4 дәріс: Психологиядағы қалыптасқан ғылыми бағыт-бағдарлар
Жоспар:
1. Психологиядағы бихевиоризм бағыты
2. Гештальтпсихология
3. Фрейдизм бағыты
4. Генетикалық психология
5. Когнитивтік және гуманистік психология
1. Психологиядағы бихевиоризм бағыты.
ХХ ғасырдың басынан психология ғылымы екі жолмен дами бастады:
1) механистік материализм; 2) субъективтік идеализм. Америкада
механистік материализммен байланысты бихевиористік яғни қылық
психологиясы дамыды. Психологияның бұл ағымына негіз салған белгілі
Америка психологтары Торндаик, Уотсон, т.б. субъективтік психологияға
қарсы шығып объективтік психологияны дамытты. Олар жаратылыстану
ғылымдары заттарды, болмыстарды қалай зерттесе психология ғылымы да,
адамдардың қылығын сондай объективті түрде зерттеу керегін айтты.
Психология ғылымын табиғи ғылым деп біліп, олар адамның қылығын,
сана әрекеттерінен бӛліп қарады. Қылық психологиясы адамдардың «қылығын
басқаруды» ойлады. Олардың ойынша: адамның қылығы бүтіндей сыртқы
дүниедегі стимулдердің әсерінен пайда болды; адам әсер етуші заттардың құлы,
сыртқы әсерлер қандай болса, адамның қылығы да сондай болады. Адам
машина. Егер машинаны біреу жүргізсе ғана, ол әрекет етеді, ал ӛздігінен ешбір
әрекет ете алмайды, міне адамды да сондай деп білді. Адамның санасы бар
екенін, ол саналы түрде әрекет ететінін, сананың жалғыз ғана әсер етуші
заттардың қорытындысы емес екендігін, адамның санасының белсенді болып,
айналасындағы дүниені ӛзгерте алатындығын, оны меңгеріп ӛзіне бағындырып,
билей алатын қылық психологиясы ескермейді. Адамның әрекеттерін зерттеуге
оның қылығын санадан ажыратып алып, қылықты санасыз деп білу – сананы
психологиялық зерттеуден шығарып тастаумен бірге адамның әрекеттерін
механистік түрде түсіну болып табылады. Қылық психологиясы эмпирикалық
психологиясының сананы қате түсінуіне дұрыс қарсы тұрумен бірге, психиканы
типтен алып шығарып тастауы, адамның қылығын санасыз, белсенсіз қылық
деп білуі орасан қателік болды.
Бихевиоризмнің пайда болуына американ зерттеушісі Э. Торндайктің
енбектері елеулі ыкпал етті. Оның ӛзі бихевиорист болмағанымен, ол ашқан бір
қатар мінез-кұлық принциптері кейіннен бихевиоризмнің ӛзгермес заңына
айналды. Торндайктің негізгі тәжірибелері «проблемалық жәшік» деп аталатын
орындарда ұсталған жануарларға жүргізілді. Жануарлардың одан шығып,
азықтануы үшін белгілі бір тақтайшаны басулары тиіс болды. Торндайк
«Проблемалық жәшіктердегі» жануарлардың мінез-кұлқын байқай отырып,
жануарлар байқап кӛру - қателесу әдісі бойынша әрекет ету арқылы табысқа
кездейсоқ жететіндігі туралы корытындыға келді. Үйрету, яғни бейімделу
реакциясына дағдыландыру бірнеше рет қайталау (жаттығу заңы) арқылы ӛтеді.
Егер реакциядан кейінгі жағдай организм үшін тиімді болса, ол біржола бекіп,
стимул мен реакция арасында нактылы байланыс (эффект заңы) орнығады.
Жаттығу және эффект заңдары кейіннен дамытылды әрі толықтырылды.
Американдық психолог Дж.Уотсонның 1913 жылы психологияны, мінез-
құлық туралы ғылым түрінде кӛрсетті. Бихевиористер мақсаты - психологияны
«мінез-құлықты басқаратын және оны болжайтын» ғылым саласына айналдыру.
Дж.Уотсон адам мінез-құлқында туа біткен ештеңе жоқ және оның кез келген
кӛрінісі - сырттан ынталандырудың ӛнімі деп айтты. Ол мінез-құлық ұғымына
бір жақты ғана мағына берді. Ол ағзаның ортаға қатынасын «ынта-реакция»
формуласымен анықтады. Осылайша бихевиористер психологиялық ғылымды
«жансыз психологияға» айналдырды.
Дж. Уотсонның 1925 жылы шыққан «Бихевиоризм» кітабының мағынасы
мынандай еді: сыртқы тіртіркендіргіштерге әсер ете отырып, кез келген
қалыптағы кез келген мінез-құлқы бар адамды «жасап шығуға» болады.
Адамның ӛзіндік және туа біткен сенімдері ғана емес, оның қатынастары
мен кӛзқарастары да теріске шығарылды. Бихевиоризмнің бұл бағдарламасы
адамның ешқандай ерекшеліктерін ескермегендіктен антигуманды болды.
Алайда, 30-шы жылдары Америкада кезекті экономикалық дағдарыс
басталып,
бихевиоризм
идеялары
шайқала
бастады,
жұмыссыздық,
қайыршылық пайда болды. Атақты американдық психолог Роберт Вудвортс
мотивация туралы ілімді жасай отырып, бихевиоризм ұсынған «ынта-реакция»
схемасын ығыстырып, оған аралық бӛлімді - ағза және оның бағыттарын
енгізді.
Осылайша
«қатаң»
бихевиоризм
шайқалып,
мінез-құлық
психологиясын қайта құру басталды. Оны Эдвард Толмен және Кларк Халл
басқарды, ал жаңа бағыт «необихевиоризм» деген атауға ие болды. Олар
психологиядан дәстүрлі ұғымдарды - бейне, мотив және т.б. шығарып тастауға
болмайды деп санап, олар реакция мен ынтаны ң арасында болады деп
болжады. Осы мақсатпен олар «уақытша-айнымалылар» ұғымын енгізді. Бұл
ұғым ретінде, тікелей ынталандырулар мен жауапты мінез-құлық арасында
болатын, танымдық және себептік факторлар жиынтығы түсінілді. Бірақ мұның
бәрі адамның үйренуінің психологиялық механизмдерін түсіндіре алмады.
Достарыңызбен бөлісу: |