«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір



Pdf көрінісі
бет28/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   160
Байланысты:
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY (1)

Abstract 
The  article  presents  the  position  of  the  hydropower  station  of  Irtysh  River.  And  also 
consider the ways of energy saving in the region by the concept of "green economy". 
 
Энергия  –  дүниежүзі  экономикасының  көкейкесті  мәселелерінің  бірі  болып 
табылады. Қазіргі кезде баламалы энергия көздері әлемдік деңгейде талқыланып, маңызы 
артуда.  Оның  ең  негізгі  артықшылығы  –  сарқылмастығы  және  экологиялық  тазалығы. 
Атмосфераға  үлкен  мөлшерде  зиянды  газдарды  бөлетін химиялық  өнеркәсіптерді  өңдеу-
мен  салыстырсақ,  баламалы  энергия  көздерін  қолдану  ғаламшардың  энергетикалық 
қалпына еш әсерін тигізбейді [1, 9-10 б.]. 
Бүгінгі күні елімізде электр энергиясы 85%-ға дейін органикалық отынды қолданады 
– бастысы, жергілікті көмір және аз мөлшерде көмірсутекті шикізаттарды жағады. 
Қазіргі  уақытта  тұрақты  дамудың  құраушысы  ретінде  экономикалық,  әлеуметтік 
және экологиялық компоненттің арасындағы өзара байланысы саналады. Соңғы жылдары 


44 
 
пайда болған  «жасыл»  экономика тұжырымдамасы тұрақты дамудың осы компоненттері 
арасындағы  үйлесімділікті  қамтамасыз  етуге  негізделген,  сонымен  қатар  дамыған, 
дамушы  және  өтпелі  экономика  жағдайындағы  мемлекеттер  үшін  аса  қолайлы  жүйе 
екендігін дәлелдейді [2, 36-38 б.]. 
Еліміздегі 8 тұщы су бассейндердің ең ірісі – Ертіс су бассейні болып табылады. Ол 
Семей-Павлодар қалаларының аралығында 150-200 метрлік терең жер қыртысында жатыр. 
Ертіс су бассейнінде үш ірі СЭС жұмыс істейді. Олардың жылдық ағысын реттеп, электр 
энергиясын  алу  үшін  өзеннің  бойында  салынған  Өскемен,  Бұқтырма,  Шүлбі  СЭС-тері. 
Үшеуінің жалпы қуаты 1689 МВт.  
-  Бұқтырма су қоймасы – жобалау ауданы 550000 га (5500 км
2
); 
-  Шүлбі қоймасы – 25500 га (255 км
2
); 
-  Өскемен су қоймасы – 37000 га (370 км
2
). 
Ертіс  су  бассейнінің  бойында  алып  бөгеттер  салынған  және  аталған  үш  ГЭС 
пайдалануға  берілген.  Сонымен  қатар  Павлодардың  Ақсу  өңірінен  Ертіс-Қарағанды 
арнасы тартылған: оның ұзындығы – 500 шақырым, тереңдігі – 5-6 м, ені – 40 метр. Осы 
арнамен  22  су  сорғыш  станциялар  секундына  110  м
2
  суды  420  метр  биіктікке  көтеріп, 
арнамен Қарағандыға қарай жылына 2260 м
2
 су әкеледі.  
Қазіргі  кезде  Қазақстан  экономикасына  қажетті  энергияның  орташа  деңгейі 
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) кіретін елдерге қарағанда екі 
есе жоғары. Болжам бойынша Қазақстан Республикасының жалпы ішкі  өнім (ЖІӨ) 2030 
жылға  қарай  үш  есе,  2050  жылға  қарай  5  есеге  дейін  артады.  Өнеркәсіпті  энергиямен 
қамтамасыз ету және көлікке энергия тұтыну мөлшері тұрғысынан жетекші сектор болып 
қалады. Бұнда ЖІӨ энергия қажеттілігі қазаіргі деңгейге қарағанда 2030 жылы 25%, 2050 
жылға қарай 40% төмендейді [5, 25-26 б.]. 
Шығыс Қазақстан облысы соңғы үш жылда электр энергиясын өндіру, желіге жібері, 
тұтынушылық және тапшылық мөлшерінің өзгеру динамикасы бойынша өндіру көлемі 3,5 
пайызға, ал тұтыну көлемі – 4,5% азайған. 
Бұқтырма  бөгенініндегі  су  көлемінің  толтырылуы  азаюына  байланысты  электр 
энергиясын өндіруді Бұқтырма СЭС 17,3%, ал Өскемен СЭС 13,1% төмендеткен. 
2013  жыл  бойынша  облыс  бойынша  электр  энергиясын  тұтыну  мөлшері  4% 
төмендеп, 7709,0 млрд. кВт. сағатты құрады [3, 19-21 б.]. 
Облыс  бойынша  электр  энергиясын  тұтыну  мөлшері  электр  энергиясын  өндіру 
мөлшерінен  11%  көп,  сол  себепті  2013  жылдың  соңғы  айында  электр  энергиясының 
тапшылығы  765  млн.  кВт.  сағатты  құрады.  Электр  энергиясының  тапшылығының  себебі 
Өскемен  жылу  электр  орталығында  (ЖЭО)  бу  турбинасы  мен  қазан  агрегаттарын 
құрасытыру  жұмыстарының  жасалмауы,  Шүлбі  су  электр  станциясы  (СЭС)  қайта 
реттеушісін салудан бас тарту болды. Сонымен қатар, энергияның тапшылығына қарамай 
«Өскемен  СЭС»  АҚ  және  «Шүлбі  СЭС»  АҚ  арзан  өндірілетін  электр  энергиясын  облыс 
шегінен тысқары сатқан, 2010 жылы -   1205 млн. кВТ. сағ, ал 2011 жылы – 1625 млн. кВт. 
сағ, осының салдарынан алынған электр энергиясының бағасы жоғарылаған. 
Қазіргі  уақытта  Қазақстанда  өндірушілік  қуаттылық  құрылымында  СЭС-ң  үлесі 
12%, бұл  Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесінің 20-30% тәуліктік максимумын жабу 
үшін  жеткіліксіз.  Жаңа  СЭС  құрылысы  Шығыс  Қазақстан  ғана  емес,  сонымен  қатар 
еліміздің бірыңғай энергия жүйесінің қысымының арту бөлігін жабуға ықпал етеді. 
Шығыс Қазақстан Облысының су қоры шағын болып есептеледі, осыған қарамастан 
СЭС құрылысы бойынша кең мүмкіндіктер береді. Кейбір бағаларға қарағанда облыстың 
гидроэнерго-ресурстары  61,3  млрд.  кВт.сағ  құрайды,  оның  20  млрд.  кВт.  сағ.  қана 
пайдалануға мүмкіндік бар. 
СЭС  электроэнергия  өндірісіның  өзіндік  құны  төмен,  сонымен  қатар  энергияның 
басқа  көздерімен  салыстырғанда  қоршаған  ортаға  көрсететін  қысым  мөлшері  аз  болып 
келеді [4, 32-48 б.]. 


45 
 
СЭС  каскадтарының  құрылысы  нысанда  толығымен  іске  қоспағанның  өзінде 
қуаттылықты 
пайдалануға 
мүмкіндік 
береді, 
бірінші 
агрегаттарды 
енгізіп, 
электроэнергияны  алуды  жылдамдатады,  сонымен  қатар  қор  беріп,  капиталдың  салым 
тиімділігін де арттырады. 
Шығыс  Қазақстан  Облысы  шағын  аудандарында  шағын  СЭС  құрылысының  толық 
мүмкіндіктері  бар,  олар  1960  жылдары  шағын  СЭС  жұмысының  есебінен  өзіне  қажетті 
электроэнергияның  жартысын  алып,  қуатты  энергия  көздерін  енгізу  есебінен  облысты 
орталық энергиямен қамтамасыз ету жүйесі бұзылған.  
Бұндай қалыптасқан жағдайдың ұтымды жақтары келесідей: 
1.  Арзан  электр  энергиясымен  жабдықтайтын  су  электр  станциялары  өндіретін 
электр энергиясының үлесі жоғары болады; 
2.  Кернеулігі  100  кВ  және  одан  төмен  электр  энергиясын  беру  жүйесін 
қалыптастыратын желілердің сызбасының сәттілігі; 
3.  Жаңартылған энергия әлеуетінің бар болуы: су ресурстары 20 млрд. кВт.сағ, жел 
энергиясы – 10 млрд.кВт. сағат; 
4.  Электр энергиясын экспорттау мүмкіндігінің болуы; 
5.  Отын-энергетикалық ресурстар қорының бар болуы. 
«Жасыл  экономика»  тұжырымдамасы  бойынша  энергия  тиімділігін  арттыру  үшін 
кедергілер  де  бар.  Олар:  энергия  ресурстарына  белгіленетін  бағаның  тиімсіз  жүйесі, 
жергілікті  өндірістердің  дамымай  қалуы  және  импортқа  шығарылатын  құрылыс 
материалдарының  өзіндік  құнының  жоғары  болуы,  шашыраңқы  нарық,  қаржыландыру 
жүйесінің шектеулі болуы, энергия менеджменті туралы ақпаратты жеткілікті меңгермеу, 
осы  салада  ықпал  ететін  заңнамалық  тактілер  мен  дағдылардың  болмауы.  Энергия 
тиімділігін арттыру үшін Қазақстан осы кедергілерді жоюы керек. 
Елімізде  энергияға  деген  сұраныс  65  млн.  тоннаны  құрайды.  Негізгі  энергияны 
қажет  ететін  секторлар  (барлық  энергиямен  тұтынудың  98%):  энергиямен  жабдықтау, 
тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы (ғимараттар), өнеркәсіп, көлік салалары. 
«Жасыл  экономика»  тұжырымдамасына  сәйкес  энергия  тиімділігін  арттыру  үшін 
бұндай іс-шараларды іске асырудың пайдасы зор.  
Біріншіден,  бұндай  шараларды  жүргізу  көп  жағдайда  тиімді  болып  саналады,  яғни 
үнемдеген  энергияның  құны  оларды  іске  асыруға  жұмсалған  шығындардан  асып  түседі. 
Шындығында, Қазақстан Республикасы негізгі энергия тұтынушы секторларда сұранысты 
қазіргі кездегі базалық жоспармен салыстырғанда 2030 жылы қосымша 10%, 2050 жылға 
қарай  15%  дейін  төмендете  алады,  бұл  жалпы  ішкі  өнімнің  энергия  қажеттілігін  2013 
жылмен салыстырғанда 2030 жылға қарай 35%, 2050 жылға дейін 50% дейін төмендеуіне 
алып келеді [5, 25-28 б.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет