1 Жауапты хатшы



Pdf көрінісі
бет19/30
Дата12.01.2017
өлшемі2,98 Mb.
#1706
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30

Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
4 (42) 2014 
110 

         
30           
-
 
мұғалім  оқушы  үшін  қарапайым 
жан,  сондықтан  шығармашылық  үшін 
психологиялық  қауіпсіздік,  еркіндікті, 
бостандықты қамтамасыз етуі керек. 
Шығармашылықты тежейтін 3 нәр-
се бар: 
-
 
«Сәтсіздікке  ұшыраймын,  қо-
лымнан  еш  нәрсе  келмейді»  деген 
қорқынышты сезім; 
-
 
Ӛзіне-ӛзі  риза  болмаушылық 
сезімі; 
-
 
Жалқаулық. 
Ұстаздың  міндеті  –  оқушыға  осы 
үш  жағдайда  дер  кезінде  кӛмек  беру. 
Шығармашылық бағытта баланы жүйелі 
түрде қалыптастыру. 
Психологиялық  сӛздікте  «Шығар-
машылық»  ұғымы  –  жаңа  рухани  және 
материалдық  құндылықтарды  жасау 
жолындағы адам әрекетінің нәтижесі», - 
делінген. 
Кӛрнекті 
психологтар 
Л.Выготский, 
А.Петровскийлер 
«Шығармашылық»  деп  нәтижесінде 
жаңа  құндылықтар  пайда  болатын, 
жаңалық  ашатын  әрекетті  атаған. 
Шығармашылықты  «даму»  ұғымымен 
де  қатар  қоюға  болады.  Ӛйткені,  әрбір 
жаңалық, 
әсіресе 
интеллектуалдық 
тұрғыда  болса,  ол  баланың  ойлауын 
жаңа деңгейге кӛтереді. 
Баланың  шығармашылық  қабілет-
терін  дамытудың  жолдарын  анықтау 
ғылымда 
ӛте 
ертеден 
зерттелген. 
Шығармашылық  –  әлемдік  мәдениеттің 
барлық 
дәуіріндегі 
ойшылдардың 
назарында  болған.  «Шығармашылық» 
ұғымының  жалпы  теориясын  зерттеген 
С.Л.Рубинштейн  «оқушы  шығармашы-
лығының ерекшелігі оның сапалы түрде 
мақсатты  әрекет  жасауымен  анықтала-
ды»,  -  дей  келе,  «Шығармашылық, 
шешімінің  нәтижесі  баланың  ӛзі  үшін 
жаңалық  болса  жеткілікті»  екендігін 
айтады,  яғни  баланың  шығармашылық 
ӛнімді  еңбегі  оның  жеке  тәжірибесімен 
салыстырылады. 
«Мұғалім әрдайым ізденісте болса 
ғана  шәкірт  жанына  нұр  құя  алады»,  - 
деп  Ахмет  Байтұрсынұлы  айтқандай 
мұғалімнің  ізденісі  жан-жақтылығы, 
құзыреттілігі  арқылы  айқындалса,  сол 
құзыреттілік  оқушы  шығармашылығы 
арқылы кӛрінеді. Мектеп қабырғасында 
оқытылатын пәндер бойынша дарынды-
лық  танытқан  оқушылардың  шығарма-
шылық  қабілетін  дамыту  ӛз  ісіне 
жауапкершілікпен қарайтын мұғалімнен 
педагогикалық-психологиялық  кӛріністі 
талап  етеді.  Осы  мәселе  соңғы  жылдар 
ішінде  ғалымдардың  зерттеу  нысанала-
рына  алынумен  қатар,  мектеп  мұғалім-
дерінің  тәжірибесінде  мектеп  оқушы-
ларын  тұлға  етіп  дамытуда  олардың 
шығармашылық қабілетін дамыту басты 
нысанға айналған. 
Ғалымдардың  пікірінше,  адамның 
шығармашылық 
қабілеттері 
оның 
жалпы  және  арнайы  қабілеттеріне 
тәуелсіз болып ӛмір сүре береді. Осыған 
сүйене 
отырып, 
оқыту 
процесін 
ұйымдастыру  арқылы  оқушылардың 
шығармашылығын дамытудың сан түрлі 
қыры  мен  жолын  тануға  болады. 
Ӛйткені,  оқушылардың  шығармашы-
лығын  дамыту  барлық  педагогикалық 
технологиялардың  кӛздеген  мақсатта-
рының  ең  биік  шыңы.  Бүкіл  бір 
халықтың  ұстазы  ұлы  Абай  ӛзінің  қара 
сӛзінде  бала  ӛмірге  келгендегі  қабілет-
тері  әрі  қарай  дамытуды,  шыңдауды 
қажет ететінін, сонда ғана олар пайдаға 
асатынын  жазған.  Ал,  назардан  тыс 
қалған  қабілеттер  бара-бара  жойылып, 
жоқ 
болатынын 
айтқан. 
Мағжан 
Жұмабаев  ӛзінің  «Педагогика»  оқулы-
ғында  баланың  дамуының  мәселелерін 
кӛтереді.  Ол  үшін  оның  танымын, 
ақылын,  еркін  қалыптастыру  керек 
екенін  жазады.  Баланың  шығармашы-
лық  қабілеттерін  дамыту  мәселелерін 
талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының 
мәнін  терең  түсініп  алуды  талап  етеді. 
Жүсіпбек  Аймауытовтың  пікірінше, 
адам  ӛмірге  ӛзіндік  табиғи  қасиеттері-
мен, қабілеттерімен келеді. Ал, баланың 
бойындағы  туа  біткен  қасиеттерді 
дамытатын – оқыту мен тәрбие. 
«Неғұрлым  баланың  шығарма-
шылық қабілеті мен талантын дамытуға 
ертерек  кӛңіл  бӛлінсе,  соғұрлым  оны 
4 (42) 2014 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
 
111 

         
31           
толық  ашуға  мүмкіндік  туады.  Бала 
бойындағы  ерекше  қасиеттерді  оған 
жақын жасы үлкендер дұрыс, жеткілікті 
бағаламаса,  оның  «ӛзгелер  сияқты» 
болып қалып қоюы мүмкін», - дейді. 
Мұғалім  оқушы  шығармашылы-
ғын  дамыту,  бағыт-бағдар  беру  ісінде 
мыналарды 
ескеруі 
керек 
деп 
ойлаймын: 
-
 
шығармашылық 
тапсырманың 
мазмұн түрін ойлап табу; 
-
 
шығармашылық міндеттерді оқу-
шыға ұсынудың әдіс-тәсілін меңгеру; 
-
 
кӛркемдік  шешім  табу,  оқиға 
құру,  образ  жасау  үшін  кілт  боларлық 
жағдайларды тудыра білу; 
-
 
шығармашылық  процесті  факті-
лер  мен  мәліметтерге  педагогикалық, 
әдістемелік  тұрғыдан  баға,  қорытынды 
бере  білу,  теориялық,  практикалық 
тұжырымдар жасау. 
Психологтар бала қабілетінің 2 түр- 
лі деңгейі болатындығын дәлелдейді: 
-
 
Репродуктивті  іс-әрекетті,  не 
білімді берілген үні бойынша қабылдау, 
меңгере алу деңгейі; 
-
 
Шығармашылық  –  жаңа  нәрсе 
ойлап  табуға  бағытталған  қабілеттер 
деңгейі. 
Шығармашылықты  дамыту  жо-
лындағы  негізгі  кедергілер.  Қазіргі 
уақытта кӛптеген психологтар мен педа-
гогтар  ӛскелең  ұрпақтың  шығармашы-
лық әлеуетін дамыту қажеттігін мойын-
дап  отыр.  Дегенмен,  шығармашылық 
тұлғаны  дамыту  жолында  кедергілер 
жетерлік.  Оқушылардың  шығармашы-
лық  ақыл-ойын  дамытуға  тежеу  жасай-
тын басты фактор кӛптеген мұғалімдер-
дің  шығармашылықтың  мәні  мен  пайда 
болуын  түсінбеуі  болып  табылады.  Бұл 
балалардың  танымдық  белсенділігін 
басып 
тастаудан-ақ 
кӛрінеді. 
Ол 
оқушылардың  шығармашылық  ақыл-
ойының  дамуына  тоқырау  жасап  қана 
қоймайды, сонымен бірге іс-әрекеті мен 
мінез-құлқында  шығармашылық  ныша-
ны бар оқушылардың  құқықтарын шек-
теу болады. 
 
Кедергілер: 
-
 
мұғалімнің оқушыны сынауы; 
-
 
баланың еркін шектеу; 
-
 
шығармашылықты 
кӛтермеле-
меу. 
Дарынды  адамдардың  қабілетін 
жас  кезінде  оқытушылары  сезіп  білме-
гені  тарихтан  белгілі.  Мысалы,  атақты 
Энштейн  мінез-құлқы,  тәртібі  нашар, 
әдепсіз деп танылған. 
Біздің  ойымызша,  бүгінгі  баста-
уыш сынып оқушыларының кез келгені 
шығармашылық  тапсырмалар  шешуді 
табыспен  меңгере  алады.  Ол  үшін 
тӛмендегі шарттар орындалуы тиіс: 
-
 
баланың  шығармашылық  қабі-
леттерін  дамыту  ісін  ерте  бастан  қолға 
алу; 
-
 
баланың  жүйелі,  тұрақты  ұйым-
дастырылған 
шығармашылық 
жағ-
дайында болуы; 
-
 
шығармашылық 
жұмыстар 
баланың 
ойлау 
мүмкіндігінің 
ең 
жоғарғы  деңгейіне  жетуі  керек.  Күн 
асқан  сайын  ол  деңгей  биіктей  беруі 
қажет; 
-
 
ең  негізгі  шарт  баланың  әрекет-
тің  түрін  таңдауына  деген  еркіндігінің 
болуы. 
Баланы  жастайынан  шығармашы-
лық  ӛнеріне  қалай  баулу  керек?  Оның 
жолдары, 
әдіс-тәсілдері, 
мазмұны 
қандай? 
Қазіргі 
әдебиеттік 
оқу 
пәні 
әдістемесінің ӛзекті мәселелерінің бірі – 
осы.  Оқушыларды  сӛз  ӛнеріне  баулу, 
үйрету ісін қолға алу үшін баланың қай 
жаста 
шығармашылық 
қабілетінің 
ашылу мүмкіндігі мол – соны танысты-
ралық. Психологтардың зерттеуі бойын-
ша,  әрбір  жаста  шығармашылыққа 
баулуға  ӛзек  болардай  ӛзіндік  ерекше 
қабілет, бейімділік бар екен. 
Сонымен,  оқушыларды  сӛз  ӛнері-
не  баулып,  үйрету  үшін  қажетті 
жағдайлардың мазмұнына тоқталсақ: 
-
 
мұғалім  ең  алдымен,  сыныпта 
шығармашылық  кӛңіл-күй тудыру  үшін 
баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы 
керек.  яғни,  оқушылардың  назарын 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
4 (42) 2014 
112 

         
32           
шығармашылық арнаға бұру үшін үнемі 
(елеусіз  болса  да)  шығармашылық 
тапсырма-міндеттер,  жаттығу,  ойын 
түрлерін ұсынған жӛн; 
-
 
әрбір  шығармашылық  тапсырма-
ны  оқушыға  ұсынудың  жолын,  әдіс-
тәсілін білу керек;  
-
 
шығармашылық  жаттығу  ойын-
тапсырмалардың  мазмұны  жеткіншек-
тердің  жас  ерекшелігіне,  қызығушы-
лығына үйлесуі керек; 
-
 
тапсырма міндетпен танысқаннан 
кейін бала жұмысқа кіріседі. 
Мұғалімнің ең үлкен міндеті: 
-
 
бала белгілі бір кӛркемдік шешім 
тауып,  ӛз  туындысын  ұтымды  аяқтап 
шыққанға  дейін  оны  назарынан  тыс 
қалдырмау,  шығармашылық  бағыт-
бағдар беріп отыруы
-
 
шығармашылықпен 
жеке-дара 
оқушы емес, сыныптың, мектептің бүкіл 
балалары 
ойласу 
үшін 
жағдай, 
мүмкіндік туғызу; 
-
 
Сыныпта,  ұжымда  ӛзара  шығар-
машылық ахуал орнату. 
Мұғалім  оқиға,  сюжет  құруға, 
образ  жасауда  жазушылық  шеберлік 
танытса,  оқушылардың  қызығушылығы 
оянады.  Ӛздерінің  күшіне  деген  сенім 
қалыптасады.  Сондықтан,  мұғалімнің 
шығармашылықпен  айналысуы  және 
ӛзінің 
жазған 
дүниелері 
жӛнінде 
балалармен пікір алмасуы заңды. 
Кӛркем 
шығарманың, 
әдеби 
процестің механизмін түсінбейтін мұға-
лім  оқушыны  әдеби  шығармашылыққа 
үйретіп баулымақ түгілі, оқушы жасаған 
дүниеге  нақты,  әділ  бағасын  беріп, 
кӛркемдік дәрежесін тани да алмайды. 
Шығармашылық  ізденістер  жасап, 
ӛмір  талабына  сай  еңбектеніп  жүрген 
ұстаздар  оқушының  қабілет  ерекшелік-
терін  тез  анықтайды.  Оқушылардың 
бірден  кӛзге  түсетін  ерекшеліктерін 
былай топтастыруға болады: 
-
 
ӛте белсенді
-
 
танып-білуге  деген  құштарлығы 
жоғары; 
-
 
есте сақтау қабілеті жоғары; 
-
 
сӛздік қоры мол; 
-
 
қиындықты жеңе біледі; 
-
 
шыншыл, турашыл; 
-
 
ӛздігінен ізденіс жасай алады
-
 
олимпиадаларға қатысады; 
-
 
эссе, әңгіме, мақала жаза алады; 
-
 
конференцияларға қатысады, 
-
 
танымы кең, білімі терең; 
-
 
оқулықтан материалды сұрыптап 
ала алады. 
Заман  жаңарған  сайын  оқыту  мен 
тәрбие  жүйесі  де,  әдіс-тәсілдері  де 
жаңарып, түрленіп отыруға тиіс. Себебі, 
алдымызда отырған  жас ұрпақ дамыған 
Қазақстанның 
іргетасын 
қалайтын, 
тәуелсіз  тудың  тұтқасын  ұстайтын 
азаматтар. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1.
 
С.Ахметов.  Бастауыш  сыныпта  білім  берудің  тиімділігін  арттырудың  жолдары. 
Алматы, «Рауан» баспасы, 1994 ж. 
2.
 
А.Бидайбекова.  Бастауыш  мектептегі  оқу-тәрбие  үрдісін  ұйымдастыруға  арналған 
әдістемелік нұсқаулар. Алматы, 2010 ж. 
3.
 
Т.С.Сабыров.  Оқушы  жастардың  танымдық  әрекетін  арттырудағы  оқытудың 
әдістері  мен  формаларының  дидактикалық  жүйесін  тиімді  қолдануға  мұғалімді 
даярлаудың теориялық негіздер. Алматы, 1996 ж. 
4.
 
Т.Мейірманқұлова. Білім берудегі инновациялық технологиялар. Алматы, 2000 ж. 
5.
 
Қ.Тасболатов. «Оқушылардың таным белсенділіктерін арттыру». 
6.
 
Б.Тұрғанбаева. «Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту». 
7.
 
М.Жұмабаев «Педагогика» Алматы, 1989 ж. 
8.
 
«Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту» Әдістемелік 
нұсқау «Дарын» орталығы Астана, 2002 ж. 
9.
 
Ю.Гатанов  «Шығармашылық  ойлау  қабілетін  дамыту  курсы»  Санкт-Петербург, 
1998 ж.  
4 (42) 2014 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
 
113 

         
30           
КӚРУ ҚАБІЛЕТІ БҦЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ 
ҚАБЫЛДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
 
С.Сарсенбаева 
Қызылорда қаласындағы №5 кӛру қабілеті бұзылған балалардың арнаулы (түзету) 
мектеп-интернатының тәрбиешісі 
 
 
Қазіргі  таңда  ең  ӛзекті  мәселенің 
бірі  –  мектеп  жасындағы  кӛру  қабілеті 
бұзылған  балалардың  қоршаған  ортаны 
қабылдау 
ерекшеліктерін 
анықтау 
болып  отыр,  сонымен  қатар,  оларды 
әлеуметтік  ортаға  бейімдеп,  ӛзімен 
қатарлы  қалыпты  балалардың  құқығы-
мен  тең  қылып,  қалыпты  азамат  етіп 
тәрбиелеу. 
Толассыз  ақпаратты  адам  кӛз 
арқылы  қабылдайды.  Кӛру  қабілеті 
бұзылған  балалардың  даму  мүмкіндігі 
шектеулі.  Кӛру  қабілеті  бұзылған  және 
нашар  кӛретін  балалардың  психикалық 
дамуындағы заңдылықтарды қарастыра-
тын  ғылымдардың  саласы  –  тифлопси-
хология деп аталады. 
Тифлопедагогика  –  педагогика 
ғылымының  кӛру  қабілеті  бұзылған 
балаларды оқыту және тәрбиелеу жӛнін-
дегі  саласы.  Ғылым  саласы  ретінде            
ХІХ  ғасырдың  басында  дами  бастады. 
Кеңес  Одағы  кезінде  әр  түрлі  ауытқуы 
бар  балаларға  арналған  оқыту-тәрбие-
леу  мекемелері  ашылып,  олар  жалпы 
білім беру жүйесіне кірді. Кӛру қабілеті 
бұзылған  балалар  арнаулы  (түзету)  ме-
кемесінде білім алып, жоғары оқу орын-
дарына  түсуге  жағдай  жасалды.  Олар-
дың  арасында  академик  Л.С.Понтрягин 
және 
А.Г.Витушкин, 
профессор 
В.И.Зубов,  жазушылар  Н.Островский, 
Э.Асадов, 
Н.Силков, 
А.Притчина, 
сазгерлер  В.Никитин,  Н.Поликарпов 
секілді кӛрнекті тұлғалар да бар. 
Тифлопедагогика  саласында  мол 
еңбек  қалдырған  Б.И.Коваленко  мен 
В.С.Сверлов  болды.  О.Скороходованың 
еңбектері  дефектология  ғылымында 
ерекше  орын  алады.  Оның  «Мен  қалай 
қоршаған  ортаны  қабылдаймын  және 
түсінемін» атты еңбегінің дефектология 
үшін маңызы зор. 
Бүгінде  тифлопедагогикада  кӛру 
кемістіктерін  алдын  алу,  түзету  жолда-
ры,  механизмдер  мен  кемшілігі  бар 
функциялардың  орнын  толтыру  жағ-
дайы,  саралап  оқыту  түрлері,  мазмұны 
мен  әдістері  ашып  кӛрсетіледі.  Бала-
ларды  мектепке  дайындыққа,  мектеп 
кӛлемінде  жалпы  және  орта  кәсіптік 
білім  алуға,  рухани  ӛсуге,  эстетикалық, 
тәрбиеге,  дене  тәрбиесіне  әлеуметтік-
психологиялық  және  еңбекке  қалып-
тастырады.  Кӛру  кемістігі  бар  ересек-
терді  оқытудағы  мақсат  –  ӛмірлік  тәжі-
рибесі  мен  жалпы  біліктілігін,  білімін 
және әлеуметтік дәрежесін кӛтеру. 
Алғашқы  кӛру  бұзылысы  кезінде 
психикалық  әрекетіне  материалистік 
мінездеме  берген  француз  ағартушысы 
Д.Дидроның 
«Кӛретіндерге 
кӛруі 
бұзылғанлар  жайлы  насихат  хат»  атты 
оқулығында,  ал  одан  кейінгі  әйгілі 
«Энциклопедиясында» 
қарастырды. 
Д.Дидроның  еңбектері  қоғамның  кӛруі 
бұзылғанларға  деген  кӛзқарасын  ӛзгер-
тіп,  олардың  міндетті  түрде  арнайы 
білім алу керектігіне қол жеткізді. Кӛруі 
бұзылған  адам  қараңғылықты  сезбейді 
және қараңғы түнекте ӛмір  сүремін деп 
ойламайды.  Психологиялық  жағынан 
алғанда  кӛруі  бұзылғандық  шынында 
бақытсыздық  емес,  ол  әлеуметтік  жайт. 
Оған А.В.Бирилев ӛз еңбегінде мынадай 
салыстырмалы  мысал  келтіреді:  «Кӛруі 
бұзылған  адамның  жарықты  сезуі  мен 
кӛзін байлаған адамның жарық кӛруінде 
айырмашылық бар», - дейді.  
Белгілі  қоғам  қайраткері  Е.Келлер 
былай  деп  жазды:  «Кӛруі  бұзылғандар-
дың  сипап  сезімі  арқылы  дүниенің 
қызығын  нәзік  түсіне  алуын  кӛзі  кӛре-
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
4 (42) 2014 
 
114 

         
30           
тіндердің  бәрі  біле  бермейді.  Ӛйткені, 
оларда  мұндай  сезімдік  танымдар  кӛруі 
бұзылғандардыкіндей  жетіле  қоймаған. 
Тәрбие 
гигиенасына 
сәйкес 
кӛру 
қабілеті  бұзылған  баламен  жасалатын 
қарым-қатынас дені  сау  баламен бірдей 
болуы керек. Ондай балаға жастайынан 
жүруді  де,  ӛзін-ӛзі  күтуді  де,  кӛзі 
кӛретін 
балалармен 
ойнауға 
да 
дағдыланып,  оған  сондай  талап  қойып 
отыру керек. Ондай балаға кӛру қабілеті 
бұзылған  екен  деп  аяныш  білдірудің 
қажеті  жоқ.  Сонда  ғана,  Щербина 
айтқандай  кӛруі  бұзылған  бала  ӛзінің 
кемдігін онша сезіне қоймайды». 
Кӛру  қабілеті  бұзылған  адамдар-
дың  арасында  керемет  композиторлар 
мен 
музыканттар 
бар. 
Париждегі 
К.Монтель атты кӛру қабілеті  бұзылған 
балаларға  арналған  Ұлттық  институт-
тың  оқытушысы,  алты  жасар  кезінде 
соқырланып  қалса  да,  пианино  мен 
рояльдың құлағында ойнайтын. 
Нашар кӛретін балалардың қабыл-
дауы  тежелумен,  бейненің  тарлығымен, 
нақтылықтың  тӛмендеуімен  ерекшеле-
неді. Қалыпты кӛретін балаға қарағанда 
олардың  кӛру  арқылы  елестетуі  анық 
емес.  Сол  себепті,  нашар  кӛретін 
балаларға кеңістікте бағдарлану қиынға 
соғады.  мұндай  балалар  кӛру  арқылы 
жұмыс  істегенде  тез  жалығады,  ал  бұл 
ӛз  кезегінде  кӛрудің  одан  әрі  нашар-
лауына алып келеді. 
Кӛздің  талуы  ой  және  физикалық 
жұмыс  қабілетінің  тӛмендеуіне  әкеліп 
соқтырады.  Бірақ  та  нашар  кӛретін 
баладағы  әлсіз  кӛру  қалыпты  балада-
ғыдай  жетекші  анализатор  болып  қала-
ды. Нашар кӛретін балалар кӛру қабіле-
тін қабылдаудың негізгі құралы ретінде 
қолданады.  Нашар  кӛретін  балаларда 
кӛруі  бұзылғандарда  болатындай  сезім 
түйсігі  кӛру  функциясының  орнын 
ауыстырмайды.  Балаларда  кездесетін 
кӛру  кемістігі  күшейе  түсетін  және  бір 
қалыпты  болып  бӛлінеді.  Күшейе 
түсетін  кӛру  бұзылысына  глаукоманың 
бастапқы  және  қосалқы  жағдайлары, 
кӛру  жүйкесінің  атрофиясы,  жақыннан 
кӛргіштіктің  қатерлі  түрлері  және  т.б. 
жатады. Бір қалыптыға – даму кемістігі: 
микрофтальм,  катаракта,  операциядан 
кейінгі  афакия  жатады.  Нашар  кӛретін-
дерде  кӛру  анализаторы  қалыпты  бала-
лар  тәрізді  оқыту  процесінде  қолданы-
лады.  Нашар  кӛретіндер  құбылыстар-
мен,  заттармен  танысуда,  сонымен 
қатар кеңістікте бағдарлануда ӛздерінде 
сақталған  кӛру  қабілетін  қолданады. 
Бірақ  та  олардың  кӛру  арқылы  қабыл-
дауы  бӛлшектеп  толық  емес  күйде  сақ-
талған. Қоршаған ортаны кӛруі баяулан-
ған  және  анық  емес.  Сондықтан,  олар-
дың айналаны қабылдауы шектеулі. На-
шар  кӛретіндердің  арасында  түсті  ажы-
рату қызметі бұзылған адамдар да бар. 
Нашар  кӛретін  балалар  қалыпты 
кӛретін  балалар  меңгеретін  барлық 
ойын  түрлеріне  қатыса  алады.  Бірақ, 
жақыннан кӛргіштіктің жоғары деңгейі-
мен  сонымен  қатар  кӛз  ауруларымен 
зардап  шегетін  балаға  жылдам,  әрі  тез 
қимылды  қажет  ететін  ойындарға 
қатысуға  және  физикалық  ауыртпашы-
лық түсіруге болмайды. 
Егер,  дәрігер-офтальмолог  балаға 
кӛзілдірік  киюді  нұсқаса,  онда  баланың 
ата-анасы  кӛзілдірікті  дұрыс  тағуды, 
үнемі  оны  қолдануды  сонымен  қатар 
дәрігердің 
нұсқауымен 
бұлжытпай 
орындауды  қадағалап  отыруы  керек. 
Нашар  кӛретін  балалар  кейбір  тітіркен-
діргіштікпен,  тұйықтықпен  сипаттала-
тын мінез-құлқындағы ерекшеліктермен 
ерекшеленеді.  Бұл  жӛтіспеушілік  кӛру 
кемістігі  салдарынан  ойында,  оқуда, 
құрдастарымен  қарым-қатынаста  бола-
тын  қиындықтармен  түсіндіріледі.  Сон-
дықтан,  нашар  кӛретін  балалар  оқыту 
мен  тәрбиелеудің  арнайы  жағдайын 
талап  етеді.  Егер,  нашар  кӛретін  бала 
жалпы  білім  беретін  мектепте  оқи 
бастаса,  оның  жұмыс  қабілеті  басқа 
оқушыларға  қарағанда  тез  артта  қала 
бастайды.  Егер,  оның  үлгерімі  оның 
мүмкіндіктерінен тӛмен болса, онда бұл 
үлгере алмаушылыққа алып келеді. 
Нашар  кӛретін  балаларды  оқыту 
жағдайы  әлсіз  кӛру  қабілетін  сақтай 
4 (42) 2014 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
 
115 

         
31           
алатын, оның кӛру арқылы қабылдауын 
жақсартатын,  ауыртпалық  түсірмейтін 
жағдайда  болуы  керек.  Оған  кӛруді 
түзететін  офтальмолог  ұсынған  құрал-
дарды  қолдану  жатады:  кәдімгі  және 
арнайы  кӛзілдіріктер,  жұмыс  істейтін 
жердегі 
жарық 
беретін 
құралдар, 
арнайы  оқулықтар,  кӛру  жұмысының 
күнтізбесін сақтау жатады. 
Нашар  кӛретін  балалар  арнайы 
мектеп-интернатта,  арнайы  сыныптарда 
оқиды. Нашар кӛретіндермен жүргізіле-
тін оқу-тәрбие жұмысының әдісі қалып-
ты жағдайдағы балалармен жүргізілетін 
әдістен  ерекшеленбейді.  Нашар  кӛретін 
балалармен  жүргізілетін  оқу-тәрбие 
жұмысының негізігі міндеті – әлсіз кӛру 
жүйесін  сақтау  және  оны  әрі  қарай 
дамыту. 
Кӛру  қабілеті  бұзылған  балалар-
дың  оқитын  оқу  бӛлмелері  жарықпен 
қамтамасыз  етілген.  Оқу  бӛлмесінің 
терезелерінде  ашық  түсті  перделер 
ілінген.  Оқу  бӛлмесінің  қабырғалары 
жасыл, кӛк түс беретін сырлармен боял-
ған.  Арнайы  нашар  кӛретін  балаларға 
арналған  бір  ондықты  парталар  оқу, 
жазу,  сурет  салу  барысында  олардың 
дұрыс  отыруына  жағдай  жасайды  және 
кітап  пен  дәптерді  кӛзбен  керекті 
арақашықтыққа қоюға мүмкіндік береді. 
Нашар  кӛретін  балаға  үлкен  шрифпен 
жазылған  кітаптар  қолданылады.  Жазу-
ға үйрету жолдары арнайы сызықтармен 
бӛлінген дәптерлер қолданылады. 
Нашар кӛретін балаларға арналған 
мектеп-интернаты,  мектеп  аймағында 
ӛткізілетін  саяхаттарға,  саябаққа  қыды-
руға  кӛп  кӛңіл  бӛлінуі  керек.  Нашар 
кӛретіндерге  арналған  мектепте  елесте-
ту  мен  қабылдау  қорын  кеңейтетін 
жүйелік  жұмыстар  жүргізіледі.  Кӛру 
қабілетінің  қатысуын  керек  ететін 
оқыту жұмыстары, ауызша сабақтар мен 
ауысып  отырады.  Нашар  кӛретіндердің 
кӛру  жүйесін  сақтауда  10-15  минут 
сайын үзіліс жасау керек. 
Нашар  кӛретін  балаларды  оқыту-
тәрбиелеу  жұмысының  басты  міндеті  – 
еңбек  тәрбиесіне  үйрету  болып  табыла-
ды. Кӛру кемістігі белгілі бір мӛлшерде 
балалардың  еңбекке  деген  мүмкінші-
лігін және еңбек қабілеттілігін тӛменде-
теді. Нашар кӛретін балаға ӛзін-ӛзі күту 
дағдысына  байланысты  тәжірибелік  іс-
әрекеттің  әр  түрлі  түрлері  тән.  Еңбекке 
оқыту  жүйесі  тұлғаның  жан-жақты 
дамуының  ең  басты  құралы  болып 
саналады.  Еңбек  нашар  кӛретін  балаға 
жауапкершілікті,  ӛмірге  дайындықты 
тәрбиелеу  құралы  ретінде  үлкен  рӛл 
атқарады.  Кӛру  қабілеті  бұзылған 
балаларды  тәрбиелеу  ӛзінің  міндеттері 
мен  мақсаттары  бойынша  педагогика-
ның  жалпы  принциптерімен  сәйкес 
келеді.  Тәрбиелеудің  жалпы  міндеті 
баланың  дамуында  бірінші  және  екінші 
ауытқуларды толықтыру  мен түзетудегі 
арнайы міндеттермен сәйкестендiрiледi. 
Тәрбие  жеке  тұлғаның  санасына, 
мiнез-құлқының  дұрыс  қалыптасуына 
әcep  eтeтін  құрал.  Тәрбие  процесiнде 
жеке  тұлғаның  сана-сезімі  мен  ақыл-
ойына  жүйелi  түрде  әcep  етіп,  оның 
дүниетанымын  қалыптастырады,  ерiк-
жiгерi мен моральдық бейнесiнiң қалып-
тасуына оң ықпал етеді. 
Тәрбие  жұмысын  дұрыс  ұйымдас-
тыру  кезiнде  баланың  дамуы  дұрыс 
қалыптасады.  Балаға  педагогикалык 
әcep  етудiң  мақсаты  таным  мүмкiндiк-
терiнiң  дамуына  қабiлеттi  ӛмip  талабы-
мен  тығыз  байланысты.  Ic-әрекеттiң  әp 
түpiмeн  қамтамасыз  ету,  бiлiмдi  меңге-
румен  қамтамасыз  ету,  дағдымен  бiлiк-
тiлiктi  қалыптастыру,  оларды  еңбек 
және оқу әpeкeтінің әлеуметтiк мағына-
сын  түciну  деңгейiне  дейiн  кӛтеру. 
Бұлардың  бәрi  кӛру  қабілеті  бұзылған 
балалардың 
мүгедектiк 
жағдайын 
толықтырады.  кӛру  қабілеті  бұзылған 
балаларды  адамгершiлiк,  эстетикалық 
физикалық, 
еңбектiк 
тәрбиелеуге 
болады. 
Тәрбиенің  міндеті  –  жас  ұрпақты 
ӛмірдің  барлық  саласындағы  адамның 
ӛмірімен,  тұрмыстағы,  еңбектегі,  кӛр-
кемӛнердегі,  табиғаттағы  сұлулық  пен 
әсемдікті  кӛре  білетін,  ұға  білетін  және 
оларды ӛзі де жасай алатын азамат етіп 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет