Спорт психологиясы - спортшыларды баулу мен тәрбиелеудің негіздерін
зерттеп, олардың іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін қарастырады.
Спорт жетекшілері мен бағынушылардың ӛзара қарым-қатынасын, оларды
даярлаудың
жағдайын,
құрал-жабдықтармен
қамтамасыз
етілуін,
психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-
қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, ӛткізу мәселелерінің
факторларын, спорттық жарыстарда жеңіске жету үшін қажетті рухани және
моральдық қасиеттердің қалыптасу заңдылықтарын ашады. Әрбір ел мен
халықтың спорт ӛнеріндегі ерекшеліктерін де ескере отырып, оларды
жаттықтыру міндеттері анықталады.
Даму психологиясы - әр адамның жасына байланысты психикалық даму
заңдылықтарын, әр түрлі психикалық процестердің (естің, ойлаудың, қиялдың,
сезімнің) ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін зерттеп
талдайды. Даму психологиясында балалар психологиясы, жеткіншектер
психологиясы, жасӛспірім психологиясы, ересек адам психологиясы және
қарттық психология салалары бар.
Ғарыш психологиясы – психологияның ең жас және жаңа саласы, ол
адамдардың ғарышқа ұшуына байланысты пайда болды. Ол ғарышкерлаедің
еріктік және моральдық даярлығы мәселелері білім беру мен жаттықтыру
тәсілдерін зерттеумен шұғылданады.
Ӛнер психологиясы – қызметтің ӛнер туындыларын жасауға бағытталған
психологиялық компоненттерін қарастырады.Ӛнер психологиясының маңызды
міндеті - эстетикалық тәрбиемен музыкалық кӛркемдік және әдебиетке
қабілеттердің дамуына байланысты мәселелерді зерттейді.
Әлеуметтік психология- әр түрлі әлеуметтік қауымдардың топтардың
ұжымдардың психикалық кӛріністерін (олардың кӛңіл – күйін, қоғамдық
пікірін, еліктеуін т.б.) топтар мен ұжымдағы адамдардың арасындағы ӛзара
қарым-қатынас мәселелерімен айналысады. Мұнда әр бір этностардың қарым-
қатынасын, дін психологиясының ӛзекті мәселелерін де зерттейді.
Әр түрлі топтық типтер болып саналатын ассоциациялар,
корпорациялар, ұжымдар, ресми және биресми топтар арасындағы қатынастар,
олардың бірігуінің себептері мен мақсат-мүдделерінің психологиялық жақтары
қарастырылады.
Басқару психологиясы – басқару ісінің әлеуметтік-психологиялық
мәселелерін шешу, басқарушы қызметтің және оған қойылатын талап-
тілектерін ескеру, басшының тұлғалық сапасы мен басқару стильдерін дұрыс
қолдана білу мәселелерін шешеуге бағытталады.
Сонымен, психология ғылымының ӛмірде араласпай отырған саласы жоқ
деуге болады. Адам жайындағы сан алуан гуманитарлық ғылымдардың ішінде
психологияның жетекші орын алатындығы осыдан-ақ жақсы байқалады. Адам
бар жерде жан бар, ал жанды зерттейтін психология ғылымы. Бір сӛзбен
айтқанда, психология еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қажетті.
Достарыңызбен бөлісу: