73
Қорыта келе айтарымыз: Ұлттық тіл мәтіндерінің компьютерлік корпусын құру жобасы
бір ғана ғылыми ұйымның шешетін мәселесі емес және ол зерттеу жұмысы 3-5 жылда
аяқтала қояды деуге де болмайды. Себебі бұл аса күрделі және оның нәтижелері әлемдік
дәрежедегі аса маңызды ғылыми жұмыс болып саналады. Зерттеу жұмысының мақсатына
сай орындалатын міндеттері де сала-салаға, кезең-кезеңге бөлініп, тек қана ғалымдар
қауымдастығын құру арқылы ғана ауқымды нәтижеге ие боларымыз сөзсіз. Мемлекеттік
тілдің өз деңгейінде қызмет етуін шындап мақсат етсек, тілімізді компьютердіру ісімен
айналысатын жеке институт құрсақ та артықтық етпес еді.
Бір сөзбен айтқанда, қазақ тілінің тілдік корпустарын жасау – көп болып жұмылып
атқаратын ұлттық құндылығымыз. Сондықтан Қазақстанның әр жерінде бір-бірінен дербес
атқарылып жатқан корпус жасау ісін орталықтандыру керек немесе БҒМ Б. Жұмағұловтың
сөзімен айтсақ, «Филологтар қауымдастығын құру» аса қажет демекпіз. Бұл ретте:
- оған Қазақстанның әр жерінде ғылыми-педагогикалық қызмет атқарып жүрген
ғалымдардан арнайы
лингвистикалық топ құру керек. Өйткені тілдік бірліктерді модельдеу
– өте күрделі мәселе. Сондай-ақ тілдік корпустар құрастырудың өзі ең алдымен
лингвистикалық белгіленім талдамасын жасауға тіреледі;
- осы кезге дейін жасалып жатқан корпус жасау тәжірибесіндегі
нәтижелерді бір
орталыққа жинақтау керек;
- кітап, газет-журнал шығаратын
баспалармен шартқа отырып, олардан мәтіндердің
электронды нұсқаларын алу қажет.
Сонымен қазақ тілінің Ұлттық корпусын жасау үшін А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл
білімі институтында арнайы орталық құрудың қажеттігі мен оның алғышарттарын атап
көрсеттік. Ал мұндай ауқымды іске мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе, біртұтас қазақ
тілінің Ұлттық корпусын құрастыру ісі алға басатыны сөзсіз. Мұндай Ұлттық құндылықты
жасап шығару бүгінгі қазақ тіл білімінің ғана емес, қоғамның болашаққа қояр талаптарының
бірі деп білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: