4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
181
34
сайын оқушыларды оқыту мен тәрбие-
леу ӛте тиімді жүргізіледі. Мұғалімнің
әрбір сабағы оқушы сезіміне, ынта-
ықыласына әсер етуі тиіс. Ол үшін
сабақ құрылымы кӛп түрлі оқыту
әдістерімен, мұғалімнің дайындығы,
ізденісі жоғары деңгейде болуы керек.
Оқушыларға білім негізін меңгертудің
әдіс-тәсілдері сан алуан. Оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын арттыру –
мұғалімнің ӛз еңбегін ұтымды ұйым-
дастыра отырып, жаңа сабақ үлгілері-
мен оқушыларды шығармашылыққа
ізденуін қалыптастыру, оқушыларға
сұрақ қою, эксперименттік тапсырма-
ларды шештіру, ой таласын жасау,
танымдық
ойындар
ұйымдастыру
арқылы
жасау
керек.
Педагогика
ғылымы тиянақты білім маңызына әсер
етпейді, қайта оқушыларды оқытуда
тәрбиелеу мен жетілдіру бағытында
жаңа мақсаттың рӛлін анықтап береді.
Оларға мыналар кіреді:
1.
Информатиканы оқып – үйрену
кезінде кездесетін барлық танымдық
бастауларды оқушылардың ӛз бетінше
пайдалануын қалыптастырады, экспери-
мент барысында мұғалімнің түсіндіруі,
оқушылардың тапсырмаларды орын-
дауы, кітап оқу, бақылау т.б.
2.
Ғылыми ойлау тәлім-тәрбиесін
кеңейту;
3.
Ӛз бетінше ойлауын, шығарма-
шылық қабілетін арттыру, дарынын
шыңдау.
Педагогика ғылымы ешнәрсеге
бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды
деп есептейді. Сондықтан, оқушылар-
дың қабілетін дамытуға мақсатты түрде
ықпал ететін – мектеп.
Оқушының шығармашылық қабі-
летін дамыту дегенді ғылыми тұрғыдан
түсіндірудің негізі қабілет ұғымының
мәнін ашудан басталады.
«Қабілет – іс-әрекеттің белгілі бір
түрін ойдағыдай нәтижелі орындауда
кӛрінетін адамның жеке қасиеті».
(Т.Тәжібаев) «Қабілет – білім алуға
қажетті адамның психологиялық ерек-
шеліктері». (А.В.Петровский) Қабілет
адамды
шығармашылық
деңгейге
кӛтереді.
Шығармашылық – оқушылардың
алынған ақпаратты түрлендіріп, жиі
тапқырлық танытуы, бірегей ойларды
қорыта білуі, оралымды және кӛп
нұсқалы ойлау қабілеттері, зерттеушілік
белсенділігі.
Шығармашылық бағыттағы іс-
әрекеттің негізгісі – шығармашылық
ойлау. Себебі, оқушы ойша әрекеттене
отырып, нәтижесінде не алатынын
кӛзіне елестетеді. Оқушының шығарма-
шылық қабілетін дамыту дарынды,
талапты оқушыны кӛбейтуге әсерін
тигізеді.
Шығармашылық – бұл адамның
ӛмір шындығында ӛзін-ӛзі тануға ұмты-
луы, ізденуі. Ӛмірде дұрыс жол табу
үшін адам дұрыс ой түюге, ӛздігінен
сапалы дәлелді шешімдер қабылдай
білуге үйренуі керек. Адам бойындағы
қабілеттерін дамытып, олардың ӛшуіне
жол бермеу, адамның рухани күшін
нығайтып, ӛзін-ӛзі тануына кӛмектеседі.
Ӛйткені, адам туынды ғана емес,
тудырушы. Адамның ӛз болмысын
тануға, ұмтылуға кӛмектесіп, тереңде
жатқан
талап-тілегін,
қабілеттерін
дамытуға тиіс. Сол арқылы оған
толыққанды ӛмір сүру үшін жаңа
рухани күш беру білімнің ең маңызды
мақсаты
болып
табылады
деп
кӛрсетілген. Қазіргі компьютерленген
жаңа заманда әр оқушының заман
талабына сай әлемдік дәрежеде білімді
меңгеруі
үшін
информатика
пәні
бойынша шығармашылық қабілетін
дамыту – ең басты міндет.
Информатиканы
оқып-үйрену
үрдісінде оқушы алдында оқытудың
тәрбиелеу және жетілдіру мақсаттары
қойылса, онда ол оқу-танымдық деп
аталады. Мұндай жағдайда оқушылар
қажетті білімді игеріп қана қоймай,
сонымен
бірге
ӛзінің
танымдық
қызметін, ғылыми ойлау санасын,
шығармашылық қабілетін жетілдіреді.
Ендеше, информатиканы оқып-үйрену
кезіндегі
оқушының
оқу-танымдық
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
4 (42) 2014
182
35
белсенділігі мына тӛмендегі нақты
белгілерге ие болуы тиіс:
-
шығармашылық бағыт;
-
оқушылардың оқып үйренуде
жас және психологиялық ерекшелікте-
рінің сәйкестігі;
-
абстрактілі ойлау мен практика-
ны байланыстыратын ғылыми таным
жалпы заңдылық кӛрінісі.
Оқушылардың
шығармашылық
қабілетін дамыту үшін оқыту құралы –
компьютерді қолданбай оқытушының
ӛзі дайындалған әр тақырыпқа байла-
нысты әртүрлі деңгейлік тапсырмалар-
дан құралған ӛзіндік және бақылау
жұмыстары мен оқушының болашақ іс-
әрекетіне негіз болатын информациялық
блоктар арқылы да іске асыруға болады.
Ол сабақ үстінде жүргізетін есептеу
жұмыстарының орындалуын, ӛз бетінше
ізденіп, ойланып, еңбектеніп, барып
жетістікке жетуіне мүмкіндік туғызады.
Оқытудың компьютерлік технология-
сын қолданып оқушылардың шығарма-
шылық қабілетін шыңдау деңгейлік
ӛзіндік жұмыстарға тӛмендегідей талап-
тар қойылады.
Бірінші деңгей – «Үйренушілік».
Оқушының жаңа тақырыптан алған
білімдерін бекіту үшін, еске түсіріп,
қайталау үшін және алған білімдерін
практика
жүзінде
қолдана
білуге
жаттықтырады. Берілген тапсырмалар
мен есептер ӛмірмен, қоршаған ортамен
байланыстырылған болуы керек. Мұнда
оқушының қызығушылығына, таным
бірлігіне назар аударылады.
Екінші деңгей – «Алгоритмдік».
Мұнда кері байланысқан функцияларды
орындау үшін тексеру тапсырмалары
іріленген
материалдарды
жүйеге
келтіруге, реттеуге арналған мазмұны
ӛзгертілген жағдайдағы тапсырмалар
беріледі.
Үшінші деңгей – «Эвристикалық».
Оқушыға берілген тапсырмалар таным-
дық ізденіс түрінде игерген білімді
тереңдету үшін әр түрлі логикалық
операцияларды керек етеді. Проблема-
лық жағдайларды шешуге, ӛздігінен
графиктерді, диаграмаларды құруға,
формулаларды
қорытып
шығаруға,
лабораториялық жұмыстарды ӛз бетімен
жасауға,
физикалық
құбылыстарды
үлгілеуге тәрбиеленеді.
Тӛртінші деңгей – «Шығармашы-
лық». Әрбір тапсырманы ӛз бетімен
түсініп талдай отырып орындау ғылыми
шығармашылық
тұрғыдан
шағын
зерттеу жұмысын жүргізуі керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Э.П.Семенюк. Информационный подход к познанию действительности. - Киев,
2004 г. 240 с.
2.
А.Бочкин. Методика преподавания информатики. Минск: Высшая школа, 1998 г.
431 с.
3.
В.В.Малев, А.А.Малева. Внеклассная работа по информатике: Учебно-
методическое пособие для студентов физико-математического факультета. -
Воронеж: ВГПУ, 2003 г. 152 с. (Серия «Теория и методика обучения
информатике»).
4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
183
Достарыңызбен бөлісу: |