жартыайшыкты ганглийге (ganglion semilunare) жетеді де, одан
симпатикалық жүйке талшықтарымен бірге құрсақ қуысындағы барлық ішкі
мүшелерге жан-жаққа таралып, "күндік өрімді" құрайды. Кезеген жүйкенің
түйіналды миелинді жүйке талшыктары ішкі мүійелер қабырғаларындағы
микроскоппен ғана көрінетін тым майда жүйке түйіншелері немесе
торалтары
нейроциттерінде
синапспен
аяқталады.
Олардың
қысқа
аксондарынан түзілген түйінсоңы миелинсіз жүйке талшықтары өздері
кабырғаларында орналасқан ішкі мүшелердің етті қабықтары мен қабаттарын
жəне бездерін жүйкелендіреді.
Қүйымшақ
орталықтары
(nuclei
parasympathici
sacrales)
нейроциттерінің
түйіналды
миелинді
жүйке
талшыктары
жүлын
жүйкелерінің
вентральды
түбіршіктері
құрамында
шығып,
жұлын
жүйкелерінен бөлінеді де, өзара бірігіп, жамбас жүйкелерін (nn. pelvini)
құрайды. Бұл жүйкелер жамбас қуысында жатқан ішкі мүшелер
қабырғаларына еніп, оларда орналасқан микроскопиялық жүйке тораптары
нейроциттерінде аяқталады. Нейроциттер аксондарынан түзілген қысқа
түйінсоңы миелинсіз жүйке талшыктары өздері орналасқан ішкі мүшелердің
етті қабықтары мен бездерін жұйкелендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |