1 Жауапты хатшы



Pdf көрінісі
бет18/30
Дата12.01.2017
өлшемі2,98 Mb.
#1706
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30

Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
4 (42) 2014 
104 

         
31           
беруді  ізгілендіру  жеке  тұлғаның 
дамуына  және  оқытуды  саралауға 
мүмкіндіктер туғызуға бағытталған. 
Тәуелсіз  мемлекетіміздің  ертеңі 
ұрпақтың  рухани  байлығы,  мәдениеті, 
саналы  ұлттық  ойлау  қабілеті  мен 
біліміне,  іскерлігіне  байланысты.  Осы 
орайда,  егеменді  еліміздің  білім  беру 
жүйесінде  әлемдік  деңгейге  жету  үшін 
жасалып  жатқан  талпыныстар  оқыту-
дың  әр  түрлі  әдіс-тәсілдерін  қолдана 
отырып,  терең  білімді,  ізденімпаз, 
барлық  іс-әрекеттерінде  шығармашы-
лық  бағыт  ұстанатын,  ӛз  болмысын 
таныта  алатын  жеке  тұлға  тәрбиелеу 
ісіне  ерекше  мән  берілуде.  Мектептегі 
оқу  үрдісі  оқушылардың  танымдық 
белсенділігін  арттырып,  шығармашы-
лық  әрекетін  дамытуына  жол  ашуы 
қажет. 
Таным  –  қоғамдық  тәжірибенің 
дамуы  мен  тәуелді  адам  ойлауында 
шындықтың  бейнелену  және  қайта 
жаңғыру  барысы,  нәтижесі  әлем  жайлы 
жаңа  білімдер  болып  табылады.  Таным 
теориясы – шындықты танудың мүмкін-
дігі,  мақсаттары,  жолдары  және  құрал-
дары жӛніндегі философиялық ілім. 
Оқушының  оқу-таным  әрекетін 
арттырудың тиімді құралдарының бірі – 
оқушының 
ӛзіндік 
жұмысы 
мен 
ӛздігінен  білім  алу  әрекеті.  Ӛзіндік 
жұмыс  істеу  іскерліктері  мен  дағды-
лары,  сӛзсіз  ой  еңбегінің  мәдениетімен 
байланысты.  Білімді  игеру  барысында 
оқушы  кездесетін  қиыншылықтарды 
жеңу, табандылық, есте сақтау, кітаппен 
жұмыс  істеу,  байқау  және  жазба 
жұмысын жүргізе білу, ой-әрекеттерінің 
бірқатар  тиімді  тәсілдерін  игеру,  ӛзін 
бақылай білуі керек. 
Жүйелі,  дұрыс  ұйымдастырылған 
танымдық  әрекет  түрлері  нәтижесінде 
шәкірттің  білімі,  біліктілігі  кеңейіп, 
танымдық  ізденімпаздығы  қалыптаса-
ды. Оқушылардың танымдық тапсырма-
ларды  орындауы  шығармашылықты, 
ізденімпаздықты  талап  етеді.  Сондық-
тан,  мұндай  тапсырмаларды  орындау 
кезеңдермен жүзеге асады: 
-
 
ӛзекті мәселені табу
-
 
мақсаты  мен  міндеттерін  айқын-
дау; 
-
 
зерттеу әдіс-амалдарын белгілеу. 
Л.С.Рубенштейн 
кӛрсеткендей 
«Танымдық әрекет процесінде ойлаудан 
ӛзгеше  адамның  қоршаған  дүниеге 
қатынасы 
білінеді». 
Танымдық 
әрекеттің  негізгі  формасы,  тәсілі  және 
психикалық механизмі – ойлау. Ол үшін 
оқытушы  шәкірттерінің  табысын  үздік-
сіз  қадағалап,  оларға  оқу  пәнінің 
логикасымен  үйлесімді,  ақыл-ойдың 
дамуына  кӛмектесетін  тапсырмалар 
беріп отыруы керек. Мұндай тапсырма-
лар оқушыларды жаңа білімді меңгеруге 
құлшынысын 
арттырады, 
белгісіз 
нәрселерді  тануға  үйретеді,  игерілген 
білімдерін  іс  жүзінде  қолдана  білуге 
баулиды.  Әр  сабақта  оқушылардың 
ойлау  және  танымдық  қабілеттерін 
дамыту  мақсатында  тӛмендегідей  тап-
сырмалар 
беріп 
отыруға 
болады. 
Мұндай  тапсырмалар  оқушылардың 
ақпараттық  құзыреттілігін  арттырудың 
бірден-бір 
жолы 
екені 
анық. 
Ақпараттық  құзыреттілік  арқылы  білім 
алушылар: 
-
 
сыни  тұрғыдан  ұғынылған  ақпа-
раттар 
негізінде 
саналы 
шешім 
қабылдауға; 
-
 
ӛз бетінше мақсат қойып, мақсат-
қа  жету  үшін  танып-білу  әрекеттерін 
жүзеге асыруға; 
-
 
ақпараттарды  ӛз  бетімен  табуға, 
талдауға,  іріктеу  жасауға,  жүйелендіру-
ге,  сақтауға,  түрлендіруге  және  тасы-
малдауға,  оның  ішінде  қазіргі  заманғы 
ақпараттық-коммуникациялық  техноло-
гиялардың кӛмегімен жүзеге асыруға; 
-
 
логикалық операцияларды қолда-
на  отырып  дәлелдеп,  ақпараттарды 
ӛңдеуге; 
-
 
ӛзінің  оқу  қызметін  жоспарлауға 
және қолдануға мүмкіндік алады. 
Оқушы  қызығушылығын  оятып, 
қабілетін  арттыруда,  ойын  сараптап, 
нақты  дәл  жауап  алуда  танымдық 
тапсырмаларды  пайдаланудың  маңызы 
зор.  Қызығу  –  танымдық  іс-әрекеттің 
4 (42) 2014 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
 
105 

         
32           
қозғаушы  күші.  Оқушыдағы  танымдық 
қызығуды 
қалыптастырудың 
үш 
жағдайы бар: 
-
 
оқытудың мазмұны, оқушыларды 
қызықтыратын  жаңалық,  ғылым  мен 
техниканың  соңғы  табыстары,  бұрын-
нан 
білетін 
мағлұматының 
жаңа 
қырынан ашылуы; 
-
 
оқушының 
таным 
әрекетін 
ұйымдастыру  формаларын,  құралдарын 
және әдістерін жетілдіру; 
-
 
оқушылардың  ӛздігінен  істейтін 
жұмыстарын,  ӛздігінен  білім  алуын 
тиімді  ұйымдастыру,  шығармашылық 
және  зерттеу  жұмыстарына  белсенділік 
қалыптастыру. 
-
 
мұғалім  мен  оқушы,  оқушы  мен 
оқушы  арасындағы  қарым-қатынасы 
сыйластық,  ізеттілік  орнатып,  жүрек 
жылуының болуын қамтамасыз ету. 
Н.В.Савиннің 
тұжырымдауы 
бойынша,  «Мұғалім  –  оқушының 
танымдық  іс-әрекетін  жақсы  ұйымдас-
тырушы,  балаларды  табысына  қатты 
ынта  қоятын,  олардың  рухани  ӛсуіне 
мүдделі,  қамқор  адам».  Әрбір  баланың 
танымдық  қабілетін  дамыту  әрбір  ұстаз 
міндеті  дей  отырып,  ӛз  оқушыларымды 
тек биіктерден кӛруді қалаймын. 
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1.
 
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 
Мемлекеттік  бағдарламасы,  -  Қазақстан  Республикасының  Президенті  мен 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы, 2010 ж. 
2.
 
А.Дистерверг. «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» еңбегі. 
3.
 
Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жӛніндегі  2012-
2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары,  -  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің қаулысы, 2012 ж. 
4.
 
И.А.Зимняя. Педагогикалық психология. Алматы · «TST-company» 2005 ж. 
 
 
 
МҦҒАЛІМНІҢ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНДЕГІ ЖАҢАША КӚЗҚАРАС 
 
 
А.Байымбетова 
Қызылорда қаласындағы №171 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі 
 
 
Қай  салада  болмасын  жаңашыл-
дық  шеберлікті  арттырары  сӛзсіз.  Білім 
берудің  жаңа  құрылымы  және  оқу-
әдістемелік  мазмұнының  ӛзгеруі  мұға-
лімдердің  кәсіби  шеберліктерін  жаңар-
туын,  шығармашылық  ізденісінің  шың-
далуын  қажет  етіп  отыр.  Сондықтан, 
қазіргі  білім  беру  жүйесінің  мақсаты  – 
бәсекеге  қабілетті  маман  дайындау. 
Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – 
мұғалім  десек,  ізденімпаз  мұғалімнің 
шығармашылығындағы  ерекше  тұс  – 
тұлғаның  жүрегіне  жол  таба  білуі.  
Ұстаз  –  ӛз  кәсібін,  ӛз  пәнін,  барлық 
шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. 
Ӛзгермелі  қоғамдағы  кәсіби  педагог 
маман  –  педагогикалық  құралдардың 
барлығын  меңгерген,  тұрақты  ӛзін-ӛзі 
жетілдіруге талпынған, рухани дамыған
толысқан шығармашыл тұлға. 
Қазіргі 
уақытта 
ғылым 
мен 
техниканың  дамыған  заманында  білім 
беру  үрдісінде  кӛптеген  модулдер  қол-
данылып жүр. Мен ӛзімнің тәжірибемде 
«Сыни 
тұрғыдан 
ойлау» 
модулін 
басшылыққа  ала  отырып  жұмыс  жасап 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
4 (42) 2014 
106 

         
30           
келемін.  Себeбі,  cын  тұpғыcынан  oйлaу 
oй  жүгіpту,  тұжыpым  жacaу  немece 
пpoблeмaны  шешу  үдеpіcі  жүрген 
бapлық  жағдайларда,  яғни  нeгe  сeнуге 
бoлaды, 
нe 
істeу 
кeрек 
және 
peфлeкcивтік  тәсілмeн  қaлaй  істeугe 
бoлaтындығын  aнықтaу  қaжeт  бoлғaн 
жaғдaйлapдың  бapлығындa  opын  aлaды 
әрі  Қазақстандағы  білім  беруді  дамыту 
үшін маңызды болып табылатын қазіргі 
ең  басты  педагогикалық  түсінік  (МАН, 
3 деңгей, 17б.). 
Бұл  модулдің  мені  қызықтырғаны 
баланың  ӛзі  ізденіп,  ӛз  бетінше  білім 
алып,  дәлелдер  келтіре  білуі.  Ол  бұрын 
тыңдаушы 
болса, 
енді 
ізденуші, 
ойланушы,  ӛз  ойын  дәлелдеуші,  ал 
мұғалім  осы  әрекетке  бағыттаушы, 
ұйымдастырушы. 
Сын 
тұрғысынан 
ойлау  модулінің  тиімділігі  –  оқушылар 
ӛз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-
жақты 
пікірлеседі, 
талдау 
жасап 
отырады,  яғни  оқушы  санасын  сол 
тақырыпқа 
байланысты 
ояту, 
ой 
шақыру,  ойын  жеткізу  оны  дәлелдей 
алу, басқа оқушылардың пікірін тыңдау, 
сол  пікірлермен  келісу  немесе  ӛзіндік 
пікірін 
білдіру, 
салыстыру. 
Бұл 
модулдің  негізгі  ұстанымдары:  үздіксіз 
қайталау,  міндетті  кезеңдік  бақылау, 
тірек  сӛздерді  пайдалану,  әркімнің  ӛз 
пікірін  дәлелдеу,  оқушының  жетістік-
терін  жариялау,  қателерді  түзеуге 
мүмкіншілік  беру,  барлық  балалардың 
жұмыс  істеуін  бақылау,  ӛз  мүмкіндігін 
кӛрсетуіне  жағдай  жасау,  оқу  мен 
тәрбиенің  бірлігі.  Сын  тұрғысынан 
ойлауды дамыту күрделі процесс болып 
келеді.  Сыни  ойлау  ақпарат  алудан 
басталып,  қаралатын  мәселеге  байла-
нысты  шешім  қабылдаудан  аяқталады. 
Сыни  ойлау  кез  келген  жас  аралық-
тарына  тән.  Сыни  ойлау  күрделі  үрдіс 
болғандықтан,  оқушыға  сыни  ойлау 
ортасын  жасау  қажет.  Мұнда  әр 
оқушының  ойы  шыңдалып,  ӛз  даму 
деңгейіне  сай  жетістіктерге  жетуге 
болады.  Егер,  «Театр  киім  ілгіштен 
басталады...»  десек,  мен  ӛз  сабағымды 
ең  алдымен  оқушылардың  қызығушы-
лығын арттырудан бастаймын. Мәселен, 
сыныпқа  келген  бетте  оқушылармен 
амандасып болған соң «Мен – ұстазбын, 
сен  –  Адинасың.  Кӛргеніме  қуанышты-
мын»,  –  деп  бастауға  да  болады,  сол 
уақытта  оқушылар  мен  мұғалімнің 
арасында  тығыз  қарым-қатынас  пайда 
болуымен қатар, оқушылардың бойында 
«Әрі қарай не болар екен? Мұғалім тағы 
да  қандай  қызықты  жұмыс  түрлерін 
жүргізеді  екен?»  деген  сұрақ  тӛңіре-
гінде  ойлануы  артып,  ӛзіндік  рефлек-
сиясы  қалыптаса  бастайды.  Қызығушы-
лықты  ояту  кезеңінде  «Тізбекті  жалғас-
тыр» ойынын қолдану да ӛте тиімді бұл 
әдісті қолдану оқушылардың тек сабақ-
қа  деген  қызығушылықтарын  арттырып 
қана  қоймайды,  ӛткен  материалдарды 
қайталауға  да  септігін  тигізеді.  Яғни, 
ӛтілген тақырыпқа байланысты ӛз атына 
сын  есімді  немесе  сан  есімді,  не 
етістікті  қосып  айту  тапсырылады. 
Мысалы:  Айша  –  әншімін,  Орал  – 
күйшімін,  Таңат  отырды.  Осылайша, 
оқушылар 
кезекпен 
аттарына 
зат 
есімдерді  (сан  есім,  сын  есім,  етістікті) 
тіркеп  айтып  шығады.  Бұл  ойынның 
тиімділігі:  біріншіден,  ойын  түрінде 
ӛткені 
балалардың 
пәнге 
деген 
қызығушылығын  арттырады.  Екінші-
ден,  баланың  қабілеті  тексеріледі, 
кӛпшіліктің  алдында  тез  жауап  беруі 
бақыланады.  Үшіншіден,  әр  оқушыға 
жеке-жеке кӛңіл аударылады. Тӛртінші-
ден алдыңғы сабақтарда алған білімдері 
қайталанып,  еске  түсіріледі,  сӛз,  сӛз 
тіркесі,  сӛйлем,  зат  есім,  етістік,  сан 
есім  ережелері  қайталанып  ӛтіледі. 
Қызығушылықты 
ояту 
кезеңінде 
«Ӛрмек» ойынын қолдану да ӛте тиімді. 
Бұл  ойынды  қолдану  барысында  оқу-
шылар  бір-біріне  сәттілік  пен  жақсы 
тілектер  тілейді.  Ойынның  шарты 
бойынша  жіптің  бір  ұшын  ӛзім  ұстап 
тұрамын  да  алдыңғы  қатарда  отырған 
оқушыға  келесі  ұшын  ұсынып  «Бүгінгі 
сабақта  мен  саған  сәттілік  тілеймін!» 
деймін,  ол  келесі  оқушыға  ұсынып  ӛз 
тілегін  айтады,  сӛйтіп  ортада  үлкен 
ӛрмек  пайда  болады  (Әрі  қарай  сабақ 
4 (42) 2014 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
 
107 

         
31           
барысында  ӛрмекті  бір  кӛрінетін  жерге 
орналастырып,  сабақтың  әр  кезеңінде 
оқушылар жауап берген сайын тарқатып 
отырған  да  пайдалы).  Оқушылардың 
кӛңіл-күйі  кӛтеріліп,  жақсы  сӛздер 
айтуға,  бір-бірін  қолдауға,  достық 
қолын  созуға,  бірлесе  жұмыс  жасауға 
деген  сенімдері  артады  әрі  сыныпта 
ынтымақтастық 
қарым-қатынас 
орнайды. 
Бұл  модулде  бұрынғы  білім  мен 
жаңа  ұғым  ұштастырылады.  Жаңа 
сабақты  бастар  алдында  «Топтастыру» 
стратегиясы 
арқылы 
оқушылармен 
бірлесе 
жұмыс 
жасауға 
болады. 
Мысалы: 
5-сыныпта 
«Ұлы 
Отан 
соғысы» тақырыбында ӛткен сабағымда 
«Қызығушылықты 
ояту» 
кезеңінде 
оқушылардың  ӛздері  білетін  бұрынғы 
білімдерін  еске  түсіріп  «Жеңіс»  сӛзіне 
ассоциация 
құрастыруын 
ӛтіндім, 
«Мағынаны  тану»  кезеңінде  ассоциа-
циялары бойынша білгендерін жинақтап 
кластер құрастырды. 
Сабақтың 
қай 
құрылымында 
болмасын 
осындай 
әдістерді 
қолданғанда «Оқушыға қалай әсер етеді, 
шығатын  қорытынды  қандай?»  және 
«Маған 
несімен 
тиімді?» 
деген 
сұрақтарды  үнемі  естен  шығармау 
керек.  «Мағынаны  тану»  кезеңінде 
оқушыларды 
топқа 
бӛлу 
арқылы 
сұрақтар  дайындап  оны  «Кубизм» 
стратегиясы  арқылы  да  жүзеге  асыруға 
болады. 
Сұрақтар 
үш 
деңгейде 
әзірленеді  және  ол  сұрақтар  оқушының 
нақты  да  анық  жауап  беруін  кӛздейтін 
ашық  сұрақтар  болуы  керек.  Осы 
кезеңде 
«Инсерт», 
«Жұппен 
оқу, 
жұппен 
мазмұндау», 
«Жигсо-1», 
«Жигсо-2»,  «Ӛзара  оқыту»  әдістерін 
қолдану арқылы оқушылардың ӛздеріне 
қажетті  білімді  ӛзі  алуына  бағыт  бере 
отырып,  оны  керекті  жерде  қолдана 
білуге, сыныпта үлгерімі тӛмен оқушы-
лардың  болмауына,  барлық  оқушының 
бірлесе  жұмыс  жасауына,  ӛзіндік 
ізденісін,  кӛзқарасын  қалыптастыруға, 
ой-пікірлерін білуге болады. 
Оқу  –  адамның  саналы  ӛміріндегі 
басты  әрекет.  Оқу  әрекеті  мұғалімнің 
басшылығы  арқылы  оқушының  сана-
сезімін  дамытуға  бағытталады.  «Әрбір 
бала  –  болашақ  данышпан»  деген  ойлы 
қағидаға  мән  берсек,  табиғи  талант-
тарды  ашу,  жас  талапкерлердің  жарқы-
рап  кӛрінуі  үшін  мұғалімге  жүктелер 
міндет  аз  емес.  Ол  міндет  –  оқушылар-
дың  шығармашылық  қабілетін,  таным-
дық  белсенділігін,  ой-ӛрісін  дамыту 
үшін аянбай еңбек ету, оқушының жеке 
шығармашылық 
қабілетін 
дамыту 
болса,  бұл  жұмыстар  «Ой  толғаныс» 
кезеңінде  жүзеге  асырылады.  Оқушы-
ның  жеке  шығармашылық  қабілетін 
дамытуда  «Эссе»,  «5  жолды  ӛлең», 
«Болжам  жасап  оқыту»,  «РАФТ», 
«Баяндама»  әдістерін  қолдану  ӛте 
тиімді.  Мұнда  оқушыға  ойланып, 
толғануға  уақыт  берілуі  керек.  Бұл 
кезеңде  кӛбінесе  Венн  диаграммасын 
қолдану 
арқылы 
тақырыптардың 
ұқсастығымен  мен  айырмашылығын 
кӛрсетуге 
болады. 
Осы 
кезеңде 
пікірталас және  «5 минуттық немесе он 
минуттық  эссе»  де  жаздыруға  болады. 
Эссе  жазғанда  сабаққа  қабілеті  тӛмен 
деген  оқушылардың  5-6  сӛйлемнен 
тұратын  не  үйренгені,  әңгімедегі  сұрақ 
тудыратын  мәселелерді  тауып  жазуы 
ғана  талап  етілсе,  соның  ӛзі  оқушыны 
сабаққа тарта білгенімізді кӛрсетеді. Ал, 
дарынды деген оқушылардың әңгіменің 
мазмұнына  тоқталмай,  сол  туралы  ӛз 
ойын,  пікірін  білдіруіне  басты  назар 
аудару керек. 
Менің  пәнім  үшін  ойлау,  талдау, 
тұжырым  жасау,  бағалаудың  маңызы 
зор 
болғандықтан, 
оқушылардың 
жұмыстары  мен  мазмұнға  кӛп  мән 
беремін. Біз сӛздік жұмысын жүргіземіз, 
сӛз тіркестері мен сӛйлемдер құраймыз, 
оларды  қысқаша  тұжырымдап  дәптерге 
жазамыз.  Бұл  жұмыс  балалардың  ӛз 
ойлары  сауатты  жазып  жеткізе  білуіне, 
оқу  құралдарымен  жұмыс  істеуіне, 
оқулық  пен  сӛздіктерді  тиімді  пайдала-
нуға  септігін  тигізеді,  ӛзіне  қажеттісін 
таңдап алуға кӛмектеседі. 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
4 (42) 2014 
108 

         
32           
Сын  тұрғысында  ойлау  модулі 
мұғалім қызметін ұйымдастыра отырып, 
оқушылардың  жеке,  топпен  жұмыс 
жасау  негізінде  білім  алуымен  ұштаса-
ды.  Бұл  модуль  оқушылардың  жекеле-
ген  мүмкіндіктерін  ашуға  бағытталған. 
Оқушылардың  ауызша,  жазбаша  тілін, 
ойлау  есте  сақтау  қабілеттерін,  әрбір 
ақпаратты  сонымен  бірге  ӛзінің  және 
басқаның  шығармашылығына  сынай 
қарауы  мен  шығармашылық  қабілетін 
дамытады.  Сын  тұрғысынан  ойлауды 
дамыту арқылы: 
-
 
әр оқушы сабаққа толық қатыс-
тырылады; 
-
 
ӛзінің  білім  деңгейін  анықтай 
алады; 
-
 
жеке 
тұлғаның 
танымдық 
белсенділігі артады; 
-
 
қызығушылығы оянады; 
-
 
сұрақ қойып, ӛз ойын еркін айта 
алады; 
-
 
тақырыптың  мазмұнын  толық 
түсінеді. 
Бүгінгі  уақытта  әр  сабақтарымда 
осы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыта 
оқыту  модулі  бойынша  жұмыс  жасап, 
тиімді  қолданамын.  Нәтижесінде  оқу-
шылар нақты мақсат қоюға дағдыланды, 
ӛзіне  деген  сенімі  артты,  оқу  процесіне 
белсенді  қатысатын,  жолдастарының 
пікірін  сыйлайтын  болды.  Ӛзін  толған-
дыратын, 
проблемалық 
сұрақтарды 
еркін қоя біледі. Кей жағдайда зерттеген 
материалдардың 
ӛз 
кӛзқарастарын 
ӛзгертіп  жататындықтарын  түсінді,  бір 
сұраққа  бірнеше  жауап  болатындығына 
кӛздерін жеткізді, бір оқиғаның түрліше 
шешім  табатындықтарын  анықтай  алды 
және  әркімнің  кӛзқарасының  әртүрлі 
болатындығын  анық  білді.  Олар  әр 
сабақ  сайын  ӛз  пікірлерін  «Менің 
ойымша...» деп бастауға үйренді. 
Кері  байланыс  парақтарына  оқу-
шылардың  «Маған  сабақта  ӛз  ойымды 
айтқан  ұнайды»  (Мӛлдір),  «Ӛз  пікіріңді 
және  басқаның  пікірін  білу  де  ӛте 
қызықты»  (Жансая),  «Біз  ӛз  ойымызды 
айта  білуді  үйрендік  және  мені 
сынайды,  мұғалім  дұрыс  емес  деп  қала 
ма? 
деген 
үрейден 
құтылдым» 
(Айғаным)  осылайша  ӛз  ойларын  ашық 
жазуы кӛңілге қуаныш оятады. 
Сыни  ойлауға  алғашқы  қадам 
жасалды.  Оқу  үрдісінде  ӛмір  шынды-
ғымен  байланыс  нығайды,  басқаларды 
тыңдай  және  олармен  айтыса  отырып, 
біздер  ӛз  позициямызды  қатайтамыз 
және  тереңдетеміз.  Сӛйтіп,  еліміздің 
дамыған  елдер  қатарына  қосылуы  үшін 
ӛз кӛзқарасын дәлелді түсіндіре алатын, 
пікірін  қорғай  білетін,  білімді  ұрпақ 
тәрбиелейміз деп сенемін! 
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1.
 
Мұғалімге арналған нұсқаулық, Үшінші (негізгі) деңгей: Үшінші басылым, 2012 ж. 
www.cpm.kz. 
2.
 
Тренерге арналған нұсқаулық, Үшінші (негізгі) деңгей: Үшінші басылым, 2012 ж. 
www.cpm.kz. 
3.
 
С.Мирсеитова. «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде». 2011 ж. 
 
 
 
 
 
 
 
 
4 (42) 2014 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
 
109 

         
30           
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА  
ОҚУ ПРОЦЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ 
 
 
Ж.Күзембаева 
Қызылорда қаласындағы №222 Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі 
 
 
Мемлекетіміздің  ӛркениетті  елдер 
қатарына қосылып, әлем құрылымының 
белсенді  мүшесі  болуы,  бірінші  кезекте 
ғылым  мен  білімнің  дамуында  екендігі 
баршаға  аян.  Еліміздің  ертеңі  мен 
болашақтың  бүгіні  жас  ұрпақтың  ӛсіп-
жетілуіне, білімі мен мәдениетіне тығыз 
байланысты. Ал, ұрпақ білімінің мазмұ-
нын  жаңарту,  оны  заман  талабына  сай 
меңгерту,  оларды  Отансүйгіштікке, 
парасаттылыққа,  зиялылыққа  ұмтылды-
ру,  тұлғалық  рухын  жетілдіру  –  білім 
саласын  реформалаудың  басты  міндет-
тері. 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  Білім  және 
ғылым қызметкерлері ІІ съезінде сӛйле-
ген  сӛзінде  білім  беру  ісін  реформа-
лауда  стратегиялық  міндеттердің  бірі  – 
шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін 
жеке 
тұлғаны 
қалыптастыру 
мен 
тәрбиелеу 
екендігіне 
баса 
назар 
аударып,  жалпы  білім  беретін  орта 
мектепте  білім  берумен  қатар  адалдық, 
адамдық,  Отан  сүйе  білу  сияқты 
гумандық  сезімдерге  тәрбиелеу  қажет-
тігі  ӛзекті  мәселе  болып  отырғандығын 
ерекше  атап  ӛтті.  Оқушының  шығарма-
шық 
іс-әрекетіне 
жағдай 
тудыру 
дегеніміз  –  оқушыны  ойлай  білуге 
үйрету  екені  сӛзсіз.  Бүгінгі  таңдағы 
жаңаша білім беру міндеттерін негізі үш 
мақсат қана шеше алады. Олар – дүние-
танымдылық,  шығармашылық  және 
терең білімділік. 
Ұстаздар  қауымының  алдында 
тұрған міндет  – шығармашылық тұрғы-
дан  ойлай  алатын,  танымдық  мәдениеті 
биік, ұлттық құндылықтарымызды жете 
меңгерген, 
интеллектуалдық 
ӛресі 
жоғары,  ӛзін-ӛзі  үнемі  дамыта  алатын 
қабілетті  жастарды  тәрбиелеу.  Оқыту 
эталондарының 
жүйесіндегі 
дайын 
күйіндегі  ұсынылатын  бірсарындылық-
тан  сақтанып  баланың  шығармашылық 
қабілетін 
қалыптастыру, 
дамыту 
бағытындағы  іс-әрекетке  кӛшу  –  заман 
талабы. 
«Шығармашылық»  сӛзінің  тӛркіні 
«шығару», «іздену», «ойлап табу» деген 
ұғымды 
білдіреді. 
Демек 
бұрын 
тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап, 
жетістікке  қол  жеткізу  деген  сӛз. 
Шығармашылық  әрекет  ӛте  күрделі 
процесс және ол адамға ғана тән. 
Шығармашылық  –  бұл  адамның 
ӛмір  шындығында  ӛзін-ӛзі  тануға 
ұмтылу, іздену, ӛмірден дұрыс жол табу 
үшін  адам  дұрыс  ой  түйіп,  ӛздігінен 
сапалы,  дәлелді  шешімдер  қабылдай 
білуге  үйрену  қажет.  Сондықтан, 
шығармашылық тұлға негізі – бастауыш 
сыныптан қалануы тиіс. 
Шығармашылықпен  жұмыс  жасау 
жолына  түскен  мұғалім  тӛмендегідей 
жағдайларды есте ұстаған жӛн: 
-
 
мұғалім  ең  алдымен  сыныпта 
шығармашылық 
кӛңіл-күй 
тудыру, 
баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы 
керек.  яғни,  мұғалім  шығармашылық 
тапсырманы  ұсынудың  жолын,  әдіс-
тәсілін білуі керек; 
-
 
шығармашылық  жаттығулардың 
мазмұны  оқушылардың  жас  ерекшелік-
теріне үйлесуі керек; 
-
 
оқушылардың  шығармашылық-
пен  айналысуына  мектепте,  сабақ 
үстінде қолайлы жағдай туғызу керек
-
 
шығармашылық  бағытқа  баланы 
жүйелі,  саналы  түрде  қалыптастырып 
отыру керек; 
-
 
мұғалім  кӛркем  шығармашылық 
түрлеріне  үйретіп,  баулу  үшін  кӛркем-
дік  ӛлшемдермен  ӛзі  де  қарулануы 
керек; 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет