75
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ- ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАҒА ЕНГІЗУ ТӘСІЛІНІҢ БІРІ
ТАЛАТБЕК А.Е.
«Педагогика және психология» мамандығының 2-курс магистрі
Шымкент Университеті
Жас ұрпақты тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін
дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруге,
ынтымақтастық педагогикасын пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға
болады.Баланың дамуы бұзылған кезде оның қоғамда әлеуметтену процесі және әрі
қарай бейімделуі қиындайды.Қамқорлаумен қатар емдеу туралы ол қоршаған ортада
«Өз орнын таба ала ма, қанағаттанып толықтай өмір сүре ала ма?» деген сұрақ
туады.Ол үшін не істеу қажет? Бұл үшін мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік
оңалту және бәрінен бұрын оларды белсенді әрекет пен қоршаған ортаны тану үшін
мүмкіндік беретін шынайы әрекеттерге тарту қажет.
Әлеуметтену – ол барлық әлеуметтік процестердің қосылуы. Бұл арқылы тұлға
белгілі бір білім жүйесін, ережесін, құндылығын меңгереді және қоғамның толық
мүшесі болып саналады, мәдениеттілікке тәрбиеленеді. Мемлекет даму мүмкіндігі
шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуында ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік
бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі
тұлғаларға қоғамның көзқарасы өзгерген сайын оларды әлеуметтік ортаға бейімдеудің
көптеген түрлері қарастырылуда.
ҚР «Білім туралы» Заңындағы 6 бапқа сәйкес: «білім беру саласындағы
жергілікті өкілді атқарушы органдардың құзыреті – мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларды
оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету» туралы айтылады.
«Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі –
бала психикасының даму шамасына орай тәрбие талаптары, екіншісі – кемістігін
қалпына келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері»- деп
Л.С.Выготский атап көрсетеді.Бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен
толықтыруға болады.Ол үшін кемтар балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен
тәрбиелеу істерін жүйелі түрде жүргізіп отыру керектігіне ерекше мән берген.Әрбір
баланың бойында мүмкіншілігі мен ерекшелігі болады, тек оны ашып, қолдау көрсетіп,
дамыту қажет. Әр бала өзінше жеке тұлға болып табылады. Бала дамуындағы
ауытқушылық – бұл түсіністік шеңберіндегі қателік. Айналасындағылардың
қанағаттанарлықсыз қатынасы бұл жетіспеушілікке әкеледі, ал бұл аурудың емес,
қоршаған ортаның мәселесі. Қазіргі уақытта елімізде 563 мыңнан астам мүгедек жан
тұрады, олар халықтың жалпы санының 3% -нан астамын құрайды. Осы санның ішінде
58 мың мүгедек бала бар.Бүгінде мүгедектік және мүгедектерді әлеуметтік
қолдау ұғымы өзгеріп, жаңа сипатта іске асырылуда. Айталық, бұған дейін Үкіметтің
алдында тек әлеуметтік төлемдерді уақтылы төлеу мәселесі ғана тұрса, қазіргі таңда
бұл міндеттің ауқымы кеңейіп, мүгедектерді оңалту, оларды қоғамға кіріктіру
мәселелерін қамтиды.
Әлеуметтенудің мәні адамның қоғамға бейімденіп, жекеленуі болып табылады.
Тұлғаны әлеуметтендіруде тек қана қоғам емес, ең бірінші әрбір адам белсенді рөл
атқаруы тиіс.Мүгедек бала еркіндікті, әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ететін
ортада толыққанды және лайықты өмір сүруіне көмектесетін ерекше күтім, білім және
қажетті дайындық алуға құқылы.
Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды қоғамға қосудың екі жолы бар екенін атап
өтуге болады:
76
1) Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қоғамға қосуды және қоғамның мүгедек
балаларды өздеріне қабылдауға деген дайындығын қарастырады.Бұл жағдай елімізде
енді қолға алынып жатыр.
2)
Мүмкіндігі
шектеулі
тұлғаларды
қоршаған
ортаға
бейімделуін
қарастырады.Бұл кезде мүмкіндігі шектеулі тұлға қоғамға қосылудың объектісіне
айналады, яғни олардың әлеуметке үйлесімді түрде ену мүмкіндіктерін шектейді.
Жас ұрпаққа үздіксіз білім мен тәрбие беруді жетілдіру- қоғам алдындағы өзекті
мәселелердің біріне айналып отыр.Өйткені қоғам дамыған сайын, әлеуметтік
сұраныста күрделенеді. Юнеско білім беру мазмұны бойынша білім мен тәрбиені
әлеуметтендірудің келесі түрлерін белгілеуге болады:
-тұлғаны өз бетінше білім алуға үйрету;
-тұлғаны өз бетінше өмір сүре білуге үйрету;
-тұлғаны өзгелермен бірлесе өмір сүруге, еңбек етуге үйрету;
-тұлғаны өзін-өзі дамытуға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
Қоғамдағы әлеуметтік сұраныстағы тұлғаның қалыптасуы екі түрлі мағынаны
білдіреді.Оның біріншісі, қоғамда адамдардың өзара қарым-қатынасы, өмір сүруге
бейімделуі, өзін-өзі дамытуы, өзін-өзі реттеу, ал екіншісі – қоғамда адамдардың өзіндік
дамуы, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсарту және ұлттық, әлемдік мәдени
құндылықтарды меңгеру.Адам қоғам иесі бола отырып өзін-өзі тәрбиелейді, ал
қоғамды әлеуметтендіру – қоғам иесі адамды жан-жақты қалыптастыру, яғни қоғам
талабына сай әлеуметтенуі.
Әлеуметтік ортаға енгізу -әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне және баланың
өз жағдайына қарай білім алу ортасына мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік
бейімделуін қалыптастыру.
Бейімделу – бұл жеке тұлғаның әлеуметтік құрылымдарға енуі.Мүмкіндігі
шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға енгізудің негізгі бір факторы - ортаны мүмкіндігі
шектеулі баланы қабылдауға дайындау.
Әлеуметтендіру бұл процесс белгіленген әлеуметтік жағдайларды жеке тұлғаны
қалыптастыру, әлеуметтік тәжірибелерді меңгеру процесі, бұл кезде адам сол ортада,
топта қабылдаған мінез-құлық ережесіне қалыптасып кетеді.
Қазақстан Республикасының білім беру ісін дамыту жөніндегі 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында аса маңызды міндеттердің бірі
мектепке инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру екендігі атап көрсетілген.
Инклюзивті білім негізіне қаланған идеология: барлық адамдарға бірдей қарым-
қатынасты қамтамасыз ету, бірақ мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше жағдай жасау.
Жалпы және арнаулы білім беретін мекемелерді қарама-қарсы қоймай, қайта
жақындатып, арасындағы шекарасын ашады. Балалар өздерін еркін сезіну үшін, өз
құрдастарымен бірдей болу үшін біздің мекемеде әр түрлі шаралар ұйымдастырылады.
Аталған мәселе аясында өзім Ақтөбе облыстық арнаулы (түзетім)есту қабілеті
бұзылған
балаларға
арналған
мектеп-интернаттағы «Өнерлі
Достарыңызбен бөлісу: