Морфология



Pdf көрінісі
бет63/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Жасуша  теориясы.  Жасушалардың  қүрылысы,  дамуы,  тіршілігі, 

маңызы  туралы  150  жылдан  астам  мерзім  ішінде  жинақталған  мол  ғылыми 

мəліметтер  Т.Шванн  ашқан  жасуша  теориясын  толықтырып,  оның  негізгі 

қағидаларын төмендегідей етіп баяндауға мүмкіндік береді: 

І.Жасуша  —  тірі  материяның  ең  ұсақ  құрылымдық  бірлігі.  Барлық 

организмдер  жасушалары,  олардың  өзіндік  ерекшеліктеріне  қарамастан, 

құрылысы жағынан бір-біріне ұқсас жəне олар бөліну арқылы көбейеді. 

2.  Жасуша  —  тірі  материяның  негізгі  құрылымдық  түрі.  Бірақ,  тірі 

табиғатта  жасушадан  басқа  да  тірі  материяның  кұрылымдык  түрлері 

кездеседі.  Оларға:  жасушаға  дейінгі  құрылымдық  түрлер  (бактериофагтер, 

вирустар, 

бактериялар), 

көпжасушалы 

организмдердегі 

жасушалар 

туындылары  —  бейжасушалық  қүрылымдар  (симпласттар,  синцитийлер) 

жəне жасушалар өнімдері — жасушааралық заттар жатады. 

3.Жасуша  —  органикалық  табиғаттың  белгілі  даму  сатысында,  оның 

қарапайым  түрлерінен  (органикалық  заттар  молекулаларынан)  пайда  болып, 

ұзақ  тарихи  даму  (филогенез)  нəтижесінде  күрделі  кұрылысты  құрылымға 

айналды. 

4.  Даму,  жетілу,  белгілі  ортаға  бейімделу  кезеңдерінде  көпжасушалы 

организмнің  жасушаларында  түрлі  өзгерістер  пайда  болып,  олар  жаңа 

тіршілік  қасиеттеріне  ие  болады  жəне  күрделі  сапалық  деңгейге  көтеріледі. 

Аталған працестер, жасушалардың жеке даму тарихымен (онтогенез) тікелей 

байланыста  іс  жүзіне  асады.  Жасуша  онтогенезі  организм  онтогенезіне 

байланысты жəне оған бағынады. 

5.Жасуша 

— 

көпжасушалы 



организмнің 

құрылымдық 

бөлігі 

болғандықтан, оның дамуы, пішіні, қызметі организмге тікелей байланысты. 




51 

 

Организмнің  тіршілік  жағдайын  жəне  мүшелерінің  атқаратын  қызметтерін 



оны 

құрайтын 

барлық 

жасушалардың 

тіршілік 

жағдайлары 

мен 

қызметтерінің  жиынтығы  деп  қарастыруға  болмайды.  Организмнің  тіршілік 



жағдайы  мен  мүшелерінің  атқаратын  қызметтері  организм  жасушаларының 

өзара əсері нəтижесінде пайда болған жаңа құбылыс. 

6.Тірі  табиғаттағы жасушалық  құрылыстың  пайда болуы, көпжасушалы 

өсімдіктер  мен  жануарлар  организмдерінің  эволюциялық  дамуына  əсерін 

тигізді. Ал организмнің жасушаларға бөлінуі, жасушалар жарғақгары беттері 

ауданының  ұлғаюына,  организмдегі  зат  алмасу  процесі  мен  оның  тіршілік 

жағдайының күшеюіне, жасушалардың жетіліп мамандануы мен организмнің 

тіршілік  ортасына  бейімделуіне  зор  ықпал  етті.  Органикалық  дүние 

эволюциясының  дамуы,  өсімдіктер  мен  жануарлардың  өсуі  жəне  олардың 

жаңа  тіршілік  орталарын  меңгеруі,  организмнің  жасушалық  құрылысымен 

тікелей  байланысты.  Жасушалық  құрылыстың  арқасында  организмдегі 

қызмеұлпа  тоқтатып  ескірген,  жасушалар  жас  жасушалармен  тұрақты  түрде 

айырбасталып түрады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет