гидрофобты (грек, hydor — су; phobos — коркыныш, корку) полюс, aл су
жəне белоктармен əрекеттесіп, байланысқа түсеұлпа полюсін гидрофилді
(грек, hydor - су; philia - жаксы көру) полюс - дел атайды.
Липидтердің атқаратын қызметтері: 1. пластикалық қызмет, жасуша
құрылысындагы барлық биологиялық жарғақтардыц қүрамына кіреді; 2.
энергия қоры, тотығу реакциясы кезінде липидтен энергия көп мөлшерде
бөлінеді; 3. биологиялық белсенді заттар қүрамына кіреді, стероидты
гормондарды түзуге қатысады.
Көмірсулар да липидтер сияқты көміртектен, оттектен жəне сутегтен
тұратын күрделі органикалық қосылыстар. Олар протоплазма массасының 1-
1,5% -ын құрайды. Көмірсулардың орташа молекулалық массасы 200-ге тең.
Көмірсулардың мономерлеріне глюкоза жəне фруктоза моносахаридтері
(грек, monos — бір; sakchar — қант) жатады. Екі мономер қалдықтарынан
құралған көмірсуларды дисахаридтер (грек, dys, лат. dis — екі; sakchar —
қант) — деп атайды. Бұларға жануарлар мен өсімдіктер организмдерінде
болатын: сахароза, лактоза, мальтоза, трегалоза жатады. Ал көптеген моно-
49
сахаридтерден құралған көмірсуларды полисахаридтер (грек, polis — көп;
sakchar
—
қант)
—
деп
атайды.
Оларға:
гликоген,
крахмал,
мукополисахаридтер,
целлюлоза
(жасұнық,
клетчатка)
жатады.
Моносахаридтер мен дисахаридтер суда ериді, ал полисахаридтер суда
ерімейді.
Көмірсулардың қызметтері: І. пластикалық қызмет: а) көмірсулар
белоктар
жəне
липидтермен
бірге
қосылып,
жасуша
жарғақтары
құрылымдарының; ə) нуклеин қышқылдарының; б) дəнекер ұлпалары
жасушааралық заттарының құрамына кіреді; 2. белсенді биологиялық
заттарды құрауға қатысады, гепариннің құрамына кіреді; 3. энергия қоры,
тотығу реакциясы кезінде көмірсудан энергия бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |