Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тексерілді:
Балабақша әдіскері: Мукаева С.Ш.
Уақыты: 13.08.2013
Тобы: «Айгөлек» ортаңғы топ
Тақырыбы: «Алма»
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Тіл
дамыту
Мақсаты:
а) білімділік: Балаларды жемістермен оның ішінде алма жемісінің қасиеттерімен
таныстыру. Жемістердің түр-түсін, пішінін сипаттау.
ә) тәрбиелік: Бағбанның, диқаншылардың, орманшылардың еңбегін құрметтеуге
тәрбиелеу. Орманды ластамауға табиғатты аялауға тәрбиелеу
б) дамытушылық: Өз бетімен тәрбиешінің сұрағын түсініп, өз ойын нақты жеткізу
қабілетін дамыту. Фонетикалық жаттығуларды қайталап, оқылған санамақты зейін қойып
тыңдап, түсінгенін өз ойымен жеткізе білуге дағдыландыру, өзгелерге көтеріңкі көңіл күй
сыйлауға тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Суреттер көрсету, сұрақтар қою
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, суретті мазмұндау, дидактикалық ойындар өткізу,
сергіту сәті
Көрнекіліктері: Жемістер бейнеленген суреттер. «Қандай жеміс?» дидактикалық
ойынына арналған суреттер
Билингвалдық компонент: Алма-яблоко-apple
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушы
Ғажайып сәт: «Бағбан атаның қонаққа
келуі»
Балалар , бізге қойны жеміске толы бағбан ата
қонаққа келді. Қане атаны қарсы алайық.
Бағбан ата: Балаларым, сендерге арнайы
саябағымнан құрамында денсаулыққа
пайдалы витаминдері көп жемістерді теріп
әкелдім.
Сендер жеміс бағында болдыңдар ма?
Бағбан атаны қуанышпен
қарсы алады. Себет толы
жемістерді алып, рахмет
айтады.
Жеке, көппен сұраққа жауап
береді.
Іздену-
ұйымдастырушы
Қазір жылдың қай мезгілі?
Бүгін ауа-райы қандай?
Бақта қандай жеміс ағаштары өседі?
Дидактикалық ойын:
«Дәміне қарап, ажырат»
Ойынның мақсаты: Баланың көзін байлап,
ыдысқа салынған жеміс түрлерінің кесінділері
ұсынылады. Ол жемістің дәмін татып, қандай
жеміс екенін айтуға тиіс.
Тіл жаттықтыру жұмысы:
«Жемістер» - өлеңін қайталау
Мен-алмамын, алмамын
Таңдай татар бал дәмім
Жаз мезгілі
Алма, алмұрт, өрік, шие
Ойынды ойнаған кезде
қызығушылық танытады.
Өздеріне ыдыстан
ұсынылған жемістерді жеп
көріп, атауын атайды.
Мен-шиемін, шиемін
Күннің нұрын сүйемін
Мен-алмұртпын, алмұртпын
Аузындамын бар
жұрттың
Сергіту сәті:
Саябаққа барамыз
Алма жинап аламыз
Алма жинап аламыз
Себетке оны саламыз
Санамақ жаттау: «Жеті алма»
Табақта бес алма,
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығын,
Болады жеті алма
Бір алма атама,
Бір алма апама
Екеуін беремін
Мамам мен папама
Нешеуін алады?
Нешеуі қалады?
Деп – Сәуле тағы да
Алмасын санады
Тәрбиешімен бірге
қайталайды
Балалар қажетті қимылдар
жасап сергіту сәтін
орындайды
Тәрбиешімен бірге жәй және
қатты екпінмен санамақты
қайталайды.
Рефлексивті –
Коррекциялаушы
Балалар бізге қонаққа кім келді?
Олай болса бағбан атамызға өз қолымызбен
жемістерден салат жасап берейік.
Рахмет, балаларым, қонақжай екенсіңдер!
Бағбан ата
Балалар әр түрлі жеміс
түрлерін табаққа салып,
әшекейлейді, бағбан атаны
өздері әзірлеген дастарханға
қонаққа шақырады
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Бағбанның еңбегі, жемістер туралы біледі
Қандай түсініктерді игерді: Жемістер, алма туралы түсінік алады
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: Жаңа дидактикалық ойындарды, сергіту сәтін,
санамақты меңгереді
Тәрбиеші Болатова Г.М