Морфология


 — сурет. Тауық жұмыртқасының құрылысы



Pdf көрінісі
бет107/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

23 — сурет. Тауық жұмыртқасының құрылысы. 

 1 - ядро, 2 - қауыз (ізбест қабығы), 3 - қауыз асты қабығы, 4 — акуыз (белок), 5 —  

халаздар (градинкалар), 6 - сұйық белок, 7 - қоңырсары сарыуыз, 8 — латебра (ақшьлсары 

сарыуыз), 9 — сарыуыз қабығы (плазмолемма), 10 — ауалы камера. 

 

 

Тауық жұмыртқасы сарыуызының құрамында бос холестерин де болады. 



Овоцит цитоплазасының шеткі жағын кортикальды қабат (аймақ) — дейді. 

Белокты-көмірсулы 

кешенді 

қосылыстардан 

құралған, 

ширатылған 

талшықты  жіпшелер  —  халаздар  (граинкалар)  овоцитті  жұмыртқаның 

ортасына  бекітіп,  ұстап  тұрады.  Олар  сарыуыз  қабығының  қарама-қарсы  екі 

бүйірінен басталып, жұмыртқаның доғал жəне сүйір ұштарына барып бекиді. 

Овоциттің  ядро  орналасқан  жеңіл  анимальды  полюсі,  жұмыртқаны  қаншама 

аударғанмен,  əр  уакытта  цитоплазманың  жоғарғы  жағында  болады.  Себебі, 

овоциттің  төменгі  вегетативті  плюсі  ауыр  болып  келеді.  Сарыуыз  сыртынан 

белокпен,  оның  сыртынан  қос  қабаттан  құралған  қауызасты  қабықпен, 

сыртқы  жағынан  қауызбен  (ізбест  қабыкден)  қапталған.  Жұмыртқа  белогі 

эмбриондық  даму  сатысында  үрык  үшін  негізгі  қоректік  заттардың  жəне 



73 

 

судың  көзі  болып  саналады.  Себебі,  оның  құрамының  80-90  пайызы  су, 



қалған  құрғақ  затыныц  құрамында.  белоктар,  гликопротеидтер,  көмірсулар, 

аздаған  липидтер,  минералды  жəне  бактерицидті  заттар  болады.  Белоктың 

сыртындағы  қауызасты  қабық:  сыртқы  жəне  ішкі  қабаттардан  құралған. 

Оның  қалыңдау  сыртқы  қабаты  (50-55  мкм)  ізбес  қабығымен  тығыз 

байланыста болады. Ішкі жұқалау қабаты (15-16 мкм) белокты тікелей қаптап 

жатады.  Бұл  қабаттарды  диаметрі  2  -10  мкм  мүйіз  тəрізді  заттан  құралған 

талшықтар  жасайды.  Жұмыртқаның  доғал  ұшында  қауызасты  қабықтың 

қабаттары бір-бірінен ажырап, олардың арасында ауалы камера қалады.       

Жұмыртқаның  сыртқы  қабығы  —  қауыз  (ізбест  кабығы)  органикалық 

жəне  минералды  заттардан  тұрады.  Оның  органикалық  бөлігін  бір-бірімен 

торланып  жатқан  белокты  талшыктар,  ал  минералды  затын  жұмыртқа 

ішіндегі шөженің қаңқасын түзуге көректі кальций, фосфор жəне т.б. тұздар 

құрайды. Ізбест қабығын сыртынан жауып қаптап жатқан қауызүсті үлдір — 

кілегейлі  зат  —  муциннен  түзілген.  Ол  сырттан  зиянды  микроорганизмдер 

мен  саңырауқұлақтар  спораларын  өткізбейді,  бірақ  ізбест  қабығындағы 

тесіктер  арқылы  шөженің  дамуына  қажет  ауаны  өткізеді.  Қауыз  қорғаныс 

қызмеұлпа атқарады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет