3)Эмоция мен сезімдердің
ынталандырушы қызметі. Адамның ӛз
бойындағы табиғи күштерді жинақтап, қандай болмасын әрекетті орындауға,
кедергілерді жеңуге бағытталатын рухани батылдықты туғызады.
4)Эмоцияның
сигналдық қызметі. Адамның не жануардың басқа бір жанды
нысанға ықпал, әсер етуімен байланысты. Мысалы: адамдардың сӛйлеуі,
айқайлауы, түртуі, басын изеуі, кӛзін қысуы. Мимика және пантомимика, дене
бұлшық еттерінің қимылы, иығын керуі, қолын сермеуі т.б.
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше
сапалық ерекшеліктері бар ол:
Қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп аталады. Мысалы: сүйсіну–сүйсінбеу,
кӛңілдену-қожу, шаттық-уайым, осы сапалар екі полюске ажыраған, Біріне-бірі
қарама-қарсы мағынада қолданылады.
Екінші ерекшелігі олар
актив (қажырлы) және
пассив (солғын) болып
бӛлінеді.Адамға күш беріп әрекетке ұмтылдыратын кӛтерінкі сезімдер мен
эмоцияларды
стеникалық (қозуы күшті деген сӛз), ал бұлардың баяу солғын
түрлерін
астеникалық деп айтты (қозуы әлсіз). Біріншісіне жауапкершілік,
жолдастық, достық т.б. екіншісіне уайым, енжарлық, кӛнілсіздік т.б. сезімдер
жатады.
Эмоциялардың үшінші бір ерекшелігі
жігерлену және
кернеуден босану
немесе шешіну. Мысалы: студенттің емтиханнан ӛтуі, спортпен айналысатын
адамның мәреге жетуі, шешілу кезеңдері болып табылады. Мәреге тақағанда
адам барлық күш жігерін жұмсайды. Осы кез ӛткен соң басқа бір күйге түседі.
Мұны кернеуден босану (шешіну сезімі) дейді.
Достарыңызбен бөлісу: