Тоскауыл қызметі. Плазмолемма қалыпты жағдайда жасушаға зат
алмасуға керекті заттарды өткізіп, зиянды улы заттарды өткізбейді.
Қимыл қызметі. Жануарлар организмінде кейбір жасушалар, мысалы,
лейкоциттер қаннан үлпаларға жылжып өтеді. Бүлардың қозғалуын жасуша
қаңқасының қызмеұлпа атқаратын жарғақасты қабаттағы микроқұрылымдық
кешен іс жүзіне асырады.
Жасушааралық байланыс қызметі. Жасушалар бір-бірімен өзара
плазмолемма арқылы байланысып, организмдегі əр түрлі гистологиялық
құрылымдар түзеді. Жасушалардың денедегі орналасу орны мен атқаратын
қызмеұлпае сəйкес жасушааралық байланыстың бірнеше түрлері кездеседі.
Олар: қарапайым жанасу, саңылаулы жанасу, тығыз жанасу, саусақша жанасу
(құлып), синапстық байланыс.
Достарыңызбен бөлісу: |