Морфология



Pdf көрінісі
бет1066/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   1062   1063   1064   1065   1066   1067   1068   1069   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Көзқимыл жүйкесі (III жұп, қозғалтқыш жұйке) — n. oculomotoricus —

ортаңғы мидың үлкен ми аяқшасынан шығып, көздің тік жəне қиғаш бұлшық 

еттері мен қабақтың бұлшық еттерін жүйкелендіреді. 

Шығырлық  жүйке  (IV  жұп,  қозғалтқыш  жүйке)  —  n.  trochlearis  — 

ортаңғы  мидың  үлкен  ми  аяқшасы  мен  ми  көпірі  аралығанан  басталып, 

көздің дорсальды қиғаш бұлшық етін жүйкелендіреді. 

Үшкіл  жуйке  (V  жұп,  аралас  жүйке)  —  n.  trigeminus  —  дорсальды 

сезімтал  жэне  вентральды  қозғалтқыш  түбіршіктердің  қосылуынан  түзіледі. 

Ол  өз  кезегінде  үш:  көздік,  жоғарғы  жақ  жəне  төменгі  жақ  жүйкелерге 

бөлінеді: 

а)көздік  жүйке  (сезімтал  жүйке)  —  n.  ophtalmicus  —  көз  шарасы, 

маңдай,  самай,  жоғарғы  қабақ  аймақтарындағы  теріні,  мұрын  куысы  иіс 

сезімі  аймағының  кілегейлі  қабығын  жүйкелендіреді.  Жүйке  құрамында 

көзжасы безіне арналған парасимпатикалық жүйке талшықтары болады; 

ə)жоғарғы  жақ  жүйкесі  (сезімтал  жүйке)  —  n.  maxillaris  —  төменгі 

қабақты,  мүрын  қуысының  тыныс  алу  аймағы  кілегейлі  қабығын,  жоғарғы 

жақты, таңдайды,жорғарғы ерінді жүйкелендіреді; 



484 

 

б)төменгі жақ жүйкесінің (аралас жүйке) — n. mandibularis қозғалтқыш 



жүйке  талшықтары  шайнау  бұлшық  еттерін,  ал  сезімтал  жүйке  талшықтары 

ауыз  куысының  түбі,  тіл,  ұрт  кілегейлі  қабықтарын,  төменгі  жақты,  төменгі 

ерін, иек, самай, төбе аймақтарының терісін жүйкелендіреді. 

Əкеткіш жүйке (VI жұп, қозғалтқыш жүйке) — n. abducens — сопақша 

мидан  шығып,  көздің  латеральды  тік  жəне  көз  алмасының тартқыш бүлшық 

еттерін жүйкелендіреді. 

Бет  жүйкесі  (VII  жұп,  аралас  жүйке)  —  n.  facialis  —  сопақша  мидан 

шығып,  қозғалтқыш  жүйке  талшықтары  —  бет  бұлшық  еттерін,  сезімтал 

жүйке  талшықтары  тілдің  ұшы  мен  денесіндегі  дəм  сезімі  емізікшелерін 

жүйкелендіреді. 

Жүйке 

құрамында 



сілекей 

бездеріне 

арналған 

парасимпатикалық жүйке талшыктары болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1062   1063   1064   1065   1066   1067   1068   1069   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет