1.5 Лепті сөйлем
Лепті сөйлемдер қарастырылып отырған түркі тілдерінің барлығында дерлік кісінің көңіл-
күйін, әр түрлі эмоциялық сезімін білдіретін сөйлем типі ретінде анықталғаны. Тілші
ғалымдардың көзқарасы түйіспейтін тұс – бұл жай сөйлемнің жеке түрі ме, әлде хабарлы, сұраулы,
бұйрықты сөйлемдердің бір түрі ме деген мәселеде.
А.М.Ширалиев пен М.Н.Хусейнзаде азербайжан тілінде лепті сөйлемдердің жеке тип
болатынын қуаттауы, сол тілді зерттеуші З.И.Будагова бұл пікірді теріске шығаруы. М.Мирзаев,
С.Усманов, И.Расулев «Өзбек тілі грамматикасында» сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай
хабарлы, сұраулы, бұйрықты деп жіктеуі, лепті сөйлемдерді (ундов гап) хабарлы, сұраулы,
бұйрықты сөйлемдерден жасалатын сөйлем деп, оны екі түрге бөліп көрсетуі: хабарлы-лепті
сөйлем (дарак-ундоп гап) және сұраулы-лепті сөйлем (сурок-ундоп гап).
А.Ибрагимов, А.Н.Кононов, М.З.Закиев тұжырымдары. Лепті сөйлемдердің түркі тілдері
синтаксисінде көрсетілген жасалу жолдары мен түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |