499
эндолимфаның ішінде орналасады. Ауадағы дыбыс толқынының əсерінен
сыртқы дабыл жарғағы тербеліп, есту сүйекшелерін қозғалысқа келтіреді.
Осының əсерінен сопақ терезедегі тақташа жарғақта тербеліп, ішкі құлақ
кіреберісіндегі
перилимфаға
толқын
түрінде
беріледі.
Перилимфа
толқындары сүйектік ұлудың кіреберістік баспалдағына, одан əрі ұлу
төбесіндегі тесік арқылы дабылдық баспалдақтағы перилимфаға өтеді.
Кіреберістік баспалдақтағы перилимфа тербелісіне сəйкес кіреберістік
жарғақта тербеліп, ішіндегі эндолимфаны тербеліске келтіреді. Нəтижесінде
эндолимфа ішіндегі жабынды жарғақта тербеліске келеді. Өз кезегінде
дабылдық баспалдақтағы перилимфа сұйығы толқынына сəйкес негіздік
жарғақ та тербеледі. Нəтижесінде оның ішкі бетіндегі сезгіш эпителиоциттер
микробүрлері жабынды жарғақпен жанасып, тітіркеніс пайда болады да, оны
сезгіш түкті эпителиоциттер, денелері иірілімді ганглийде орналасқан
сезімтал нейроциттер дендриттеріне өткізеді. Түзілген жүйке толқындары
сезімтал нейроциттердің аксондарымен ми жүйкелерінің сегізінші жұбы —
Достарыңызбен бөлісу: