І Теориялық бөлім 1. Географиялық карта және оның қасиеті Географиялық карта – Жер бетінің кішірейтіліп, жинақы түрде
жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі. Географиялық Карта
Жердің географилялық қабығындағы табиғат және қоғамдағы
әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың арасындағы әр түрлі
жағдайдағы байланыстардың бір-бірімен ұштасуы мен олардың
қандай мақсатқа арналатыны ескеріліп, осы тұрғыдан іріктелініп
алынғанын көрсетеді. Географиялық Карта Жердің географиялық
қабығының кеңістіктегі ерекше модельдік бейнесі ретінде көруге
болады. Карта:
аумақты қамтуына (дүниежүз., құрлықтық, жеке елдер, т.б.)
масштабына (ірі масштабты – 1:200 000 және одан ірі, орта
масштабты- 1:200 000-нан 1:1000 000-ға дейін және кіші масштабты -
1:1000 000-нан кіші), т.б. белгілеріне қарай бөледі.
Географиялық Картаны жасаудың ерекше математикалық заңы
болады. Оны картографиялық проекция деп атайды. Картаның
көмегімен жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және
пішіні туралы дәл деректер алуға болады. Картографиялық белгілерді
картаның ерекше тілі ретінде пайдаланады.
Географиялық Картада көрсетілген құбылыстарды іріктеудің
және қорытындылаудың, яғни картогр. генерализациялаудың зор
маңызы бар.
Географиялық Карта планетамыздың және оның бөліктері –
құрлықтар мен мұхиттар, олардың географиялық жағдайы, табиғат
байлықтары, халқы, экономикасы, мәдениеті мен тарихи дамуы
туралы жаңа деректерді алуда, таратуда, сақтауда аса бағалы құрал
болып табылады.