502
баданасының қуысы ауыз куысымен татым шұңқырына ашылатын татым
тесігі арқылы қатысады. Пішіні ұзынша келген дəм сезгіш эпителиоциттер
тіректік эпителиоциттердің аралықтарында орналасады. Олардың сопақша
келген ядролары негіздік жарғаққа жақындау жатады. Цитоплазмасының
апикальды бөлігінде эндоплазмалық тор мен митохондриялар, ал
эпителиоциттің апикальды ұшыңда микробүрлер болады. Əр бір татым
баданасына 50 -ге жақын афферентті жүйке талшықтары (сезімтал
нейроциттердің дендриттері) келіп, сезгіш эпителиоциттермен синапстық
байланыстар түзеді. Тітіркену нəтижесінде түзілген жүйке толқыны, сезгіш
эпителиоциттерінен синапс арқылы сезімтал нейроциттердің дендриттері
ұшына, одан əрі жүйке ганглийлерінде орналасқан олардың денелеріне,
олардың аксондарымен дəм сезімі талдағышының мидағы орталығына өтеді.
Тіректік эпителиоциттер рецепторлы эпителиоциттерді сыртынан қоршап,
оларды жəне жүйке талшықтарын оқшаулап, тіректік жəне қорғаныс
қызметтерін атқарады. Аласа келген негіздік жасушалар камбиальды қызмет
(олардан тіректік жəне сезгіш эпителиоциттер дамиды) атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: