19. хАлиФАлАРдың бІР-бІРІнЕ ЖӘнЕ
ӘКІМдЕРгЕ АйТҚАн өнЕгЕлЕРІ
Әбу бәкірдің омарға айтқан ұсыныстары
Мәлікұлдарынан әл-Әғар айтады: «Әбу Бәкір
(р.а.) Омарды (р.а.) өзінің орнына қалдыруды ой-
лап, оны шақырып алып, былай дейді: «Менен кейін
жауапкершілігі ауыр халифалық қызметті сенің өз
мойныңа алғаныңды қалаймын. Ей, Омар, Аллаһтың
бұйрықтарына мойынсұнып, Одан қорқатын бол,
өйткені тақуа адамға қауіп-қатер төнбейді. Халифалық
қызмет оны атқара алатын, алып жүре алатын адамға
ұсынылуы тиіс. Кімде-кім басқаларға ақиқатты айтып,
өзі бұрыс жолмен кетсе, халыққа жақсылықты насихат-
тап, өзі жамандық істейтін болса, қысқасы, сөзі мен ісі
бір жерден шықпаса, ол адам ұзаққа бармайды, сенімі-
нен айырылады, жасағандарының барлығы зая болады.
Мұсылмандарды басқаруды өз міндетіңе алып жатсаң,
олардың обалына қалма, тіліңе ие бол, олардың намы-
сына тиме. Құдірет Аллаһтың қолында»
488
.
Достарыңызбен бөлісу: |