жүйесі, 4 — остеон (гаверс жүйесі), 5 — сүйек пластинкатарының ендірме жүйесі, 6 —
остеон өзегі, 7 — фолькман өзегі, 8 — тығыз сүйек заты, 9 — кемік сүйек заты, 10 — ішкі
134
Остеонды бірінің ішіне бірі кіріп, концентрлі шеңберлер сияқты
орналасқан, пішіні цилиндр тəрізді сүйек пластинкалары түзеді. Сүйек
пластинкалары бір-бірімен оссеомукоид арқылы желімденген, қалыңдығы
10—150 нм оссеин талшықтарынан құралған. Остеонның орталығындағы
диаметрі 20—30 мкм остеон өзегі бойымен сүйекті қоректендіретін қан
тамырлары өтеді. Тығыз сүйек затындағы остеондардың орташа диаметрі
100—170 мкм, ал оның қабырғасын 3 -тен 20 -ға дейін сүйек пластинкалары
құрайды.
Сүйек пластинкаларының ендірме жүйесі — қабырғалары бұзылған
бұрынғы
остеондардың
қалдығы.
Құрылысы остеон қабырғасының
құрылысына ұқсас остеоциттер қатарлары мен олардың аралықтарындағы
сүйек пластинкаларынан тұрады.
Сыртқы жəне ішкі сүйек пластинкаларының жүйелері құрылысы
жағынан остеон қабырғасына ұқсас. Сүйек ұлпасын сыртынан сүйекқап
қаптап жатады. Сүйекқаптағы қан тамырлары остеондар өзектеріне өтіп,
оларды бойлай таралып, сүйек ұлпасын қоректендіреді. Сынған немесе
жарылған сүйектерді сүйекқаптың ішкі қабатындағы остеобласттар сүйек
ұлпасын түзу арқылы қалпына келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: