Сабақтарының мазмұны «Урбоэкология»



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата12.01.2017
өлшемі0,98 Mb.
#1715
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8

ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ 

«Урбоэкология» 



Дәріс  №1.  Қала  және  адамның  өмір  сүру  ортасы.    Урбоэкологияның 

ғылыми негіздері 2 сағат 

1. Қала туралы түсінік. Астана қалалар, миллионер қалалар ерекшеліктері 

2. Адамның өмір сүру ортасы. Табиғат пен адам арасындағы қатынас 

3. Қалалық орналасудың тарихи формалары  

 

4. Урбоэкологияның ғылыми сипаты 



 

1.  Қала  туралы  түсінік.  Астана  қалалар,  миллионер  қалалар 

ерекшеліктері 

Қала—  тұрғындары өнеркәсіп пен сауда орындарында  және  ғылыми, 

мәдени, басқару мекемелерінде еңбек ететін іріелді мекен. 

Қала 


орталық 

коныстандырылған 

пункт, 

кішкене 


қала 

мен ауылдардан айырмашылығы 

шекара 

ішінде 


діни, 

әскери-


саяси,экономикалық және  мәдени  қызметтің  жүзеге  асырылу  деңгейімен 

және  үлкен  көлемімен  ерекшеленеді.  Осы  әрекеттер  жиынтығы  қоршаған 

шағын ауылдарға билік жүргізуді білдіреді.

[1]


 

Қала  көбіне  өз  атырабының  әкімшілік  және  мәдени  орталығы  болып 

табылады. Елді мекенді қала дәрежесіне көтеретін басты межелер — ондағы, 

халықтың саны және олардың атқаратын қызметі (өнеркәсіп, мәдени, саяси-

әкімшілік орталықтары). 

Қалалар  Жер  бетінде 6000  жыл бұрын  құрылы  бастаған  еді.  Ол  адамзаттың 

ең  керемет  қолөнерлерінің  бірі  еді.  Себебі,  қала  мағынасы  -  осы  ауданда 

мекен  еткен  халықтың  ең  маңызды  оқиғаларын  суреттейді.  Қала  деегніміз 

мәдениет,  ғылым,  білім  және  ондіріс  орталығы  болып  саналады.  Қалалар 

сауда  –  саттық  болған  жерлерде,  керемет  ғимараттар  айналасында  және  ел 

басқару болған жерлерде салынған еді. 

Астана  қалалар. Әлем  бойынша,  ең  маңызды  қалалар  қатары  болып 

саналады.  Олар  әлеуметтік,  экономикалық  әрі  мәдени  орталықтар.  Бірақ, 

осындай  критерийлерге  кірмейтін  де  Астана  қалалар  да  бар.  Мысалы, 

Канаданың  ең  ірі  өндірістік,  әрі  транспорттық  орталығы  ретінде  Монреаль 

қаласы  саналады.  Ал,  негізгі  астанасы  ретінде  Оттава  саналады.  Оттава  - 

парламент, үкімет, посол мен екі университет орналасқан, тыныш, кітапхана, 

мұражай, білім ізденуші орталық. 


Миллионер  қалалар. Әлем  бойынша,  бүгінде  10  млн.  адам  тұрғындарынан 

асқан,  20  ең  ірі  қала  саны  бар.  Оларға:  Москва,  Нью  –  Йорк,  Шанхай, 

Мехико, Токио және тағы басқалары жатады. Алатын ауданның кіші болуы, 

ал  халық  саны  өте  жоғары  болуы  осындай  қалалардың  арасында  көптеген 

қақтығыстарды тудырады: тұрғын үй жетіспеушілігі, медициналық қызметтің 

жетіспеушілігі және тағы басқалары. 

Бұрынна  бері,  тұрғындар  саны  көп  өңірлерде  экологиялық  мәселелер  де 

туындаған,  бірақ  қазіргі  кезде  олардың  тек  үлкен  қалалардан  да  асып 

түскендігі  мәлім.  Сондықтан,  табиғатты  қорғау  адамзаттың  ең  үлкен 

алаңдатушы жағдайлардың бірі болуда. Осынжай мәселені шешу барысында, 

күн  сайын  түрлі  биоотын,  қуатты  тазартушы  қондырғылар,  және  айналаны 

көгалдандыру мақсатында табиғи қорлар мен саябақтар салуда.   



2. Адамның өмір сүру ортасы. Табиғат пен адам арасындағы қатынас 

Адам  мен  табиғат  арасындағы  қатынас  —  динамикалық  арақатынас.  Ол 

қатынас  адам  экожүйесінің  ерекшелігімен  анықталады  да,  байланыс 

«табиғатты  бағындырумен»,  «иемденумен»  ғана  емес,  сондай-ақ  адам 

денсаулығы мен тіршілігіне кері әсерін тигізетін экологиялық өзгерістермен 

айқындалады. Қоршаған ортаның табиғи және әлеуметтік элементтері тығыз 

байланысты. 

Ол 


байланыс 

әлеуметтік 

элементтердің, 

әлеуметтік 

жаратылулардың  табиғи  элементтерге,  табиғи  ортаға  арақатынасымен 

айқындалып  қана  қоймай,  табиғи  элементтердің  әлеуметтікке,  әлеуметтік 

ортаға,  мәдениетке  әсер  етуімен  айқындалады.  Баяғы  көне  заманнан  бастап 

әлемнің бүтіндігі туралы идеясы бар болды және макрокосмос — Әлем мен 

микрокосмос  —  Адам  арасында  ұқсастық  тұжырымдамасы  дамыған. 

Шығыстың  ұлы  энциклопедияшы  ғалымы  Абу  Райхан  Беруни  мың  жыл 

бұрын  айтқан:  «Адамның  денесі  —  әлеммен  бірдей».  Адамның  табиғатпен 

ара  қатынасы  –  мәңгілік  және  әрқашан  заманауи,  өйткені  адам  өзінің  пайда 

болуымен,  тіршілігімен  және  болашағымен  табиғи  ортамен  байланысты. 

Табиғаттың элементі ретінде ол «табиғат – қоғам» деген күрделі жүйенің бір 

бөлігі  болып  келеді.  Адамзат  өзінің  көптеген  мұқтаждықтарын  табиғаттың 

есебінен  қамтамасыздандырады.  Табиғаттың  барлық  элементтері  қоршаған 

ортаны  құрайды.  «Қоршаған  орта»  түсінігіне  адамның  қолымен  жасалған 

нысандар (ғимараттар, автокөліктер және т. б.)  кірмейді,  өйткені олар  бүкіл 

қоғамды  емес,  жеке  адамдарды  ғана  қоршап  тұр.  Бірақ  адамның  қызметі 

арқылы өзгерген табиғат телімдері (қалалар, ауыл шаруашылығы жерлері, су 

қоймалары,  орман  алқаптары)  қоғам  ортасын  түзгендіктен,  қоршаған  ортаға 

кіреді. Қоршаған орта (ҚО) – адам мен басқа да тірі ағзаларды қоршап тұрған 

табиғи  орта,  адам  қолымен  жасалған  материалдық  құрамдас  бөліктер, 

құбылыстар мен үдерістер, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық құрауыштар. 

ҚО  келесі  қызметтерді  орындайды:  қор  өндіру,  орта  түзу,  табиғат  қорғау 

және  медициналық-географиялық,  санитарлық-гигиеналық,  эстетикалық- 



психологиялық.  Н.Ф.  Реймерс  бойынша  адамды  қоршап  тұрған  орта  өзара 

байланысқан төрт қурауыш-жүйешелерден тұрады: а) табиғи ортаның өзінен, 

ә)  туындалған  агротехникалық  ортадан  –  «екінші  табиғаттан»  немесе 

квазитабиғи  ортадан,  б)  жасанды  ортадан  –  «үшінші  ортадан»  немесе 

артетабиғи  ортадан,  в)  әлеуметтік  ортадан.  «Екінші  табиғат»  немесе 

квазитабиғи орта – табиғи ортаның адам қолымен жасалған жүйелі, өзін өзі 

қолдаушы  қасиетінің  болмауымен  сипатталатын,  барлық  түрленулері 

(жыртылған  жерлер,  мәдени  ландшафтар  және  т.  б.;  ыза  жолдар;  жасыл 

желектер).  Бұл  түзілімдердің  бәрінің  тегі  табиғи,  бұлар  табиғатта  жоқ 

жасандылар  емес,  тек  түрлендірілген  табиғи  орта  болып  келеді.  «Үшінші 

табиғат»  немесе  артетабиғи  орта  –  адамның  қолымен  жасалған  барлық 

жасанды,  табиғи  ортада  заттық  -  энергетикалық  ұқсастығы  жоқ,  оған  жат 

және  жаңартып  отырмаса,  тез  арада  қирайтын  әлем.  Бұларға  заманауи 

қалалардың асфальт жолдарын, бетонды, тіршілік пен қызмет орындарының 

ішкі  кеңістігін,  технологиялық  құрылғыларды,  көлік  нысандарын, 

жиһаздарды және басқа заттарды, барлық  синтетикалық заттарды  және т. б. 

жатқызуға  болады.  Заманауи  адамды  негізінен  артетабиғи  орта  қоршайды. 

«Өмір  сүру  сапасы»  ұғымының  әртүрлі  түсінігі  бар:  өйткені  оны  әртүрлі 

тұрғыдан  қарастыруға  болады:  физикалық,  медициналық-экологиялық, 

экономикалық  және  әлеуметтанулық.  «Өмір  сапасының»  сипаттаушы 

ерекшелігі болып келетіні  тұрғындардың тіршілік деңгейі. Өмір сапасы мен 

ҚО  сапасының  өзара  байланыстылығын  заманауи  экологиялық  дағдарыс 

нәтижесінде  пайда  болған  адамның  биологиялық  болмысын  жеңу 

көзқарасынан  қарастыру  қажет.  Ол  түсініктердің  өзара  байланыстылығын 

әлеуметтік  тұрғыдан  адам  биологиялық  деңгейде  қалыптасқан  (және  дамып 

келеді)  және  оны  қоршаған  табиғи  ортадан  (ҚТО)  бөліп  әкетуге  болмайды 

деп  қарастырған  жөн.  Сондықтан  өмір  сапасы  мен  ҚО  сапасын  бір-біріне 

қарама-қарсы қоюға болмайды. ҚТО экологиялық тепе-теңдік бұзылысымен 

өмір сапасының проблемасы шыға келді. 

3.Қалалық орналасудың тарихи формалары  

Кез  келген  мемлекеттің  даму  барысында  шешуші  рөлді  қалалар 

атқарады.  Әсіресе  ірі  қалалар.  Қалаларда  адамдар  көп  шоғырланып,  өте 

мықты  экономикалық  және  интеллектуалды  әлуетті  қалыптастырады.  Бұл 

процесс  қалалардың  өсуіне  және  ауыл  шаруашылығының  дамуына  себебін 

тигізеді. Өнеркөсіп, ғылым, білімнің өркендеуі ірі қалалардың экономикалық 

есуінің  діңгегіне  айналды.  Қалалар  және  оларды  қосатын  жолдар  аумақтың 

сүйенетін қаңқасы тәрізді. 

Ірі қалалар - адамның шығармашылық әлуетін дамытуға мүмкіншілік береді. 

Қалалықтар  қызмет  түрінің  көптеген  түрлерін  пайдаланып,  жайлы 

қоныстанған  және  мәдениеттілігі  жоғары  болып  келеді.  Сондықтан  болар, 

дүние жүзінің барлық елдеріне тән үрдіс - адамдардың қалаға жылжуы. 



Қалалардың 

қалыптасуын 

және 

дамуын урбандалу деп 



атаймыз 

(лат. urbanus - қалалық). 

 

1) қаланың және халқының өсуі; 



 

2) қалалық тіршіліктің өркендеуі; 



 

3) орналасудың жаңа түрінің пайда болуы. 



Қалалық  орналасудың  тарихи  қалыптасқан  3  формасы  бар.  Қала, 

қалалық агломерация және мегаполис. 



Қалалар Қазақстан жерінде 

ежелгі 


дүние 

кезеңдерінде 

қалыптасқан 

жоспарлы экономика тұсындағы урбандалу саны жағынан қалалар мен халық 

саны  өсті.  Қала  және  қала  типтес  ауылдар  көбінесе  бір  кәсіпорын  маңында 

(зауыт,  фабрика,  кен  орны)  калыптаса  бастады.  Экономикалық  дағдарыс 

тұсында  көсіпорындардың  жабылуы  қала  тіршілігінің  де  жойылуына  алып 

келді.  Осыған  орай  мемлекеттің  күшімен  көптеген  қала  типтес  кенттер 

біртіндеп  ауылға  айналды.  Қазіргі  таңда  86  қала  және  35  кент  бар.  Қалалар 

тұрғын санына, атқаратын қызметіне және елді модернизациялаудағы реліне 

қарай бөлінеді. 

Қала  қызметі  -  қаланың  негізгі  қызметі.  Олар  қаланы  қалыптасатын  және 

қалаға қызмет көрсететін салаларға бөлінеді. 

Қаланы  қалыптастырушы  қызметі -  негізгі.  Бұл  қаланың  мамандығы,  яғни 

сол  үшін  негізі  қаланған.  Қаланы  қалыптастыруға  өнеркәсіп,  көлік,  сауда, 

әкімшілік, мәдениет, ғылым, туризм және әскери қызметтер жатады. 

Қалаға  қызмет  көрсету  -  қаланың  өмір  сүруін  қамтамасыз  етеді.  Олар  үй  - 

коммуналды  шаруашылық,  қала  көлігі,  кейбір  кәсіпорындар  (мысалы,  нан 

зауыты), сауда, денсаулық сақтау, тұрмыстық қызмет көрсету. 

Қала  халқының  саны  мен  қызметі  арасында  тығыз  байланыс  бар.  Қала 

ұлғайған  сайын  қызметі  көбейе  бермек.  Керісінше  қызметтің  пайда  болуы 

қаланың  есуіне  әсері  бар.  Мысалы, Астана.  Елді  модернизациялауда  ерекше 

релді: 


 

1) Астана мен Алматы атқаруда. 



 

2) Ұлттық мәні бар кемекші қалалар (облыс орталықтары). 



Барлық қалалар мен кенттер - қалалық орналасу тармағын құрайды

Енді  өздерің  байқағандай  Қазақстанда  ұсақ  қалалар  басым.  Бірақ 

қалалықтардың  4/5  (халықтың  40%)  үлкен  қалада  өмір  сүруде.  Олардың 

міндеті халықтың орналасуын жақсарту, өмір сүру деңгейін жоғарылату және 

мемлекетті модернизациялау, себебі кез келген қала (саны 100 мыңнан артық 

болса) айналасында агломерацияны қалыптастыруы мүмкін. 



Агломерация (лат. aqqlomerare -  қосылу)  қалалық  орналасудың  екінші 

формасы.  Агломерадия  негізгі  қаладан  (ядро)  және  серіктес  қаладан 

(өндірістік,  көліктік,  сауда,  туристік)  тұрады.  Арасында  өндірістік,  еңбек, 

мәдени байланыстар бар. 

Агломерация  екі  жолмен  қалыптасады.  Бірінші  жолы  суға  тамған  май 

тамшысы  сияқты  біртіндеп  жайылып,  айналасындағы  елді  мекендерді  өзіне 

қаратып  алады.  Нәтижесінде  серіктес  қалалар  пайда  болады.  Бір  ядродан 

тұратын  агломерациялар  да  болады.  Мысалы, Алматы агломерациясы 

керісінше Қарағанды көмір  алабы  негізіндегі  агломерация.  Бұл  жерде  әрбір 

шахта  маңында  жеке  елді  мекендер  қалыптасқан  болатын.  Кейіннен 

бірнешеуі  бірігіп Қарағанды қаласын  қалыптастырды  (әлі  күнге  дейін 

Қарағанды бірнеше аймақтардан тұрады). Уақыт өте келе үлкен металлургия 

комбинатының салынуы агломерацияның екінші ядросы Теміртау қаласының 

пайда  болуына  себепші  болды.  Сапалы  жаңа  агломерациялардың  пайда 

болуы  урбандалудың  сапалы  өсімі.  Алдағы  уақытта  жаңа  қалалар  тек 

агломерация  құрамында  болады.  Оған  мысал  болатын  Үлкен  Жоба «G-4 



Сити». Алматы маңында 4 серіктес қала салу. 

Орналасудың  үшінші  формасы  - мегаполис (гр. meqas -  ірі  (үлкен)  polis  - 

қала).  Агломерациялардың  бірігуін  мегаполис  дейміз.  Тұрғындар  саны 

бірнеше  ондаған  миллионға  жетеді.  Мұндай  жоғары  үлкен  қалалар Астана -

 Қарағанды, Алматы - Талдықорған, Шымкент - Тараз маңында, 

ірі  көлік 

орталықтарында  болуы  мүмкін.  Бұл  қалалардың  өсуіне  себепші  халықтың 

қолайсыз аймақтардан қалаларға көшуі, репатриация және реэмиграция. 

Барлық халықтың ішінде қалалықтардың басым болуы қалалық өмір сүрудің 

басымдығын  көрсетеді.  Біздің  елімізде урбанизация деңгейі  соншалықты 

жоғары  емес.  Оның  деңгейін  жоғарылату  -  алдағы  тұрған  мақсат  және  елді 

модернизациялаудың  бір  жолы.  Қазақстанда  аз  урбандалған  аймақтарда 

(халықтардың үлесі 40%-дан аз) орташа урбандалған (40-60%) және жоғары 

урбандалған аймақтарда кездеседі (60% - жоғары). 

Ауылдық халықтың орналасуы. Ауыл халқының негізгі 

тыныс-тіршілігі егін егу және мал бағу. Сондықтан да олар осы ресурстарға 

тәуелді  орналасқан.  Ауылдар  егін  аймақтарынан  және  жайылымнан 

алшақтамау үшін кішігірім мекендер болып келеді. Олардың үлкендігі және 

тығыздығы  орналасқан  жерінің  өнімділігіне  де  байланысты.  Ауылдардың 

басым  кепшілігі  —  ауыл  шаруашылығына  негізделген.  Бірақ  көптеген 

ауылдарда  өндіріс  орындары  - сүт, қант, балық, ет және  кекеніс  консервілеу 

зауыттары бар. Сонымен бірге кейбір ауылдар - темір жол стансасы, курорт, 

орман  шаруашылығы, қорықтар маңында  да  пайда  болған.  Ауылдық  елді 

мекендер  кебінесе  табиғи  жағдайларға  байланысты,  әсіресе  аймақ 

ерекшелігіне қарай орналасқан. 

Орманды  дала  және  дала  зоналарында  -  жер  жырту  және  шабындыққа 

негізделген  ауылдар.  Көбінесе  өзен-көл  жағалауларында,  оңтүстіктің  тау 

етегіндегі  ауылдар  —  суармалы  егіншілікке  бейімделген.  Әсіресе  өзен, 



қаналдар  бойында  көп  шоғырланған.  Шөл  және  шөлейт  аймақтарда  ұсақ 

ауылды мекендер мал жайылымына негізделген. 

Ірі ауылдар - өзен жағалауында, ұсақ ауылдар - қыстақтарда орналасады. 

Қазақстан ауылдары  -  күрделі әлеуметтік  проблемаларды шешуде.  Қалаға 

қарағанда жұмыссыз және  кедей  адамдар  саны  жоғары.  Себебі  көптеген 

ауылдардың  инфрақұрылымының  жоктығы  -  сапасыз  жол,  ірі  қалалардан 

шалғайда  орналасуы,  кішігірім  мекемелердің  жабылуы, сапалы  судық 

жетіспеуі, т.б. 

Бұл проблема көбінесе экономикалық және экологиялық тұрғыдан болашағы 



жоқ ауыл дарга тән. Қазіргі кезде мемлекетіміз ауылды дамыту үшін қыруар 

қаржы  бөлуде.  Нәтижесінде Қазақстан ауылдарының  сырт  келбетінің 

жақсаруына әсерін тиғізуде (барлық жерде бірдей емес). Негізгі ауыл саясаты 

бірінші  —  болашағы  бар  ауылдарды  жаңғырту,  екінші  -  болашағы  жоқ 

ауылдың тұрғындарын қолайлы ауыл немесе қалаға көшіру. 

Халықтың  орналасуы:  шекаралас  аудандарға  шоғырлану. Халықтың 

орналасуы - кеңістіктегі халықтың 

қоныстануы.  Негізгі  әсер  етуші  процесс  -  табиғат,  тарихи-экономикалық 

жағдайы.  Алғашында  өмір  сүруге  қолайлы  аудандарға  қоныстану  басталды. 

Техниканың  дамуына  сай  және  халықтың  көбеюіне  байланысты  қолайсыз 

аудандарда  біртіндеп  игеріле  бастады.  Қазақстанда  тарихи  қалыптасқан  екі 

қоныстану  аймағы  бар.  Солтүстік  жәнеОңтүстік  Алтай тауының  етегінде 

бірігіп  негізгі  қоныстану  белдеуі  болып  есептелінеді.  Негізгі  белдеуі  1  /  3 

аумақты және халықтың 90%-ын алып жатыр. Негізгі экономикалық дамыған 

аудандар  да  осы  белдеуде  орналасқан  (солтүстік,  оңтүстік).  Бұл  белдеуде 

басты үлкен қалалар ауыл шаруашылық жерлері және өңдеуші өнеркөсіптер 

орналасқан. 

Қазақстанның  ішкі аймақтары  маусымдық, вахталық (ауыспалы күзет)  және 

кішігірім  жерлерге  шоғырланып  қоныстану  басым.  Ең  ірі  ресурстар  осы 

аймақтарда  орналасқан.  Бұл  жерлерде  салыстырмалы  түрде  табиғат 

жағдайының  қолайсыздығынан  өмір  сүру  қиын.  Соңғы  жылдары  халық 

негізгі белдеуде жинақталуда. 

Бұл белдеуге ішкі және сыртқы көшіп келушілер де орналасуда. Болашақтағы 

агломерациялар  негізгі  белдеуде  қалыптасады.  Нәтижесінде  барлық  еңбек 

әлуетін  мемлекетті  модернизациялау  бойынша  жұмылдыруға  мүмкіншілік 

жасайды. 

Ендігі  жерде  халықтың  облыстар  және  ірі  аудандар  бойынша  орналасуына 

көңіл бөлейік. 

Аймақтардағы  халықтың  орналасуы  біркелкі  емес.  Оның  өзі  халықтың 

тығыздығымен  де  бірдей  емес  екендігін  көрсетеді.  Орташа  тығыздық 

мемлекетімізде  6  адам/км²-нан  келеді. Маңғыстау  облысында 3  адамнан 

артық болса, Оңтүстік Қазақстан облысында 20 адамға жетеді. 



4.Урбоэкологияның ғылыми сипаты 

Қалалардың  саны  мен  олардың  тұрғындары  тез  өсуіне  байланысты, 

экологиялық  жүйеге  түсетін  ауыртпалық  үнемі  күшейіп  келеді.  Яғни, 

өзіміздің  еліміздің  ішінде  «урбандалу»  жағы  өте  күрделене  түсуде.  Осы 

термин  кейінгі  жылдары  көптеп  қолданылуда.  Ол  дегеніміз  «urds»  латынша 

қала  деген  сөз  ертеден  болғанымен.  «урбанизм»  немесе  «урбанизация» 

термині  халықтың  қалада  тұруға  ұмтылуы,  қаладағы  тұрмысты  ұнатуы 

урбанизация  процесінің  күшеюіне  алып  келген  болатын.  Әуелгі  бетте 

айтылып өткендей – ақ «өзіміздің». Қазақстан республикасы да, дүниежүзілік 

урбанизация әсерінен тысқары қалған жоқ. Әсіресе, өнеркәсіп және қатынас 

кәсіпорындарын көптеп салу мен тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде 

(1954),  қалалар  саны,  оның  ішінде  ірі  қалалар  саны  тез  өсті.  Олардың 

тұрғындары,  45  жылда  5  еседен  артық  өсіп,  халықтың  басым  көпшілігі 

қалада  тұратын  болды.  Болжам  бойынша,  қалалардағы  тұрғындар  саны  көп 

артуы ықтимал. Бұл әрине жақсылыққа апарып соғатын жағдай емес. Қазіргі 

таңның  өзінде-ақ  қала  халқының  тығыздығы,  әсіресе  Алматы,  Қарағанды, 

Шымкент  қалаларында  бір  шаршы  километрге  200  км

2

 аса  адам  келіп 



экологиялық  жағдайдың  үнемі  нашарлауына  себепті  .Қайта  айнала  біз  қала 

экологиясына  соқсақ  біз  жоғарыда  урбандану  процесін  де  айтып  өткен 

болармыз.  Бұл  әрине  бүгінгі  мәселелердің  біріне  айналып  отыр.  Қазіргі 

адамзат баласы кешегі кезеңнен гөрі ғылым мен техникаға бет бұруда. Соған 

байланысты  өндіріс,  өнеркәсіппен  айналысудың  нысаны  осы.  Қоғамдағы 

ғылым мен техниканың даму барысында кешегіден бүгін көптеген өзгерістер 

байқалуда.  Мысалы  үшін  алатын  болсақ  еліміз  егемендік  алғалы  10-12 

жылдай болды. Соған байланысты экологиялық тұрғыдан да өз еліміз ішінде 

де көптеп өнеркәсіптер оның ішінде завод-фабрикалардың өзі өз қолымыздан 

өнім шығарылуда. Бұл негізінен біздің байлығымыз әрі мақтанышымыз болса 

да, адамзаттың бойына да зиян келтіру жағы көбірек. Мысалы казіргі таңдағы 

автокөліктердің  саны  жағы  да  өткенгіден  қарағанда  күрт  өскен.  Бұл 

автокөліктердің  саны  жанармайлармен  жүруі  атмосферадағы  ауа  сапасын 

бұзуына  зор  ықпал  жасайды.  Ал  енді  дүние  жүзілік  ақпарат  ұйымының 

мәліметтеріне  сүйенсек,  ауылды  жерлердегі  елді  мекендерге  қарағанда 

қалалардағы атмосферадағы ауа құрамында зиянды газ күйіндегі заттар 10-25 

есе, ал тозаң 10 еседей артық мөлшерде ұшырасады. Өнеркәсіп шоғарланған 

жерлерге  қыс  айларында  тұманның  түсетіндігі  ал  жауын-шашынның 

қалыптағыдан 5-10 есе артық жауатыны да байқалады 

 

Дәріс №2. Қалалардың қалыптасу ерекшеліктері. 2 сағат 



1.

 

Қала. Қаланың қалыптасуы 



2.

 

Қазақстандағы ежелгі қалалар 



3.

 

Қазақстандағы ортағасырлық қалалар 



Қала,  шаһар  —  тұрғындары  өнеркәсіп  пен  сауда  орындарында  және 

ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде еңбек ететін ірі елді мекен. 

Қала  орталық  коныстандырылған  пункт,  кішкене  қала  мен  ауылдардан 

айырмашылығы  шекара  ішінде  діни,  әскери-саяси,  экономикалық  және 

мәдени  қызметтің  жүзеге  асырылу  деңгейімен  және  үлкен  көлемімен 

ерекшеленеді.  Осы  әрекеттер  жиынтығы  қоршаған  шағын  ауылдарға  билік 

жүргізуді білдіреді.

[1]


 

Қала  көбіне  өз  атырабының  әкімшілік  және  мәдени  орталығы  болып 

табылады. Елді мекенді қала дәрежесіне көтеретін басты межелер — ондағы, 

халықтың саны және олардың атқаратын қызметі (өнеркәсіп, мәдени, саяси-

әкімшілік орталықтары). 

Қалалар Жер бетінде 6000 жыл бұрын құрылы бастаған еді. Ол адамзаттың 

ең  керемет  қолөнерлерінің  бірі  еді.  Себебі,  қала  мағынасы  -  осы  ауданда 

мекен  еткен  халықтың  ең  маңызды  оқиғаларын  суреттейді.  Қала  деегніміз 

мәдениет,  ғылым,  білім  және  ондіріс  орталығы  болып  саналады.  Қалалар 

сауда  –  саттық  болған  жерлерде,  керемет  ғимараттар  айналасында  және  ел 

басқару болған жерлерде салынған еді. 

Қала  –  бұл  адамдарды  бір  территорияда  шоғырландырып  (концентрация) 

орналастыру  түрі,  қаладағы  адамдар  ауыл  шаруашылығына  тән  еңбек 

түрлерімен айналыспайды. Қала адамдары алуан түрлі еңбек және өндірістен 

тыс  іс-қызметтерімен  айналысады.  Қала  адамдарды  әлеуметтік  және 

мамандық  жағынан  әр  түрлі  болады  және  өздерінің  ерекше  қалалық  өмір 

салты  болады.  Қаланың  көптеген  түрлері  болады,  олардың  негізінде 

әкімшілдік  атқару  қызметі  жатыр.  Ал,  бұл  әкімшілдік  атқару  қызметі  сауда 

және  өндіріспен,  мәдениетпен,  ғылыммен  және  демалыс,  дінмен 

тығызбайланысты.  

Қалалардың  даму,  өсу  процесін  қала  өмір  салтының  жетілуін  урбанизация 

деп атайды.  

Кейінгі  деректерге  қарағанда  КСРО  тұсында  қалалар  қарқынды  өскен. 

Мысалы,  Ресейде  қалалар  80%,  Украина  мен  Беларуссияда  –  70%,  ал, 

Қазақстанда – 60% өскен.  

КСРО тұсында қалалардың күрт қаулап өсуінің себептері бар. Басты себебі, 

орсы тілді халықтардың миграциясына, яғни көшіп-қонуына байланысты. Ал, 


мұның  өзі  жаңадан  іске  қосылған  өндіріс  ошақтарының  және  құрылыс 

мекемелерінің жұмыстарын жандандырды.  

Қалаларды  жан-жақты  зерттеу  ХХ  ғасырдың  60-  жылдары  ғана  басталды. 

Мұның  өзі  қалалардың  тез  дамуымен  байлансты  болды.  Осы  уақытта 

объективтік  қажеттілкпен  қалаларды  әлеуметтік  тұрғыдан  зерттейтін 

арнаулы  теория  пайда  болды.  Ол  қала  әлеуметтануы  деп  аталды.  Қала 

әлеуметтануы қалалардың шығу, пайдаболу заңдылықтарын, белгілі бір жүйе 

ретінде  олардың  атқаратын  қызметін,  қоғам  дамуында  алатын  орнын, 

дамуын,  әлеуметтің  –  кеңестіктегі  қоғамның  ұйымы,  адам  бірлігін  тарихи 

тұрақты  бірлігі  ретінде  зерттейтін  болды.  Қала  әлеуметтануы  қалаларда 

әлеуметтік-территоиялық 

бірлік 


болып 

қалыптасуында 

әлеуметтік-

демографиялық,  әлеуметтік-кәсіби  құрылымына,  әсіресе,  ондағы  әлеуметтік 

институттардың  (ұйым,  мекемелердің)  қызметінің  ерекшелігіне,  қалалық 

өмір  салты,  қала  мәдениетіне,  қаладағы  адамдардың  бір-бірімен  қарым-

қатынас  жасау  салаларына  аса  үлкен  назар  аударады.  Қала  әлеуметтануы 

бұлар мен ғана шектеліп қалмайды. Оның қамтылмаған басқа да мәселелері 

бар,  олар:  қала  әлеуметтану  теориясын  жетілдіріп  зерттеу,  урбанизацияның 

әлеуметтік  заңдылықтарын  ашу,  әлеуметтік  инфрақұрылымының  даму 

жүйесінің көрсеткіштерін талдау, т.б.  

Ауыл-село  –  бұл  қаламен  салыстырғанда  адамдардың  әлеуметтік  тұрғыдан 

бытыраңқы  орналасқан  бірлігінің  формасы.  Мұнда  адам  тек  қана  ауыл 

шаруашылығына тән еңбегімен айналысады. Қала мен салыстырғанда ауыл-

селода  жұмыс  түрлері,  іс-қызметтер  бірыңғай  болады.  Әлеуметтік  және 

кәсіпкерлік  іс  пен  еіьек  біржақты  болады,  ауыл-селоның  өзіне  тән  тұрмыс-

салты  (психологиясы)  бар.  Қала  тұрғындары  мен  салыстырғанда  тұрмыс 

жағдайы,  әл-ауқаты  біршама  төмен,  әсіресе,  қазіргі  кезінде  тіпті  төмендеп 

кетті.  Осылардың  салдарынан  ауыл-село  тұрғыдары  азаюда.  Бұлардың  көбі 

күнкөріс қамымен қалаларға барып қоныстануда.  

Ауыл-село,  адамдарының  әлеуметтік-территориялық  бірлігін,  оның  шығу, 

пайда  болуын,  атқаратын  қызметін,  басқа  бірліктерімен  байланысын, 

қатынасын,  дамуын  зерттейтін  жалпы  әлеуметтанудың  арнаулы  теориясын 

ауыл-село - әлеуметтануы деп атайды.  

Ауыл-селоны  зерттей  патшалық  Ресей  тұсында  да  болды,  бірақ  жан-жақты 

терең  зерттеулер  тек  ХХ  ғасырдың  50-60  жылдарынан  басталады.  Мұндағы 

негізгі  мәселелер:  ауыл-селдодағы  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер, 

ауыл-село  тұрғындарының  миграциясының  әлеуметтік  мәселелері,  оның 

топтық  құрылымы,  ондағы  әлеуметтік  жағдайлардың  уақытты  ұтымды 

ұйымдастыруы,  ауыл  шаруашылық  мамандықтарының  ерекшеліктері, 

халықтың әлеуметтік-демографиялық өсуі т.б.  


Бәрімізге  белгілі  қала  мен  ауыл-село  арасында  жер  мен  көптей 

айырмашылықтар  бар.  Қаланы  айтқанда  біз  алдымен  халықтың  ең  көп 

шоғырланып  жиналған  мекенді  еске  аламыз,  көп  қабатты  үйлер,  үзіліссіз 

ағыл-тегіл  жүріп  жатқан  көлік  пен  адамдарды  елестетеміз.Ал,  ауыл-селоны 

тілге  тиек  еткенде,  керісінше,  адамдардың  аз  тобын,  бір  қабатты  үйлер, 

олардың әр қайсысының жанында бау-бақша, мал қораларын көз алдымызға 

әкелеміз. Ең басты айырмашылық адам санына байланысты болса, ал, мұның 

өзі  өз  кезегінде-  адамдардың  әлеуметтік-территориялық  бірлігінің 

ұйымдасуына  жіне  адамдардың  жеке  іс-әрекетіне,  қызметіне,  табиғи 

байлықтарды, ресурстарды игеруге байланысты халықтың еңбек түріне қарай 

бөлек әрекет етуі қажеттілігінен туындайды. Ал, қалада шикізатты өңдейтін 

өндіріс,  кәсіби  ұйымдар  болғандықтан  және  өндірістен  тыс  еңбек,  жұмыс 

түрлері  көп  болғандықтан  адамдардыңалуан  түрі  шоғырланады.  Қала 

адамдарды  территория  ресурстарына  тікелей  байлап  қоймайтындықтан, 

адамдарды жан-жақты шоғырландырады.  

Адамдардың  әлеуметтік-территориялық  бірлігі  тек  қана  қала  мен  ауыл-

селода  деп  түсінуге  болмайды.  Бұлардың  арасында  агломерация  деген 

адамдардың территориялық бірлігі бар. Сонымен, адакмдар бірлігінің негізгі 

территориялық бес орналасу түрі бар.  

1. Тікелей ауыл шаруашылық өнімдерін өндңретін елді-мекен;  

2. Азын-аулақ ауыл шарушылығы өнімдерін өндірмейтін елді-мекен;  

3. Аграрлы-индустриялды елді-мекен;  

4. Ірі өнеркәсіптік (индустриялды) елді-мекен;  

5. Қала.  

Бұдан біз урбанизациялық (яғни, қалалардың өсуі, қалалық әдет-ғұрып, салт-

дәстүрдің  кең  жайылуы)  процестердің  өсудәрежесін  байқаймыз.  Олар  мына 

фактілерден көрінеді:  

1. Ауыл шаруашылығының рөлі төмендеп, өндіріс алдыға шығады;  

2.  Елді  мекендерде  халық  тығызданып,  үй-құрылыс  процесі  артады  (көп 

қабатты құрылыстар көбейеді);  

3.  Тұрмыс  қажетін  өтейтін  мекемелердің  шоғырлануы  және  мамандануы 

күшейеді;  

4.  Еңбек,  жұмыс  орындары  көбейеді,  осының  салдарынан  жұмысшылардың 

нақты мамандық түрлері көбейіп, кәсібилік күшейе түседі;  



5. Қоғам дамыған сайын адамдардың білім дәрежесі, кәсіби шеберлігі жетіле 

түседі.  Осыған  барып  адамдардың  тұрмыс  салты,  олардың  бағалық, 

құндылық жүйесі өзгереді.  

Сөйтіп  белгілі  бір  елді  мекен  қала  жағдайына,  деңгейіне  жету  үшін  оның 

белгілі  бір  дәрежеде  халық  санының  көп  болуы  және  ауыл  шарушылық 

өндірмейтін функциясы (яғни, орны мен қызметі жабылады) болуы қажет.  

Қандай  да  бір  елді  мекеннің  өзіне  тән  белгілі  бір  функциясы  болады. 

Мысалы,  бір  ауыл  шарушылық  ауданы  немесе  елді  мекені  жалпы  халық 

шаруашылығы тұрғысынан қарағанда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін 

орталық  болуы  мүмкін,  ал,  соы  ауданның  халық  тұрғысынан  қарағанда  ол 

демалыс  орны  болуы  мүмкін.  Бұл  аудан  жалпы  ауыл  шаруашылығы  елді 

мекен тұрғысынан алғанда өмір сүру орталығы болуы мүмкін.  

Ауыл  шаруашылығының  негізгі  функциясы,  ауыл  шаруашылық  өнімдерін 

шығару және оларды сирек болса да аздап өңдеу. Ауыл-селолық жерлерде өз 

шаруашылығы,  оны  дайындау,  өз  территориясында  аң-балық  аулау, 

т.б.қаланың  элементтеріне  жататын  кәсіпорындарының  негізгі  салалары 

болуы  мүмкін.  Әрине,  бұл  ауыл-селоны  қаланың  деңгей  –дәрежесіне  аздық 

етеді. Бұл шағын кәсіпорындарға құрылыс материалдарын дайындайтын тас 

карьерлері,  бидайды  ұнға  айналдыратын  диірмендер,  ұсақ  сүт-май 

зауыттары, т.б. жатады.  

Ауыл-село  рекреациялық қызмет  атқарады. Бұл ерекше халық  шаруашылық 

саласы  –  мұнда  қала  адамдары  санаторийда,  демалыс  үйлерінде,  балалар 

жазғы демалыс лагерінде демалады. Демалысқа келген қала адамдарына село 

тұрғындары  тұрмыстық  қызмет  көрсетеді.  Қала  тұрғындары  бұл  мекемелер 

арқылы өздерінің денсаулығын, әл-қуаттарын күшейтеді.  

Ауыл-село  тұрғындары  табиғатты  қорғау  қызметтерін  де  атқарады.  Бұл 

қызметтің мазмұны саябақ қорын қорғау сияқты, т.б. әрекеттерден көрінеді.  

Ауыл-село 

тұрғындары 

экологиялық 

қызмет 

атқарады. 



Өзінің 

территориясында табиғатты қорғау, ондағы тепе-теңдікті сақтауды бақылауға 

алады.  

Ауыл-селоның  тағы  бір  маңызды  атқаратын  қызметі  –  ауыл-село 

тұрғындарының  қалаларға  көшіп  қоныстануы.  Сөйтіп  ондағы  өндіріс 

орындарында жұмыс істеуі. Мұнсыз қала өндіріс орындары дамымаған болар 

еді.  

Қала  тұрғындарының  қызметін  екі  негізгі  салаға  бөлуге  болады:  1)  Қала 



құрушы; 2) Қалалық тұрмыстық қызмет көрсетуші (градообслуживающие).  

Қала  құрушы  факторларға  өндіріс,  көлік,  байланыс,  басқару,  ғылым, 

медицина, санатория- курорттық істер, т.б. жатады. Әлеуметтану тұрғысынан 

бұл жүйе қаланың қоғамға не беретінін бейнелейдң. Мұндажұмыс орнынынң 

саны,  түрі,  кадрлардың  мамандығы,  т.б.  ескеріледі,  яғни  адамның  қызмет 

етуінің әлеуметтік жақтары әр уақытта естен шығарылмайды.  

Қаланың тұрмыстық қызметі жұмыс орынның жиынтығы арқылы адамдарға 

тұрмыстық  қызмет  көрсетеді.  Бұған  көлік-транспорт,  балалар  мекемелері, 

мектеп,  денсаулық  сақтау,  сауда,  тұрмыстық  қызмет  мекемелерінің,  мәдени 

мекемелердің  коммунальдық  шаруашылық  қызметтері  жатады.  Басқаша 

әлеуметтік  тілмен  айтқанда  бұл  қоғамгың  қалаға  беретін  игілігі,  бағалық-

құндылықтары.  

Қаланың  бұл  негізгі  екі  қызметінің  бөлінуі  шартты  жағдайға  байланысты 

болады.  Өйткені,  қаладағы  жоғарғы  оқу  орындары,  емхана,  театр,  сауда 

орындары,  т.б.  тек  қана  осы  қала  тұрғындарына  қызмет  етпейді,  олар 

басқаралға  да  осындай  тұрмыстық  қызмет  көрсетеді.  Қала  құрушы  және 

қалалық  тұрмысық  қызмет  көрсетуші  факторларының  жиынтығы,  екінші 

жағынан, қалалық экономикалық және мекеме мен ұйымдардың техникалық 

даму тұрғысынан еңбек орындарының құрылымын бейнелейді.  

Енді қала мен селоның өзара байланысына тоқталайық.  

Ауыл-селоның  негізгі  атқаратын  қызметі-  ауыл  шаруашылық  өнімдерін 

өндіру  болса,  оны  өңдейтін,  тұтынатын  қызмет  қала  тұрғындарына  жатады. 

Ағашты  өңдей,  жиһаз  жасау  үшін  ауыл-селода  өндірілген  ағаштың  қатты 

бөлігін 

(древесинаны) 

пайдаланады. 

Ауыл-селода 

коммуникация 

байланыстары  тәртіппен  жұмыс  істейді.  Барлық  байланыс  тораптары  мен 

жүйелері  (орталық  жүргізу,  хабарлау,  реттеу,  т.б.)  қалада,  олар  елді 

мекендердің  арасындағы  байланыс  –  хатынастарды  қамтамасыз  етіп,  реттеп 

отырады.  

Қала  ауыл-селодан  келген  қоныстанушыларға  (яғни  мигранттарға)  жұмыс 

орнымен,  пәтер-үймен  қамтамасыз  етіп  отырады.  Жоғары  оқу  орындарында 

ауыл-селоға жоғары мамн кадрлар дайындайды.  

Қала  мен  ауыл-село  арасында  мұндай  қатынастар  өте  көп.  Осы  көптеген 

байланыстарды  жіпке  тізіп  жатпай-  ақ  жалғыз  ауыз  сөздің  қауызына 

сыйдырып айтқанда, оның мәні былай: қала тарихи ұзақ уақыт ішінде ауыл-

селоның  көптеген  мүмкіншіліктерін,  әсіресе  алуан  түрлі  ресурстарын 

пайдаланып  келді.  Осыған  орай  ауыл-селоның  экономикалық,  әлеуметтік, 

саяси  және  рухани  қатынастарын  біршама  жоғары  деңгейге  көтерді.  Бірақ, 

бұлардың  арасындағы  өзара  көмек  тең  жағдайда,  үйлесімді  болмады,  яғни 

теңсіздік пайда болды. Сөйтіп ақыр аяғында ауыл-село тұрғындарының мұң-

мұқтажы, талап-тілегі қалтарыста қалды.  


Мигранттардың  үлкен  топтары  қалаларға  ағылды.  Себебі,  қаладғы  тұрмыс 

деңгейі  жоғары  болды.  Атап  айтқанда,  еңбек  ақының  біршама  жоғары 

деңгейі, пәтер-үйлердің толық жабдықталуы, жаңа мамандықты іріктеу, оны 

ауыстыру  материалдық  және  мәдени  құндылықтарға  жолдың  ашықтылығы, 

т.б.  Қаланың  тұрмыс  деңгейінің  жоғары  болуы,  т.б.  сияқты  факторлар  да 

ауыл-селоның күйреуіне әкеліп соқты. Қала мен ауыл-село халқын бірнеше, 

алуан  түрлі  ерекше  топтарға  бөлуге  болады.  Олардың  өлшемдері  мыналар: 

мамандық  құрылымы,  білім  дәрежесі,  материалдық  қамтамасыз  етілуі, 

физикалық  дайындығы,  әлеуметтік  жауапкершілігі,белсенділігі,  жасы, 

отбасы жағдайы заңға, саясатқа қатынасуы, т.б.  

2. Қазақстанның ежелгі қалалары 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет