Морфология


V тарay. ЖАЛПЫ ЭМБРИОЛОГИЯ



Pdf көрінісі
бет89/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

V тарay. ЖАЛПЫ ЭМБРИОЛОГИЯ 

 

Эмбриология  —  ұрықтың  пайда  болуы  мен  оның  құрсақтағы  немесе 

жұмыртқадағы  жеке  даму  зандылықтарын  зерттейұлпа  ілім.  Ол  соңгы  кезде 

қол  жеткен  жаңа  зертгеу  əдістерін  кеңінен  қолданып,  жедел  дамып  келе 

жатқан  биология  ғылымдарының,  оның  ішінде  морфологияның  саласы. 

Эмбриологияның  ғылыми  жетістіктері  мал,  құс,  балық  шаруашылықтарын 

жедел  өркендету  мен  асылдандыру  мəселелерінде  (қолдан  ұрықтандыру, 

эмбриондарды  ауыстырыл  салу  —  трансплантация,  жұмыртқа  жасушалары 

мен  эмбриондардағы  гендік  инженерия),  ветеринариядағы  көбею  мүшелері 

ауруларының (бедеудік, буаздық патологиялары т.б.) аддын алу мен емдеуде 

үлкен қолданыс табуда. 

Ұрықтың  пайда  болғаннан  бастап,  туғанға  немесе  жұмыртқадан  жарыл 

шыққанға  дейінгі  даму  кезеңін  эмбриоңдық  кезең  немесе  эмбриогенез  — 

деп атайды. Бұл кезеңде жануарлар ұрығы біржасушалы ұрық, — зиготадан 

көпжасушалы, құрылысы тым күрделі,  дене бітші ересек жануарларға ұқсас 

организмге дейін дамиды. Эмбриогенез бірнеше сатыдан тұрады: І.ұрықтану 

—  біржасушалы  ұрықтың  (зиготаның)  пайда  болуы;  2.бөлшектену  — 

біржасушалы ұрықтан көпжасушалы бластуланың түзілуі; З.гаструляция — 

ұрық  жапырақшаларының  пайда  болуы,  жетілуі  жəне  бір-бірінен  ажырауы; 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет