Жасушаның құрылысы
Жасуша протоплазмасы биологиялық жарғақтармен (мембраналармен)
шектелген
биополимерлердің
тəртіптелген
құрылымдық
жүйелері
цитоплазма жəне ядродан тұрады. Жасуша құрылысындағы ең көп тараған
құрылым — биологиялық жарғактар. Олар жасуша мен оның қоршаған
орта арасындағы зат жəне энергия алмасу процестеріне белсенді қатысып,
протоплазманың құрам тұрақ тылығы мен кебеюін камтамасыз етеді.
Биологиялық
жарғақтардың
кұрам
ында
протоплазмадағы
жасуша
органеллалары мен гиалоплазма жəне плазмолемма мен оны қоршаған
сыртқы орта аралықтарында үздіксіз жүреұлпа химиялық реакцияларды
жүргізуге белсенді қатысып, оларды реттеп отыратын ферменттер (энзимдер)
болады.
Құрылысының
əр
түрлілігіне
қарамастан,
биологиялық
жарғақтардың орташа қалыңдығы 6-10 нм-ге тең. Биологиялық жарғақтарды
қослипндті белокты қабаттар құрайды. Олардың химиялық қүрамының 40% -
ын липидтер (майлар), 60% -ын белоктар құрай-ды. Липидтердің құрамына
фосфолипидтер, сфингомиелиндер жəне холестерин кіреді. Белоктық қабат
қүрамына үш түрлі: шеткі, интегралды жəне жартылай интегралды белоктар
енеді. Шеткі белоктар жарғақгың сыртқы беұлпаде, ал қалған белоктар
қослипидті қабаттардың ішінде орналасады. Кейбір жарғақтар құрамында
1%-ға дейін комірсулар (гиалурон, сиал қышқщлдар т.б.) кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |