Қосымша әдебиеттер
5 Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі: Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: «Санат», 1997. – 240
б.
6 Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: «Санат», 1998. – 192 б.
№ 9 тақырып бойынша тест тапсырмалары
1. –ғалы, -гелі тұлғасы.
а)өлі жұрнақ; ә)жалғамалы жұрнақ; б) туынды жұрнақ; в)құрамалы жұрнақ; г) құранды жұрнақ.
2. –ғалы, -гелі формасы арқылы жасалған мезгіл бағыныңқылы сөйлемді табыңыз.
а) Манастар келгелі, Құнанбай ауылынан шапқыншылар ұшыртып кетіп жатыр; ә)Шай жиыла бере, Абай жастыққа
құлай түсті; б)Айбарша тысқа шыға, Масақбай Дәулеттің хатын оқуға кірісті; в)Бір уақытта шолпы сылдыры естіліп,
Тоғжанның әсем бойы көрінді; г)Таң ата мен де ояндым.
3. Сабақтас құрмаластың мағыналық түрін анықтаңыз. Шынында да, Барластар келгелі, Құнанбай бұл үйіне келіп қонған
емес.
а) амал; ә) түсіндірмелі; б) себеп; в) мезгіл; г) шарт.
4. Төмендегі сөйлемге сипаттама беріңіз. Мағаштар жауыз зорлықтың бар көлемін ашқалы, Абай қатты қиналып
тыныштық таба алмады.
а) түсіндірмелі бағыныңқылы сабақтас; ә)себеп бағыныңқылы сабақтас; б)мақсат бағыныңқылы сабақтас; в)мезгіл
бағыныңқылы сабақтас; г) қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.
Достарыңызбен бөлісу: |