2
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2013 жылғы 19 тамыздағы № 4 хаттама).
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру (бастауыш
сыныптар). Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2013. – 66 б.
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» (бастауыш
сыныптар)
атты
әдістемелік
құралда
бастауыш
сынып оқушыларының
функционалдық
сауаттылығын
қалыптастырудың
психологиялық-
педагогикалық және әдістемелік негіздері қамтылған.
Әдістемелік құрал мектеп басшыларына, әдіскерлерге, мұғалімдерге, жалпы
білім беру саласының мамандарына арналған.
© Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2013
3
Кіріспе
Бастауыш
мектеп
оқушыларының
функционалдық
сауаттылығын
қалыптастыру
үшін оның теориялық-әдіснамалық негіздері анықталуы
керектігі белгілі. Ол теориялық-әдіснамалық негіздер алға қойылып отырған
келелі мәселенің бастау көздерін танытады.
Бастауыш
мектеп
оқушыларының
функционалдық
сауаттылығын
қалыптастыруда мынадай мәселелердің басы ашық болуы тиіс:
- бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын жүйе
ретінде танысақ, онда ол жүйенің құраушы бөлшектерін анықтау керек;
- бастауыш мектепте оқылатын әрбір жеке пән бойынша еліміздегі және
осы бағытта қарастырылған шетелдік тәжірибені талдап-тану керек;
-
бастауыш мектеп оқушыларының
функционалдық
сауаттылығы
қалыптасуының межелерін, белгілері мен шарттарын айқын анықтап алу керек.
Негізінде, берілген мәселе бойынша осы кезге дейін жарық көрген
әдебиеттерді талдау барысында, көп ретте, «функционалдық сауаттылық»,
«функционалдық
сауатты тұлға», «негізгі
құзыреттер», «жалпыбілімдік
біліктер» сияқты ұғымдардың көбірек талдауға түсірілетіні байқалады.
Негізінде, «функционалдық сауаттылық» термині өзінің 1957 жылы
ЮНЕСКО енізген уақытынан бастап «сауаттылық»
және «минималды
сауаттылық» ұғымдарымен қатар қолданысқа түсіп келеді.
Осылардың әрқайсысына жеке-жеке түсініктеме беріп тоқталып кету жөн
болмақ.
1)
Сауаттылық дегеніміз – оқу, жазу, санау және құжаттармен жұмыс
жасай алу дағдылары.
2)
Минималды сауаттылық дегеніміз – қарапайым хабарламаларды
оқу және жазу дағдылары.
3)
Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адам өзінің оқу және жазу
дағдыларын әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасауда қолдана білу қабілеті,
яғни адамға өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынасқа түсуге
мүмкіндік беретін және сол ортаға барынша тез әрі жайлылықпен бейімделуіне
жағдай туғыза алатын сауаттылық деңгейі. Бұл деңгейде адам мәтіндерден
өзіне қажетті ақпаратты, мәлім іріктеп алуы үшін және сондай ақпаратты
басқаларға жеткізе алуы үшін қажетті болатын қабілеттер қалыптасады.
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай
оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған
білімінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде
«функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың
өзектілігін арттырып отыр.
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа
түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-
қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық
сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп
саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін
білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек
4
білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе
жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай
сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке
адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.
«Функционалдық
сауаттылық»
ұғымына
қатысты
мектеп
оқушыларының
функционалдық
сауаттылығын
дамыту
жөніндегі
2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын (ҚР Үкіметінің
2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы), Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасын, пәндік сауаттылық, функционалды сауаттылық, оқытудың
түпкі нәтижесі ретінде оқушылардың игерген құзіреттіліктеріне байланысты
ғалымдар, В.В. Давыдов, А.А. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.А. Болотов,
О.Е.Лебедев, И.А. Зимняя, А.К. Маркова, С.Г. Молчанов, Г.К. Селевко,
В.В. Сериков, В.А. Сластенин, А.В. Хуторской, М.Ж.Жадрина, С.Д.Мұқанова,
И.И.Бим,
Ф.Ш.Оразбаева,
Е.И.Пассов,
В.Л.Ляховицкий,
Н.Сауранбаев,
С.Кеңесбаев, С.Жиенбаев, Т.Ахметов, Ғ.Бегалиев, А.Айдаров, Ж.Д.Адамбаева,
Б.Б.Құлмағамбетова, К.Ы.Сариева, М.М.Артықова,
жүргізілген зерттеулерді
қарастыра келе, бүгінгі таңда отандық
және шетелдік
ғалымдардың
еңбектерінде «функционалдық сауаттылық» ұғымын қолдануда бірізділік жоқ
екені байқалды.
Білім берудегі сауаттылық мәселесі, біріншіден, нақты бір елдегі
халықтың әлеуметтік жағдайына, екіншіден, мемлекеттің экономикалық
дамуына, үшіншіден, елдегі мәдени ахуалға тәуелді болатындығы айқын.
Бүгінгі өркениеттің даму деңгейі білімділік пен сауаттылық ұғымдарының
мазмұны мен оны түсінудің сара жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр.
Ғылыми еңбектерде сауаттылық ұғымының белгілі бір деңгейде ана тілінің
грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеру екені
байқалады. Әйтсе де адамның өмір сүруіне қажетті деп танылып, меңгеруге
ұсынылған бастауыш мектеп деңгейіндегі белгілі бір білім, білік пен
дағдылардың жиынтығы (оқу, жазу, санау, сурет салу және т.б.) ретіндегі
тілдік сауаттылық қазіргі кездегі әлеуметтік сұраным талаптарымен сәйкес
келе бермейді.
Сауаттылық
тұлғаның
тұрақты
қасиеті
болып
табылатындықтан,
функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден
көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу
кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Бұл орайда білім белгілі бір
сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің
нәтижесі ретінде қарастырылады. Ендеше, мемлекеттік тілді оқытуда білімнің
түпкі нәтижесі деп саналатын құзыреттіліктердің біртұтас бірлігі ретіндегі
функционалдық сауаттылықтың мәнін, рөлін айқындаудың, оны мектеп
тәжірибесіне ендірудің
уақыт талабымен толық
сай келуі де зерттеу
тақырыбының өзектілігін дәлелдей түседі.
Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен
қарым-
қатынасжасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты,
оқушылардың
жеке бас
қабілеттерін дамытудың
тетігі, оқушылардың
5
әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының
өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке
ұласу жолы. Ол
оқушылардың қатысымдық,
ақпараттық,
проблемалардың
шешімін табу
құзыреттіліктерінің бірлігінен құралады.
Оқушылардың
функционалдық
сауаттылық
мазмұны
келесі
құзыреттіліктерден көрінеді:
‒ оқу, жазу сауаттылығынан;
‒ жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан;
‒ математикалық сауаттылығынан;
‒ компьютерлік сауаттылықтан;
‒ денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан;
‒ құқықтық сауаттылығынан.
Сонымен,
педагогикалық-психологиялықжәне
ғылыми-әдістемелік
әдебиеттерді
талдау
негізінде
бұл
ғылыми-зерттеу
жұмысының
тақырыбын«Оқушылардың
функционалдық
сауаттылығын
қалыптастыру»
(бастауыш сыныптар)деп атаумызғатура келді.