Екіншілік эктодермадан тері эпидермисі, майтабан, мүйізді тері
туындылары: тері түктері (қыл, қылшық, жүн, түбіт, қауырсын, мамық),
мүйіз тұяқ, тырнақ, мүйіз, тері бездерінің паренхимасы (май, тер, сүт
бездері), ішек түтігінің алдыңғы жəне соңғы бөліктерінің эпителий ұлпасы
мен олардың қабырғалық бездері, тыныс алу жүйесінің кіреберіс бөлігінің
эпителий қабаты дамиды. Энтодермадан ас қорыту мүшелерінің эпителий
қабаттары мен қабырғалық жəне қабырғадан тыс ас қорыту бездерінің
паренхимасы, тыныс алу жүйесі мүшелерінің эпителий қабаттары мен
қабырғалық бездері жетіледі. Мезодерма дерматомынан терінің нағыз тері
(дерма) қабаты, мезодерма склеротомынан омыртқа бағанасының сүйектері
мен шеміршектері, мезодерма миотомынан қаңканың бұлшық ет ұлпасы,
Достарыңызбен бөлісу: |