211 — сурет. Көз торлы қабығының құрылысы А — торлы қабықтағы
нейроциттердің орналасу нобайы (Доулинг жəне Бойкот бойынша). П — таяқша
фоторецепторлы нейроцит, К — сауытша фоторецепторлы нейроцит, БК —
биполярлы нейроцит, Гор. — горизонтальды нейроцит, A
M
.
-амакриңді нейроцит, Г
— ганглионды нейроцит. Б — гистологиялық препараттағы торлы қабық
1 — пигмента эпителиоциттер қабаты, 2 — таяқша жəне сауығша қабаты, 3 —
сырткы шекаралық қабат, 4 — сыртқы ядролы қабат, 5 — сырткы торлы қабат, 6 — ішкі
ядролы қабат, 7 — ішкі торлы қабат, 8 — ганглионды қабат, 9 — жүйке талшыктарының
қабаты, 10 — ішкі шекаралық қабат.
Жарық сəулелері көздің қасаң қабығынан, көз камераларындағы
сүйықтан, көз бұршағынан, шыны тəрізді дəнеден, торлы қабықтың барлық
қабаттарынан кедергісіз өтіп, жарық сезгіш нейроциттерге əсер етеді. Торлы
қабықтың жүйкелі қабаты бір-бірімен тізбектеле байланысқан үш қабат
нейроциттерден құралған. Олар: сыртқы жарық сезгіш (фоторецепторлы),
ортаңғы биполярлы (ассоциативті) жəне ішкі мультиполярлы (ганглионды)
нейроциттер. Фоторецепторлы жəне ассоциативті нейроциттер жанасуы
деңгейінде горизонтальды нейроциттер, ал ассоциативті жəне ганглионды
нейроциттер жанасу деңгейінде амакринді нейроциттер аралықорын алады.
495
Пигментті эпителийден кейін бір қатар болып, жарық сезгіш таяқша жəне
сауытша (колба тəрізді) нейроциттер орналасады. Аталған фоторецепторлы
жасушалардың пигментоциттермен жанасатын сыртқы дендриттерінің
пішініне байланысты, олар таяқша жəне сауытша нейроциттер — деп
аталады. Таяқща нейроциттердің пішіні таяқ тəрізді дендриттері ымырттың
əлсіз жарығы сəулелеріне, ал сауытша нейроциттердің пішіні колба тəрізді
дендриттері күшті күндізгі түрлі-түсті жарық сəулелеріне тітіркенеді.
Жоғарыда аталған нейроциттер тізбегі гистологиялық препараттарда анық
көрінетін торлы қабықтың төмендегідей кабаттарын құрайды. Сыртқы
қабаты пигментті қабат. Фоторецепторлы нейроциттердің сыртқы таяқша
жəне сауытша дендриттері торлы қабыктың пигментті қабатынан кейінгі —
Достарыңызбен бөлісу: |