Ерікті қозғалыстарда орындау дегеніміз - еріктің ең қарапайым түрде
сыртқа шығуы. Жас баланың еркінің дамуы осындай қозғалыстар жасауға
үйрене бастаудан, ӛзінің денесін басқара алуынан байқалады. Қозғалыстарды
тежей алу, тек алда тұрған мақсатқа ғана сәйке қозғалыс жасау-бірінші және
екінші сигнал жүйелерінің ӛзара әрекеттестігінің нәтижесі
Еріктің мағынасы кең. Мұның бірінші жалпы мағынасы адамның
психологиялық ӛмірінің саналы түрде бір мақсатқа бағытталуын білдіреді.
Сӛйтіп, адамның дәл мағынасындағы ерікті амалы, бірішіден, әрбір
адамның ӛзін-ӛзі билей алуынан, яғни мінез-құлқын меңгере алуынан кӛрінсе;
екіншіден, оның түрлі ішкі және сыртқы кедергілерді жеңе отырып, алдына
қойған мақсатын орындап, істі мұқият тындыруынан кӛрінеді.
И.М.Сеченов: «Ерік қимыл-қозғалысқа ғана басшылық ететін ӛзіндік
ерекшелігі жоқ агент емес, ақы мен моральдық сезімнің белсенді жағы, соның
біріншісі немесе екіншісі үшін ол кӛбіне қимыл-қозғалысты адамның ӛзін-ӛзі
сақтау сезіміне қарсы келе отырып басқарады»-, деп жазды. Ертеден-ақ ерік
табиғаты женінде бір-біріне қарама-қарсы екі кӛзқарас - материалистік және
идеалистік кӛзқарастар қалыптасты.
Идеалистер ерікті ми қызметімен де, қоршаған ортамен де байланысы
жоқ рухани күш деп санайды. Олар ерікті біздін санамыздың нұсқаушылық,
қызмет атқаратын жоғары агенті деп санайды. Ерік ешкімге және ешнәрсеге де
бағынбайды. Ол еркін. Олардың пікірінше, адам кез келген жағдайда ешкіммен
есептеспей-ақ ӛзінің ойына келгенін істей алады. Ол еркін әрекет етеді.
Баскаша айтқанда, адам не тілесе соны істейді, қалауына қарай қылық жасайды.
Бәрі оның ерікті еркіне байланысты.
Ерік еркіндігінің идеалистік концепциясы философиялық және этикалық
кӛзқарас турғысынан да жалған. Идеалистердің ойынша рух бостандығы әрекет
бостандығына әкеледі. Бірақ қоғам мүшелерінің мүдделерімен санаспайтын
жеке адам мінез-құлқы мораль және заң нормаларын менсінбеу, кейде оны бұзу
болып табылады.
Материалистік ұғым бойынша ерікті материядан-мидан бӛліп алу мүмкін
емес. Ерік адамның танымдық және практикалық әрекетінде кӛрініп, соларды
жүзеге асырудан тұрады.
Адамның ерікті әрекетін жүзеге асу үшін мынадай шарттар қажет:
1) алға тұтқан мақсатты орындау;
2) жолда ұшырайтын кедергі, бӛгеттерді жеңуі;
3)мақсатқа жету жол жолында қайраткерлік, ерлік, табандылық кӛрсету,
қиыншылықтан жол табу, тәсілқой болу т. б.
4) Қиындықтарға қарсы тұрып, үрейленбеу, қорықпау т. б.
Осы шарттарды орындалған уақытта ғана адамды ерік-жігері жеткілікті,
қажыр-қайрат бар кісі деп айтуға болады
Достарыңызбен бөлісу: