Ш. Уалиханов және Г. Потаниннің достық және ғылыми байланыстағы ықпалдастығы



Pdf көрінісі
Дата10.01.2017
өлшемі172,25 Kb.
#1591

Ш. Уалиханов және Г. Потаниннің достық және ғылыми 

байланыстағы ықпалдастығы

 

 

         Қазақстан  тарихының,  ерекше  назар  аудартатын  іргелі  тақырыптарының 

бірі  орыс  ғылыми  интеллигенциясының  отарлық  кезеңдегі  Қазақстандағы 

қызметі  болып  табылады.  Орыс  пен  қазақ  халқының  өзара  байланысының, 

соның  ішіндегі  оқиғалардың  шиеленісуімен  бізді  ең  бір  қызықтыратын  кезең 

ХХ  ғасырдың  басы  болып  табылады.  Оның  себебі:  Қазақстандағы  қоғамдық-

саяси  және  мәдени  дамуға  аянбай  ат  салысқан,  оған  жетекшілік  еткен  белгілі 

қоғам  қайраткерлерінің  қызметі  мен  өмірінің  сан-қырын  ашатын  деректердің 

молдығы.  

         Өзара  белсенді  байланыс  пен  әсер  етудің  қайнаған  кезеңі  ХІХ  ғ.  екінші 

жартысы  болса  керек,  өйткені  әлемдік  мәдениеттің  бар  жетістігін  зерттеу  мен 

қабылдау  керектігін  дәріптеген  қазақ  ағартушыларының  қызметі  мен  саяси 

белсенділігі дәл осы кезде аса белсенді болды. 

[1] 


         Жалпы  алғанда,  орыс  мәдениеті  зор  рухани  қуаттың  көзі  болды.  Осы 

кезеңде  қазақ  халқының  аса  үздік  өкілдерінің  де  Ресей  әкімшілік 

шенеуніктерінің  қатарына  белсене  ене  бастаған.  Әрине  бұның  барлығы  аса 

қатал отарлау саясаты жағдайында жүріп жатқан болатын. Ал, мәселенің екінші 

бір жағы ағарту ісінің, ғылыми зерттеу жұмыстарының, шаруашылықтағы оңды 

өзгерістердің  орын  алғандығын  жоққа  шығаруға  болмайды.  Орыс  ұлттық 

интеллегенциясымен  қоян-қолтық  араласа  жүріп,  қазақтың  ұлттық  саяси 

элитасы  тәуелсіздік  идеясын  алға  тартып,  қазіргі  егеменді  Қазақстанның 

болашағын  жасаған  еді.  Отарлық  мүддеден  туындаған  ғылыми  әскери 

экспидициялар  да  өз  мақсаттарынан  асып  түсіп,  қазақ  халқының  тарихына, 

этногенезіне,  экономикасына  баса  көңіл  аударып,  аса  құнды  мәліметтер  

жинағаны да ақиқат.  

         Сондықтан,  осындай  аумалы-төкпелі  заманда  азаматтық  ар-ожданын 

сақтап, нағыз интеллигент екендігін көрсете білген, өзіндік ұстанымы бар орыс 

оқымыстыларының бірі, қазақтың ұлы тұлғаларының бірі Ш.Ш. Уәлихановтың 

жан-досы  –  Г.Н.  Потаниннің  де  ғылыми  мұрасының  Қазақстан  тарихында 

өзіндік  орны  бар.  Бұл  ұлы  тұлғалардың  бүкіл  өмірі  жыр  боларлық  мәңгілік 

достықпен  өтті.  Осы  керемет  ақыл  –  ой  иелері  Ресей  империясының  заңдық 

ережелеріне  сәйкес  қарсылас  дұшпан  болуы  керектігіне  қарамастан, 

араларынан қыл өтпес дос болды.

[2] 

        ХІХ ғасырда қазақ зиялылары өз еңбектерінде сол заманның саяси-мәдени, 



әлеуметтік бейнесін жасады. Соның бірі жас та болса ірі тұлға болып танылған 

Шоқан  Шыңғысұлы  Уәлиханов.  Шоқан  өз  еңбектерін  жазғанда  цензура 

болғандықтан  шығармашылық  еркіндігі  шектеулі  болғанын  айтқан  жөн.  Ол 

кейбір  мәселелерге  сол  замандағы  орыс  әкімшілігі  мен  шығыстанушылар 

көзқарасымен келген. Шоқан Ресейге адал қызмет ету үшін ант берген офицер. 

Жасы  отызға  жетер  жетпес  өмір  сүріп,  артынан  қыруар  мұра  қалды.  Шоқан 

Уәлихановтың  Ф.М.Достоевскиймен  жазысқан  хаттарында  біз  Шоқан 

Уәлихановтың өз халқының мүддесін қорғайтынын анық көреміз.      



         Шоқан  мен  Г.Н.  Потаниннің  алғашқы  таныстығы  Омбы  шекара 

басқармасының  тілмашы  Дабминскийдің  үйінде  болған.  Екеуінің  әкесі  де 

кезінде Омбы кадет корпусында оқып жүргенде бір-бірімен таныс болған. 1847 

жылы  Құсмұрын  дуанының  аға  сұлтаны,  майор  Шыңғыс  Уәлиханов  пен 

хорунжий Николай Ильич Потанин Омбыда балалары арқылы қайта табысады. 

Г.Н. Потанин үшін Шоқан «Европаға ашылған терезе» еді.   

         Ресми атпен Сібір кадет корпусы деген атпен белгілі Омбы кадет корпусы 

ХІХ ғасырдың 40-жж. басында әскери казак училищесі құрамы есебінен қайта 

құрылған  еді.  Бұл  училище  20-жж.  губернатор  Петр  Михайлович  Капцевич 

тұсында  құрылған  болатын.  Ол  1822-1828  жж.  Батыс  Сібір  генерал-

губернаторы  қызметін  істеді.  Сперанский  Сібірдегі  ағарту  ісіне  Капцевичті 

тартқан, өйткені 20 наурыз 1823 ж. жазылған рапортта ағарту чиновниктерінің 

кемшіліктері  және  сібірліктердің  кедейшіліктен  Еуропалық  Россияның 

университеттерінде  білім  ала  алмағандықтан,  Сібірде  жоғары  оқу  орындарын 

ашу қажеттігі туралы баяндалған. Училищеде оқытылатын пәндердің саны орта 

оқу орындарындағы пәндер құрамына теңесетін. 250 орындық училище тікелей 

казак  балалары  үшін  ашылып,  казак  әскери  жасақтары  қаражатымен 

жабдықталды.  Мұғалімдер  құрамы  да  казактар  еді,  жартысы  офицерлер, 

жартысы урядниктер болатын.

 [3] 


         Бұл  оқу  орнында  қазақтың  біртуар  ұлы  Шоқан  Уәлихановтың  оқығанын 

мақтан  етпейтін  қазақ  жоқ.  Бұл оқу  орнының Г.Н.  Потаниннің  дүниетанымын 

қалыптастыруда  орны  ерекше  болды.  Өйткені,  дәл  осы  жерде  ол  Шоқанмен 

бірге  оқып,  одан  көп  нәрсені  үйренді,  оның  дарындылығына,  біліміне  тәнті 

болды.  Корпуста  ой-өрісі,  білімі  жағынан  Шоқан  тез  өсті,  орыс  жолдастарын 

басып озьш отырды. Екі-үш жылдан кейін-ақ Шоқан өз класындағылардан ғана 

емес,  өзінен  екі  жас  үлкендердің  класындағыларды  да  идея  жағынан  басып 

озды»-  деп  жазды  онымен  бірге  оқыған  досы  Г.  Н.  Потанин.  Ә.  Марғұлан 

Шоқан  өмірі  туралы  очерк  жазса,  Шоқан  мен  Г.Н.  Потанин  арасындағы 

достықты  С.  Өтениязов  өз  зерттеуінде  жүйелі  баяндалған.  Ал,  М.  Малышева 

мен  Познанскийдің  мақаласында  Г.  Потанин  Шоқаннан  үлкен  тағылым 

алғандығы  айтылған.  Бұл  еңбектер  Омбы  облысының  мемлекеттік  мұрағат 

құжаттарын молынан пайдаланғандықтан құнды деп есептейміз.

  

         Г.Н. 



Потаниннің  дүниетанымына,  ғылыми  жолына  үлкен  үлес 

қосқандардың  бірі  әйгілі  саяхатшы  П.П.  Семенов  болды.    Шоқан  мен  Г.Н. 

Потанинді  П.  Семенов  қызықты  да  ақылды  жастар  ретінде  бағалаған.  1856 

жылы  Омбыға  келген  Петр  Петрович  Семенов  әуелі  Шоқанды  іздеген,  сөйтіп 

екеуі бірге Г.Н. Потанинге барған. Ол кезде Г.Н. Потанин мұрағаттағы “генерал 

Киндерманның  әскери-жорық  кеңсесінің”  жазбаларымен  танысып  жатқан 

болатын.  Семенов  бұл  құжаттармен  де,  гербарийлермен  де  танысады.  Г.Н. 

Потанин әр өсімдіктің латынша атын атаған. Бұл П. Семеновты таңдандырмай 

қоймайды.  Семенов  оған  Петербург  университетіне  түсу  керектігін,  Сібірде 

қалса,  одан  ештеңе  шықпайтынын,  жай  қарапайым  казак  офицері  болып 

қалатынын  айтқан.  Осындай  ұстаздарының  да  Г.Н.  Потанинге  ықпалы  мен 

кеңесі өмірінің мазмұнды өтуіне әсер еткен еді. П. Семеновтың, М. Бакуниннің 

көмегі арқасында      Г.Н. Потанин 1859 ж. астанада зерттеу ісін бастап, ғылыми 


және қоғамдық өмірге қабілетті екенін көрсетеді. Г.Н. Потанин, П.П. Семенов 

Тян-Шанский  де  Ш.  Уәлиханов  еңбектерін  шығаруға  үлкен  үлес  қосқаны 

белгілі. Генерал К.К. Гутковскийдің және Тян-Шанскийдің ұсынысымен Орыс 

географиялық  қоғамының  кеңесі  Ш.  Уәлиханов  еңбектерін  жарыққа  шығару 

туралы шешім қабылдаған.  

      1865  жылы  Г.Н.  Потанин  Сібірді  Ресейден  бөліп  алу  идеясын  насихаттаған 

«сепаратистер»  үйірмесін  ұйымдастырды  деген  күдікпен  ұсталады  да,  бес 

жылға айдауға жіберіледі. Г.Н. Потанин үстінен тергеу жүріп жатқанда күндері 

Алтынемелде  досы  Ш.  Уәлиханов  қайтыс  болады.  Досының  өлімі  мен  өзінің 

тұтқындалуы  нәтижесінде  Г.Н.  Потанин  бірнеше  жыл  ғылымнан  қол  үзіп 

қалады. Бірақ көкірегінде үлкен армандары, мақсат-мұраты бір сәт естен кеткен 

емес.  Г.Н.  Потанин  өз  өмірін  Азия  елдерін  зерттеуге  арнаған.  Бостандыққа 

шыққанан  кейін  Григорий  Потанин  Монғолия,  Урянхай  өлкесі,  Тибет  пен 

Қытайға  1876-1880  жж.  саяхат  жасайды.  Кадет  корпусында  алған  білімі  осы 

жылдары жүзеге асты. Шығыс тілдерін білуі, жергілікті салт-дәстүр жөніндегі 

материалдары  енді  ғылыми  айналымға  түсуге  жол  ашты.  Осы  елдердің 

этнографиясы,  географиясы,  тарихы   туралы  мәліметтерді  көптеп  жинады.     

Ол  Г.Н.  Потанинге  саяхатшы-ғалым  болудың  жолын  көрсетті.  П.П.  Семенов 

Г.Н.  Потанинді  Орыс  Географиялық  қоғамының  жұмысына  қатыстырып,  оны 

таза ғылым жолына баулыды. 

[4] 


      Г.Н. Потаниннің қазақ өлкесін зерттеуге қосқан үлесі зор. Ш.Уәлихановтың 

кеңесімен  Орта  жүз,  Ұлы  жүз  қазақтарының  және  жоңғарлардың  Ресеймен 

қарым-қатынасы жайлы тарихи деректермен, мұрағат құжаттарымен танысқан. 

1875  жылы  Г.Н.  Потанин  профессор  К.А.  Иностранцевтің  Қырымға  жасаған 

саяхатына қатысып, 1876 жылы ұзаққа созылған өз Отаны Сібір өлкесі мен оған 

шекаралас  Азия  елдерін  зерттеуге  кіріседі.  Ол  Семей  облысы,  Зайсан  уезіне, 

Тарбағатайға, Солтүстік Батыс Монғолияға, Ішкі Қытай, Шығыс Тибетке өзінің 

әйгілі  бірнеше  саяхатын  жасайды.  Бұл  саяхаттар  Г.Н.  Потаниннің  есімін 

Азияның  әйгілі  зерттеушілері  қатарына  кіргізеді.  География  ғылымы  Г.Н. 

Потаниндей  бір  ғылым  саласы  шеңберінде  шектеліп  қалмаған  ірі  ғалым-

зерттеушіге ие болды.   

      Кейінірек қазақ жерін аралаған сапарларында Г.Н. Потанин өзінің географ-

табиғаттанушылық ісін тарих пен этнография материалдарымен қоса жинаумен 

ұштастырып, Шоқанның өткен өмірі мен істеген еңбегіне арнайы көңіл қоя мән 

беріп  отырды.  Бұл  жолда  оған  көмекке  келушілер  де  тез  табылып  отырған. 

Омбыда  оған  Иммұрат  Ибрагимов,  1880  жылы  Баянауыл  даласында  Имантай 

Сәтпаев, 1895 жылы Көкшетау уезінде Сұлтанғазин көмек берді.

 [5] 


      Г.Н.  Потанин  1895  жылы  Шоқанның  әкесі  Шыңғыстың  ауылын  аралап, 

Шыңғыстың  өзімен  жүздесіп  қайтқан  болатын.  Шыңғыс  ол  кезде  85  жаста 

болса  керек.  Мінеки,  жаз  жайлауда  жайбарақат  отырған  Шыңғыс  ауылын 

суреттеу  арқылы  Г.Н.  Потанин  бүкіл  қазақ  халқының  тұрмысын  көз  алдына 

алып  келеді.  Ол  «О  поездке  в  аул  Чингиса  Валиханова»  деген  еңбегінде 

Көкшетау  округін  не  үшін  таңдап  алған  себебін  жазады.  Көкшетау  өткен 

ғасырда  қазақ  хандарының  ордасы  болған;  бұл  жер  қазақ  өмірінің  орталығы 

болды, сондықтан Г.Н. Потаниннің ойынша, қазақ халқының тарихи естеліктері 



молынан сақталған. Қазақтардың ішінен жұлдыздар мен мал туралы әңгімелер, 

қазақтардың  ата  тегі  туралы  аңыз  әңгімелер,  ескі  наным-сенімдері  туралы 

жазғып  алғанын  айтқан.  Дуровпен  Г.Н.  Потанинді  Шоқан  таныстырған  еді. 

Дуровпен танысып, сұхбаттасқаннан кейін Г.Н. Потаниннің саяси көзқарастары 

өзгеріп,  петрашевшіл  болған.  Осылайша  Шоқанның  Потанинге  ықпалы  көп 

тиді.  Әрі  Шоқан  сол  кездегі  орыс  қоғамы  мойындаған  адамдармен,  орыс 

қоғамына  белгілі  зиялылармен  араласқан,  дәмдес  болған.  Мұндай 

байланыстары томаға-тұйық болмай, қасындағы Г.Н. Потанин сияқты достарын 

да араластыра жүрген. Бұл да Шоқанның азаматтық бір қырын көрсетеді. 

         Революцияға  дейінгі  ғылыми  қоғамдар  ішінде  Орыс  Географиялық 

Қоғамы мен оның бөлімдерінің атқарған ісі орасан зор.  Тамаша ғалымдар мен 

саяхатшылардың  өкілдерінің  ғылымдағы  жетістіктері  осы  қоғаммен 

байланысты.  Олардың  қатарында  П.П.  Семенов-Тяншаньский,  Н.М. 

Пржевальский, Ш. Уәлиханов, Н.А. Северцов, Г.Н. Потанин, В.В. Радлов, Ә.А. 

Диваев, В.В. Бартольд, Н.И. Веселовский, Н.Н. Пантусов, т.б. болды.

 [6]


 

         Қазақ жері мен қазақ халқының тарихын зерттеуге орыс ғылымы ерекше 

назар  аударғаны  белгілі.  Ресейдің  ғылыми  қоғамдарының  өкілдері  қазақ 

зиялыларының  көмегімен  өлкені  ғылыми  тұрғыда  зерттей  бастады. 

Революцияға дейін орыстың ғылыми  қоғамдары қиын жағдайда жұмыс істеді. 

Омбы,  Орынбор,  Ташкент,  Семейдегі  ғылыми  қоғамдардың  зерттеушілері 

революциялық қозғалыстарға қатысты немесе саяси айдауда жүрді. Олармен ең 

әуелі тілмәштар тіл табысты. Г. Н. Потанин экспедициялық жұмыстарға тікелей 

қатысты.  Белгілі  географ,  этнограф  Г.  Потанин  қатысқан  экспедициялық 

зерттеу  Зайсан  көлі  мен  Қара  Ертіс  бойынша   жүріп,  Алтай  мен  Жоңғар 

Алатауы  арасындағы  түрлі  мекендерді  зерттеді.  Г.  Н.  Потанинге  Мұса 

Шорманұлы да түрлі көмек көрсеткен.   

         Мұса  Шорманов  туралы  алғаш  рет  1860  ж.  А.И.  Герценнің  Лондонда 

шығып  тұрған  «Колокол»  журналында  жазылған.  Мұса  патша  өкіметі 

тарапынан талай сыйлықтармен, грамоталармен, медальдармен марапатталған.  

«Шоқанда  Мұсаның  жеке  өзі  жинаған  және  соның  айтуымен  жазып, 

құрастырған Омбы кеңсесінің мұрағаттарында қазақ шаруашылығы немесе сот 

тәртіптері  туралы  жазбалар  аз  емес»,  -  деп  жазған  болатын  Г.Н.  Потанин.  Ең 

алдымен, Мұса Шорманов өз материалдарын Ш.Ш. Уәлихановқа, А.К. Гейнске, 

Г.Н. Потанинге берген. Г.Н. Потанин Шоқан еңбектерін шығарғанда, Мұсадан 

Шоқанның  «Киргизское  родословиесін»  алып,  өзінің  «Солтүстік-Батыс 

Монғолия туралы очерктері» (Спб., 1883) атты кітабына енгізген. 

         ХІХ  ғ.  екінші  жартысында  өлкетану  жұмыстары  жанданып,  жергілікті 

өлкетану  ұйымдарының  қызметі  дамиды.  Соның  бірі  Батыс  Сібір,  Алтай, 

Қазақстанның  географиясын,  табиғатын  мен  халқын  зерттеуде  көрнекті  рөл 

атқарған Орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімшесі болды. ХІХ ғ. 

80-90-жж.  қазақ  даласы  мен  қазақ  халқы  туралы  зерттеулер  жүргізу  күн 

тәртібіне  қойылады.  Омбы  қаласы  іс  жүзінде  Қазақстанның  әкімшілік  және 

мәдени  орталығы  болды.  Қазақстанда  да  өлкетану  мұражайлары  ашыла 

бастады.  Г.Н.  Потанин  қазақ  фольклорын  жинауды  ұйымдастырды.  1878 

жылдың  өзінде  ол  Бөлім  мәжілісінде  «Қырғыз  аңыздары  туралы»  хабарлама 


жасап,  Бөлімнің  осы  мәселемен  айналысуын  ұсынады.  1881  ж.  хаттамаларда 

«қырғыз  ертегілері  мен  татар  тіліндегі  өлеңдер»  бойынша  бірнеше  дәптерлер 

түскені  көрсетілген.  1886  ж.  «Жазбаларда»  Г.Н.  Потаниннің  «Несколько 

вопросов  по  изучению  поверий,  суеверных  обычаев  и  обрядов  у  киргиз  и 

сибирских  татар»  атты  бағдарламасы  жарияланады.  Бұл  бағдарламада 

мәселенің  тізімі  ғана  жазылып  қоймай,  фольклор  мен  наным-сенімдер  туралы 

қысқаша мәліметтер беріледі.         

        Г.Н.  Потанин  Ішкі  Азиядағы  әр  түрлі  халықтарға  сый-құрметпен  қарады, 

сондықтан  олардың  ауыз  әдебиетіне  ден  қойды.  Г.Н.  Потанин  үшін  Орталық 

Азия тұнып тұрған мұражай сияқты еді. Онда материалдық және рухани дүние 

сол  күйінде  сақталған  дейтін,  халықтардың  эпосы  мен  этнографиясы  жөнінде 

бұл  жерлерден  көлемді  де  толық  мағлұмат  алуға  болады  деп  санады.  Г.Н. 

Потанин халықтардың салт-дәстүрімен жақынырақ таныса білді. Оның киіз үйі 

тігілген жерде адам үзілмейтін, олармен ұзақ сөйлесіп, керекті мәліметтер алып 

отыратын. 

         ҚР  ҒА  сирек  кітаптар  қорында  бұрынғы  КСРО  кезінде  әдебиет  және 

өнердің  Орталық  мемлекеттік  мұрағатынан  Дала  генерал-губернаторы  Г. 

Колпаковскийдің  Г.Н.  Потанинге  Ш.  Уәлиханов  туралы  жазған  хаттары 

сақтаулы.  Онда  Шоқанның  сот  бөлімін  құру  мәселесі  бойынша  жүргізген 

жұмысы  айтыла  отырып,  өз  тарапынан  Г.  Колпаковскийдің  Шоқан 

шығармаларын шығаруға көмек көрсететінін айтқан. Осы қордағы келесі Н.И. 

Веселовский   Г.Н.  Потанинге  жазған  екі  хаты  бар.  Онда  Ш.  Уәлиханов 

шығармаларын алмағандықтан, ұзақ уақыт жауап жазбағанын айтқан. Екіншісі 

Шоқанның өмірбаянын жазу туралы айтқан. Бұл хаттарды біз      Г.Н. Потанин 

мен Шоқанның қарым-қатынастары туралы жазғанда пайдаландық. 

[7]


    

        ХІХ  ғ.  қазақ  зиялылары  орыстың  алдыңғы  қатарлы  зиялы  қауымымен 

таныс болған, олардың шығармаларымен терең танысқан. Шоқанның дарынды 

тұлға  екенін  мойындап,  онымен  талай  орыс  зиялылары  дос  болды.  Олардың 

арасында  20  жыл  достық  қарым-қатынаста  болған   Г.Н.  Потанин  де  болды. 

Оның    Шоқан  үшін  атқарған  еңбегі  үлкен  еді.  Әсіресе,  Григорий  Потанин 

Шоқаннан өзі  де  көп  нәрсені  үйренгенін  жасырмай,  артынан  оның  еңбектерін 

шығаруды қолға алғанды. 

        Қазақтың  аса  дарынды  ұлы  Шоқан  Уәлиханов  пен  Г.Н.  Потаниннің  өз  ара 

қыл  өтпес  достығын,  адамгершіліктік  және  ғылыми  байланыстарының 

ықпалдастығы  екі  халықтың  ақыл  ой  кемеңгерлерінің  үлгі  тұтарлық  бұл 

достығы  ұрпақтарға  сабақ  боларлықтай  еді.  Г.Н.  Потаниннің  қазақтардың 

шаруашылығы,  салт  дәстүрлері,  ауыз  әдебиеті  мен  мәдениеті  туралы 

шығармаларының  дүниеге  келуіне  және  осы  бағытты  ұстануына  Ш.Ш. 

Уәлихановтың әсері мықты еді.  

        Қорытындылай  келе  Шоқан  Уалиханов  пен  Г.Н.  Потанин  бір  сөзбен 

айтқанда  сегіз  қырлы  бір  сырлы  тұлғалар.  Олар  бірде  қоғам  қайраткері, 

ағартушы-ғалым,  өлкетанушы,  мәдениеттанушы,  жиһангез  географ,  этнограф, 

фольклоршы  болса,   бірде  отаншыл  патриот,  ұлтжанды  және  халықтар  мен 

ұлттар  теңдігін  насихаттаушы,  отарлық  езгіге  қарсы  шыққан  адам  ретінде 



көрінді.  Арақатынастары  өте  нәзік,  адамгершілік  пен  шынайы  достық  сезімге 

толы болды. 

      Олардың  ғылыми  мұрасы  Шығыстануға,  өлкетануға,  ботаника  мен 

зоологияға, қазақ этнографиясы мен ауыз әдебиетіне және тарихына қосылған 

асыл  қазына  деуге  болады.  Сондықтанда,  өз  заманының  ірі  тұлғалары  деп 

бағалағауымыз керек.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер 

1. Озғанбай Ө. Мемлекеттік Дума және Қазақстан. – Алматы, 1995. 

2. Марғұлан А. Очерк жизни и деятельности Ч.Ч. Валиханова//Валиханов Ч.Ч.    

 Соб. соч. в 5 т.– Алма-Ата, 1984. - Т. 1. – С. 9-79. 

3.Өтениязов С. Шоқанмен қайта кездесу. – Алматы: Қазақстан, 1990. - 240 б.  

4.  Сагалаев  А.М.,  Крюков  В.М.  Г.Н.  Потанин:  Опыт  осмысления  личности.  – 

Новосибирск: Наука. Сибирское отделение, 1991. – 231 с. 

5.Хабижанова  Г.Б.,  Валиханов  Э.Ж.,  Кривков  А.Л.  Русская  демократическая 

интеллигенция  в  Казахстане.  (Вторая  половина  ХIХ-начало  ХХ  в.).  /–  М. 

Русская книга, 2003. – 288 с. 

6.Таңатарова.Ж.Т.,  Сібір  кадет  корпусының  түлектері:  Г.Н.  Потанин  және  Ш. 

Уәлиханов // Отан тарихы. 2006. - №2. – 58-67-бб. 

7.Таңатарова.Ж.Т., 

Г.  Потаниннің  Азия  елдеріне  саяхаты//Қазақстан 

Республикасы  Ұлттық  ғылым  академиясының  Хабарлары.–«Қоғамдық 

ғылымдар» сериясы. - 2006. - №4. – 10-12-бб. 

 

Әбікенов Жарқынбек- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік 

университетінің "Философия және мәдениеттану" кафедрасының аға 

оқытушысы 

 

  

  

  

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет