Бухгалтерлік есеп негіздері [Мәтін] : практикум / Б. С. Мырзалиев, Р. С.
Әбдішүкіров. - 2-бас., өңд., толықт. – Алматы : NURPRESS, 2017. - 168 б.
7. Алибекова Б.А. Бухгалтерлік есеп қағидалары Оқулық. — Астана: Сарыарқа,
2018. — 264 б.
УДК 336.148
БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ: СЕБЕПТЕРІ, САЛДАРЛАРЫ ЖӘНЕ
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
Қаржы мамандығының 4 курс студенті РАХМАНБЕРГЕНОВ М.А.
Ғылыми жетекшісі: БУЛАМБАЕВ А.Б.
«Экономика, қызмет көрсету және құқық» кафедрасының э.ғ.м МВА, аға оқытушы
Алматы университеті
Тапшылық-дефицит (латынша deficit - жетімсіздік, жетіспеушілік микроэкономикада
әлдебір ресурстың (оның ішінде тұтыну ресурсының) жетіспеушілігі, тапшылығы;
микроэкономикада шығыстың кірістен асып түсуі, оның ішінде валютаның,
қаржының, тауар мен ақшаның теңдестірілмегендігі; сұранымның ұсынымнан асып түсуі.
Мәселен, бюджет тапшылығы - мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігінің кіріс бөлігінен
асып түсуі; сауда теңгерімінің тапшылыгы -импорттың экспорттан асып түсуі; төлем
теңгерімінің тапшылығы- мемкекет пен оның сыртқы әріптестері арасында ағымдағы есеп
айырысу бойынша да, капитал тауарлар мен ақша қозғалысының барлық нысандарының
жалпы теңдестірілмегендігі.
Бюджет тапшылығының өзінің сапасы әр түрлі болуы мүмкін және оны пайда
болуының саналуан себептеріне қарай сыныптайды.
Елдің бюджет құрылысына қарай республикалық (өңірлік) және жергілікті
бюджеттердің тапшылықтарын ажыратады. Биліктің жергілікті органдары үшін бұл
проблеманың маңызы зор, өйткені орталық үкіметке қарағанда оны шешу үшін олардың
қаржылық ресурстары шектеулі болады.
Бюджет тапшылығының пайда болу себептері заңды түрде төтенше тапшылықты,
дағдарысқа қарсы тапшылықты, дағдарыстан кейінгі тапшы лықты бөліп көрсетуге
мүмкіндік береді.
424
Тапшылықтың бірінші түрінің негізінде төтенше жағдайлар (соғыстар, дүлей апаттар
және т.б.) жатыр, олардан сақтану қиын әрі мүмкін емес. Бұл жағдайда мемлекеттің
кәдуілгі резервтері келтірілген зиянның салдарларын жоюға жетпейді, сондықтан ерекше
көздерге жүгіруге тура келеді.
Дағдарысқа қарсы тапшылық экономика дамуына ірі мемлекеттік жұмсалымдарды
жүзеге асыру қажеттігімен байланысты, ол экономиканы мемлекеттік реттеу үдерістерін,
қоғамдық өндіріс құрылымында прогресті байланыстарды қамтамасыз етуге ұмтылысты
бейнелеп көрсетеді.
Дағдарыстан кейінгі тапшылық экономикадағы дағдарыстық құрылымдарды,
олардың қаржылық жағдайатты күйреуін, қаржы-кредиттік байланыстардың тиімсіздігін,
елдегі қаржылық жағдаятты бақылап ұстап тұруға үкіметтің қабілетсіздігін бейнелеп
көрсетеді.
Бірінші, сондай-ақ екінші жағдайда да бюджет тапшылығын ең алдымен дағдарыс
және экономикадағы оның салдарлары тудырып отыр. Бұдан ынталандырушы және
ынталандырмайтын маңызы бар тапшылықтарды бөліп көрсетуге болады.
Тапшылықтың экономикалық мазмұны мен ықпал ету бағытына қарай активті және
пассивті бюджет тапшылықтары болып бөлінеді. Активті тапшылық қаржылық
параметрлерді (салық салудың, шығыстардың жекелеген түрлерінің мөлшері) мемлекеттік
жедел оңтайландыру нәтижесінде пайда болады. Дж. Кейнс теориясына сәйкес
тапшылықтың бұл түрі ұлттық табыстың өсуіне мүмкіндік туғызады. Пассивті тапшылық
ұлттық табыстың ІЖӨ-нің өсу қарқынының қысқаруы нәтижесінде пайда болады, ал бұл
бюджеттің кіріс базасы негізінің – салықтық түсімдердің құлдырауына жеткізеді.
Экономикалық теорияда құрылымдық және циклдық бюджет тапшылығын
ажыратады. Тап экономиканың жай-күйі құрылымдық және циклдік тапшылықтардың
деңгейін анықтайды.
Тапшылықты қаржыландыру (артық қаржыны қолдану) бірнеше бөлімнен тұрады:
«Займдардың түсуі», «Займдарды жабу», «Бюджет қаржысының қалғаны» және бюджет
жетіспеушілігінің артық ақшаны, займдар, бюджет қаржысының қалғанын қолдану
арқылы негізгі займ бойынша қарыздың жабылуын көрсетеді. Бюджет жетіспеушілігін
қаржыландыру дұрыс бағаға байланысты тағайындалынады. Артық қаржыны ұстау артық
қаржыны қолдану арқылы жүзеге асады: артық ақшаны, займдар, бюджет қаржысының
қалғанын қолдану арқылы негізгі займ бойынша қарызды жабады. Артық қаржыны ұстау
кері бағаға байланысты тағайындалынады.
Бюджеттік тапшылықтарды қаржыландырудың басты жолы мемлекеттік несие.
Мемлекеттік несие қаржы-экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұнда мемлекет заем
немесе кредитор – несие беруші рөлін атқарады. Егер әңгіме бюджеттік тапшылықты
толықтыру жөнінде болса, онда мемлекеттің қызметі бізді заем беруші ретінде
қызықтырады.
Тапшылықты қаржыландыру (профицитті пайдалану) келесі формулада анықталады:
Fd (Fp) = N + O - R, (1)
мұндағы Fd – Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемі. Оң белгідегі бюджет
тапшылығын қаржыландыру тапшылық көлеміне сәйкес. Fp – Бюджет профоцитін
пайдалану көлемі. Теріс белгідегі бюджет профицитінің маңызын қолдану профициттің
көлеміне сәйкес; N – алынған қарыздар сомасы; O –бюджет қаражатын пайдаланудан
қалған сомалар; R –алынған займдар бойынша негізгі қарызды өтеу сомасы.
425
2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет параметрлері Қазақстан
Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында және Мемлекет
басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы».
Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында
берілген тапсырмаларда айқындалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес түзетілген
Қазақстан Республикасының 2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық
дамуының базалық сценарийі негізінде әзірленген.
Қалыптасып отырған сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып, 2014 жылғы
наурыз және қазан айларында елдің 2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-
экономикалық дамуының болжамына нақтылау жүргізілді.
Әлемдік экономиканың күтілгенге қарағанда неғұрлым төмен өсу қарқыны мен
сыртқы нарықтарда қазақстандық өнімге сұраныстың төмендеуі аясында 2014 жылмен
салыстырғанда 2015 жылы Қазақстанда экономикалық өсу қарқыны бәсеңдеді (1 кесте).
1 кесте
Негізгі макроэкономикалық индикаторлар
р\с
Атауы
2017 жыл
2018 жыл
2019 жыл
1
2
3
4
5
1
Жалпы ішкi өнiм, млрд. теңге
35 275,2
39 040,9
27 819,3
2
өткен жылдың тиiстi кезеңiндегi нақты
есептеудегi %-бен
106,0
104,4
101,2
3
Өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi, млрд. теңге 18 178,8
18 492,8
13 096,0
4
өткен жылдың тиiстi кезеңiне %-бен
102,3
100,2
98,5
5
Мембюджетке кірістер, млрд. теңге
6 382,4
7 321,3
6 485,8
6
ЖIӨ-ге %-бен
18,1
18,8
23,3
7
Мембюджеттен шығындар, млрд. теңге
6 852,7
7 791,9
7 097,6
8
ЖIӨ-ге %-бен
19,4
20,0
25,5
9
Таза бюджеттік кредит беру, млрд.
теңге
25,8
43,2
134,5
10
ЖIӨ-ге %-бен
0,1
0,1
0,5
11
Қаржылық активтермен болатын
операциялар бойынша сальдо, млрд.
теңге
204,8
572,9
209,2
12
ЖIӨ-ге %-бен
0,6
1,5
0,8
13
Мембюджеттiң тапшылығы (-) /
профицитi (+), млрд. теңге
-700,9
-1 086,7
-955,6
14
ЖIӨ-ге %-бен
2,1
2,8
-3,4
15
Тұтыну бағаларының индексі
16
өткен жылдың желтоқсан айына, %-бен
100,6
107,4
112,3
17
орташа есеппен өткен жылдың тиiстi
кезеңiндегi кезге арналған, %-бен
105,8
106,7
106,0
18
Орташа айлық атаулы жалақы 1
қызметкердің, теңге
108 640
120 455
123 622
19
өткен жылдың тиiстi кезеңiне %-бен
107,5
110,9
105,2
20
Экспорт, млн. АҚШ долл.
84 700,4
78 237,8
42 758,0
426
21
өткен жылдың тиiстi кезеңiне
%-бен
98,0
92,4
57,6
22
Импорт, млн. АҚШ долл.
48 805,6
41 212,8
27 857,2
23
өткен жылдың тиiстi кезеңiне %-бен
105,3
84,4
74,3
1 кестенің жалғасы
24
Сауда балансының сальдосы,
млн. АҚШ долл.
35 894,8
37 025
14 900,8
25
Теңгенiң АҚШ долларына қарағандағы
ресми айырбас бағамы:
25
кезеңнiң аяғындағы
153,6
182,4
307,2
27
кезең бойынша орташа
152,1
179,2
212,5
Ескертпе – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнің есебі
Кесте мәліметтерінен көретініміз 2019 жылы жалпы ішкi өнiм 27 819,3 млрд. теңге
болып отыр, яғни бұл өткен жылдың тиiстi кезеңiндегi нақты есептеуде 101,2%-ды құрап
отыр. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырсақ 3,2% төмендегенін көріп отырмыз.
2014 жылмен салыстырғанда ЖІӨ-нің өсімі төмендеуінің негізгі себептері мыналар:
1) мұнай өндіру көлемінің 80,8 млн. тоннаға дейін төмендеуі;
2) көмір өндіру көлемінің 2,0 %-ға төмендеуі;
3) түсті металл өндірісінің 4,8 %-ға төмендеуі;
4) үй қожалықтары тарапынан сұраныстың баяулауы, осылайша 2015 жылдың 9
айында тұтыну бар-жоғы 0,4 %-ға ғана өсті.
5) экспорттың 6,5 %-ға қысқаруына себеп болған сыртқы сұраныстың нашарлауы
болып табылады.
Мемлекеттік бюджетке кірістер, 6 485,8 млрд. теңге, 2018 жылы 7 321,3 млрд. теңге,
-835,5 млр. теңгеге кеміген. Мемлекеттік бюджетке түскен түсім көлемінің азаюы
салдарынан мемлекеттік бюджеттен шығындар 2015 жылы 7 097,6 млрд. теңге болса бұл
көрсеткіш өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 694,3 млрд.тенгеге сәйкесінше
азайып отыр.
Мемлекеттік бюджеттiң тапшылығы (-) / профицитi (+), -955,6 млрд. теңге, жалпы
ішкі өнімдегі үлесі -3,4% құрап отыр.
Экономиканың одан әрі өсімін қамтамасыз ету үшін бюджет саясаты халықтың әл-
ауқатын арттыруға, экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға, мемлекет
тарапынан ішкі сұраныстың қажетті деңгейін қолдауға бағыттылықты сақтап қалды.
Мемлекеттік шығыстардың көлемі бір жағынан жиынтық сұранысты қолдауды,
екінші жағынан – мемлекеттік инвестициялар есебінен инвестициялық белсенділікті
қамтамасыз ететін деңгейде қолдау тапты.
Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін
сипаттайды. Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3%
мөлшері саналады. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі нысандары: мемлекеттік
қарыздар шығару; кредиттік ресурстарды пайдалану. Тапшылықты азайту немесе оны жою
мақсатымен секвестр – ағымдағы қаржы жылының қалған уақыты ішінде барлық баптар
бойынша белгілі бір пайызға мемлекеттің шығыстарын үйлесімді қысқарту
пайдаланылады. Бюджет тапшылығын пайда болу себептеріне қарай сыныптайды.
Осылайша екі нақтылау және 7 түзету нәтижелері бойынша 2015 жылғы мемлекеттік
бюджет түсімдері 7 245 764 млрд. теңге көлемінде анықталды, шығыстар 8 269 560 млрд.
теңге көлемінде анықталды (2 кесте).
427
2 кесте
Мемлекеттік бюджеттер атқарылуының салыстырма талдауы
(млн. теңге)
Атауы
Мемлекеттік бюджет
2019 жылға
түзету
енгізілген
бюджет
2019 жылдың
атқарылуы
бір жылға
түзету
енгізілген
бюджеттің
атқарылу %-
ы
2018 ж. %-
бен 2019 ж
1
2
3
4
5
I. Кірістер
7 245 764 7 634 805 105,4 104,3
Салықтық түсiмдері
4 516 536 4 883 913 108,1 95,5
Салықтан тыс
түсiмдер
203 245 224 767 110,6 125,2
Негізгі капиталды
сатудан түскен
түсімдер
68 696 69 709 101,5 98,1
Трансферттердің
түсімдері
2 457 287 2 456 417 100,0 125,6
II. Шығындар
8 269 560 8 227 097 99,5 105,6
III. Таза бюджеттік
кредит беру
85 089
84 702
Бюджеттік кредиттер
153 120 152 897 99,9 166,4
Бюджеттік
кредиттерді өтеу
68 032 68 195 100,2 140,1
IV. Қаржылық
активтермен болатын
операциялар бойынша
сальдо
239 304 238 710
Қаржылық активтерді
сатып алу
247 533 246 940
99,8 42,9
Мемлекеттің
қаржылық активтерін
сатудан түскен
түсімдер
8 229 8 229
100,0 359,8
V. Бюджет
тапшылығы
(профициті)
-1 348 189
-915 705 67,9
-84
Ескертпе – 2016 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша ҚР Қаржы министрлiгiнің
есебі
Берілген көрсеткіштерден көретініміз 2019 жылға түзету енгізілген бюджет кірістері
7 245 764 млн. теңге, 2019 жылдың атқарылуы 7 634 805 млн. теңге, 2018 жылдың
пайызбен көрсеткіші 2015 жылы 104,3% құрап отыр. Шығындар 8 269 560 млн.тенге, 2019
жылдың атқарылуы 8 227 097 млн.тенге, яғни 2019 жылы мемлекеттік бюджет
428
шығындарының көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 105,6% артып отыр.Бюджет
тапшылығы (профициті) 2019 жылы -1 348 189 млн.тенге.
2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде республикалық
бюджеттің тапшылығы 1257717 млн. теңге құрап отыр (3 кесте).
3 кесте
Республикалық бюджеттер атқарылуының салыстырма талдауы(млн. теңге)
Атауы
Республикалық бюджет
2019 жылға
түзету енгізілген
бюджет
2019
жылдың
атқарылу
ы
бір жылға
түзету
енгізілген
бюджеттің
атқарылу
%-ы
2018 ж. %-бен
2019 ж.
1
2
3
4
5
I. Кірістер
5 806 766
6 136
968
105,7
103,9
Салықтық түсiмдері
3 012 966 3 332
925
110,6
90,9
Салықтан тыс
түсiмдер
151 441
162
774
107,5
123,6
Негізгі капиталды
сатудан түскен
түсімдер
9 758
8
773
89,9
114,2
Трансферттердің
түсімдері
2 632 601 2 632
496
100,0
125,2
II. Шығындар
6 805 804 6 789
829
99,8
104,9
III. Таза бюджеттік
кредит беру
77 386
78 007
Бюджеттік кредиттер
190 766 190 766 100,0
161,0
Бюджеттік
кредиттерді өтеу
113 380 112 759 99,5
142,7
IV. Қаржылық
активтермен болатын
операциялар бойынша
сальдо
181 292
181 265
Қаржылық активтерді
сатып алу
182 652
182 652 100,0
38,1
Мемлекеттің
қаржылық активтерін
сатудан түскен
түсімдер
1 360
1 387 102,0
246,1
V. Бюджет
тапшылығы
(профициті)
-1 257 717
-912 134 72,5
-84
Ескертпе – 2016 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша ҚР Қаржы министрлiгiнің есебі
429
Республикалық бюджеттің атқарылуының салыстырмалы талдауы кестесінен байқап
отырғанымыздай 2019 жылы түскен кірістер көлемі 5 806 766 млн. тенге болып отыр,
оның нақты орындалғаны 6 136 968 млн.тенге, бұл көрсеткіштердің көлемінің артуы
салықты және салықтық емес түсімдердің есебінен болып отырғанын байқаймыз.
Керісінше шығындар көлемі 2019 жылы 6 805 804 млн.тенге деп жоспарланса, оның
көлемінің 6 789 829 млн.тенге болып отырғанын көреміз, яғни республикалық бюджет
шығындарын қысқарту жұмыстары жүргізілгенін көріп отырмыз. Республикалық бюджет
тапшылығы -1 257 717 млн. тенге болса, -912 134 млн.тенгеге 2019 жылы атқарылғанын
көрсетіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |