ТӘҢірдің теңдессіз сыйын төмендетпеу серт



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата12.01.2017
өлшемі4,51 Mb.
#1741
1   2   3   4   5

– Неге батыстан?

– Олай дейтінім, ең алдымен бос-

тандығын 90-жылдардың басында Бал-

тық жағалауындағы мемлекеттер алып 

шықты. Көктемде олар, жазда Қап та-

уындағы мемлекеттер, одан кейін тәжік 

пен түрікмен кетті, содан қоңыр күзде 

бостандық  бұғауынан  босану  Орта 

Азиядағы мемлекеттердің де пешенесі-

не бұйырды. Әлі есімде, 31 тамыз күні 

қырғыздар тәуелсіздігін жариялады, ал, 

1 қыркүйек күні Өзбекстан азаттығын 

алды. Мен қай мемлекеттің қай күні 

тәуелсіздігін алғанын жете зерттеген 

адаммын. Сол себептен де еліміздің 

азаттық алуын аңсап күтіп, тәуелсіздік-

тің қашан және қай күні есігімізді қаға-

тынын есептеп отырдым. Ол 91-жылғы 

«Қылкөпір» деп аталатын романымда 

толық жазылған. 

16 желтоқсан күні кешкісін теледи-

дардан диктор келіншек Қазақстанның 

тәуелсіздігін алғандығы туралы хабар-

лады. Сенсеңіз, жүрегім жарылардай 

қуанып, «Алла-ай, кеш те болса тәуел-

сіздікке қолымыз жетті-ау», «ғасырлар 

бойына  күткен  Қазақстан  тәуелсіз 

мемлекет деген жүрекжарды хабарды 

естідік-ау» деп ағыл-тегіл жыладым. 

Бүгін сол тәуелсіздігімізді тойлағаны-

мызға 25 жыл толыпты. Қазақстанның 

әр өңірдегі ауа райының әртүрлі екенін, 

желтоқсан айының оңтүстік өңірде 

әдеттегідей  жылы,  ал,  Арқа  жақта 

қаһарлы келетіндігін ескерсек, шын 

мәнінде, 16 желтоқсан ел тәуелсізді-

гін тойлайтын мезгіл емес, неге осы 

мерекені өзбек пен қырғыздар сияқты 

қыркүйек айында атап өтпеске?!

– 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні 

жылда жастарымыздың қаны төгіл-

ген 17, 18 желтоқсанмен қабаттасып 

келеді. Осының өзі қалай?

– Меніңше, оны биліктегілер әдейі 

жасайын деген жоқ, себебі, тәуелсізді-

гімізді көтерілістен кейін бес жылдан 

соң алдық. Расында да, Желтоқсан 

көтерілісі тәуелсіздіктің көлеңкесінде 

қалып қойып жүр. Биыл Желтоқсан 

көтерілісіне бақандай 30 жыл толып 

отыр. Енді арасын күн араламайтын 

осы екі тарихи оқиғаның қайсысын 

тойлауымыз керек? Тәуелсіздікті ме, 

әлде жастарымыздың қаны төгілген 

Желтоқсан көтерілісін бе? Сондай кезде 

көңілде бір-біріне қарама-қайшы сауал-

дар пайда болады. 

– Әлгінде әңгіме арасында бодан-

дықтан босап, бостандық алуымыз­

ға ішкі шиеленіс пен қарама­қай-

шылықтардың әсері көп болды деп 

қалдыңыз...

– Сексенінші жылдардың аяғына 

таман Одақтың үстемдігіне деген ха-

лықтың қарсылығы сыздауық сияқ-

ты  сыздап,  жарылуға  шақ  тұр  еді. 

Сол  жараның  аузын  Кремльдің  өзі 

дөрекілікпен, астамшылықпен тырна-

ды. Соның салдарынан ұлттық намыс 

оянды. Тегінде қазақ көнбіс, шыдамды 

халық, бірақ, бір көтерілсе жуық арада 

сабырға келіп басыла қоймайтын ұлт. 

Партия қазақтың өз арасында жібі түзу 

адам жоқтай, Ресейдің Ульянов облы-

сын басқарған Колбин деген біреуді 

Орталық комитеттің бар болғаны 20 

минутқа созылған пленумында жұртқа 

қол көтерткізіп, таққа отырғыза салды. 

Жастар Қонаев үшін емес, намыстары-

ның тапталғанына шыдамады. Осы күні 

есептеп көрсек, сол жылдары қазақтың 

Ресейге қарай судай ағылып сұраусыз 

кетіп жатқан есепсіз байлығынан өзіне 

бар болғаны 7 пайызы ғана бұйырып, 

қалған 93 пайызы Одақтың өңешінен 

өтіп отырған екен. Осындай қиянаттар 

мен ұлттық езгі, құқықтың тапталуы 

– соның бәрі жұрттың көкірегіне запы-

ран болып жиналып, ақыры жанартау 

болып жарылды. Осы күні Желтоқсан 

көтерілісі туралы біреулерге жала жабу 

үшін «қолдан ұйымдастырылыпты, бұл 

Қонаевтың әрекеті екен» деп дақпырт 

таратып жүргендер бар. Тіпті, «кө-

терілісті мен бастап едім» дейтіндер 

де  кездесіп  қалады.  Шын  мәнінде, 

көтерілісті  жоспарлы  түрде  ешкім 

басқарған жоқ, ол стихиялы түрде бас-

талып кеткен. 

Сол  күні  Жазушылар  одағының 

шығармашылық үйінен келе жатып 

көтеріліске өзім де қатыстым. 86-жылы 

«Тағдыр» деген романымды жазып 

жатқан едім. Көтеріліске қатысқандар-

дың 90-95 пайызының көкөрім жастар 

екендігін көзіммен көрдім. Мағжан  

Жұмабаев кезінде «мен жастарға се-

немін»  деп  бекерге  айтпаған  екен. 

Кейін «ау, орта жастағылар мен қарттар 

алаңға жастармен бірге неге шықпа-

ды?» деп өз-өзіме сауал тастадым. Ой-

лана келе ол сауалға мынандай жауап 

таптым: жасы қырықтан асқан кәрі-құр-

таңдардың көтеріліске шықпайтын бір 

себебі – құлдық сана олардың етінен 

өтіп, сүйегіне жетіп, бойларына әбден 

сіңіп кеткен. Мұндай жастағы адамдар 

табиғатынан әлсіз, үнемі үрейде жүреді. 

Ал, жастардың санасына құлдық дерт 

сіңе қоймаған. Жастар жүрген жерде 

ерлік пен батылдық қоса жүреді. Сон-

дықтан да, Желтоқсан көтерілісі кезін-

дегі қанды қырғынның алапатын да, 

қорлығын да ең алдымен солар көрді. 

Қазақстан жастар көтерілісінің арқа-

сында бұғаудан босанды. 

– «Қазақ зиялы қауымы ел басы на 

күн туған аласапыран кезеңде ылғи 

да сатқындық жасауға бейім тұрады» 

деген пікірге қалай қарайсыз? 

– Қазақ зиялысы, қазақ азаматы 

туабітті жалтақ, қорқақ болған емес, 

кезінде қызыл империя Алашорданың 

сүттің бетіне шығатын қаймағы іспет-

тес ержүрек ұлдарын қолдан қырғын 

ұйымдастырып, қынадай қырып салды. 

Алғашқыларын 20-30 жылдары, қалға-

нын 37-жылы атып, асып жоқ етті. Одан 

кейін сатқындар мен қорқақтар, ком-

мунистік партияның айтқанына көніп, 

айдауына жүре беретін көнбістерден 

басқа ешкім қалмады. Сол балапан 

басымен, тұрымтай тұсымен кеткен 

заманда М.Әуезовтің өзі түрмеден бас 

сауғалап әрең шыққан. Онда да Ахмет 

Байтұрсынов Мұхтарға «сен өзіңді аман 

сақтап қалуға тырыс, жасымыз сенсің, 

сен солардың айтқанын орында» деп 

хат жазған екен. Ахаңның ақылымен 

Әуезов қана ажалдан аман қалды. Қан-

шама қазақ зиялысы Сібірге айдалды, 

осындай қуғын-сүргіннен кейін көз-

деріне қамшы тиген аттай жасқаншақ 

күйге түскен азаматтарымыз белсеніп, 

атқа қона алмады. Империя «Алаш» 

партиясын тып-типыл етіп жойғаннан 

кейін исі қазақ ұлттық идеологиядан 

көз жазып қалды. Қызылдар бас көте-

реді-ау деп күдікке іліккендерді іздеп 

жүріп көздерін жойды. Тірі қалғандары 

мына Қытайдағы Шыңжаңға бой та-

салап барды. Шәкәрімнің ұлы Диат, 

Алаштың белді қайраткерлерінің бірі 

Райымжан  Маршоков,  Ыбырайым 

Жайнақов қуғын-сүргінге ұшырады. 

Большевиктер  оларды  түгел  ұстап 

алып  ажалға  байлады.  Ең  соңында 

1952 жылы Алашқа мүше болды де-

ген айыппен Семейден Шәуешекке 

келген  Тұрсын  Мұстафин  атылды. 

Сондағы бар кінәсі – партияға мүше 

болғандығы ғана. Осыдан кейін қа-

зақ зиялы қауымының арасынан төбе 

көрсетіп, «ұлт-азаттық» деген сөзді 

дауыстап айтатын адам табылмады. 

Қырқыншы жылдары ұлт-азаттық кө-

терілісінің салмағы Шыңжаңға қарай 

ауды. Оспан батырдың бой көрсететін 

кезі осы тұс. 

Ал, Қазақстандағы Желтоқсан кө-

терілісіне келсек, оған кейбір тәуел-

сіздікке жаны қас адамдар әу бастан- 

ақ  басқаша  сипат  беруге  тырысып 

бақты. Олар атақтары дардай, беделді 

кісілердің аттарынан Желтоқсан кө-

терілісі  қазақтардың  емес,  кіл  на-

шақорлар мен бұзақылардың әрекеті 

деген жалаға толы материалдар жазғы-

зып, оны бүкіл баспасөзге жариялат-

ты. Қазақ зиялы қауымының ішінен 

солқылдақ, сатқындарын іріктеп алып, 

тәуелсіздік үшін алаңға шығып, қанға 

боялған жастарды қаралатты. Елдегі 

екіжүзділік пен сатқындық осындай 

сорақы  әрекеттерге  барды.  Себебі, 

орталық қазақтың үш жүзге бөлініп, 

өзара қырқысатын алтыбақан алауыз-

дығын шебер пайдалана білді. Бұрын 

Қазақстанның басшылары үш жүзден 

сайланатын. Партияның өзі бірінші 

хатшыны Ұлы жүзден, Үкімет бас-

шысын Орта жүзден, кеңес төрағасын 

Кіші жүзден іріктеп алып сайлап, ауыз-

біршілігі жоқ, қит етсе бірінің үстінен 

бірі  арыз  жазып,  араздасуға  бейім 

тұратын үштікті осылай құрды. Әйт-

песе қазақ зиялылары туабітті сатқын 

болған емес. Ақтамбердінің «Мұрты-

мыз көкке шаншылып, аспандап сөй-

лер ме екенбіз» деген өлеңі бар. Демек, 

Абылайдың тұсында қазақ басын кө-

теріп сөйлеген, қазіргідей аяқкиімінің 

басына  қарамаған.  Таяуда  Алматы 

қаласының әкімі жүз қаралы өнер, мә-

дениет қайраткерлерінің басын қосып, 

Тәуелсіздіктің медалімен марапаттады. 

Сый-құрметке ие болғандардың дені 

ертеректе аттан тақымдары түспеген, 

бүгіндері 90-ға келіп қалған адамдар. 

Айтайын дегенім, сол кісілердің көбісі 

Желтоқсан көтерілісі кезінде алаңға 

шықпай бұғып қалғандар.

–  «Соңғы  көш»  романыңызда 

Қытай үкіметінің өлім жазасына 

кесілгендерді ең алдымен жақын­

жуық тарына масқаралатқызып, со-

дан кейін үкімді орындайтын сұрқия 

әдеті баян далады. Мұндай жағдай-

дың кез келген мемлекетте қайтала-

нуы заңдылық па?

– Екі қазақтың бірінің үстінен бірі 

арыз жазып арандату әрекеттері 37- 

жылдары Қазақстанда да болған. Қазір 

ғой, қазақтың алтыбақан алауыздығы-

ның кесірінен шөп шапқандай оталып 

қалған қырғынын Голощекинге жа-

бамыз. Оны Қазақстанға алып келген 

кім? Тарихи деректерге жүгінсек, оған 

да өзіміз себепкер болған екенбіз. Ол 

жөнінде арнайы зерттеп жазған мақалам 

бар. 1925 жылғы сәуірде Т.Рысқұлов 

Сталинге «бізде ұлтшылдар мен бай-

шылдар ояна бастады, көбіміз сайлауда 

қызметке іліге алмай қалдық, Ж.Ай-

мауытов, М.Әуезов сияқ тылар Таш-

кенттен шығатын «Ақ жол» газетінің 

төңірегіне топтасып жатыр, ең алдымен 

осы басылымды жауып, байшылдар мен 

ұлтшылдарға тосқауыл қойсаңыз екен» 

деп хат жазады. 1925 жылы Кеңестердің 

съезіне барған, қызметте жоқ Сәкен 

Сейфуллин Сталиннің қабылдауында 

арнайы болып, ол да Кеңес өкіметін 

құруға қатысып, Колчактың түрмесін-

де жатқанын айтып, Т.Рысқұловтың 

әңгімесін қайталайды. Олардың сөзін 

мұқият  тыңдаған  Сталин  іле-шала 

Голощекинді Қазақстанды басқаруға 

жібереді. Егер қазақ ауызбіршілігі мол, 

іргесі мықты ұлт болса, баскесер басшы 

айрандай ұйып отырған елдің арасына 

іріткі салар ма еді?! Қазақтың жағым-

паздары қызметке келген Голощекиннің 

есігін бір ай бойына торуылдап, бо-

сағасын босатпай қойған. Сондағы ай-

татындары – бірін-бірі жамандау, арыз 

жазу. Әккі басшы қазақтың арасындағы 

Ұлы жүзден құралған «рысқұловщина», 

Орта жүзден құралған «сейфуллинщи-

на» және Кіші жүзден құралған «мең-

дешовщина» деген алауыздықты шебер 

пайдаланып, оны қазақтардың өзіне 

қарсы қолданған. Былайша айтқанда, 

Голощекинді сонау Мәскеуден шақы-

рып әкеліп таққа отырғызған да, қолына 

неше түрлі материалды жинап беріп 

арандатқызған да өзіміз. Сондықтан 

да, сол қанды қасаптың кінәсін өзгеден 

емес, өзімізден іздеуіміз керек. Рушыл-

дық, жүзшілдік – қазақтың түбіне жет-

кен осы дерттер. Біз қазір сол қанішер 

Голощекиннің қасында жүріп сойылын 

соққандарға көшенің атын беріп құрмет 

көрсетіп жүрміз. Кезінде Голощекиннің 

әмірін құлдық ұрып орындаған шала са-

уатты Исаевтар мен Ерназаровтар шын 

мәнінде жұрттың ілтипатына ие бола-

тындай адамдар ма? Менің кәрі-құртаң 

азаттыққа ұмтылмайды деуімнің сыры 

сонда.

– Қабдеш аға, Қазақстан экономи-

калық және рухани жағынан кіріп-

тарлықтан құтылып, тәуелсіздігін 

түбегейлі баянды етті деп ойлайсыз 

ба?

– Тәуелсіздігімізді тойлап жатыр-

мыз, тойлай да береміз. Тек бұл мәсе-

ленің бір кемшін жері бар. Ашығын 

айтқанда, толық тәуелсіздікке қолы-

мыз  әлі  жеткен  жоқ.  Оның  себебі, 

тәуелсіздігін алған мемлекеттер ең 

алдымен адамдардың санасында отар-

сыздану саясатын жүргізеді. Былайша 

айтқанда, сананы отарлану ауруынан 

айықтырып, құлдық психологиядан 

тазартады. Өкініштісі, осы саясат бізде 

жүрген жоқ. Тәуелсіздігімізді жария-

лағанымызға мәз болып келеміз. Рас, 

тәуелсіздіктің арқасында Қазақстанды 

көп ел таныды, Біріккен Ұлттар Ұйы-

мына мүше болдық, оны жоққа шыға-

ра алмаймыз. Алайда, бодандықтан 

біржолата құтылу үшін ең алдымен 

тілге, жерге байланысты санамызды 

шырмап  алған  отаршылдық  көзқа-

растардан арылуымыз керек. Масқа-

расы өз елімізде отырып мемлекеттік 

тіл қай тіл болуы тиіс деген мәселені 

саудаға салып, екі тілді жарыстырып 

келеміз. Енді оған ағылшын тілін қо-

сақтап қойдық. Жоғарыдағы ұлықтар 

әлі күнге орысша сөйлейді. Қазақ тілін 

білу – осы күнгі шала сауатты шенеу-

ніктердей шатып-бұтып халықпен екі 

ауыз сөзбен сәлемдесу емес, ол мем-

лекеттік тілді жетік меңгеру деген сөз. 

Ал, біздің шала қазақтар мемлекеттік 

тілдің мәртебесі өссе, орысша білім 

алып жүрген ұрпақтарының келешекте 

нансыз қалатынынан жасқанады. Сана-

да қалып қойған отарлық психология-

ның лаңы осылай болып тұр. Тегінде 

тәуелсіздік – ешкімге тәуелді болмау 

деген сөз.



– Әңгімеңізге рақмет.

 

Пікірлескен 



Елеусіз МҰРАТ,

 «Заң газеті»

7

zangazet@maiI.ru



№142 (2920) 

16 желтоқсан 2016

Редакторлар кеңесiнiң 

төрағасы – президент

Досымбек ӨТЕҒАЛИЕВ

Бас редактор



Бекжан ӘШІРБАЕВ

Бас редактордың орынбасары



Айнұр СЕМБАЕВА

Жауапты хатшы-дизайнер 

міндетін атқарушы

Шолпан НҰРЖАУОВА

Нөмірдің кезекшісі



Сәкен ОРЫНБАСАРҰЛЫ

Астана

Алматы 

Атырау

Ақмола 

Қызылорда 

Оңтүс тiк 

Қазақстан

Шығыс 

Қазақстан

Газет  бетiндегi  жарияланымдардың 

позициясы мен фактiлерi үшiн редакция 

жауап бермейдi.

Жарнама  мен  хабарландырулардың 

маз мұнына жарнама берушi жауап ты. 

Жарнама берушi нiң жiберген қа телiгiне 

байланысты талап-тiлектер хабарлан-

дыру жарияланған күн нен бастап екi ай 

мерзiм iшiнде қа былданады. 

Газеттi  есепке  қою  туралы 

№12292-Г 

куәлiктi 2012 жылғы 20 ақпанда Қа-

зақстан  Респуб лика сының  Мәде ниет 

және ақпарат министрлiгi берген. 

Газеттiң терiмi мен бет қаттау жұ мыс-

тары «Заң» Медиа-корпорация» ЖШС 

компьютерлiк орта лығында жа салды. Ал-

маты облысы, Iле ауданы, Өтеген батыр 

ауылы, Сейфуллин кө шесi, 2«б», «Принт 

плюс» ЖШС баспаханасында басылып 

шығарылды. Тел.: факс. 8 (727) 51-78-27, 

8 (727) 51-78-31

Алматы қаласы 

Тел: 8(727) 292-29-27, 292-40-89

факс: 8 (727) 292-29-92 

E-mail: zanreklama@mail.ru



Астана  қаласы  Абай  көшесі,  78, 

105-кеңсе

тел: 8 (7172) 34-58-28

Меншiк иесi:

 

«ЗАҢ» МЕДИА-КОРПОРА ЦИЯ» 

ЖАУАПКЕРШIЛIГI ШЕКТЕУЛI 

СЕРIКТЕСТIГI

Айша Құрманғали,

8 707 851 91 13; 

Айтақын Бұлғақов,

8 702 239 62 99

Құралай ҚУАТОВА

8 701 678 9077

Қалкөз Жүсiп, 

8 701 300 14 74.

Нағымжан Сауяев,

8 778 282 7782.

Шадияр Мекен бай ұлы,

8 775 773 56 65.

Азамат Қасым,

8 702 276 93 76

МЕНШIКТI ТIЛШIЛЕР: 

ЖАРНАМА БӨЛІМІ: 

«ÞðÑëóæáà» ÆØÑ

Êөêøåòàó  қ.,  М.Горьêий  êөøåñi,  37, 

107-бөлмå. 

Òåл.: 8 (7162) 25-77-17



«Âåðñèÿ-Ïðåññ» ÆØÑ

Ïàâлоäàр қ., Åñòàй êөøåñi, 40. 

Òåл.: 8 (7182) 32-47-67, 32-49-04

«Àéäè» ÆØÑ

Қàрàғàíäû қ., Æàмбûл êөøåñi, 11. 

Òåл.: 8 (7112) 42-00-71

Қàëèàñқàðîâ Íұðëàí 

Íұðғèñûíұëû ÆÊ

Ïåòроïàâл қ., Ê.Ñүòiøåâ êөøåñi, 58, 

30-бөлмå, 3-қàбàò

Òåл. 8 (7152) 46-02-57, ұÿлû òåл.: 

8 (777) 572-29-91, 8 (701) 315-54-59

Ìèõååâà Îëüãà Ñòàíèñëàâîâíà ÆÊ

Қоñòàíàй қ., Гоголь êөøåñі, 110, ВÏ 

67  (Чåхоâ-Гоголь  êөø.  қиûлûñû), 

8(714-2)  50-97-07,  8-7758847211, 

8-7013506918 

«Îçàò-1» ÆØÑ

Àқòөбå қ., Àлòûíñàриí êөøåñi, 31. 

Òåл.: 8 (7132) 40-41-05, 87774348344

жәíå Àқòàó қàлàñû



ИП  «SAPA  KZ»  Аòûðàу  қàëàñû, 

87781063779, e-mail:zan-at@mail.ru 

Åðøîâà Ëþäìèëà ÆÊ

Øûмêåíò қ., Æåлòоқñàí êөøåñi, 20 б.



ÆØÑ  «Íàçàð-1  фèðìàñû»  ÆØÑ 

(«РУТÀ» ÆÀ) 

info@nazar1.kz

Øûмêåíò қ., Èлÿåâ êөøåñi, 47, 

à/ж 144. 

Òåл.: 8 (7252) 53-40-48, 30-12-10



«Þðèäè÷åñêàÿ фèðìà 

«Êîíñуëüòàíò» ÆØÑ Îрàл қ., 

Ë.Òолñòой, 28. 

Òåл.: 8 (7112) 50-88-05

«Ðåêëàìà» ÆØÑ

Îрàл қ., Äоñмұхàмåäоâ êөøåñі, 43/1. 

Òåл.: 8 (7112) 50-47-34

«Ëèð» ÆØÑ 

Қоñòàíàй  қ.,  Áàйòұрñûíоâ  êөøåñi, 

67, 

417-ïәòåр. Òåл.: 8 (7162) 54-57-03



«Êîìпàíèÿ Æåòå» ÆØÑ

Òàлäûқорғàí қ., м-оí Молоäåжíûй 

3  үй,  1  ï.  Òåл.:  8(7282)  24-29-66, 

87058147221



ÆÊ Гàâðèëåíêî И.И. Қоñòàíàй қ.,

ïр. Àль-Фàрàби 119 үй, êàб.407-À

òåл/фàêñ: 8 (7142) 53-63-21.

«Æàñ Îòàу» ÆÊ Қûäûðбàåâà Í.Í. 

Қûзûлорäà  қ.,  Әйòåêå  би  ê-ñі.,  27, 

òåл: 26-45-89, ұÿлû òåл: 8 (777)402-

28-28; 8 (700) 332-24-78.



ÆÊ Тàжèбàåâà, Òàрàз қàлàñû 

Қойêåлäі êөøåñі 158 à, ХҚΠàóмàғû

òåл.: 87017268772, 87054422939

ИП Íîâîñåëîâà Ïåòроïàâл қàлàñû, 

Êоíñòиòóциÿ Қàзàқñòàí êөøåñі, 

28 үй, 1-қàбàò òåл: (87152) 46-74-77

«Вåðñàëü  Бèçíåñ»  Àòûрàó  қàлàñû, 

Мàхàмбåò êөøåñі, 107-à, 2-êàб., òåл: 

32-14-29, 30-65-24, 8701 920 45 38

ÆÊ «Ìàðцåфåй», Өñêåмåí қàлàñû, 

60 òåл, 8(7232) 578414, 87772256506



ÆÊ  «Бàõäàуëåòîâà  А.»  Àлмàòû 

қ.,  Æібåê  жолû  ê.,  55,  Àлмà  ñàó-

äà  орòàлûғû,  4-қàбàò,  426-íүê-

òå.  Òåл:  2714939.  87052083694 

Email:ardawka_94@mail.ru

ЖАРНАМА 


ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР:

050012, Алматы қаласы, 

Х.Досмұхамедұлы көшесi 

(бұрынғы Мичурин), 68 «б»-үй.

Қабылдау бөлмесi: 

292-43-43; 292-79-61 (факс); 



Астана  қаласы  Абай  көшесі,  78, 

105-кеңсе

тел: 8 (7172) 34-58-28

E-mail: zan@zanmedia.kz

«Заң газеті» аптасына 3 рет –  

сейсенбі, сәрсенбі, жұма күндері 

жарық көреді.



РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ: 

Жеке таралым 10253 дана

Апталық таралым 30759 дана

Тапсырыс №281  Индекс 65921



Газет Қазақстан Республикасы 

бойынша таралады

ӘРТҮРЛІ


ТАРАТУ

БАНКРОТТЫҚ

ЕЛДЕН-ЖЕРДЕН

Меже


Алғыс

ҰËАҒАТТЫ ІÑ ÆÀËҒÀÑЫН ÒÀÁУÄÀ 

Ел мен Елбасының талабы бір – сот актілерінің әділ және 

заңды болуы, судьялардың кәсіби деңгейінің жоғары болуы 

және соттардың ашық жұмыс жасауы. Дамыған елдердің 

қатарына қосылу үшін нарықтық экономиканың табысты 

дамуы, шағын және орта кәсіпкерлік салаларына жағдай жа-

сау, осы салада туындайтын дауларды дер кезінде әрі заңды 

тұрғыдан шешу – мемлекет алдындағы үлкен мәселелердің 

бірі. Конституциямызда тұңғыш рет мемлекет пен тұлғаның 

қарым-қатынасы сот негізінде қойылып, барлық құқықтар 

мен бостандықтарды сотта қорғау құқығы бекітілді, заңға 

мемлекеттік органдар, азаматтар мен олардың бірлестіктері 

араларында туындайтын барлық дауларды сот жолымен 

шешу қағидасы енгізілді.

Республика судьяларының VII съезінде судьялардың 

Әдеп кодексі қабылданып, қазыларға қойылар талап қа-

таңдатылса, Судьялар одағының жарғылары, жұмыс жүй-

есі жаңартылды. Аталған съезде Елбасы қазіргі қоғамда 

дау-жанжалдарды өзара келісімге келу арқылы сотқа жеткіз-

бей шешу мәселесін әлі де жаңғырта түсу туралы ұсыныста-

рын білдірді. Бүгінгі күні медиация институты сотқа келген 

тараптарға түсіндіріліп, кейбір дауларды міндетті түрде 

бітімгершілікпен шешу қолға алынуда. Жаңа Азаматтық 

іс жүргізу кодексінде дауларды реттеудің соттан тыс тетік-

терін дамыту үшін жекелеген санаттар бойынша арнайы 

тарау берілген. Мемлекет басшысы айқындаған құқықтық 

айқындылық деңгейін арттыру, тұрақты әрі болжамды сот 

практикасын қалыптастыру міндеттерін іске асыру мақса-

тында «Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы» 

2001 жылғы 13 желтоқсандағы нормативтік қаулыға өзгеріс-

тер мен толықтырулар енгізудің қажеттілігі де уақытымен 

туындап отыр. Бұл жаңа редакциядағы Азаматтық процестік 

кодекстің қабылдануына байланысты. 

Ақпараттар мен техниканың қарыштап дамып, ға-

ламтор желісінің кең етек жайғанына қарай, сот төрелігін 

жүзеге асыруда жаңа техникалар қолданысқа енгізілуде. 

Бүгінде сот жүйесінде «Электронды сот жүйесі», «Элек-

тронды бақылау өндірісі», «Сот кабинеті» деген секілді 

бірқатар электронды сервистер қолданыста. Олар аза-

маттық істерді қарау тәртібін жеңілдету, жылдамдату әрі 

қолжетімді ету мақсатында соттар қызметіне айтарлықтай 

жеңілдігін тигізуде. 

Тәуелсіздіктің туы тігіліп, егеменді ел атанып отырған 

тұста заңдылықтың қатаң сақталуын түбегейлі қамтамасыз ету-

дің маңызы зор. Сот жүйесінде қол жеткізіп жатқан  жетістік-

теріміз ең алдымен егемендік пен Елбасының көреген саясаты-

ның жемісі. Әлемдік аренада Қазақ елі деген атпен танылған 

ұлан-ғайыр елімізде заңдылықты қамтамасыз ету біздің ортақ 

мақсатымыз. 

Ғабит БАСТАУБАЕВ,

Маңғыстау облыстық сотының судьясы

ÆÅÌҚÎÐËЫҚ – 

ҚÀУІÏÑІЗÄІÊÊÅ 

ÒӨНГÅН ҚÀÒÅР

Биыл «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 

туралы» жаңа заң қолданысқа енгізілді. Сыбайлас 

жемқорлық – қоғамдағы қауіпті кеселдің бірі. Елба-

сының тапсырмасымен 2015-2025 жылдарға арналған 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы 

әзірленіп, жемқорлыққа қарсы стратегия қабылданды.  

Аталған стратегияда Президент: «Мемлекет пен қоғам 

біртұтас майдан құрып жемқорлыққа қарсы шығуы 

тиіс. Жемқорлық жай құқық бұзушылық емес, ол 

қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылады», 

– деді. 


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды 

факторларына нормативтік құқықтық базаны одан 

әрі жетілдіру, жемқорлыққа қарсы шараларды күшей-

ту, халыққа қызмет көрсетуде тығырыққа тірейтін 

көптеген әкімшілік кедергіні болдырмау шаралары 

жатады. Жаңа заңға мемлекеттік және жеке сектор-

дағы жемқорлықты бағалау үшін алғаш рет сыбайлас 

жемқорлық тәуекелдерін талдау ұғымы енгізілді. Ол 

мемлекеттік органдармен қатар, квазимемлекеттік сек-

тор ұйымдары мен субъектілеріне де қатысты жүзеге 

асырылатын болады. Жаңадан қабылданған ҚР Қыл-

мыстық кодексінде сыбайлас жемқорлық және пара 

алу, пара беру қылмыстары бойынша тағайындалатын 

жаза әлдеқайда қатаңдатылған. Бұл өзгерістер қоғамда 

сыбайластықтың жолын кесуге бірден-бір ықпал ететін 

фактор болмақ. 

Бұл өз кезегінде асқынып кеткен ауру салдарымен 

күрес емес, керісінше, оның алдын алу шараларын 

іске асыру арқылы қоғамның дертін түбегейлі жоюға 

өз септігін тигізеді.

Сыбайлас жемқорлыққа алып келетін әрекеттер 

азаматтардың қарапайым құқықтарының бұзылуынан 

басталады. Атап айтқанда, мемлекттік орган мен ұй-

ымдар, жеке, заңды тұлғалардан түскен өтініштерді 

тіркемейтіндігі және оны тіркемей қарайтындығы, 

азаматтардың жеке қабылдаулары өз дәрежесінде 

жүргізілмейтіндігі, заңға сәйкес, арыз иесіне талон 

берілмейтіндігі немесе жазбаша жауап жолдамай-

тындығы, қарау мерзімі сақталмайтындығы сынды 

өрескел фактілер жемқорлық өрісінің тамырлануына 

әкеп соғады.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуа-

лын қалыптастыру маңызды. Сол себепті Мемлекет 

басшысының бастамасымен сыбайлас жемқорлықтың 

алдын алу барысында жаңа реформалар жүзеге асуда 

және оны болдырмау мақсатында құқық қорғау және 

уәкілетті органдармен жұмыстар жүргізілуде. Жемқор-

лық қылмыс жасағаны үшін атағы мен лауазымына 

қарамастан, кез келген адам жауапкершілікке тартыла-

ды. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам мем-

лекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылады. 

«Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында жан-

жақты тұжырымдалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

күрес қағидаттары соттармен үнемі насихатталып, 

алдын алу шаралары үздіксіз жүргізіледі. Қызмет ба-

рысында жемқорлыққа жол бермеу, заңдылықты сақтау 

– сот қызметкерлерінің басты міндеті. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет