омыртқалық жұйкені (n. vertebralis) құрайды. Ол артқы мойын ганглийінен
алдыңғы мойын ганглийіне бағытталып, əрбір мойын жұлын жəне ми
жүйкелеріне симпатикалық миелинсіз жүйке талшықтарын бөледі.
Ганглийлер нейроциттерінің аксондары жүйке түйіндерінен түйінсоңы
(постганглионды) миелинсіз жүйке талшықтары түрінде бөлініп, сұр
байланыстырғыш тармақтар ретінде жұлын жүйкелеріне кері қосылады да,
жүйкелер құрамында тірек-қимыл аппараты мен тері жабыны мүшелеріне
барып, солардың қан жəне лимфа тамырларын жүйкелендіреді. Ал жұлын
жүйкелерінің сомалық жүйке талшықтары бұлшық еттерді, сүйектерді,
буындарды, тері жабының жүйкелендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |