43
Ss
эс
С, 3
Tt
тэ
т
Uu
У
У
Vv
вэ
в
Xx
икс
КС, КЗ
Y у
ипсилон
и
Z z
зета
з, кейде ц
Латын əріптерінің емлесі
Латын əліпбиіндегі дауыссыз дыбыстарға: b, с, d, f, g, h, k, 1, m, n, p, q,
r, s, t, v, x, z əріптері, ал дауысты дыбыстарға: а, е, і, о, u, у əріптері жатады.
Терминдерде қатарынан жазылатын дауысты дыбыстар тіркесін
дифтонгтар (грек, diphthongos — қос дауысты) — деп атайды. Оларға латын
терминдеріңде кездесеұлпа: ае, ое, аи, ей дифтонгтары жатады.
Дауысты дыбыстардың оқылуы
А а — "а" болып оқылады. Мысалы, caput (калут) - бас.
О о — "о" болып оқылады. Мысалы, opticus (оптикус) — көру.
U u - "у" болып оқылады. Мысалы, nerus (нэрвус)- жүйке, genu (гэну) —
тобық.
Е е — "э" болып оқылады. Мысалы, vertebra (вэртэбра) — омыртқа.
I i — "и" болып оқылады. Мысалы, digitus (дигитус) — саусақ, бақай.
Ал J j əрпі сөздің басында дауысты дыбыс алдында немесе сөз ортасында екі
дауысты дыбыстар арасында жазылса, онда ол "й" болып оқылады. Мысалы,
jodum (йодум) — йод, major (майор) — үлкен.
Ү у — "и" болып оқылады. Бұл əріп негізінен көне грек тілінен енген
терминдерде кездеседі. Мысалы, pharynx (фаринкс) - жұтқыншақ, larynx
(ляринкс) — көмекей, көмей.
Дифтонгтардың оқылуы
ае — дифтонгі "э" болып оқылады. Мысалы, vertebrae (вэртэбрэ) —
омыртқалар (көпше түрі).
ое — дифтонгі "ё", кейде "э" болып оқылады. Мысалы, foetus (фетус) —
іштөлі.
ае жəне
ое — тіркестері дифтонгтар құрамайтын болса, онда тіркестегі
əріптер жеке дыбыстар реұлпаде оқылады. Бұндай жағдайда бір əріптің
төбесіне екі нүкте қойылады. Мысалы, аёг (аэр) — ауа.
аи — "ау" болып, "у" қысқа оқылады. Мысалы, auris (аурис) — құлақ.
еu — "эу" болып, "у" қысқа оқылады. Мысалы, pleura (плэура) —
ішперде.
Дауыссыз дыбыстардың оқылуы