35
Ұрықтардың дамуы жөніндегі ең алғашқы қарапайым ғылыми мағлұмат
Д. Фабрициус зерттеулерінде ғана көрінді. Ол 1600—1604 жылдары тауық
пен адамның ұрықтарын зерттеп, оларды суретке салған. Д. Фабрициус
тауықгың балапаны жұмыртқаның белоктық жіпшесінен (халазадан) дамып
жетеді — деп санаған.
В. Гарвей 1651 жылы шыққан "Жануарлардың пайда болуы" деген
еңбегінде "Omne vivum ex ovo", яғни "Барлық тіршілік тек жұмыртқадан" —
деген өз тұжырымын жариялағаннан соң, ұрықгын даму құпиясына ғылыми
көзқарастар өзгере бастады. 1670 жылы голландтық оқымысты Рене де Грааф
жэне Я. Сваммердам жұмыртқалықгы микроскоппен зерттеп, шар тəрізді
көпіршікті (грааф көпіршігі) көріп, аналықжыныс (жұмыртқа) жасушасы —
деп ұйғарған. Бірақ, шын мəнінде жұмыртқа жасушасы грааф көпіршігінің
ішінде дамып жетілеұлпадігін 1827 жылы орыс ғалымы К. М. Бэр микроскоп
арқылы зерттеп ашты. Ал 1677 жылы голландтық оқымысты Антони ван
Левенгук жэне студент-медик Гам шəуетті микроскоппен зерттеп, аталық
жыныс
жасушаларын
көріп,
оларды
"шəует
жануарлары"
немесе
"сперматозоидтар" — деп атады.
Эпигенез теориясын жақтайтын ғалымдар (XVIII ғ.) "ұрық ұрықтанған
жұмыртқаның бейқұрылымдық затынан, жаңа түзілістер нəтижесінде
дамиды" — деп, олар өздерінің эпигенездік, яғни жаңатүзілістік көзқарасын
еңбектерімен дəлелдеді. 1759 жылы Ресей ғалымы К.Ф.Вольф, өзінің "Даму
теориясы" атты диссертациясында, жұмыртқадағы тауық балапанының
дамуын зерттеу нəтижесінде алынған ғылыми мағлұматтарына сүйене
отырып, преформистгердің ұрықтың эмбриондық дамуы туралы қате
көзқарастарын əшкерелеп жазды. Эпигенездік көзқарастағы X. Г. Пандер, К.
М. Бэр, А.О.Ковалевский, И. И. Мечников сынды оқымыстылар казіргі
ғылыми эмбриологияның негізін қалады.
Достарыңызбен бөлісу: