Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет73/96
Дата08.01.2017
өлшемі14,44 Mb.
#1410
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   96

2.Дыбыс шығаратындар. 

1) Дауысының белгілі биіктігі жоқ музыкалық ойыншық-аспаптар: сылдырмақтар, 

бубендер, асатаяқ, тайтұяқтар, үшбұрыштар, ағаш қасықтар. 

2)Бір  ғана  биік  дыбыс  шығаратын  музвкалық  ойыншық-аспаптар:  сыбызғылар, 

кернейлер,  саз  сырнайлар,  шаңқобыздар.  Бұлардың  көмегімен  әр  алуан  ырғақтарды 

келтіруге болады. 

3)Шектеулі әуені бар ойыншықтар: кішкентай органдар, музыкалық шкатулкалар, 

музыкалық жәшіктер, оларда ойнаған кезде балалардың іс-әрекеті механикалық сипат 

алады. 

4)Диатоникалық және хроматикалық дыбыс қатарлары бар музыкалық ойыншық-



аспаптар:  металафон,  пианино,  рояльдар,  кларнеттер,  флейталар,  баяндар, 

гармошкалар, домбыралар, балалалайкалар және т.б. 

Барлық  музыкалық  аспаптардың  белгілі  бір  тобы  бар:  олар  шекті,  үрмелі  және 

соғып ойналатын болып бөлінеді. 



Шекті, яғни, домбыра, балалайка, цитра, жетіген, шаңқобыз т.б. болып табылады. 

Бала саусақтарымен немесе медиатормен шерткенде дыбыс шығады. 



Үрмелі, яғни, сыбызғы, саз сырнай, флейталар, дудочка т.б. Аспапты үрленгенде 

дыбыс шығады. 



Клавишті-тілді,  яғни,  баян,  акордион,  гармошка.  Пернелерін  басқанда  дыбыс 

шығады. 


Соқпалы-клавишті,  яғни,ойыншық  рояль,  пианино.  Металл  пластикаларды 

балғамен соққанда пернелері баслып дыбыс шығады. 



Соғып ойналатын, яғни, бубен, барабан, маракас, асатаяқ, үшбұрыш, тарелкалар, 

металлофондар т.б. 

Сондай  –ақ  аспап  ретінде    ас  үй  қасықтарын  пайдалануға  болады.  Қасықтарды 

соғып  ойнау  арқыл  ойнауға  болады.    Балаларға  қасықтарды  тек  қана  ас  үйде  ғана 

қолданбай аспаптар ретінде де қолдануға болатынын түсіндіріп өткен жөн. 

Ырғақты  сезімді  дамыту  үшін  соғып  ойналатын  барлық  музыкалық  аспаптарды 

немесе  тек  белгілі  биіктіктегі  дыбысы  бар  кез  келген  аспапты  пайдаланған  жақсы. 

Мысалы, «Музыкалық жаңғырық» ойынында бір бала өзінше ырғақ ойлап табады, ал 

келесісі оны қайталайды.Және сабақ барысында аспаптарды қолдана отырып аңдардың, 

жануарлардың  жүрістерін  келтіруге  болады.  Мысалы,  аю  келе  жатыр  десек  бала 

барабанды соғу арқылы жүрісін келтіреді. 

Музыкалық  аспапта  ойнау-  балалардың  қызықты  да  пайдалы  іс-әрекеті. 

Музыкалық ойыншықтар мен аспаптар бала өмірін әрлендіреді, оның көңілін көтереді 

және дербес шығармашылыққа деген талпынысын тудырады. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 



1.

 

Отбасы және балабақша.№6.2015ж, Алматы қаласы 050063 



 

764 


 

2.

 



Балалар  бақшасында  музыкалық  тәрбие  беру  методикасы  Н.А.Витлугина, 

И.Л.Дзержинская, Л.Н.Комиссарова. 

3.

 

Bilimdiler.kz сайты  



 

 

М.МОНТЕССОРИ  ӘДІСІН  ЗЕРТХАНА  ЖҰМЫСЫНДА  ҚОЛДАНУ 



 

Маманова Ж.Т 

ҚМҚК «Бәйтерек» балабақшасы 

Қарағанды қаласы 

 

          Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен 



қыр- сырын анықтап мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. 

Жаңа  заман  баласы  бүгінгі  қазақ  қоғамының  ұлттық  қазынасы.  Баланың  қабілетін 

қаншалықты  ерте  ашып,  дамытса,  оның  нәтижесі  де  соншалықты  жемісті  болмақ. 

Осыған  орай  жаңа  бағдарламалар  білімдерді  қабылдауға,  оларды  тиімді  қолдануға 

қабілетті, ортаға  мейлінше  тез  бейімделгіш  тұлғасын  қалыптастырудағы,  қоғамның, 

ата-аналар мен тәрбиешілердің талаптарын орындау мақсаттарын көздейді.  

          Білім  беру  салаларының  мазмұны  қоршаған  әлемнің  қыр-сырын,  адамдардың 

жан дүниесін, қоғамдық, әлеуметтік және жеке қатынастар табиғи және маусымдық 

құбылыстар  және  техника  және  ойыншықтар  әлемі,  әдебиет,  өнер,  сезім,  көңіл-күй 

және т.б. қамтиды. М.Монтессори атап кеткендей, баланың туғаннан азамат болғанға 

дейін барлық өмірі оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады.  

          Өсе  келе  бала  қажетті  дағды  мен  іскерлікті  меңгереді,  сонымен  қатар  балада 

тәуелсіздік,  өзіне-өзі  деген  сенімділік  сезімі  қалыптасады.  Монтессори  әдісі  балада 

өзінің  мүмкіндіктеріне  сай  дамуға  деген  қызығушылық,  жаңа  білімді  тануға 

құштарлығын оятады. Бала не істегісі келеді емес, неге дайын соны істейді. Ересектер 

ереже  ұсынады,  балалар  өз  бағытымен  сол  ережелерді  орындап,  дамиды.  Сонымен 

бала өз әрекетінің нәтижесіне жауапкершілік сезіммен қарайды. 

          Монтессори  педагогикасы  XX  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  итальяндық 

педагог, ғалым әрі ойшыл Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. 

Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген[1  

9б] 

 

Бала  –  ата-ананың  көз  қуанышы,  көңіл  жұбанышы.  Кез  келген  ата-ана  баласы 



үшін өмір сүреді деп ойлаймын. Халқымыз «Балалы үй базар» деп тегін айтпаса керек, 

отбасылық  өмірдің  мәні  мен  сәні  сәбимен  бірге  кіреді.  Үлкен  адамдардың  өміріне 

соншама  қуаныш  пен  шаттық  сыйлайтын  сәбилер  кейде,  керісінше,  ата-анасының 

көңіліне  уайым  мен  алаңдаушылық  ұялатып  жататыны  да  қоғамымыздағы  белгілі 

жәйт. 

        ХХІ  ғасыр  табалдырығын  білім  мен  ғылымды  инновациялық  технологиялық 



бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. 

Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән-мағыналы, 

өнегелі  тәрбиемен білім  беру  –  бүгінгі  күннің  басты  талабы  екені  бәрімізге белгілі. 

Баланың  



 

765 


 

жеке  тұлға  ретіндегі  дамуы  өзіндік  көзқарасының  қалыптасуы,  ой-өрісінің  кеңеюі 

балабақша  қабырғасында  басталатыны  сөзсіз.  Қай  кезеңде  болмасын  балабақшада 

Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар, 

тумысынан-ақ өсуге, жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтан да қарқынмен дамып бара 

жатқан 


мына 

заманда 


балабақшадағы 

педагогтардың 

ұлттық 

қалып,  


ұлттық 

мінезді 


сақтай 

отырып, 


бала 

тәрбиесінің 

әдістерін  

тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық. 

          Монтессори  әдістемесінің  ерекшелігі  оқытудың  бірыңғай  бағдарласасы 

болмайды, 

әркім 

табиғат 


берген 

жолымен 


жүреді.   

М.Монтессори  әдісі  балаларға  жауапкершілікті  сезінуге,  өздігінен  шешім 

қабылдауына,  топта  да,  жеке  де  жұмыс  жасай  алуына,  таңдау  жасай  алуына,  өз 

уақытын  ұйымдастыра  білуіне,  өзіне  сеніммен  қарауына  мүмкіндіктер  береді,  

қолайлы 

жағдай  


туғызады.  Бұл  әдістің  мақсаты  – балалардың  табиғи  мінезін,  қабілетін,  тәрбиешінің 

нұсқауымен 

емес, 

өз 


еркімен 

тәуелсіздік 

рухында 

тәрбиелеу. 

«Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер» дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу 

бұл  әдісте  мүлдем  жоқ[2  23б].  Ұйымдастырушысы  балаларға  әр  сала  жайлы 

қызықтыра  мағлұмат  береді.  Пайдаланған  заттардың  ең  басында  қалай  тұрғанын 

бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды. Бұл баланың 

қабілетін  ашуға,  үлкеннің  кішіге  мейірім,  қамқорлығын  сезінуге  мүмкіндік  берері 

сөзсіз. 


Қай 

салада 


жұмыс 

жасау  


бала  қалауында:  зертханада,  жаратылыстану,  аспан  әлемі,  асхана,  қолөнер,  

бейнелеу,  сумен,  т.б.  Еркін  жұмыс  жасау  барысында  жетістігін  өзі  көріп,  қатесінде  

өзі жөндеуі ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады  

деп 


ойлаймын. 

2015 


жылдан 

бастап 


біздің 

«Бәйтерек»  балабақшасы  

М.Монтессори  әдістемесі  бойынша  жұмыс  жүргізе  бастады.  Балабақшамыз 

Монтессори материалдарымен жабдықталған. Материалдармен балалар күннің екінші 

жартысында  жұмыс  жасайды.  Бала  орталықта  және  Монтессори  материалын  өзі 

тандайды. Тәрбиешілер материалдарды өзіндік ретімен қолданып, логикалық ретпен 

құрылған жаттығулар көмегімен бала үйреніп, жаттығуы үшін құрастырады және оны 

сипаттауын талап етеді. Заттардың көлемін, түсін, өлшемін, дыбысын ажырата алады. 

Алдарына  қойған  мәселені  шешуге  үйренеді,  өз  беттерімен  жұмыс  жасауға 

машықтанады.  Сенсорикалық  қабілеттері  дамиды.  Сөздік  қорлары,  ойлау  қабілеті 

артады.  Айналадағы  заттық  орта  туралы  түсініктері  қалыптасады.  Бала  өзінің 

қолдарымен  заттарды  тануға  үйренеді.  Байқағыштыққа,  түстерді  ажырата  біледі, 

қолдың  икемділігіне  бейімделеді.  Жаттығуларды орындау  барысында бала  бойында 

үлкен жауапкершілік, тиянақтылық, ұқыптылық сияқты қасиеттер пайда болады. Бала 

өзін өзі дамытады.  

        М.Монтессори  әдістемесі  балалардың  бойында    еркіндік      іс-әрекетін  өзінің 

жасауына 

еңбек 


іс- 

әрекетінде  өз    қалауымен  әрекет  жасауына  тәрбиеші  еркіндік  ортасын  

қалыптастыру. 

М.Монтессори 

әдістемесінің 

бағыттары 

әр  

түрлі. 


Менің 

алып 


отырғам 

бағытым 


зертханалық 

жұмыс.     

ХІХ  ғасырдың    ғылыми  техникасы  дамыған  заманда  техникалық  білім  беру, 


 

766 


 

балабақшадан  бастау  алғанын  Елбасы  да  қолдап  отыр.  Елбасымыз  Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде: «Білім беру жүйесі реформасының орталық буыны осы 

заманға сай білім беру үрдістерін, қазіргі заманғы әдістемелер мен  технологияларды 

жаппай  енгізу,  бұл  кезеңде  назарды  баланың  біліктілігін  аудару  қажет»  деп  атап 

көрсетті[3].  

М.Монтессори әдістемесі бойынша жүргізіп отырған зертханалық жұмыстың мақсаты: 

балаларға  қоршаған  ортадағы  табиғи  байлықтардың  адамдарға  беретін  пайдасы  

оның қасиетін түрлі қоспалар арқылы түр-түсін, пішінін, иісін, тағы басқа қасиеттерін 

өзгеріске 

түсетін 

түрлі 


тәжірибелер 

арқылы 


бақылауға 

үйрету. 


Балаларға  суға  тәжірибе  жасау  барысында  бақылағыштық  дағдыларын  жетілдіру 

арқылы сусыз  тіршілік  жоқ екендігін түсіндіру. Ол бүкіл тірі жан иесінің бойында 

бар. 

Су – тіршілік нәрі. Су – сұйық, қатты және газ тәрізді үш түрлі күйде болады. Судың 



көптеген  заттарды  оңай  ерітетін  және  бір  маңызды  қасиеті  бар.  Қанттың  шайда,  ас 

тұзының  

сорпада  қалай  еритінін  күнделікті  өмірде  көріп  жүрміз.  Сонымен    қатар  су  жер 

бетіндегі  алуан  түрлі  тұздар мен басқа  да  көптеген  қатты денелерді,  газдарды  еріте 

алады.  

Өз  іс  тәжірибемде  балаларды  сумен  таныстыра  отырып,  оның  пайдасы,  қасиеттері, 

маңызы туралы білімдері кеңейтілді. 

«Судың түсі қандай?» тәжірибесі.  

Мақсаты: Судың түсі болмайтындығын, оның мөлдір болатынын анықтау.  

Тәжірибе барысында  судың түсі қандай, судың түсі болмайтындығын, оның мөлдір 

болатындығын    тәжірибе  барысында  4  стаканға  су  құйып,  бірінші  

стаканға – қызыл гуашьті, екінші стаканға – көк және үшінші стаканға – ақ гуашьті 

салып, араластырып балалардың нені бақылағандықтарын төртінші стакандағы судың 

түсі 

қандай? 


Төртінші стакандағы судың түсі өзгерген жоқ, міне судың түсі жоқ, мөлдір.  

«Судың ісі қандай?» тәжірбиесі. 

Мақсаты: Судың атқаратын қызметімен таныстыру. 

Тәжірибе барысында боялған әр стакандарға шай қасық салынады. Балалардың нені 

бақылағандықтарын  боялған  стакандағы  қасықтар  көрінеді  ме,  төртінші  стакандағы 

қасық  анық  көрінеді,  бұдан  судың  мөлдір  түсті  екендігін    түсінеді.  Сонымен  қатар 

судың  атқаратын  ісі  қандай?  Екі  стаканға  су  құйып  бірінші  стаканға  валерианка 

тамшысын  тамызып,  араластырып,  әр  стакандағы  суды    иіскеп  көріп  екінші 

стакандағы  судың  дәмі  жоқ,  демек  табиғи  судың  иісі,  дәмі  болмайтындығына 

балалардың  көздері  жетті.  Су  қандай  пішінге  ие  болатындығын  сауыттың  көлеміне 

қарай суда пішін қалыптасады, егер суды салғышқа құйсақ, ол жайылып, ешқандай 

пішінге ие болмайтындығын балалар тәжірибе арқылы өздері жасап көрді. 


 

767 


 

 

«Су қандай пішінге ие болады?» тәжірибесі. 

Мақсаты: Су өзіндік нақты пішінге ие емес екендігін түсіндіру.  

Балалар судың түсі, пішіні, дәмі болмайтындығын бақылап, іс жүзінде танысты.  

Сауыттың  көлеміне  қарай  суда  пішін  қалыптасады,  егер  су  салғышқа  құйсақ  ол 

жайылып ешқандай пішінге ие болмайды. Сондықтан су ешқандай пішінге ие емес. 



«Судың еріткіш қасиеттері» тәжірибесі. 

Мақсаты: Судың кейбір заттарды ерітетін қасиеті барын түсіндіру.  

Судың кейбір заттарды ерітетін қасиеттері бар екендігін зертхана жұмысы барысында 

стаканға су құйып, әр стаканға өз қалауымен затты салып, шай қасықпен араластырып, 

стакандағы  су  мөлдір  болып  қалды  ма,  әлде  өзгерді  ме,  тұнба  қалды  ма?  Балалар 

заттардың  барлығы  суда    ери  бермейтіндігін  кейбір  заттар  толық  ериді,  бірі  тұнып 

қалады, ал кейбірі су бетінде қалқып, уақыт өте келе су түбінде тұнатындығын өздері 

жасап, көз жеткізді.  

Заттардың барлығы суда ери бермейді: кейбір заттар толық ериді, бірі тұнып қалады, 

ал кейбірі су бетінде қалқып уақыт өте су түбінде тұнады.  



«Тұзды және тұщы суда тұнбалардың түзуі» тәжірибесі. 

Мақсаты: Қандай суда тұнбалалар тез түзілетіндігін бақылау.  

Қандай судағы тұнбалар тез түзелетінін екі ыдысқа бірдей құм салып, екі стаканға да 

су  құйып,  екі  стаканның  біреуіне  тұз  салып,  екі  стакандағы  затты  да  жақсылап 

араластырып,  бірнеше  минуттан  соң балалардың  нені байқағандарын,  тұзды  судағы 

заттар тез еріп, судың астында тұнба тез түзеледі де, су мөлдірленеді. Ал тұщы судағы 

заттар судың жоғарғы бетінде қалқып қалатындығын жұмыс барысында білді. Тұзды 

судағы заттар тез еріп, судың астына тұнба тез түзіледі де, су мөлдірленеді. Ал тұщы 

судағы заттар судың жоғарғы бетінде қалқып қалады.  

«Жүзеді немесе батады» тәжірибесі. 

Мақсаты:  Баланың  түрлі  заттардың  суда  жүзуін  немесе  батуын  зерттеуге 

ынталандыру. 

Кейбір заттар суда жүзіп, батуын зертхана жұмысында тәжірибе жасау арқылы тас, 

темірдің, матаның, шынының суда бататындығын, ал ағаш, қағаз су бетінде қалқып 

жүзетіндіктерін қызыға бақылады. Осындай зертханалық жұмыстардың нәтижесінде 

балалар су сұйық, қатты және газ тәрізді үш күйде болатындығын тәжірибе жүзінде 

танысып,  судың  қасиетінің    түрлі  қоспалар  арқылы  өзгеріске  түсетінін  бақылады. 

Осыған  сүйене  отырып,  балаларға  судың  қасиетін,  пайдасын  іс  тәжірибе  жүзінде 

түсіндіру ретінде қолдандық. 



 

768 


 

     М.Монтессори  зертханасында  суды    ерекше  қарастырып  отырған  себебі 

табиғаттағы бар құбылыс сумен байланысты. Сумен байланысты болғандықтан, судың 

қасиетін  жете  ашу,  судың  тіршілік  көзі  екенін,  оның  адамзатқа  берер  пайдасы  мен 

залалын айта отырып, судың құрамын, оның пайдалану барасындағы ерекшелігін атап 

көрсету. «Судың да сұрауы бар» демекші суды мөлшерден тыс пайдаланған да зиян 

болып келеді. Жыл мезгіліндегі табиғат құбылыстарына назар аударсақ қыста қардың 

мөлшерден тыс жаууына байланысты кейбір жерлерде су тасқыны болса, кейбір жерде 

құрғақшылық  жиі  кездесуде.  Республикамыздың  кейбір  аймақтарында  судың 

тапшылығы  да  байқалады.  Көктем  мезгілінде  еліміздің  кейбір  аймақтарын  су  басу 

қауіпі жиілеп кетті. Осындай судың көп мөлшерде болуы, жерімізге көрік беріп тұрған 

әдемі  ағаштар  мен  жайқалған  гүлдердің,  шіріп  өспей  қалуына  себеп  болып  отыр. 

Сондықтан  балаларға  табиғат  құбылысындағы  өзгеріске  назар  аударып,  суды 

үнемдеуге,  ысырап  жасамауға  үйрету  барысында  судың  қасиеті  мен  маңызын  бала 

бойына түсіндіру, сіңіру.  

        Қорыта  келгенде  балаларға  ерте  жастан  судың  қасиетін,  маңызын,  пайдасын 

түсіндіру арқылы мөлшерден тыс пайдалану, ысырап жасау қандай жағдайға апарып 

соқтыратынын түсіндіру. Су біздің байлығымыз, оған қамқорлықпен қарау әр уақытта 

есімізде болып, жадымызда сақтай білейік.  

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1. Бала мен балабақша №5, 2015 ж. 

2. М.Монтессори. Балалар үйі. Ғылыми педагогика әдісі. Гомель, 1993 ж. 

3. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы. 2011 ж. 

 

 



МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР ТАНЫМЫНА ҚАРАПАЙЫМ 

МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЕРТЕГІНІҢ РӨЛІ 



 

Махамбетова С.С., Мамилина А.С. 

№23 «Ақниет» б/б КМҚК 

 

Бүгінгі  таңда  тұлғаның  алғашқы  түсінігі  төмендегі  қасиеттерді  негізге  алады: 



әлеуметтік және интеллектуалдық құзіреттілік, креативтілік, бастамашылық, дербестік 

пен жауапкершілік, қатынастық.  

Баланың  интелектуалдық  дамуының,  танымдық  және  шығармашылық 

қабілеттерінің  қалыптасуының  мықты  факторы  ол-математика.  Ол  арқылы  баланың 

сөйлеуі,  есте  сақтауы,  қиялы,  эмоциялары  дамиды,  ерік-жігер  қасиеті  мен  тұлғаның 

шығармашылық ұстанымы қалыптасады.  

Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  ұнатып  айналысар  нәрсесі  не?  Әрине,  ертегі 

тыңдап, ойын ойнау. 

Бұл  ретте,  алалардың  жатқа  білетін  халық  ертегілері  мен  жазушылардың 

ертегілері-  біздің  баға  жетпес  көмекшілеріміз.  Олардың  қайсы  болмасын  түрлі 

математикалық  жағдаяттардың  табылмас  кені.  Оны  балалар  өздігінен  игеріп  кетеді. 

«Мақта  қыз»  ,  «Бауырсақ»  сандар  ретімен  таныстырады.    «Үйшікей» 



 

769 


 

және  «Шалқан»  сан  мөлшері  мен  ретімен  таныстырып  қана  қоймай,  арифметика 

негіздерін  үйретеді.  «Үш  аю»  ертегісінің  көмегімен  балалардың  көлемдер  жайлы 

білімін  бекітіп,  схема  бойынша  модель  жасауға  үйретуге  болады.  «Қызыл  телпек» 

ертегісін оқи отырып, «ұзын» және «қысқа» ұғымдары жайлы түсіндіре кетуге болады  

Бірақ ертегіні құр оқып беру ол жеткіліксіз. Математикалық  ертегілерді сахналау 

арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін ұйымдастыру жұмысымызға негіз болуда. Біз  

қарапайым  матматикалық  ұғымдарды  қалыптастыру  пәнінде  тақырыптарды  ертегі 

желісімен  меңгертуді  жұмысымызда  кеңінен  қолданамыз.  Себебі,  ертегі  орын  алған 

жерде әрдайым жақсы көңіл-күй болады. Сондықтан да біз математикалық ұғымдарды 

қалыптастыру  барысында,  балаларға  ертегіде  ойнауды,  «ертегіге  ену»  әдісі  арқылы 

оның бір кейіпкері болып, ғажайып ертегі әлеміне аттануды ұсынамыз.  

Бұл    балалар  бойына  аталмыш  іс-әрекетке  қызығушылығын  арттырып,  санау, 

кеңістікті  ,  уақытты  бағдарлау,  сонымен  қатар  басқа  да  математикалық 

бағдарламаларды  игертуге  мүмкіндік  береді.  Ертегі  арқылы    өткен  материалды 

қайталап және бекітіп қана қоймай, балаларды жаңа тақырыппен таныстыруға болады.  

      Кез-келген математикалық ертегі «Баяғы бір заманда,  бағзы бір мемлекетте…» 

деп  басталады.  Ертегі  сюжеті  балалар  әдебиетінің  әлемдік  жауһарларының 

үзінділерінен алынуы мүмкін.  

Мысалы,  Е.Шварцтың  «Жоғалған  уақыт  ертегісі»,  «Масақ»  және  «Аққу-қаздар» 

желісі бойынша құрастырылған ҰОІӘ-рі балаларға өте ұнады.  

Осылайша, «Пішіндер қаласына саяхат» және «Ойыншықтар не дейді?» ертегілері 

туындады. Ал, көңілді смешариктар жайлы математикалық ертегінің тууына балалар өзі 

себепкер болды. Бірден бірнеше ертегіге саяхат балаларды қызықтырады.  

Ертегі  құрастырып  саханалау  арқылы,  біз  оған  үлестірмелермен  қатар 

мультимедиялық ілеспе ойластырамыз.  

Осылайша,  Пішіндер  қаласына  аттану  үшін  бізге  қала  көшелері    бейнеленген 

магнитті  ширма,  оның  терезелеріне  балалар  геометриялық  пішіндер-«тұрғындарды» 

орналастыра отырып, кеңістікті бағдарлау білігін көрсетті. 

«Смешариктардың  басынан  кешкендері»  және  «Ертегі  қамалы»  әдістемелері 

көпфункционалды,  екі  ұзындықта  орындалады,  олардың  көмегімен  түрлі 

тақырыптарды;(мөлшерлік  және  реттік  санауды,  көрнекілік  негізінде  қарапайым 

арифметикалық  есептерді  шешуге,  геометриялық  пішіндер  жайлы  білімін  бекіту)   

меңгертуге болады. 

Компьютеризациялау  ғасыры  біздің  балабақшаға  да  қадам    басты. 

Мультимедиялық  құрылғы  кез-келген  ҰОІӘ-нде    ертегі  атмосферасын  жасауға 

мүмкіндік береді. Ғажайып экран ғарыш кемесінің немесе уақыт машинасының басқару 

пультіне  айнала  алады.  Қажет  жағдайда  дәстүрлі  фланелеграфты  алмастыра  алады.  

«Ғажайып  экранның»  көмегімен  ізденушілікке  негіз  болатын  тосын  сәттер  танымал 

мультфильмдердің кейіпкерлерімен әңгімелесуге болады.  

   Осылайша, мен нық түрде: математика – бұл тіпті қиын емес деп айта аламыз.  

Әсіресе, бала жүрегіне кілт таба алсаңыз. Кілт ол-ертегі!  

Ертегі әлемінің есігін айқара аша тұрып,  балаларды математикамен таныстырып 

қана  қоймай,  оларды  мейірімділікке,  сенімділікке,  бір-біріне  қол  ұшын  беруге, 

танымпаздыққа және қиындықты жеңе білуге үйретуге болады. 


 

770 


 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 



1.

 

Березина  Р.Л.,  Михаилова  З.А.,  Столяр  А.А.  «Формирование  элементарных 



математических представлении у дошкольников» М.,1988. 

2.

 



Ерофеева  Т.И.  «Математика  для  дошкольников.  Книга  для  восптитателей 

детского сада» М.,2007. 

3.

 

Фидлер М. «Математика уже в детском саду» М.,1991. 



 

 

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫН ОЙНАТУ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫ 



ТӘРБИЕЛЕУ 

 

Маханова А.Ж., Мамырова Г.Т., Жуматаева А.К., 

КГКП д\с № 27 «Балдаурен» 

 

 

Ұлы ғалым философ Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие 

керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы, ол  келешекте оның өміріне қауіп 

әкеледі»- деген екен. Олай болса, бала бақша болашақта бүлдіршіндерді ата дәстүрін 

сақтайтын, инабатты да ибалы, үлкен –кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы. 

Бала  өмірге  қадам  басардағы  алғашқы  қимыл  әрекеті-  ойын,  сондықтан  оның  мәні 

ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер 

бала болама?»- деп айқындай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын мектеп 

жасына  дейінгі  баланың  жеке  басының  дамуына  ықпал  ететін  тәрбие  құралы.  Ойын 

баланың  барлық  қабілетінің  дамуына  айналасындағы  дүние  жайлы  түсініктерінің 

кеңейуіне,  тілінің  дамуына  құрбылармен  жақындасуына  көмектеседі.  Баланың 

қуанышы  мен  реніші  ойын  арқылы  көрінеді.  Балалар  ойын  арқылы  тез  тіл  табысып, 

жақсы ұғысады, бірінен- бірі ептілікті үйренеді. Халқымыз ойындарға тек балаларды 

алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез- құлқының қалыптастыру құралы 

деп  те  ерекше  бағалаған.  Бөбектерді  тәрбиелеуде  ұлттық  ойындардың  берері  мол. 

Мысалы:  «Ойна  да  ойлан»  атты  тәрбие  жұмысында  балаларға  сан,  пішін,  көлем, 

кеңістікті,  уақытты  бағдарлауға  үйретуде  қазақтың  ұлттық  ойындары  «Теңге  алу», 

«Көңілді керуен» ойындарын ойнатуға болады. Көрнекті құралдарға ұлтық бұйымдар 

мен ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану.  

ХХІ  –  ғасыр  білімділер  ғасыры  болғандықтан  бүгінгі  таңда  заманымызға  сай 

зерделі, ой - өрісі жоғары, жан – жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің 

алға  қойған  аса  маңызды  міндеті  болып  тұр.  Тәрбие  мен  білімнің  алғашқы  дәні  – 

мектепке  дейінгі  тәрбие  ошағында  беріледі.  Бала  денсаулығының  мықты  болып, 

қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. 

Ойынды ойнату мен үйретудің мақсаты: 

- ұлттық ойындар дене шынықтыру іс-әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың 

дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру; 


 

771 


 

-  қазақ  халқының  ерлік-жауынгерлік  тарихын  ұрпаққа  ерліктің  өшпес  үлгісін 

қалдырған хас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын 

ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;  

-  жас  ұрпақты  өздігінен  білім  деңгейін  көтеруге  үйретіп  өзін-өзі  тәрбиелеуге 

дағдыландыру. 

         Ұлттық 

ойын 


ойнатудың 

негізгі 


мақсаты: 

балалардың  денсаулығын  нығайту;  денені  шынықтыру;  мәдениетін  қалыптастыру; 

өзін-өзі  тәрбиелеу,  өзін-өзі  жетілдіру.  Ойынды  ойнату  мен  үйретудің  міндеттері: 

қажетті  дене  қозғалыс  дағдыларын,  танымдық-қозғалыс  белсенділігін  арттыру; 

қалыптастыратын  дене  жаттығуларының  негізгі  түрлерімен  балаларды  таныстыру; 

денсаулықты  нығайтуға  бағытталған  қозғалыс  әрекеттерімен  дене  жаттығуларының 

негізгі түрлерін балаларға меңгерту; қызығушылығын қалыптастырып дамыту. 

Оқу  іс-әрекеттерінде  бағдарламаның  мазмұнына  қарай  сергіту  жаттығулары 

ретінде қолдануға болады. Дене  шынықтыру іс-әрекеттерінде қимылды ойын ретінде 

ұлттық  ойындарды  алуда  тәрбиешінің  өз  еркінде.  Мектепке  дейінгі  ұйымдарда 

ұйымдастырылған тіршілік әрекетінің күн тәртібінде жоспарлауға болады. 

Ойын  –  мектеп  жасына  дейінгі  балалар  іс-әрекеттерінің  негізгі  түрі.  Ойын  – 

баланың, бүкіл балалар коллективінің дамуында басты роль атқарады. Балаларға ұлттық 

ойындар  арқылы  халқымыздың  тарихын,  мәдениетін  таныстыру  қолға  алынған. 

Жинақтағы  ұлттық  ойындардың  тәрбиелік  мәні  зор.  Мектепке  дейінгі  мекемеге 

әдістемелік  құрал  болып  табылады.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  қоғамдық 

құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс-әркетін өз түсінігінше әрекеті арқылы 

бейнелеуі  ойын  болып  саналады.  Ойынның  шығу  тарихына  шолу  жасауда  көңіл 

аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, 

яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз. Балалар тек ойнап қана қоймайды, 

сонымен  бірге  ойлайды,  аңғарады,  көп  нәрсені  білуге,  зерттеуге  талпынады.  Яғни, 

қазіргі  заман  ағымына  қарай  белсене  қатысады.  Аса  көрнекті  үздік  педагог 

Н.К.Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп толғанады: «Ойын – өсіп келе жатқан 

бала  организмінің  қажеті.  Ойында  баланың  дене  күші  артады,  қолы  қатайып,  денесі 

шыңдала  түседі,  көзі  қырағыланады,  зеректілігі,  тапқырлығы,  ынтасы  артып  жетіле 

түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады». 

Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты 

болып  бітуге  пайдасы  зор.  Бір-ақ  мысал  келтіріп  кетейін:  «Қуыр-қуыр,  қуырмаш» 

ойыны балалардың саусақ маторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін 

көтеруге қолдануға болады. Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната 

отырып жан-жақты тәрбиелейміз.  

Қазақ халқы саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін 

дамытқан.  Ойын  баланың  көңілін  өсіріп,  бойын  сергітіп  қана  қоймай,  оның  өмір 

құбылыстары жайлы таным түсінігіне де әсер етеді. Оның үстінде дене қимылы арқылы 

өзінің  денсаулығын  нығайтады.  Қазақтың  көне  жыр  дастандарында  ұлттық  ойындар 

балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алған. Мысалы: «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер 

Тарғын»  сияқты  эпостық  жырларда  елін  сүйген  батырлардың  жұртшылық 

сүйіспеншілігіне бөленген ер жігіттердің ең алдымен ұлттық ойындарда сайысқа түсіп, 

одан  кейін  көп  кісі  қатысқан  ойын-сауықтарда  өздерінің  мергендік,  палуандық, 


 

772 


 

шабандоздық  шеберліктерін  көрсеткендері  айтылады.  «Балалар  ойыны»,  «Ақсүйек» 

«Асық ойнау», «Аударыспақ», «Жұмбақ айтыс» өте ерте заманда пайда болған. Мұның 

өзі біздің ата-бабаларымыздың ұлттық ойындарының ғасырлар бойы өмір сүргендігін 

айқын 

көрсетеді.  



Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық 

сақтауға негізделеді. Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып 

табылады.  

Бүгінде  ұлттық  ойынды  балабақшаларда  адамгершілікке,  батылдыққа, 

шапшаңдыққа,  ептілікке,  тапқырлыққа,  табандылыққа,  байсалдыққа  тәрбиелеу  басты 

мәселе болып отыр. Сол себепті қазіргі кезде балабақшаларда осыған байланысты кең 

түрде ұлттық ойындарды ойнату ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жиі қолданылуда.  

В.А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда, «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ 

және  болуы  да  мүмкін  емес».  Өсіп  келе  жатқан  бала  ағзасы  үшін  ойын  өте  қажет. 

Ойында  баланың  дене  күші  артады,  қолы  қатайып,  денесі  шыңдала  түседі,  көзі 

қырағыланады,  зеректілігі,  тапқырлығы,  ынтасы  артып,  жетіле  түседі.  Ойында 

балалардың  ұйымдастырушылық  дағдылары  қалыптасып  шындалады,  ұстамдылығы, 

іскерлігі 

дамиды.  

Ойын  –  балалар  үшін  күрделі  әрекет.  Дене  тәрбиесінен  оқу  іс-әрекеті  балаларға 

ойынның бағытын бере отырып, оның әділ және дұрыс өтуін қадағалаған жөн. Өйткені, 

мұның балаларға салауатты өмір салтын қалыптастыруда тәрбиелік маңызы зор. Жан-

жақты  дамыған  денсаулығы  мықты  дара  тұлғаларды  тәрбиелеу  ежелден  –ақ  халық 

дәстүрі.  

Халқымыздың  әдет-ғұрпын,  ойын-сауықтарын,  ұлттық  ойындарын  зерттеген  қазақ 

ғалымы Ешмұхаммед Букинді – дене тәрбиесінің тұңғыш ұстазы деп айтуға толық негіз 

бар.  Ол  жергілікті  мамандар  арасында  бірінші  болып  «гимнастика»  деген  терминге 

ғылыми  тұрғыдан  түсініктеме  берді,  демек  адам  баласы  үшін  жас  ерекшеліктеріне 

қарамастан атқаратын рөлін баяндады. Халқымыздың ұлттық ойындарының көпшілігі 

«ойлауды қажет ететін ойындарға» жатады. Балабақшада өткізілетін қимылдық ойын 

түрлері баланы ептілікке, зейінділікке, ұқыптылыққа баулиды. Ұлттық ойындар – ата – 

бабаларымыздан бізге байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті 

тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын 

баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді. 

Ойын  дегеніміз  –  ұшқын,  білімге  құмарлық  пен  еліктеудің  маздай  жасаған  оты. 

Міне, ойын дегеніміз - тынысын кең алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға 

қиялмен қанат беретін осындай ғажап нәрсе ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір 

тынысы. 

 Балаларға  арналған  ұлттық  ойын  түрлері,  мысалы:  «Айгөлек»,  «Қанталапай», 

«Арқаласпақ», «Тақия тастамақ», «Түйілген орамал», «Арқан тартыс», «Аударыспақ», 

«Асық ойын», «Хан», «Бес тас», «Тартыс» т.с.с. ойындар – балалардың дене бітімінің 

ғана емес, ақыл–ойынның жаттықтырушысы.  

Бүгінгі  және  болашақ  ұрпақ  ұлттық  ойындардың  өзі  адам  еңбегінің  жемісі, 

халықтың  қиялы,  ой  құбылысының  көрінісі,  дүниені  танып,  білуге  талпынысының 

нышаны  ретінде  өмірге  келгенін,  оның  бар  өнердің  бастамасы,  халықтың  әлеуметтік 

экономикалық  өмірінің  айнасы  екенін  білуі  тиіс.  Ұлттық  ойындар  сол  халықтың 


 

773 


 

әлеуметтік  экономикалық  жағдайларына  байланысты  туып,  дамыған.  Өйткені,  қазақ 

халқының  ұлттық  ойындары  өте  ертеде  туып,  оның  тұрмыс  жағдайларына  үйлесімді 

жасалғандай 

әсер 

етеді.  


Ойын  арқылы  шынығып,  өзінің  бойындағы  табиғи  дарынын  шыңдай  түседі.  Ойынға 

халық ерекше мән берген. Сондықтан халық оған тек ойынсауық, көңіл көтеретін орын 

деп қана қарамаған. Ең бастысы ел қорғауға қабілетті болашақ қайраткер, өзінің осы 

қабілетін шаршы топтың алдында, баршаға тең (досқа да, дұшпанға да) еркін бәсекеде 

көрсетуге  тиіс  болған.  Сондай-ақ,  талапты  жас  ойын  өнеріне  өзінен  жасы  үлкен, 

танымал  ұстаздан  үйреніп,  жаттығатынын,  аянбай  тер  төгетінін  байқаймыз.  Ұлттық 

ойындар осылайша атадан балаға, үлкеннен ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің 

сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп. Бірін – бірі толықтырып, байыта түседі. 

Өзінің  өлең  жырларында  халық  ойынды  тәрбие  құралы  деп  танып,  оның  жастарды 

ойландырып, толғандыратын қасиеттерін аша түседі. Ойын тек жас адамның дене күш 

қуатын  молайтып,  оны  шапшаңдыққа,  дәлдікке  ғана  тәрбиелеп  қоймай,  оның  ақыл 

ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.  

Халқымыздың  ұлы  перезенттерінің  бірі,  заманымыздың  аса  көрнекі  жазушы 

М.О.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған 

алуан  өнері  бар  ғой.  Ойын  деген,  менің  түсінуімше,  көңіл  көтеру,  жұрттың  көзін 

қуантып,  көңілін  шаттандыру  ғана  емес,  ойынның  өзінше  бір  ерекше  мағаналары 

болған», деп тегіннен тегін айтпаса керек. 

Заман  өзгерген  сайын  адам  баласының  басынан  өткендері  баланың  ойынында 

көрініс табатынынан ешкім де шек келтірмес. Ең бастысы ойын барысында баланы жан-

жақты  ойлануға,  өзгелердің  пікірімен  санасуға,  ортақ  тіл  табысып,  тез  арада  шешім 

қабылдауға,  ойынды  шыншыл  ойнауға,  адал  болуға,  жалған  сөйлемеуге, 

жанашарлыққа, кешірімді болуға баулу қажет. Тәрбиеші балалардың физиологиялық, 

психологиялық  ерекшеліктерін  есте  ұстап,  ұлттық  қозғалыс  ойындарын  балабақша 

өмірінде жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастыра білгені жөн. Ойын жас ерекшеліктеріне 

сай келмесе, кері әсерін тигізуі мүмкін. Сонымен қатар ойындар баланың белсенділігін 

арттырып,  тәртібіне  де  оң  әсерін  тигізеді,  өзіне  де  баға  бере  алады.  Әрбір  ойын  – 

балалардың  адамгершілік  жолындағы  бір  көтерілер  баспалдағы  секілді.    Жалпы, 

қазақтың ұлттық ойындарының қай-қайсысының да қоғамдық және әлеуметтік мәні зор. 

Бұған  қоса,  ұлттық  ойындар  қазақ  халқының  о  бастан  ерекше  мәдениетті  болғанын 

айқындайды. Ата-бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың береке-бірлігі мен 

ынтымағын  жарастырып  отырған.  Шындығына  келсек,  адамның  өмір  сүруінде 

қазақтың ұлттық ойындарының атқаратын маңызы ерекше. Басқаны былай қойғанда, әр 

ұлттық  ойын  оған  қатысушыны  өмір  сүруге  бейімдеп  ғана  қоймай,  қиындықтан 

қорықпай, қарсы тұра білуге үйретеді. Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан 

балаға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты 

да  қажірлі  бала  өсіру  үшін  ұлттық  ойындарды  үйретіп  отырған  дұрыс.  

Өйткені жас бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да білсін!  

«Қазіргі  таңда  халықтың,  елдің,  балабақшаның  және  отбасының  басты  міндеті- 

жаңа заман талаптарына сай келетін, жан-жақты дамыған, құзіреттілігі жоғары, ұлттық 

психологиясы және ұлттық санасы қалыптасқан ұрпақты өсіру, оларға білім беру жіне 

жеткізу болып табылады. 


 

774 


 

Н.Назарбаев. 

 

Әдебиеттер:  



1.  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті білім  беру  стандарты. 

Мектепке 

дейінгі 

тәрбие 


мен 

оқыту. 


Астана, 


2008.  

2. 


«Тәй-тәй» 

технологиясы 

(негізгі 

ережелер).  

3. 

Молдагаринов 



А. 

«Казахские 

детские 

игры». 


Алматы, 


2005.  

4. 


«Қазақстан 

мектебі» 

журналы. 

№9-10, 


2005.  

5. Төтенаев Б. «Қазақтың ұлттық ойындары». – Алматы, 2002. 

 

 

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ  ЕРЕКШЕЛІГІ 



 

Медетова Назигул Тлеубекқызы 

Шаймаганбетова Зауреш Мынжасаровна 

№36 жалпы білім беретін орта мектеп 

 

Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқыту    және  тәрбиелеу    білім  беру  жүйесінің 



бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Бұл орайда ҚР Үкіметінің  2011-2020 жылдарға 

арналған бағдарламасы  іске асырылуда. Мұнда  білім саласы мамандарына арналған 

міндеттер  барысында  ақыл-ойы  қалыпты  дамитын  балалармен  қатар  мүмкіндігі 

шектеулі  балалардың  да  білім  алуына  барлық  жағдайды  жасау  керектігі  жүктелген. 

Қазақстан Республикасында әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін Мемлекет тарапынан 

көптеген шаралар енгізіліп жатыр.  

Кемтар  балаларды  әлеуметтiк  және  медициналық-педагогикалық  түзеу  арқылы 

қолдау  туралы  Қазақстан  Республикасының  2002  жылғы  11  шілдедегі  заңында  даму 

мүмкіндігі  шектелген  барлық  балалар  психологиялық-медицина-педагогикалық 

кеңестің қортындысына сәйкес арнайы түзету мекемелерінде және мемлекеттік білім 

жалпы беретін мектептерде тегін оқуға құқылы делінген. 

Инклюзивті оқыту – мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар 

балалардың  дені  сау  балалармен  бірге  олардың  әлеметтендіру  және  интеграция 

процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. 

Инклюзивті  оқытуды  ашқан  мектептерде  оқыған  балалар  адам  құқығы  туралы 

білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып 

білуге, қабылдауға үйренеді. 

Көмекші  бағдарламамен  жалпы  мектепте  оқитын  балалар  бағдарламаны  толық 

игерген болса, ол балаға арнайы куәлік беріледі, ал игермесе онда анықтама берулері 

қажет. (Департаментке ұсыныс беру арқылы). 

Кемтар балаларға жалпы мектептің куәлігін беруге болмайды, олар тек 9 сыныпты 

игеріп бітіргеннен кейін профтехникалық лицейлерге жіберіледі. 

Қоғамдағы  мүгедектердің  жағдайы,  олар  бастан  өткеруге  мәжбүр  қиындықтар 

туралы  пікірталастар  жиі  орын  алып  келеді.  Алайда  ересек  мүгедектердің  өз 

құқықтарын  іске  асыруына  байланысты  мүгедектік  проблемалары  жиі  іске  алынып 

жатады,  ал  кемтар  балалардың  жағдайына  тиісті  көңіл  бөлінбейді.  Бұл  кемтар 



 

775 


 

балаларды  психологиялық  бейімдеу  және  қоғамға  кіріктіру  мәселелерінен  бастап, 

олардың тұлға ретінде қажетсіздігіне дейінгі саладағы проблемалар санының көптігіне 

қарамастан орын алуда. Бұл баланың адамзаттық ар - ожданын кемсітетін , оның дамуға 

және  тіпті  өмір  сүруге  құқығын  іске  асыруына  кедергі  келтіретін  әр  түрлі  кемсітуші 

көріністер болып табылады  Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға 

олардың ерекшелітерінен тыс сапалы білім беру болып табылады.  Баланың шындықты 

тануға  ақыл  -  ой  сезімі  ең  алдымен  таңданудан  басталады  .  Таңдану  баланың  әрбір 

нәрсенің,  құбылыстың,  оқиғаның  мән  -  жайын  танып,  оларды  тереңірек  түсінуіне 

жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін тудырады. Ақыл - ой сезімі адамның кез келген 

әрекеттегі рухтандырушылық маңызы зор көңіл - күй болып табылады. Ал сондай ақыл 

-  ой  сезімі  кейбір  балада  жетілмей  артта  қалып  қояды.  Оның  себебі  негізіне  тұқым 

қуалаушылық, ортаның экологиялық әсері , отбасының әлеуметтік жағдайы . Мұндай 

ауруларға  ұшырау  салдарынан  жапа  шеккен  балалар,  дене  кемістіктеріне  ақыл  -  ой 

кемшілігі қосылып, ақыл - есі тоқырап қалған балалар, тағы да басқа себептермен кеміс 

болып қалғандар жатады. Сонымен бұл топқа дені сау, бірақ тұрмыс жағдайының ауыр 

болу себептерінен бір қалыпты дамымай қалған балаларды да қосамыз. Мұндай жәйттер 

негізінен әлеуметтік жағдайларға байланысты.  

Ақыл  -  ойы  кем  болған  балаларға  әлеуметтік  көмек  көрсету  барысында 

медициналық  бейімдеудің  маңызы  зор.  Осындай  ақыл  -  ойы  кем  балалармен  жігерлі 

терапия  жүргізе  отырып,  оларға  дәрілік  емдеу,  физио,  психотерапия,  емдік  дене 

шынықтыру 

жаттығулары, 

жалпы 


денсаулыққа 

пайдалы 


емдеу 

шаралары         қолданылады. 

Ақыл  ойы  -  кем  балаларды  оқытудың  негізгі  әдісі  -  біріктіру  болып  табылады  . 

Біріктіре  оқыту  арқылы  бала  дамуының  ерекшеліктерін  анықтап  ,  білім  беру 

стандартына сай қалыпты дамуын қадағалап , зейін тұрақтылықтарын дамыта отырып 

оқыту, тәрбиелеу - басты мақсат болып отыр.  

Біріктіру әдісі - білімді түзетудің, дамытудың заңдылығы болып табылады.  

Біріктіре оқыту келесі қағидалар негізінде жүргізіледі:  

- дамуындағы кемшілікті ерте бастан түзету;  

-  дамуында  ауытқуы  бар  балалардың  бірнеше  қызметтерін  қалпына  келтіру 

қабілеттері.  

- Біріктіре оқыған балаға түзету көмектері міндетті:  

Біріктіре  оқуға  негізделген  балаларды  таңдау  психоэмоционалдық  дамуы  терең 

бұзылған  балалар  қалыпты  балалар  арасында  тәрбиелене  алмайды.  Ақыл  -  ойы  кем 

балалардың психологиялық қауіпсіздігін сақтау, мейірімділік пен қамқорлық жағдайын 

туғызу, олардың қиыншылығын түсіну және жағдай жасау.        

«Ең  бастысы  мүгедек  балаларды  сәби  кезінен  бастап  анықтап,  олардың  ортаға 

бейімделуіне жағдай жасауымыз керек. Сондықтан күндізгі шағын стационар да арнайы 

жұмыс  тобын  құрып,  әр  баланың  қабілет  –  қарымын  анықтап,  дұрыс  бағыт  –  бағдар 

беріп, жарымжан балалардың жастайынан жасық болып өсуіне жол бермеуіміз керек».  

Инклюзивті  білім  беру  жүйесін  дамытуға  Үкіметтен  бастап,  мектептерге  дейін  мән 

берілуде . Жарымжан балаларды оқыту процесінде ерте бейімдеудің маңызы зор. Тек 

оқытып  ғана  қоймай,  мемлекеттің  әлеуметтік  қамсыздандыру  мен  денсаулық  сақтау 


 

776 


 

қызметін  тарту  қажет.  Жалпы  баланы  қоғамға  бейімдеу  мен  оқытуда  ерте 

диагностикалау мен түзету маңызды.  

Инклюзивті  білім  беру  жүйесін  дамытуда  «Мүгедектердің  құқықтары  туралы» 

Конвенция  аясында  инклюзивті  білім  беруді  дамытудың  ұлттық  жоспарын  жасап, 

сапалы білім алуды қамтамасыз ету үшін қоғамдық институттардың тәжірибесін ескере 

отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарды үздіксіз оқытудың тұжырымдамасын жасау аса 

қажет болмақ . Мүмкіндіктері шектеулі балалардың үйде білім алуын қамтамасыз ету, 

жай және арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан оқытуға 

жағдай жасау мемлекеттің басты мақсаттарының бірі болып табылады . Осыған орай 

мәселелерді шешу жолында әр мұғалім бағдарламаға сай шағын электронды оқулықтар 

дайындап  ,  үлгерімі  төмен  және  мүмкіндігі  шектеулі  оқушылармен  жеке  жұмыс 

түрлерін жүргізгені жөн . Әр оқушының үлгермеу себебін анықтап , мүгедек баланың 

диагнозына қарай жұмыс жүргізсе, оқушының білімге деген құлшынысы артып , өзіндік 

дарындылығы айқындалады деп ойлаймын.  Жаңаша білім берудің негізгі тәжірибелік 

міндеттерін шешуде мектептегі жаңалықтармен дамуды , қолданылған әрекеттер мен 

құралдардың  тиімділігін  диагностикалау  негізінде  анықтауға  болады.  Осыған 

байланысты  педагогтар  өз  қызметінің  обьектісіне  әлеуметтік  психологиялық  және 

педагогикалық мінездеме беріп , танып, білумен зерттеу әдістерін меңгерулері керек . 

Әр оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып , 

өмірдегі өз орнын , өз мамандығын табуға көп көмек болар еді. Осындай орталықтар 

жұмысын  жүйелеп  отыратын,  мүмкіндіктері  шектеулі  балалармен  жұмыс  істейтін 

медициналық  -  педагогикалық  орталықтарды  көптеп  ашса,  кемтар  балаларды  зор 

қуанышқа бөлер еді .                                                     

Ақыл-ойы  кем  оқушылардың  көпшілігін  ата-аналары  жоқ,  толық  емес  және 

әлеуметтік  жағдайы  нашар  отбасыларынан  шыққан  балаларды  құрайды.  Мұндай 

балалар  өз  отбасымен  толық  қарым-қатынастан  айрылған.  Бұл  олардың  жеке 

тұлғасының  қалыптасуына  жағымсыз  әсер  етеді.  Интеллектуалдық  жетіспеушілік 

салдарынан  ақыл-ойы  кем  балалардың  жеке  тұлғасының  қалыптасуы  әр  түрлі 

аспектілерінде  қиын  жағдайларда  өтеді.  Жеке  тұлғаның  көптеген  қасиеттер 

жиынтығына адам белсенділігінің кез-келген көрінісіне әсер ететін эмоциясы ерекше 

орын  алады.  Ақыл-ойы  кем  баланың  эмоциясының  көрінуі  оның  жасына,  кемістік 

құрылымының  сапалық  ерекшелігі  мен  тереңдігіне  және  оны  қоршаған  әлеуметтік 

ортаға тәуелді.                                                              

Мұндай балалар мадақтауға, қолдауға және ренжісуге әсершіл болып келеді.Олар 

ұнамсыз және еркелету эмоцияларын ажыратады. Бірақ өз эмоцияларын вербалды түрде 

көрсете  алмайды.  Өзінің  адамдарға  деген  қатынасын  жымиюмен,  бетіне  қараумен 

білдіреді. Мектепке дейінгі жастағы ақыл-ойы кем балалар селсоқ, сенімсіз әрекет етеді. 

Олардың  эмоциялары  әлсіз,  алайда  күйзелістері  тұрақты,  терең  болып  келеді.  Олар 

айқайлауға,  жүгіруге,  рұқсатсыз  зат  алуға,  шулауға,  қырсығуға  болмайтындын 

түсінбейді.  Ал  кейбіреулері  сөйлемейді,  жан-жағына  үреймен  қарайды,  ата-

аналарының, тәрбиешілерінің артына тығылады, қарым-қатынастан бас тартады. 

  Олар тапсырманың мақсатын түсінбейді. Бұл іс-әрекет үрдісінде баланың әрекет 

ету тәсілдері, тіпті олар анық қате болғанда да, талап ететін нәтижені алып келмейтін 

болғанда  да  өзгермейді.  Ақыл-ойы  кем  балалардың  көпшілігіне  өздерінің 


 

777 


 

мүмкіншіліктерін  бағалай  алмауы  тән.  Олар  кез-келген  тапсырманы  орындауға 

заттарды  дайындау  тәсілдерінің  ретін  түсінбей  жатып  орындауға  дайын  тұрады. 

Қажетті  талаптарды  орындамайды.  Өздерінің  нәтижелеріне  сыни  көзқарастары  жоқ, 

оның үстіне ересектердің бақылауын және көмегін қажет етеді. Мұндай балаларға іс-

әрекеттің  «қысқа»  түрткісі  (мотивациясы),  сондай-ақ  қарым-қатынастың  қарапайым, 

әлсіз  мотивациясы тән.  Қарапайым  іс-әрекетті  орындау  барысында  ынталарының  тез 

әлсіреуі  байқалады.  Ақыл-ойы  зақымданған  балалар  мінез-құлықтың  жалпы 

қабылданған  нормасын,  қарым-қатынас  дағдысын  меңгеруде  үлкен  қиындыққа 

кездеседі.  Қорыта  айтқанда  ақыл-ойы  кем  балалардың  жеке  тұлғалық  ерекшеліктері 

нормаға  қарағанда  анағұрлым  кеш  байқалады,  ал  кейбіреулерінде  мүлдем 

қалыптаспайды.  Қазіргі  таңда  еліміздегі  мүмкіндігі  шектеулі  балалар  өзінің  қадір-

қасиетін қамтамасыз ететін, өзіне деген сенімділігін арттырып және қоғамдық өмірге 

белсене  араласуына  жәрдемдесетін  толыққанды  жағдайларда  лайықты  өмір  сүруде. 

Ақылы кем балаларға жан-жақты педагогикалық қолдау көрсетіп, әрбір оқушы шама-

шарқына қарай білім көлемін меңгеруі қажет. 

  Барлық  білім  түрін  бақылау,  балаларды  ынталандыру,  іс-әрекет  мүмкіндігін 

дәлелдеу, ойлау қызметін жинақтап, қорыту оның ішіндегі білім мен икемділікті жаңа 

жағдайға көшіру, сезіну  – сөздік логикалық жүйе мен практикалық ойлау қызметінің 

құрамды  бөлігімен  ара-қатынасын  анықтау,  тапсырманы  өз  бетінше  шешу,  үлкендер 

жағынан  көрсетілген  көмекті  қабылдау  қабілетін  дамыту  және  тұлғалық 

ерекшеліктерінің  қалыптасуына  ықпал  ететін  факторлардың  ішіндегі  маңыздысы 

педагогтың, мектеп психологының бағалауы болып табылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет