Литература:
1.
Кривых C.B. Социальная и практическая направленность образовательного процесса в профильной школе [Текст]
/ C.B. Кривых // Сб. науч. трудов: в 3
-
х ч. –
СПб.: Изд
-
во ГНУ ИОВ
РАО 2005. –
Ч. 3.
2.
Кузьмина Н.В. Профессионализм личности преподавателя и мастера производственного обучения [Текст] /
Н.В.
Кузьмина. –
М.: Высшая школа, 1990. –
119 с.
3.
Кричевский
В.Ю., Кошкина B.C., Щербова Т.В Как построить профильную школу [Текст]: Пособие для
руководителей общеобразовательным учреждением (серия «Профильное обучение» / В.Ю, Кричевский,
B.C.
Кошкина, Т.В. Щербова, Т.В. Згоржельская. –
СПб.: Филиал изд
-
ва «Просвещение», 2005. –
159 с.
Научный руководитель:
доктор педагогических наук, профессор Баширова Ж.Р.
Раушан Сейдрахманова
(Тараз, Казахстан)
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БОЛАШАҚ МАМАНДЫ ТИІМДІ ДАЙЫНДАУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ.
Ғылымның және технологияның қазіргі жағдайын бейнелейтін іргелі білім беру, болашақ мамандардың тек
тәжірибені белсенді қабылдауды ғана емес, сонымен бірге интеллектуалдық шығармашылық қабілеттілігін
анықтайды. Білім берудің осындай түріне қазіргі жоғары оқу орындары бағытталған. Болашақ мамандардың, яғни
298
«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»
студенттердің зерттеу біліктерін меңгеру қажеттілігі, бір жағынан, Мемлекеттік стандарттың талаптарымен
айқындалады, онда бітірушің осы кәсіби аспектісі нақты анықталған; екінші жағынан, қазіргі мамандардың кәсіби іс
-
әрекетімен айқындалады. Мысалы, педагогтардан болашақ мамандарды дайындауда іс
-
әрекеттің шығармашылық
табиғатына сәйкес соның ішінде оны ұйымдастырудың мәселесіне ғылыми тұрғыдан қарауға білім беру үрдісін
зерттеу білігін талап етеді. Сондықтан да жоғары оқу орындарының студенттерін зерттеу жұмысы процедурасымен
таныстыру керек, оны өткізудің дағдыларын қалыптастыру маңызды.
Яғни, оқыту барысында зерттеушілік білігін қалыптастыру. Ол кафедраның ғылыми
-
зерттеу жұмысына
студенттің қатысуы барысында қалыптасады. Соңғысына студенттерді бағыттары мен кафедра педагогтарының
ғылыми жұмысы ерекшеліктері тақырыпшасымен кеңінен таныстыру ықпал етеді, оларды проблемалық топтарға
қатыстыру, табысты зерттеу жұмысын жүргізетін оқытушыларға 1
-
ші курстан бастап «бекіту» ретінде анықтаймыз.
Осы бағыттағы тиімді жұмысты қамтамасыз етудің бірінші шарты
ретінде бүкіл кәсіби дайындықтың жүйесін
асыру барысындағы зерттеушілік білімдердің тиімді қалыптасу процесінің үздіксіздігі мен тұтастығын ерекше айтамыз.
Оған аудиториялық сабақ пен студенттің өзбетінше жұмысы (студенттің оқу
-
зерттеу жұмысы мен ғылыми
-
зерттеу
жұмысы), аталған біліктерді саналы және шығармашылық меңгерудегі түрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланумен
байланысты тәжірибе жатады.
Зерттеу біліктерін қалыптастырудың маңызды шарты ретінде зерттеу іс
-
әрекетінің мотивациясы болып
табылады: қызығушылықтарын қалыптастыру, зерттеу жұмысы қажеттілігін, кәсіби өсу үшін зерттеу біліктер жүйесін
меңгерудің маңыздылығын негіздеу. Практикалық сабақтарда өзін
-
өзі тану, өзіндік қызығушылықтары мен
қабілеттерін талдау, олардың таңдаған кәсіпке сәйкестілігін анықтау үшін жағдайлар жасалынады. Конференцияға
ғылыми енбектерін дайындау барысында студенттер жаңашыл
-
зерттеушілердің жетістіктерімен танысады, шартты
түрде айтқанда, «өзіне салып көреді» шеберге лайықты кәсіби біліктер мен тұлғалық қасиеттерді дамытады. Оның
барысында келесідей зерттеу біліктерін меңгеру қажеттілігін саналы түрде ұғынады, бар тәжірибені талдау,
проблеманы тұжырымдау, өз жұмысының нәтижесін жүйелеу сияқты білігі қалыптасады.
Аталған біліктердің қалыптастыру мен зерттеу жұмысына қызығушылықты тудыру шарасына түрлі кәсіби
жағдайларды талдау мен диагностикалауды өткізу, жоғары курс студенттерімен орындалатын тапсырмалардың
зерттеушілік сипаты және т.б. басқа әдістері жатады. Сонымен қажетті білімдер жүйесі және қалыптасқан зерттеу
біліктерімен бірге зерттеу іс
-
әрекетіне оң көзқарастың болуы болашақ маманның тиімді кәсіби іс
-
әрекетке
дайындығын қалыптастырады.
Екінші шарты
жоғары оқу орындарындағы студенттердің кәсіби
-
тұлғалық мәдениетін қалыптастыру болады.
Болашақ маманның кәсіби дайындаудың тиімділігі сонымен бірге жүйелілік
-
құндылық көзқарасы тұрғысынан
қарамақайшылықтардың талдауын жоғары білім берудің қазіргі жүйесінің талдауын талап етеді. Маманның кәсіби
-
тұлғалық мәдениеті оның іс
-
әрекетінің бүкіл жүйесін қамту керек. Осыған орай жоғары оқу орындары студенттерінің
білімберу мазмұнын қалыптастыруда жүйелілік
-
құндылықтық көзқарасы өзекті болады. Болашақ маманның
мәдениетін қалыптастыру проблемаларын тиімді шешу, оның әлеуметтік қасиеттерін дамыту, оқу
-
тәрбие және
ұйымдастырушылық жұмысты талдау, теориялық және нақты
-
әлеуметтік зерттеулердің, тұлғалық және мәдениет
теориясы нәтижесін жалпылау негізінде анықтаймыз. Мысалы, Ә. Табылдының пікірінше: «Ұлттық мәдениеттің қайнар
бастау –
оның (ұлттың) рухани азығының асылдық қасиеттеріне байланысты. Халықтың рухани қуатын арттыратын
қозғаушы күш –
оның әдебиеті, өнері, әдебі мен эстетикалық болмысы. «Әдеп
-
мәдениет негізі», «әдет
-
ғұрып, салт –
дәстүрлер –
халық мәдениетінің көрсеткіштері» т.б. тақырыптар бойынша оқылатын лекцияларда ұлттық мәдениеттің
негіздері, оның бұрынғысы мен қазіргісі және болашағы ғылыми дәлелдемелермен айқын көрсетіледі» Осы
анықтамаға сүйене айтатынымыз, мәдениет білімберушілік құндылық ретінде студенттерді дамыту мен тәрбиелеуде
тұрмыстың, ойлаудың, сауықтырудың мәдениетінде, қатынасында, қарым
-
қатынасында, дүниетанымдық
мәдениетінде, эстетикалық іс
-
әрекетінде көрініс береді.
Бұл жерде маңыздысы –
болашақ маман тұлғасының мәдениеті қалыптасуының механизмдерін зерттеу
мақсатты түрде ұйымдастырылған жоқ, бірақ дамытушылық білім беру мен мәдениеттің аспектілері қаралады.
Олардың өзара байланысы мен өзараауысуы қаралады. Осыған орай болашақ маманды дайындау жүйесінде
студенттердің үнемі өз кәсіби дәрежесін көтеру қабілетін дамыту шеңберінде жүйелілік
-
құндылық көзқарасының
маңыздылығы оқу
-
тәрбие процесі барысында анықталады. Осыған байланысты жоғары кәсіби білім беру іс
-
әрекет
ретінде қарастырылады, оның мақсаты –
болашақ маманның интеллектуалдық
-
адамгершілік тұлғасын дамыту,
тұлғалық өсуінің қамтамасыз ету ретінде анықтаймыз.
Болашақ маманды дайындаудағы жүйелілік
-
құндылықтық көзқарасы жүйе ретінде түсініледі, ол жаңа
ғасырдың мәдени және гуманистік құндылықтарын есепке алу негізінде құрылады: субъектіліктің, диалогиялықтың,
дамытушы бағыттылықтың, кіріктірушіліктің, іргеліліктің, үздіксіздіктің. Сонымен, қазіргі білім беру парадигмасын
әлеуметтік
-
тұлғалық, тұлғаға
-
бағдарлаушылық, гуманистік білім беру анықталады. Университеттік білім беруде
әдетте парадигманың келесі өзгермелі түрлері айтылады: мәдени
-
құндылықтылық парадигмасы, академиялық
парадигмасы, кәсіби парадигмасы, технократиялық парадигмасы, гуманистікпарадигмасы. Жетекші білімберушілік
парадигмасының әсерімен университеттік білім берудің басқа моделдері қалыптасады: а) дәстүрлі немесе
классикалық; б) рационалистік.
Мәдени
-
құндылықтылық парадигмасына сәйкес кәсіби мәдениетті қалыптастырудың басты мақсаты жоғары
білім берудің құндылығы ретінде студенттердің әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін дамыту болып табылады. Кәсіби
білім берудің әлеуметтік
-
тұлғалық аспектісін іске асырудың негізгі
тәсілі ретінде білім берудің проблемалық,
сараптамалық, рефлексивтілік, диалогтік оқытудың және тәрбиелеудің, ұжымдық мәдени
-
шығармашылық іс
-
әрекеті
технологияларын пайдалану деп түсінеміз.
Шығармашылықтың объектісі ретінде маманның бейнелері мен мақсаттары, символдары мен ұғымдары,
қылықтары мен қатынастары, құндылықтары мен сенімдері қарастырылады. Болашақ маман шығармашылық ізденіс
барысында өзі үшін маңызды жаңалықтар ашады, адамтану мен құрметтеу аумағындағы коммуникативтік мәдениет
көрсеткіші ретіндегі гуманистік құндылықтарымен танысады.
Болашақ маманды дайындау жүйесіндегі жүйелілік
-
құндылықтық көзқарасы маман біліктілігінің жоғары
көрінісі және кәсіби құзырлылығы болып табылады. Осы кәсіби
-
тұлғалық мәдениеті деңгейінде толығынан маманның
адами жеке
даралығы көрініс беруі мүмкін. Болашақ маманның тұлғалық және кәсіби мәдениеті жүйесіндегі
құрылымында басты компоненттері ретінде құрастырушылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік аймақтарын
анықтадық. Студенттер іс
-
әрекетінің құрастырушылық аймағы ұйымдастырушылық іс
-
әрекетімен нәтиже шығарады,
өйткені әрбір кәсіби әрекет соңғы нәтижесінде кешенді ұйымдастырушылық іс ретінде қаралады. Өз кезегінде
«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»
299
құрастырушылық және ұйымдастырушылық іс
-
әрекеттері оқытушының студенттермен дұрыс өзара қатынастарын
орната білуінен күрделене түседі.
Зерттеудің методологиясы білім берудің жүйелілік
-
құндылықтық парадигмасы шенберінде болашақ
маманның тұлғалық жаңа құрылымдары пайда болуы мен дамудың тенденциялары мен кәсіби білім берушілік
жағдайларын анықтау мен зерттеуінің іске асуымен түсінеміз, олар ғылыми көзқарастар жүйесіне негізделеді:
Акмеологиялық –
кәсіби дайындық барысындағы табиғи және әлеуметтік
-
мәдени факторлар
интеграциясын анықтауға мүмкіндік беретін сыртқы басқарудан ішкі басқаруға өту негізіндегі көзқарастар жүйесі.
Мәдениеттілік –
маманның интеллектуалдық
-
адами қабілеттерін дамытуға бағытталған іс
-
әрекеттің
мазмұндық компонентінің бағытталу негізіндегі, мәдени
-
білімберу іс
-
әрекеті дамуының сыртқы қалыптасуы мен ішкі
дамуының мақсаты мен мазмұнын, тәсілдері мен нәтижелерін өзіндік анықтауына бағытталу негізіндегі көзқарастар
жүйесі.
Тұлғалық
–
мәдени және кәсіби аспектіде өзіндік ұғыну субъективтілігіне қарай мамандықты игеру
барысындағы болашақ мамандыққа қатынасын бейнеленуі негізіндегі көзқарастар жүйесі. Кәсіби мәдениетті игеру
үрдісі мәдениеттің объективтіліктен субъективтілікке ауысу негізінде түсіндіріледі. Е.В.Бондаревскаяның пікірінше,
бұл процесс, оның барысындағы кәсіби мәдениетінің моделі бойынша студенттермен айқындалып, кәсіби іс
-
әрекет
пен мінез
-
құлықтың тұлғалық моделіне айналады. Сондықтан да тұлғалық
-
шығармашылық аспектісі кәсіби мәдениетті
игерудің механизмімен түсіндіріледі. Ол өздігінен дамитын субъектінің маман ретіндегі тұлғалық өзекті қасиеттерін
анықтаудың шығармашылығы актісі болып анықталады. Осымен қоғам өзінің соңғы нәтижесінде өзіндік мақсатқа
бағытталған жан
-
жақты дамуына бағдарланған адамды қажет етуі түсіндіріледі.
Зерттеу барысында жоғарыда айтылған барлық көзқарастар кәсіби
-
тұлғалық мәдениетті білімдер, біліктер
мен тұлғалық қасиеттер жиынтығы ретінде анықтауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде маман мәдениетінің негізгі
компоненттері ретінде білімдер, біліктер мен дағдылар, тұлғалық қасиеттерді; кәсіби
-
шығармашылық іс
-
әрекет
тәжірибені; кәсіби этиканы анықтаймыз.
Осы моделдің негізінде студенттерді дайындау барысында кәсіби
-
тұлғалық мәдениет қалыптасуының
құрылымдылық компоненттерін анықтаймыз:
Мотивациялық –
болашақ мамандардың жоғары оқу орындарының білім беру үрдісіне кіруді қамтамасыз
ететін қажеттіліктерді, мотивтерді, қызығушылықтарды қамтиды;
Бағдарлаушылық
–
іс
-
әрекеттің танымдылық және өзінің адамгершілік –
интеллектуалдық жетілуінің
жоспарлау мен жобалаудың мақсатын анықтауды қамтиды;
Бағалаушылық –
іс
-
әрекет нәтижелерін кәсіби
-
тұлғалық мәдениетті қалыптастыру шенберіндегі,
орындалатын міндетпен салғастыру негізіндегі әрекеттердің орындалуының барысы туралы кері ақпаратын жүйелі
алу мазмұнын қамтиды;
Мазмұндық
-
операционалдық
–
екі өзарабайланысты бөлімдерден тұрады: жетекші білімдер жүйесі
(теория, заңдылықтар, фактілер, көзқарастар) және оқудың тәсілдері (ақпарат алудың құралдары мен білімдерді
қолдану);
Еріктілік, зейінді
–
ерікті түрде назар аудару тұрғысынан мәдени құндылықтарды игеру бойынша
әрекеттердің эмоционалдық жағын қамтиды.
Біздің зерттеуміз бойынша жоғары оқу орындарында осы моделдің табысты жүзеге асуының келесі
кіріктірілген үрдістер ықпал етеді: арнайы пәндердің өзара байланыстылығы үрдісі; осы пәндердің практикалық және
шығармашылық
-
теориялық өзара әрекеті үрдісі; жоғары оқу орындарында тұтас білім беру кеңістігін құру негізіндегі
тәжірибемен алмасу үрдісі.
Ал жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындау үрдісінің мәдени
-
білім беру аспектісін дамытудың
моделі өзін
-
өзі дамытуды, өзін
-
өзі жетілдіруді, өзін
-
өзі басқаруды, өзін
-
өзі танып білу мен анықтауды,
толерантылықты, кәсіби этиканы т.б. компоненттерді құрайды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
:
1.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы.
2.
Джакупов М.С.Управление познавательной деятельностью студентов в процессе обучения. –
Алматы,
2002
3.
Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. –
А., 1991.
4.
Әбиев Ж. Жаңа адамда қалыптастыру. –
Алматы, 1988.
5.
Қоянбаев Ж.Б. Педагогика // Астана, 1998
6.
Деркач А. А., Кузьмина Н. В. Акмеология: пути достижения вершин профессионализма. –
М.: РАУ, 1993.
7.
Климов Е. А. Психология профессионала. –
М.: Воронеж: МПСИ,
1996.
Гулзат Сембаева
(Тараз, Казахстан)
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ҚАРЫМ
-
ҚАТЫНАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Әрбір қоғамның дамуы, әрбір топтың немесе бөлек индивидтің де дамуы олардың айналасындағылармен
қарым
-
қатынас жасауына байланысты болатын күрделі процесс екені анық. Бұл процесс әрқашан да тиімді әрі
нәтижелі түрде жүзеге аспайды, кейде қарама
-
қайшылықтардың туындауынан және шешілуімен байланысты. Мектеп
жасына дейінгі
балалардың арасындағы туындайтын кейбір қарама
-
қайшылықтар, кейбір балалардың мінез
-
құлқы
мен даралық ерекшеліктеріне байланысты түсінбеушіліктер, топқа енгісі келмейтін жағдайлар жиі кезеседі.
Мұндай жағдайда бала өмірі мен психикасында едәуір дақ қалдырады. Осыдан келіп баланың дамуында
түрлі ауытқулар, сабаққа қатынасының өзгеруі байқала бастайды. Топтың жеке адамға, адамның топқа әсер ету
негізінде мектеп жасына дейінгі балалар арасында дараланатын немесе оқшауланатын жағдайлар да туындап
жатады.
Мектепте баланың жеке тұлғалық әлеметтену барысында оның рухани, ұнамды құндылықтарын ескеру
арқылы оқушылар арасындағы қарым
-
қатынасты жақсарту қажеттілігі туындайды.
300
«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»
Мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы қарым
-
қатынас сипаты мен климаты баланың тек психикасына
немесе жеке басына ғана әсер етіп қоймайтындығы белгілі. Ол баланың ойын тәрбие істерінде де елеулі орын алады.
Осы мәселелерді дұрыс жолға қою арқылы балабақша тәжірибесіне көмектесу керектігінен туындайды. Қазіргі кезде
балабақша өмірінде қарым
-
қатынасында проблемасы бар балалардың туындауына кез келген нәрсе әсер ете береді.
Туындаған мәселені шешу балабақша психологының негізгі психологиялық қызмет көрсету міндетіне кіретіндігі
даусыз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың арасындағы қарым
-
қатынасты жақсарту мәселесі, сол арқылы баланың
білім алып тәрбиеленуін қамтамасыз ету актуалдығы ешқашан төмендемеген. Сондықтан балабақша топтарында
туындайтын қарым
-
қатынас жасауда қиыншылықтары бар балаларды анықтап, оларға дер кезінде көмектесу –
қазіргі
балабақша
алдында тұрған міндеттердің бірі.
Жас кезеңін айналасындағылармен қарым
-
қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің, тәсілдердің,
қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды. Д.Б. Элькониннің көрсеткеніндей, даму процесінің осы
екі түрліше жақтарының арасындағы өзгеріс келесі жас кезеңдеріне өтудің өте маңызды ішкі негізінен құрайды.
Мысалы, баланың ерте сәбилік шағындағы сыртқы болмыспен байланысы оның үлкендерге қарым
-
қатынасы арқылы
дәнекерленеді. Нақ осындай қарым
-
қатынастар жүйесі негізінде
бала белгілі бір дағдыларды игереді, онда қарапайым
дәрежедегі ұғымдар қалыптасады, үлкендермен қарым
-
қатынас жасау тәсілдері байиды, тілі дамиды т.с.с. Осының
бәрі баланың дербес іс
-
әрекеттер жасау мүмкіндігінің кенеюіне, демек, айналасындағылармен қарым
-
қатынас жасау
тәсілдерінің өзгеруіне негіз болады. Ал соңғысы өз кезегінде психикалық дамудың онан арғы барысының жағдайларын
өзгертеді.
Баланың
бұрынғы
даму
жетістіктері
мен
тіршілік
жағдайларын
өзгерту
жиынтығы
оның
айналасындағылармен өзара қарым
-
қатынасының мазмұны мен тәсілдерін, үлкендердің оған деген қарым
-
қатынас
формаларын өзгертуге әкеп соқтыратын осыған ұқсас жағдай жеткіншектік шақта пайда болады. Дамудың дағдарыс
кезеңдері деп аталатын кезеңдер тәрбие жұмысында өзгерген қарым
-
қатынастар ескерілмей, қалыптасқан және
айналасындағылармен өзара қарым
-
қатынас жасаудың алдыңғы кезеңіне тән тәсілдер мен осы кезең барысында
дами бастаған балалар мүмкіндіктері арасындағы үйлесімділік бұзылған жағдайда пайда болады.
Баланың айналасындағы адамдармен өзара
қарым
-
қатынас тәсілдері және оның кез келген психикалық іс
-
әрекетінің дәрежесі арасындағы қарым
-
қатынас екі жақты дамиды. Мәселен, баланың іс
-
әрекет мүмкіндіктерін
кеңейту, оның қажеттіліктерін өзгерту, оның айналасындағыларға бүкіл қарым
-
қатынас жүйесінің өзгеруіне алып
келеді. Ал қарым
-
қатынастың жаңа жүйесінің өзі баланың іс
-
әрекетінің әрі қарай дамуының негізі болады.
Баланың өмір сүру жағдайларының тәрбиелеу мен оқыту формаларының өзгеруі жас шамасына қарай даму
кезеңдерінің ауысуын анықтайтын маңызды
фактор болып табылады.
Балабақшадағы оқыту сабақтары, мектепке даярлау жұмысы мектепке дейінгі жас шақтарының шекарасы
мен мазмұнын айтарлықтай өзгертті. Психологиялық
-
педагогикалық зерттеулер тәжірибе мен неғұрлым жетілдірілген
программа бойынша оқыту нәтижелері оқу процесін белгілі бір түрде ұйымдастырып, оқыту мазмұны мен әдістерін
қайта құрған жағдайда бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктері елеулі өзгеріске түсетінін көрсетіп отыр.
Атап айтқанда, олардың ойлау әрекетінің алғашқы теориялық формалары дамып, оқу іс
-
әрекетінің неғұрлым жоғары
дәрежесіне қол жетеді. Сондықтан соңғы кезде педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясында педагогикалық
критерийлерге негізделген кезеңдерге бөлу жиірек қолданылады. Мектепке дейінгі шақтың ерте сәбилік, сәбилік,
естиярлық және ересектік жас кезеңдері (кейде бұл кезеңдерді ерте сәбилік шақ, балдырғандық және мектепке дейінгі
шақ деп атайды) бала
-
бақшадағы топтарға сәйкес (үш жасқа дейін–ерте сәбилік шақ тобы; кішкентайлар тобы–
балалар өмірінің төртінші жылы:
естиярлар тобы
-
бесінші жыл; ересектер–алтыншы жыл және даярлық тобы–жетінші
жыл) бөлінеді. Жалпы жас сипаттамасының орташаланып алынғанын есте ұстаған дұрыс. Педагогикалық жұмыста
балалардың жас ерекшеліктерімен қоса, бір жас тобындағы балалардың өзінде елеулі айырмашылығы болатын
олардың дара ерекшеліктерін де ескеріп отыру қажет.
Мектеп жасына дейінгі дос балалардың принципті теңдікте болатын жағдайы нәтижесінде қарым
-
қатынастардың бұл саласы мектеп жасына дейінгі бала үшін ерекше тартымды болады: бұл жағдай мектеп жасына
дейінгі балаға шыға бастаған өзін ересекпін деп сезінудің этикалық мазмұнына сай келеді. Мектеп жасына дейінгі
бала жастың бастапқы кезінде болатын дамудағы өзіндік ілгері басушылықтар нәтижесінде мектеп жасына дейінгі
балаларда жаңа қажетсінулер, ұмтылыстар достарымен қарым
-
қатынастарда қойылатын талаптар барынша ұқсас
болады. Мұның өзі құрдастарымен қарым
-
қатынастардың тереңдей дамуына себептеседі.
Адам белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның
қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің басты міндеті. Белсенділік деп адамның іс
-
әрекеті
үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс
-
әрекеттері барысында адамның қарым
-
қатынас жасау, таным және өзін
-
өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.
Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі қарым
-
қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл
өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым
-
қатынас жасау
белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардың әрекеттеріне үңіле
қарап, үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрде істейтін мұндай әрекеттерін ырықты немесе ерікті
белсенділік дейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және олармен өзара қатынас жасауға еліктеуі
рөлді орындарды атқару барысында байқалады. Көбінесе балалардың ойындарында адамдардың еңбек іс
-
әрекеттері, тұрмысы, өзара қатынасы қамтылып көрсетіледі, ұжымдық өмір дағдылары қалыптаса бастайды. Оның
барысында балалардың құрдастарымен де өзара қатынасы өзгереді. Олар басқа балалармен ойнауға тілек білдіреді,
еңбекке байланысты тапсырмаларды бірігіп, орындауға, өз қылықтарын ережеге бағындыруға, керексіз әдеттерді
тежеуге, кедергіні ығыстыруға үйренеді. Осындай бірігу іс
-
әрекеттерінің қуанышы балалар арасында жолдастық,
достық сияқты жаңа қатынастарды туғызады. Олар бір
-
біріне қамқорлық жасап көмектеседі, ілтипатты болады. Бала
еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рөлді ойындарды атқара отырып, әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастырының
мазмұнына түсінеді.
Әр түрлі ойын баланың дүниетанымның кеңейтіп, қарым
-
қатынас жасау белсенділігін дамытады.
Қарым
-
қатынас белсенділігі әсіресе, мектеп жасындағы балаларда айқын көріне бастайды. Түрлі іс
-
әрекеттеріне жаппай қатысып, балалардың өзара тілектестік және жолдастық сезімде болуы олардың әлеуметтік
белсенділігін арттырады. Осыған орай ұжым мүшелерінің арасындағы өзара қатынас болымды нәтиже береді. Ұжым
өзінің әрбір мүшесінің өсіп жетілуіне достық, жолдастық негізінде жағдай жасап қамқоршы болады. Ал ұжымның
қамқорлығын сезген жеке мүшелері, оның талабын орындауға, бірігіп қызмет етуге әр уақытта дайын екенін білдіреді.
«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»
301
Іс
-
әрекеті–
бұл қарым
-
қатынас, ұжымның өздігінен істеушілік және ішкі процесінің көзі, нақты мақсатқа жету.
Ұжымның ішкі процесі қарым
-
қатынас және ақпарат арқылы іс әрекетімен байланысты. Іс
-
әрекетінің барысында
қарым
-
қатынас дамиды.
Қарым
-
қатынас–
бұл адамға адам қажеттіліктерін қанағанттандыру. Сондықтан педагогикалық ұжымның
міндеті–
жеке адам қарым
-
қатынас жасаудың негізінде басқа адамдармен бірігіп, қуанышты көңіл күйін жеңілмейтін
тілекті сезуі тиіс.
Балалар қарым
-
қатынасты бағалайды. Осы тұрғыдан және қатынастың тұрақты жүйесін және кіші топтың
рольін еске алу қажет. Жеке қатынас жүйесінде әр бала өз орнын алады. Біреулер өзінің әйгілілігі мен жолдастарының
алдында беделді, ал екіншілермен ешкімнің қарым
-
қатынас жасағысы келмейді. Бірақ барлық балалар қатынас
жасауды қажет етеді. Әсіресе сынып ұжымындағы балалар қатынас арқылы ынтымақтық достықты тілейді. Осыған
байланысты кіші топ дербес қатынас жасаудың негізінде стихиялы пайда болады.
Кіші топтардың құрамы тұрақты немесе тұрақсыз болуы мүмкін. Кіші топтардың маңызды ерекшеліктері өзара
қатынасының тартымдылығы. Егер мұндай ерекшелік болмаса топты сақтау мүмкін емес. Әрбір бала бір топтың
балаларымен немесе құрдастарымен ынтымақты қатынас жасау үшін олардың арасында өзара ұнатушылық, бір
біріне сүйіспеншілік болуы қажет. Балалардың түрлі тақырыптарға өзара әңгімелесуі, достық кездесуі,ақпарат
алмасуы, әрбір баланы қызықтырады,
ынталандырады. Бұл балалардың әлеуметтік тәжірибесін молайтады.
Балалардың дербес аралық қатынастарын және олардың мақсаттылығын тәрбиеші зерттеп, балалардың
қарым
-
қатынасын реттеуде және дамытуда қамқоршы болуы тиіс. Дербес қатынас жүйесінде мұндай шығармашылық
тәсіл ұжымда педагогикалық меңгеру жолдарының бірі.
Ұжымда балалардың іс әрекеті және қарым
-
қатынасы процесінде жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара
жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, сондай
-
ақ гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |