 



 

Жамангарина М.А. 

Карағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі 

Бекенова Балдырған Қуанышевна 

Қарағанды қаласы №42 «Тілек» балабақшасы 

Хасенова Д. 

Қрағанды қаласы «Балақай» балабақшасы 

 

«Ойын адамның өмір танымының алғашқы қадамы» - демекші 



қазіргі  қоғамдағы дамыған  ең өзекті мәселелердің бірі бала тілінің жетілуі болып 

келеді.Статистикаға  сүйене  келгенде  күнделікті  өзбетімен    техниканы  пайдаланып 

өскен  бала  мен  айналасындағы  адамдармен  сөйлесіп  тілдесіп  өскен  баланың  тілдік 

қорын арасындағы  айырмашылық  айтарлықтай екен. Баланың болашақта жақсы баға 

алады  ма  әлде  жазғанда  қолына  ыңғайсыздық  туғызып  ауыртпалықты  сезіп  орайы 

келгенде  жазудан  сытылып  кетуге  тырыса  ма.  болмаса  жазуға,сызуға    деген 

қызығушылығын алғашқы салған шеңберімен таяқшасына байланысты. 

Мектеп жасына дейінгі шақтағы тіл дамуының типтік мәселелері:  

1.Қысқа-қысқа,тек 

қана 


жай 

сөзден 



тұратын 

қарапайым 

сөзді 

қолдану.«жағдаят»сөз  ,яғни  белгілі  бір  іс-  әрекетті  бір  сөзбен  айту.)  Грамматикалық 



жағынан толық сөйлем құрай алмау. 

2.  Сөздің қарапайымдылығы. Сөздіктің қорының жетімсіздігі. 

3.Қарапайым  диалогиялық  сөз:    Сауатты-тұжырымды  сұрақ  қоюға 

қабілетсізділігі.сұраққа қысқа немесе жай- жауап беру. 

4 Монолог құрай алмау  

5.  Өзінің логикалық  ойлап және байланыстыра сөйлеу алмауы  

6.  Сөзлеу  мәдениетінің  дағдысының  болмағандығы.  дауыс  екпінінін  дұрыс 

пайдалана алмауы. сөздің шапшаңдығын және дауыс ырғағын ретей алмау . 

7.  Сөйлеу  мәдениет  дағдысының  болмағандығы:  пайдалану  епсіздік  дауыс 

ырғақтарын,  дауыстың ырғағын және сөздің шапшаңдығын реттей алмау. 

8.Мәнерлі сөйлеу алмау  

Бала тілін қалай дамыту керек? 

Көптеген  ата-аналар  баласының    тілінің  дамуы  туралы  мәселенің  шешімі 

балабақша  деп  біледіОсындай  қиын  мәселе  жоспарлы  түрде  жүргізілетін 

ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті көмектеседі деп санайды.  

Тіл  дамытуда  негізгі  жұмыстың  басымдылығы  ұсақ  моториканы  дамыту  оның 

ішінде саусақ ойыны  болып табылады.  

Саусақ ойыны өте эмоцияналды және қызықты.Олар баланың тілінің жетілуіне, 

шығармашылық дамуына көп септігін тигізеді.  

Саусақ  ойыны  қоршаған  орта  ,жануарлардың  ,  адамдардың  іс-әркеті,  табиғат 

құбылыстарын көрсетеді.  

Ара  жүріс  "саусақтың"  ойындарының    балалар,  ересектердің  қозғалыстарын 

қайталай, қолдың моторику белсендіреді, көңілді көтеді. 


 

444 


 

Саусақ ойыны барысында ересек адамдардың қимылдарын қайталай отырып ұсақ 

қол қимылдарын жетілдіріп,зейіннін жинақтай алады.  

Сондықтан  да  балабақшада  балаға  білім  берудің  жетістігі  ретінде  ең  маңызды 

және  ең  алғашқы  жағдай  ол  –  баланың  байланыстырып  сөйлеу  тілін  дамыту.  Бала 

байланыстырып сөйлеуді жақсы меңгерсе ғана кез келген сұраққа толық, мәнді жауап 

бере алады. 

Балалардың  сөздік  қорын  молайтуда  ойын,  тапсырма  жаттығулардың  орны 

ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы 

нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті 

сөйлеуден  еш  жалықпайды.  Ойын  бала  тілінің  дамуына  ықпалын  тигізіп,  таным 

белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала 

табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол 

озін  еркін  ұстайды.  Ал  еркіндік  дегеніміз  барлық  дамудың  баспалдағы,  бәрін  білуге 

деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын 

үстінде қалыптасады. 

Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде 

де  озады»  деген  аталы  сөздер  сырына  жүгінсек,  мектепке  дейінгі  жастағы  баланың 

ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де 

жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті 

әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.  

Ойынды  қолданумен  бірге  ойлауға,  тілді  дамытуға,  шығармашылық  әрекетін 

байытуға  бағыт  алады.  Баланың  ойын  кезіндегі  қимыл-  қозғалысы  дене  бітімін 

жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық 

әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса 

отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады. 

Мектепке  дейінгі  тәрбиеленушілерде  педагогикалық  процестер  барысында 

баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез- 

құлық  дағдыларын  қалыптастыру  көзделеді.  Психологиялық  жаттығулар  баланы 

үлкендермен  және  достарымен  қарым-  қатынас  мәдениетіне  тәрбиелеп,  өз  пікірлерін 

айтып  жеткізе  білуге  көмектеседі.  Ойын  жаттығулар  арқылы  баланың  білімділік 

дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады. 

Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің 

үйлесімді  дамуына  ықпал  етеді.  Баланың  сезім  әрекетін,  әсерленушілік  деңгейін 

анықтау үшін қолданылады.  

  Ойындардың  негізгі  мақсаты  балалардың  ықылас  зейінін,  сөздік  қорын, 

байқампаздығын,  есте  сақтау,  қабылдауын  дамытуғы,  икемділікті  арттыруға,  өзінің 

жеке  құрбыларының  іс-  әрекетін  бағалай,  құрметтей,  өз  ісінің  дұрыстығын  дәлелдей 

білуін  анықтау,  қалыптастыру.  Ойынға  зер  салып,  ой  жүгіртіп  қарар  болсақ,  сол 

ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең 

алдымен сөйлеу тілінің  жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын 

бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз. 

Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 

жастағы  баланың  тілінің  дамуында  ақау  болмасын  десеңіз  дамыту  ойын  – 

жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз. Ұсақ моториканы дамыту 


 

445 


 

әдістемесі  мұндай  жағдайда  өте  тиімді.  Омыраудағы  баланың  саусақтарын  уқалауға 

болады,  жас  жарымдағы  баламен    саусақ  ойындарын  бастауға  болады.  Мысалы, 

баланың  бас  бармағын  жаймен  сипап  отырып,  оған  былай  деңіз:  «Саусақ  –бала  сен 

қайда  болдың?»  Содан  соң  бас  бармақты  балаң  үйрекпен  түйістіре  отырып,  «  мына 

саусақпан орманға бардым», ортан түйрекпен түйістіре отырып, «мына саусақпен тамақ 

пісірдім», 

  Осылайша  жалғастырып  басқа  саусақтармен  де  «мына  саусақпен  ботқа  жеп, 

мына  саусақпен  ән  салдым»  деп  аяқтайсыз.  Балаларға  бұл  жаттығу  қатты  ұнайды, 

уақытты да көп алмайды, ал пайдасы оның өте көп, себебі ұсақ моториканы дамытып 

жатырмыз ғой. 

Бір  жастан  асқан  балалар  үшін  –  саусақ  бассейні  әдістемесі  өте  пайдалы.  Бір 

ыдысқа  1  кг  бұршақты  немесе  фасольді  төгеміз  де  ішіне  баланы  қызықтыратын  бір 

ойыншықты  көміп  қоямыз.  Сондан  соң  оны  тауып  беруін  өтінеміз.  Бұл  қызықтыру 

жаттығуы кезінде баладан алыстап кетпеңіз. Себебі ұсақ нәрселерді аузына салып алу 

қаупі бар. 

Халық өзінің өмір тәжірибесінде тіршілікте қалай қолдануына қарай саусақтарға 

ат қойған. 1-ші саусақ- «Басбармақ», 2-ші саусақ – «Балаң үйрек», 3-ші саусақ –«Ортан 

терек», 4-ші саусақ- «Шылдыр шүмек», 5-ші саусақ – «Кішкентай бөбек». Саусақтарды 

қайтадан  аша  отырып  Сен  түйеңе  бар,Сен  жылқыға  бар.Сен  сиырға  бар,Сен  қойыңа 

бар,Сен үйде отырып Шешеңе көмектес. 

 Сондай  –  ақ  төрт  түлік  малды  таныстырып,  оны  бағып  еңбектенгенде  ғана 

тамақтануға болатынын ескертіп, еңбекпен тапқан тамақ тәтті болатынын уағыздайды.  

Балалармен  оқып  –  талдайтын  әдеби  шығармаларды  іріктеуде  де  белгілі  бір 

мақсатты  көздеу  керек.  Шығармалар  мазмұны  негізінде  әсерлі,  ойнақы,  танымдық 

дүниелер және балалардың өзара тұлғалық қарым – қатынас тәжірибесін байыта түсетін 

мағлұматтар  болуы  назарға  алынған.  Шығарма  мазмұны  арқылы  әр  баланың  тілдік 

белсенділігін қолдап, сабақта бала өзінің неге және не үшін сөйлеп тұрғанын түсініп, 

өзінің 

тілдік 


тәжірибесін 

жасауына 

жағдай 

туғызу 


қажет. 

Бүлдіршіндерді  өзіндік  тілдік  тәжірибе  жинау  мақсатында  картинаны  құрастыруды 

және сол картина бойынша шығармашылықты әңгіме құрастыруды алуға пайдалануға 

болады. 


  Балалардың  әңгімесіне  салғырт  қарау,  олармен  тілдескенде  айналасындағы 

адамдардың дұрыс сөйлемеуі мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы психикасы 

мен тілінің дамуына кері әсерін тигізеді. Ал ата – аналар мен тәрбиешілердің балаларға 

үлгі  болатындай  дұрыс  бейнелі  сөйлеуі  балалар  тілінің  тез  дамуының  алғы  шарты 

болып  табылады.Ойын  –баланың  жан  серігі.Қай  бала  болмасын  ойнап  өседі. 

Балаларға арналған саусақ ойыны. 

Қарапайым жаттығулар. 

 

1«Шеңбер». 



Бас  бармақпен  әр  саусақтың  басын  кезекпен-  кезек  түйістіре  отырып  шеңбер 

жасаймыз.Осылай  алдымен  оң  қолмен  ,содан  соң  сол  қол  саусақтарымен 

жасаймыз.соңында екі қолмен бір мезетте жасаймыз. 

 


 

446 


 

2. «Жұдырық-қырымен-алақан». 

Үстел үстіне  алақаныңыздыүш қалыпта кезекпе кезек қойыңыз.Жұдырық,сосын 

қырымен, алақанды төмен қаратып қою.Оң қолмен сосн сол қолмен артынан екі қолмен 

қатар. 

3. «Саусақты айқастыру –нол ». 



Ортаңғы  саусақпен  сұқ  саусақты  айқастыра  ұстап  сосын  сұқ  саусақпен  бас 

бармақтың ұшына тигізу-нолик/шеңбер/, осы қимылды кезектестіре жасау. 

4. « Беттестіре немесе симметриялы сурет салу». Зеркальное рисование». 

Екі қолға бірдей қарындаш ұстап қағазға бір мезгілде симметриялық-беттесетін 

пішін, әріп, цифрды жазу. 

5.«Құлақ- мұрын». 

Сол  қолмен  мұрынның  ұшынан  ұстап,оң  қолмен  қарама-  қарсы  құлақты  ұстау. 

Сосын қолдарын жіберіп алақанмен бір рет жапалақтап қолдардың орнын ауыстыру. 

6.«Жылан». 

Екі қолмен алақанды құлыптау керек- бұл жыланның басы.бір- біріне айқасқан 

қолмен жыланның жорғалап қимылдағанын көрсету. 

 Баланың қолының жетілуіне көмектесеңіз. 

Сізді ол көп ұзамай өзінің әдемі көркем жазумен дұрыс сөйлеуімен қуантады. 

 

Қолданған әдебиеттер тізімі: 



 1.  Мектеп  жасына  дейінгі  педагогика:  оқу  құралы.  Алматы  «Мектеп»,  1982 

(аударма). 

2. Ф.Н.Жұмабекова. Мектепке дейінгі педагогика. Астана: «Фолиант», 2008ж. 

3. Идрисова М.Ә. Мектепке дейінгі педагогика: оқу құралы. Қарағанды: «Гласир», 

2011ж. -283б. 

4. В.И. Ядэшко, Ф.А.Сохина. Мектепке дейінгі педагогика. А.: Мектеп, 1981 

5.  Ә.Меңжанова.  Мектепке  дейінгі  педагогика:  оқу  құралы.  Алматы:  «Рауан», 

1992 


6.  Н.О.Пичугина,  Г.А.Айдашева,  С.В.Ассаулова.  Дошкольная  педагогика: 

конспект лекции. Ростов-на-Дону: «Феникс», 2004 

7. 

Н.Савельева. 



Настольная 

книга 


педагога-психолога 

дошкольного  

образовательного учреждения. Ростов н/Д:»Феникс», 2004 

 8.Педагогика:  оқулық.  Ш.Х.Құрманалина,  Б.Ж.Мұқанова,  Ә.У.Ғалымова, 

Р.К.Ильясова. Астана-2007 ж. 

 9.  Ш.Құрманалина,  Ә.Ғалымова  Педагогика:  оқу-әдістемелік  құрал.  Астана: 

Фолиант, 2008, 272 б. 

10. Мұсаева С.Ә., Бегалиев Т.Б. Жас ерекшелік педагогикасы. Астана: «Фолиант», 

2006. 

 

 



 

 

 



 

 

447 


 

БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАЙЫНДАУДА ОТБАСЫ МЕН  

БАЛАБАҚШАНЫҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ 

 

Сыздыкова А.Р, Тсупбекова А.Т 



Жетекшісі: Жамангарина М.А. 

Карағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі 

 

Қазақстан  Республикасының  Білім  беру  жүйесін  реформалау  барысында  әрбір 



баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау 

аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін 

балалардың  физиологиялық  жағынан  мықты,  адамгершілік,  мәдениеттілік, 

еңбексүйгіштік  қасиеттері  мол,  ерік-жігері  күшті,  жұмыс  қабілеттеріне  ие,  білімге 

қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі 

мекеменің,  ата-аналардың  басты  міндеті  -  баланы  мектептегі  оқуға,  мектеп 

өмірінедаярлау.  

Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа 

орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде 

көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине 

баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның 

оқуға  психологиялық  жағынан  даярлауды  қарастыру  қажет.  Яғни,  бұл  баланың 

мотивациялық-қажеттілік  және  психикалық  үрдістерінің  дамуы  оқуда,  қарым-

қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші 

күннен  бастап  оқушыға  бірнеше  талаптар  қойып  және  баланы  ұқыптылық  пен 

зейінділікке тәрбиелейді.  

Мектепке алғаш бару бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа 

орынға  бейімделуі  мен  өсіп-жетілуінің  бір  бастамасы  болады.  Демек,  «Баланы 



мектепке  даярлау  қалай  болуы  керек?»  деген  сұрақтың  ата-ана  үшін  маңыз  артып, 

тиісті жауап іздейді. Бұл сұраққа көптеген ата-аналарда екі пікір қалыптасқан: бір ата-

аналар  алғаш  мектеп  табалдырығын  аттаған  күннен  бастап  данышпан  етуді  мақсат 

тұтса,  кейбіреулері,  керісінше,  бала  білмей  барса,  барлығын  мектепте  үйренуі 



тиіс  деген  пікірде.  Осы  пікірлердің  алтын  ортасын  қалай  таңдаймыз?  Баланы 

мектепке физикалық жағынан да, психологиялық жағынан да қалай дайындаймыз? 

Бірінші  сыныпқа  баратын  бала  жазу-сызуды  біліп  баруы  міндетті  емес,  оған 

барлығын  мектепте  үйретуге  міндетті.  Алайда,  қазіргі  заман  оқу  бағдаралмасының 

тапсырмаларын  ауыртпалықсыз  орындау  үшін,  іс-жүзінде  мектеп  табалдырығын 

аттамас бұрын жазу мен оқуды біліп барғаны дұрыс. Балаңыз мектепке бармас бұрын 

оқу-жазуды  білсе  —  жақсы!  Балаға  жазу-сызу  барысында  қарындашты  немесе 

қаламсапты  дұрыс  ұстап  үйретуді  ұмытпаңыз.  Баланың  сөйлеу  тілінде  кемістіктің 

болмауы  шарт,  сөйлеген  сөзінің  мағынасы  өзіне  түсінікті  болу  керек,  өзінің  ойын 

жеткізе алуы қажет. Жазып санауымен ғана шектеліп қана қоймай, салыстыра білуді 

және  талдауды,  ойлай  білуді  меңгере  алу  тиіс.  Сонымен  қатар,  өздігінен  қорытынды 

жасай білсе, көп нәрсені жақсы түсінеді. 


 

448 


 

Көрнекі  әрекеттік  ойлау  қабілеттілігі  жоғары  бала  көрнекі  үлгімен  жұмыс 

істегенде, заттардың кейпімен мөлшерін ұйқастырғанда қойылған міндеттерді шешуде 

тиімді әрекеттердің барлық түрін ұйымдастырып шығарады. 

Кез-келген ата-ана баланың өсіп жетілуіне, рухани күшті етіп тәрбиелеу жолында 

алуан  түрлі  қуаныш  пен  қиыншылықтарды  бастарынан  өткізе  отырып,  оның  рухани 

және ақыл ойы мен дене құрылысы жағынан жан-жақты дамуына баулуы керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет