Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ


Дарынды балалардың писихологиялық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет11/27
Дата07.01.2022
өлшемі488,8 Kb.
#19494
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Байланысты:
Дарынды бала

Дарынды балалардың писихологиялық ерекшеліктері 

Дарынды балаларға тән оза дамудың мынадай ерекшеліктері бар: 

- қабылдауының ауқымдылығымен ерекшеленетін балалар; 

- есте сақтауы жоғары деңгейдегі балалар; 

- тілі ерте дамыған, бай сөздік қорға ие балалар; 

- зейін қоюы жоғары деңгейдегі балалар; 




11 

 

Дарынды балалардың мінез-құлқында шыншылдық сезімдері жоғары, жақсы 



әзілқой  сезімдерге  ие,  сонымен  қатар  тез  өзгеретін,  шыдамсыз,үнемі  назарда 

болғанды  ұнататын  қасиеттерін  байқатады,  оларға  қорқыныш,  жоғары 

сезімталдық  тән.  Бала  тұлғасы  мен  дарындылығының  дамуына  ықпал  ететін 

табиғи факторлар мен мақсатқа бағытталған тәрбие және оқытудың ролі мен 

үлесін қаншама қарастырсақ та, отбасының маңызы, соның ішінде ата-ананың 

жоғары деңгейде көңіл бөлуі шешуші роль атқарады. 

        Осындай  балалардың  дарындылығын  дамыту  ата-аналардың  өзініңде  

жоғары танымдық қызығушылықтарын тудыруға ықпал етеді. 

Ата-аналардың бала тәрбиесінде әрқашанда тұрмыстық мәселелер аясынан 

тысқары, олардың қарым-қатынасы – ортақ ойындар, компьютердегі бірлескен 

жұмыстар, күрделі міндеттер мен мәселелерді талқылаулар түріндегі бірлескен 

танымдық әрекеттер болуы қажет.  

Жалпы жасы мен ақылының шапшаң қарқынмен дамуы байқалатын жалпы 

танымдық қызығушылығы негізінде ата-аналар мен балалар бірігуі тиіс. 

 Дарынды балалар даралап оқытуды қажет ететін балалар тобының ерекше 

бөлігін  құрайды.  Педагогикалық  үдерістің  субъектісі  бала  болып  табылатын 

ұжымдық оқытуды ұйымдастыру мектепке дейінгі дарынды балаларға арналған 

оқытудың  неғұрлым  тиімді  түрі    болып  табылады.  Қатал  түрде  емес,  еркін 

жүйеде  ұйымдастырылған  әрекеттер  әр  балаға  өз  бетімен  ізденуге  және 

бағытты дербес таңдауда жетістікке жетуге мүмкіндік береді. 

Шығармашылықты, 

кәсіби 


құзіреттілікті 

меңгерген 

педагогтың        

тәрбиелеу  мен  оқытудағы  ролі  ерекше.  Дарындылық    дегеніміз  –  «даралықты 

қажет  етеді»  және  әр  балаға  жеке  қарым-қатынас  жасайтын  дербес  тәсіл  табу 

екенін  есте  сақтау  маңызды.  Қазіргі  кезеңде  балалар  дарындылығы,  оларды 

анықтау  мүмкіндіктері  және  дарынды  балаларға  арналған  ерекше  білім  беру 

бағдарламаларын  құру  мәселелеріне  көптеген  психологтар  мен  педагогтар 

назар аударып отыр.  

Сондықтан,  дарындылықты  диагностикалау  және  дарынды  балалармен 

жұмыс  −  арнайы  жүргізілген  зерттеу  мәліметтеріне  сүйенеді.  Екіншіден, 

баланың неғұрлым қолайлы өмір сүру жағдайын айғақтайтын жақсы үйренген 

балалардан    дарынды  балаларды  ажырату  үнемі  мүмкін  бола  бермейді. 

Қабілеттері  бірдей,  бірақ  жоғары  әлеуметтік  –  экономикалық  мәртебедегі 

отбасы балаларының белгілі бір әрекеттердегі жетістіктері жағдайы жасалмаған 

балаларға  қарағанда  салыстырмалы  түрде  жоғары  болатыны  айтпаса  да 

түсінікті.  Нақты  баланың  дарындылығы  белгілі  бір  шамадағы  шартты 

сипаттама.  Баланың  ең  тамаша  қабілеттерінің  өзі  оның  болашақта  жететін 

табыстарының  тура  және  жеткілікті  көрсеткіштері  бола  алмайды.      Балалық 

шақта  айқындалған  дарындылық  белгілерінің  біртіндеп  дамуы  да  немесе 

шапшаң жоғалуы да мүмкін екендігін естен шығармау қажет. Осы мүмкіндікті 

дарынды балалармен практикалық жұмыс барысында ескерген дұрыс.  

Дарындылық – өзінің сипатына қарай сан қырлы құбылыс.Тәжірибе үшін – 

бұл мүмкіндіктер және сонымен қатар нақты бала дарындылығына тән 

неғұрлым жан-жақты көзқарастардың қажеттілігі болып табылады. 



12 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет