Түс ауып барады, алайда жаудың шабуылы күшеюде. Калистова селосын жау алып қойды. Бауыржанның
көршілері жаудың қысымына шыдамай, шегінді, бірақ мұны Бауыржан білген жоқ-ты. Калистованы жаудың алуы және
83
көршілердің шегінуі Бауыржанды толық қоршауда қалдырды. Жау автоматчиктері мен жаяу әскерлерін Бауыржанға
қарсы салды. Бұлар Бауыржанның бүйірінен, алды-артынан қысым жасай бастады.
Бауыржанның халі онша бапты емес. Тұрған жерлері – жазық, далаңқы жер. Жаудың жаяу әскері мен
автоматчиктеріне қарсы оқ ататын күшті екі пулеметті Қарабаев алып кетті. Екі пулеметі жоқ болғанға Бауыржан қатты
ренжіді, дегенмен шегіну дегенді білер емес. Күндіз мұндай қоршаудан шегініп шығу бүкіл батальонды қырып алу деген
сөз екенін Бауыржан жақсы біледі, сондықтан күн батқанша жаумен алыса беру керек деп қорытынды шығарды. Күн де
батты. Бауыржан барлық жағдайға қорытынды жасап келді де, шегінуді мақұл көрді (Мәлік Ғабдуллиннен).
Блиц тест
1. Компоненттері сілтеу есімдіктері арқылы байланысқан сөйлемді көрсетіңіз.
а) Күн батты, ел тынды; ә) Әңгіме қыза бергенде, көрші Бәтима кіріп келді; б) Ер туса ел ырысы, жаңбыр жауса жер
ырысы; в) Бар ойын жеткізе алмады, өйткені жүректе сөне бастаған сезім оты кенет лап ете қалды; г) Менің сендерге
берген парам сол: дәл сол Құнанбай баласы да өзіміздей адам баласы екенін таныттым.
2. Предикатив сыңарларының баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, белгілі бір лексика-грамматикалық тәсілдер
арқылы мағыналық-құрылымдық және интонациялық тұтастық құрайтын сөйлем түрі - .
а) салалас құрмалас сөйлем; ә) сабақтас құрмалас сөйлем; б) күрделі сөйлем; в) мезгілдес сөйлем; г) сөз тіркесі.
3. «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» еңбегінің авторы?
а) С.Аманжолов; ә) А.Байтұрсынов; б) С.Жиенбаев; в) А.Ысқақов; г) Р.Әміров.
Әдебиеттер:
Достарыңызбен бөлісу: